D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді



жүктеу 84,39 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі84,39 Kb.
#14943
түріКонкурс

Хабарландыру мәтініне

персоналды басқару қызметі жауапты
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
       Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы




Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

1

D-3

123257

166564


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Жамбыл облысы әкімі аппараты мен Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, D-3 санаты, (№09-2-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: жалпы және сала шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарының қызмет барысы туралы министрлікке және Қазақстан Республикасы Үкіметіне материалдар, әкім отырысына ақпараттар және анықтамалар дайындау. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы. Тиісті министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларының уақтылы орындалуын бақылау.Жергілікті атқарушы органдармен, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, сәулет және қалақұрылысы, денсаулық сақтау басқармаларымен өзара іс-әрекет жасау. Жұмысты болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау қабілетінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе құқық саласындағы. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.



2. Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, D-3 санаты, (№05-1-5), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Шу, Мойынқұм аудандары мен облыстағы тілдерді дамыту, дін істері, білім, білім саласындағы аумақтық органдар, жоғары және арнаулы оқу орындары, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу, жұмыстарды үйлестіру және талдау жасау. Кәсіподақ кеңестері және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл және оларға талдау жасау, ономастикалық комиссия жұмысына қатысты мәселелерді бағдарлау, облыс әкімі аппаратының, облыстық іс-шаралардың және бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарын дайындау және орындалуын бақылау. Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған 5 инстуционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бойынша жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халық алдындағы есеп берулерін ұйымдастыру, талдау жасау. Ресми қонақтардың облысқа жұмыс сапарларын үйлестіруге қатысу, басшылық төрағалығымен өтетін кеңестер, жиналыстарға тізімге сәйкес шақырылушылардың келуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 84,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау