Конкурс туралы хабарландыру «Астана қаласы әкімі аппараты»



жүктеу 110 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі110 Kb.
#20704
түріКонкурс



«Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-69-75, электрондық мекенжайы hr-akimat@astana.kz, «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, нақты секторды дамыту бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.


Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджетті нақтылау және түзету бойынша материалдарды әзірлеуге қатысу, мемлекеттік басқармалар органдарының мемлекеттік мекемелері «Коммуналдық шаруа», «Туризм», «Табиғат», «Тұрғын үй», «Ауыл шаруашылығы», «Жер қатынастары» функционалдық топтары және мемлекеттік мекемелердің қатары бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын қарауға қатысу. Құжаттамаға сәйкес талдау жүргізеді және функционалдық топтар бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі туралы қорытындыны уақытында ұсынуға жауап беру. Астана қаласының әкімдігінің 100% қатысуымен заңды тұлғалардың қаржылық экономикалық негіздемесін талдау. Басқарманың бюджеттік бағдарламасын өңдеу және дайындау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің Бюджеттік бағдарламалары бойынша қорытындыларды келісу.Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін уақытында қарау.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобаларды жоспарлау, қарау және келісу және олар бойынша экономикалық қорытындылар әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

2. «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 теңгеден 255 514 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бойынша ұйымдармен және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарының орындалу барысында пайда болатын есеп айырысуды уақытылы және дұрыс жүргізуді жүзеге асыру. Активтердің, арзан бағалы және тез тозатын заттардың және басқа материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуын бақылау. Тауар-материалдық құндылықтардың ауыстырылуында немесе есептен шығарылуында жүкқұжатын дұрыс ресімдеу. Басқарма қызметкерлеріне кеңсе заттарының уақтылы берілуін қамтамасыз ету. Материалдық құндылықтарды түгендеуді өткізуге қатысу, түгендеудің қорытындысын уақытылы және дұрыс анықтау және олардың есепте көрсетілуін жүзеге асыру. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөнінде кәсіпорындармен және ұйымдармен шарт жасасуға қатысу. Материалдық жауапты адамдарға жауапты сақталудағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселесі жөнінде нұсқау беру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

3. «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы (03.10.2018ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.


Негізгі функционалдық міндеттері: Үш жылдық кезеңге арналған Азаматтық бюджетті әзірлеу (салыстырмалы кесте, қосымшалар, түсіндірме жазба) және Басқарманың сайтына орналастыру. Қосымшалары мен түсіндірме жазбасы бар қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасына материалдар әзірлеу. Бюджетті түзету бойынша материалдар әзірлеу (бюджет көрсеткіштерін түзету туралы әкімдік қаулысының жобасы, қосымшалары мен түсіндірме жазбасымен бірге). Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Астана қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын қарау және келісу. Әлеуметтік экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрлер бағыттарын сақтаумен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын мерзімінде жоспарлауды ұйымдастыру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобаларды жоспарлау, қарау және келісу және олар бойынша экономикалық қорытындылар әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
4. «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы (05.02.2019ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 теңгеден 255 514 теңгеге дейін.


Негізгі функционалдық міндеттері: Шарттардың, келісімдердің және қаралған кінәрат-талаптардың қорытындыларын ресімдеу және орындау тәжірибесін талдап, қорытындылайды, басшылыққа анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді. Шаруашылық шарттарды дайындауға қатысады. Басқарманың мемлекеттік сатып алуларын жүргізу туралы есептерді әзірлейді. Басқарма қызметкерлерімен қаржылық қызмет саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі ережелері бойынша түсініктеме жұмысын жүргізеді. Басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу, тапсырыс берушімен, әлеуетті жеткізушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қатынастарды іске асырған кезде Басқарманың мүдделерін білдіреді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: құқық саласындағы жоғары білім.
5. «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімінің бас маманы (21.12.2019ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.


Негізгі функционалдық міндеттері: Ұсыныстарды қарау және инновациялық жобалар мен нақты секторды дамыту жобалары бойынша жаңа бастамаларды елорданы дамыту перспективаларына сәйкес келуі тұрғысынан келісу. Инновациялық даму, ақпараттық жүйелер және нақты секторды дамыту бағыттары бойынша ұсынылған инвестициялық ұсыныстардың негізінде қаржыландырудың балама көздерін пайдаланудың мақсатқа лайықтығы бойынша бюджет шығыстарына талдау жасау. Инновациялық даму, ақпараттық жүйелер және нақты секторды дамыту бағыттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды қарау және келісу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобаларына, оның ішіндеинновациялық даму, ақпараттық жүйелер және нақты секторды дамыту бойынша концессиялық жобаларға экономикалық сараптама өткізуге экономикалық қорытынды дайындау. Басымды бағыттар жобалары бойынша бастамалар шеңберінде жоспарланған іс-шараларға бастама жасау, жоспарлау және іске асыру жұмысын келісу және үйлестіру. «Жобаларды басқару» ақпараттық жүйесі арқылы Астана қаласы әкімдігінің жобалық қызметін жүргізу және оған қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетілген, құжат тігілетін папкаға орналастырылған олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Осы лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығыстары төленбейді, тұрғын-үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

_________________________________

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы


Нысан
__________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________


___________ _______________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу



қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан


«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»



________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения






2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения






4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары

(болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания

(при наличии)





7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)






9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность, место работы, местонахождение организации



қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения






















































______________________ _____________



Кандидаттың қолы/ күні/дата

Подпись кандидата
жүктеу 110 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау