Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 278,5 Kb.
бет2/3
Дата23.11.2018
өлшемі278,5 Kb.
#24062
түріКонкурс
1   2   3

Ілеспе хат
1. Конкурстың атауы.

2. Ғылыми басым бағыттар атауы.

3. Мамандандырылған ғылыми бағыттар атауы.

4. Бағдарламаның тақырыбы.

5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (мысалы: егіншілік, селекция, генетика және т.б.).

6. Бағдарламаның ЖТК-сі.

7. ҰТИ Мемлекетаралық рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx; ...).

8. Зерттеу түрі.

9. Талап етілетін қаржыландыру сомасы (бағдарламаның бүкіл ұзақтығы және жыл бойы, мың теңге).

10. Бағдарламаны іске асыру үшін ұсынылатын басталу және аяқталу мерзімі.

11. Бағдарламаның мерзімі (айлар)

Бағдарламаны іске асыру орны.

12. Өтініш берушінің жеке деректері:

жеке тұлғалар үшін - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, үй мекен-жайы, ЖСН, байланыс деректері.

заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН, байланыс деректері.

13. Ғылыми жетекшінің жеке мәліметтері: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, үй мекен-жайы, ЖСН, байланыс ақпараты (телефон, электронды пошта)

14. Біріктірілген НҒТБ енгізілетін ғылыми-зерттеу ұйымдарының тізімі (байланыс деректері).

15. * Клиникаға дейінгі зерттеулердің болуы (болмауы) туралы, биологиялық эксперименттер және қолданудағы клиникалық зерттеулер (жануарларға қолдана отырып жүргізілетін зерттеулер болжанады ма) туралы ақпарат.

Өтінім беруші атынан

қол қою уәкілеттігі бар



тұлғаның қызметі қолы / тегі /

(мөр)
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

_________________________

* 15-тармақ ветеринария саласындағы зерттеулер бойынша ғылыми жолдамалар үшін рәсімделеді.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының

3- қосымшасы


Ғылыми этика принциптерінің және нормаларының сақталуы және ұсынылған деректердің дұрыстығы туралы өтініш






Өтінім беруші ұйымның атауы





Бағдарлама ғылыми басшысының аты-жөні
1. Бағдарлама бойынша берілген ақпараттың растығына және бірегейлігіне, сондай-ақ ғылыми этика қағидаларының сақталуына, атап айтқанда, зерттеу деректерінің бұрмалануына әкелетін ғылыми деректерді қолдан жасауға, жалғандыққа, плагиатқа және жалған қос авторлыққа жол берілмейтіндігіне кепіл береміз.

2. Ғылыми зерттеулердің нәтижелі болуына, яғни қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге кепілдік береміз.

3. Бағдарламаға сараптама жасау үшін талап етілген құжаттардың толық жиынтығының болмауы бағдарламаны конкурсқа қабылдамауға негіз болуы мүмкін екеніне қарсылығымыз жоқ.

4. Ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер бойынша бізге жедел хабарласу және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы уәкіетті органымен жұмыс жасау үшін біздің атымыздан келесі тұлғаны уәкілетті етеміз:





Өтініш беруші өкілінің аты- жөні, ЖСН, телефоны және e-mail

Бағдарламаның қаралуы туралы барлық деректерді уәкілетті тұлғаға хабарлауыңызды сұраймыз.

Өтініш берушінің атынан

құжатқа қол қоюға өкілеттігі бар



адамның лауазымы қолы / тегі /

(мөр)
Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық- нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналғанбконкурстық құжаттаманың 4-қосымшасы



Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми

басшысы туралы мәліметтер
1.  Басымдылықтың және мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (БҒТБ) атауы.

2.1. Ғылыми басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

2.2. Туған күні (санмен көрсетіледі – күні, айы, жылы).

2.3. Азаматтығы.

2.4. Ғылыми дәрежесі, берілген жылы.

2.5. Өтініш берілген кездегі негізгі жұмыс орны – лауазымы, ұйымның толық атауы (ұйымның қысқаша атауы).

2.6. Ғылыми мүдделерінің саласы – түйінді сөздер (15 сөзден артық емес түйінді сөздер келтіріледі)

2.7. Ғылыми мектеп туралы мәліметтер (ғылыми басшы басқаратын ғалымдар ұжымының негізгі ғылыми жетістіктері көрсетіледі).

2.8. Осыған ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі туралы мәліметтер (конкурстың алдындағы бес жылда басшы қатысқан ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атауы және олардың орындалған мерзімдері көрсетіледі).

2.9. Басшының жарияланған негізгі ғылыми жұмыстарының (10-ға дейін) (монографиялар, ғылыми басылымдар, заңмен қорғалатын зияткерлік қызметтің нәтижелері және т.б.), соның ішінде конкурстың алдындағы бес жыл ішінде шетелдерде импакт-факторы нөлдік деңгейде емес журналдарда жарияланған және/немесе алынған халықаралық патенттердің тізімі, және бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне қатысты қолданылмайды.

2.10. Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға және бағдарламаларға басшылық жасау: ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атаулары және кейінгі 5 жылдағы орындалу мерзімдері көрсетіледі.

2.11. Пошталық мекенжайы

2.12. Байланыс телефоны

2.13. Электрондық мекенжайы (E-mail)

2.14. Қосымша ақпарат (түйіндеме, берілген сала басшысының пікірі бойынша бағдарламаны қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін пайдалы басқа да қосымша ақпарат).

Конкурстың шарттарымен таныстым және келісемін. Өзімнің НҒТБ-ға басшылық жасағанымды растаймын.

Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /
2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының

5- қосымшасы



Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы

мәліметтер
1.  Ғылымды дамыту басымдығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (НҒТБ) атауы

2.1. Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі және жұмыс тәжірибесі, төмендегілер көрсетіледі:

1) ғылыми дәрежелері мен атақтары;

2) Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде халықаралық және конкурстың алдындағы бес жыл ішіндегі бағдарламаның белгілі бір саласындағы жобалар (жүзеге асыру кезіндегі басшылық ету және/немесе қатысу);

3) Бағдарламаның табысты жүзеге асырылуы үшін қатысушылар санының негізділігі және құрамының теңгерімділігі.

3. Бағдарлама орындаушылары ұжымының (зерттеу тобының) ғылыми жетістіктері, төмендегілер көрсетіледі:

1) басылып шығарылған ғылыми жұмыстардың (монографиялар, ғылыми мақалалар, ғылыми конференцияларда жарияланған баяндамалар және т.б.), соның ішінде бағдарламаның пән саласындағы жұмыстардың саны мен деңгейі;

2) зияткерлік қызмет нәтижелері (өнертапқыштыққа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент (куәлік) алу үшін берілген өтінімдер саны, алынған патенттер, куәліктер саны);

3) өндіріске енгізілген орындалған ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік құрастырушылық жұмыстардың нәтижелерінің саны.


Бағдарлама орындаушылар ұжымы (зерттеу тобы) конкурс шарттарымен танысты және олармен келіседі.


Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттамаға

6-қосымша


Зерттеулердің қысқаша сипаттамасы


      1. Реферат

Бөлімде бағдарлама мақсатының, міндеттерінің, қолданылатын әдістемесінің, күтілетін нәтижелерінің сипаттамасы бар бағдарламаның қысқаша мазмұны берілген (1200 сөзден артық емес).

      1. Түйінді сөздер.

Бөлімде бағдарламамен байланысты 10-ға (онға) дейін түйінді сөздер көрсетіледі.

Мысалы: 1. Ауыл шаруашылығы дақылдары; 2. Селекция; 3. Тұқым шаруашылығы; 4. ХХХ.



      1. Зерттеу саласы

Бұл бөлімде зерттеудің негізгі саласы және осы саладағы ең кемінде үш бағыт айқындалады.

Мысалы: Зерттеудің негізгі саласы: өсімдік шаруашылығы. Бағыты: селекция, агротехнология, агрохимия, өсімдік қорғау.

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттаманың

7-қосымшасы



Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми,

ғылыми- техникалық бағдарламаны жүзеге асыруға Өтінім


  1. Жалпы ақпарат

1. Орындалуына өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның атауы (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама).

2. Жүзеге асыруға берілетін өтінімнің мақсатты бағдарлама шарасының атауы.

3.Бағдарламаның басталуы және аяқталуы мерзімінің болжамды күні.

4. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робототехника және т.б.).

5. Мемлекетаралық ғылыми техникалық ақпарат (ҒТА) рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

6. Зерттеу түрі (экспериментальдық емес фундаментальды, эксперименттік фундаментальды, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстар).

7. Бағдарламаның жүзеге асырылу орны.

8. Жүзеге асырылған бағдарламаның жыл бойы қаржыландыруға талап етілген және жылдарға бөлінген шаралар (мың теңге) шараны қаржыландыруға бөлінген сомадан жоғары болмауы керек).


  1. Бағдарлама сипаттамасы

     

  1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]

Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның біліктілігі және ғылыми жетекшісі туралы қысқаша мәлімет беріледі.

2. Бағдарлама мақсаты

Нысаналы бағдарламаның ________________ ісшарасын жүзеге асыру.

3. Бағдарламаның міндеттемелері [500 сөзден артық емес]

Осы бөлімде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу тәсілдері, қойылған тапсырмалар және олардың жүзеге асырылуы, күтілетін нәтижелер және олардың нысаналы бағдарлама шараларының жүзеге асырылуының бекітілген нәтижелеріне сәйкестігі туралы қысқаша түсініктемелер берілген.


      1. Бағдарламаның ғылыми өзектілігі және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]

Бөлім келесі ақпараттан тұрады:

1) бағдарламаны әзірлеу туралы ғылыми бөлім, ғылыми жаңалықты негіздеу, және бұл кезде зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде әлдеқашан өткізілген зерттеулер және олардың ағымдағы бағдарламамен қарым қатынасы міндетті түрде қайта қарастырылуы керек (мәнмәтінде шолуда қолданылған әдебиетке сілтемелер болуы керек, ал олардың түсініктемелері 8 «Библиография» бөлімінде берілуі қажет). Бар болған жағдайда алдын-ала нәтижелері көрсетіледі;

2) білімнің тиісті салаларындағы трендті қоса алғанда, нысаналы бағдарлама шарасының зерттеуге сәйкес келетіндігі, оның ұлттық және халықаралық машстабтағы маңыздылығы, ғылыми және технологиялық қажеттіліктерді қайта қарастыру (қажет болған жағдайда әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриалдық қызғушылықты қоса алу);

3) зерттеулердің кандай технологиялық мәселелерді/ тапсырмаларды орындауға бағытталғандығы, алынған нәтижелердің ғылым мен технологияның дамуына әсері және күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділігі.

Бұл бөлімнің сипаттамасында келесі ұстанымдарға назар аудару ұсынылады:

1) бағдарлама идеяларының мен қолданыстағы аналогтарынан айырмашылығын сипаттау қажет;

2) зерттеу идеясы немесе нәтижесі Қазақстаннан басқа барлық әлемде болса, бағдарламаға салынған неге пайдалы екендігін ақтау қажет;

3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның пәндік саласында осы саланың қазіргі жағдайын, отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы мәліметтерді сипаттау қажет;

4) ғылыми-техникалық жобалар үшін технологиялар бойынша зерттеулер мен даму саласындағы жетекші топтарды, бағдарламаның негізін құрайтын бәсекелес және/ немесе балама технологияларды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және әдеп мәселелері (1500 сөзден аспайтын)
Бөлімде келесі ақпараттардан тұрады:

1) бағдарламаның мақсаттарына жету жолдары ретінде қолданылатын ғылыми тәсілдердің сипаттамасы, берілген жолды негіздеу;

2) критикалық нүктелер, бағдарламаны жүзеге асырудың баламалы жолдары;

3) ғылыми этиканың принциптері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістер, яғни, этикалық басқару процедуралары, атап айтқанда, интеллектуалды тұтастықтың жоғары стандарттарын сақтау және деректерді дайындау, деректерді жасау, плагиат, жалған қос авторлық, жеке қатысушылар тарапынан ұжымдық зерттеулерді пайдалану, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеу барысында алынған мәліметтер мен қорытындыларды;

4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулердің егжей-тегжейлі тәртібі мен механизмі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі туралы сипаттама;

5) Зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай жолын таңдауға болатындығын көрсету қажет).


4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден көп емес]
Бөлімде келесі ақпарат болу керек:

1) зерттеу тобы құрамының сипаттамасы, олардың лауазымы, біліктілігі және бағдарламада жасайтын жұмыс бағыттары;

2) бағдарлама жоспары, қойылған міндеттері, олардың өзектілігі мен мақсаттарына негізделген, мақұлданған нысаналы индикаторлармен және индикаторлармен, Гант диаграммасымен (тапсырмалар * уақыт (айлар) тағайындалған) өзара әрекеттестікті қамтитын жұмыс жоспары;

Жұмыс жоспары осы Конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасының талаптарына сәйкес жүзеге асыру шараларын қамтуы тиіс.

3) Бағдарламаның жалпы құны (мың теңгемен), бағдарламаның әр жылы үшін міндетті түрде түсіндірілуін және шығын сметасын негіздеу. Ағылшын тілінде рәсімделген өтінімдерде, курсын долларын көрсете отырып, АҚШ долларында жататын шығыстардың баптары көрсетіледі, ол АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамын (өтінім беру күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша) көрсетеді.

Бағдарламалық бюджет осы бағдарламаға қатысы жоқ шығындардың басқа баптарына бағытталмайды. Барлық баптардың шығыстардың жалпы сомасы қаржыландыру сұралған сома болып табылады және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 10-тармағында көрсетілген сомаға эквивалентте болуы тиіс.

Бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру құралдары ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығындарға бағытталады.

Келесі жұмсаулар мынадай шығындарға жатады:

1) еңбекақы - барлық салықтар мен шегерулерді ескере отырып, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысатын ғылыми қызметкерлердің еңбегі үшін сыйақы;

2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;

3) жақтаушы ұйымдардың қызметтері – ұжымдық пайдалану ғылыми зертханалар қызметтері, зерттеулерді орындау үшін, оның ішінде конференцияға қатысу үшін қажет ұйымдық жарналар, өзге де ұйымдардың көрсететін қызметтері;

Жақтаушы ұйымдардың қызметтері, соның ішінде зерттеу және дамыту (аутсорсинг) жұмыстарды орындау, олар жұмысты орындаушылар мен жұмыс түрлерін, көлемдерін, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып берілуі тиіс;

4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізуге жұмсалатын материалдарды сатып алу;

5) жабдықтар және бағдарламаны қамтамасыз етуді (заңды тұлғалар үшін) сатып алу.

Егер бір құралдың құны 4000 АЕК-тен асса, онда оны сатып алу қажеттілігін негіздейтін мемлекеттік ұйымдар қарамағында жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларда оның жоқтығы туралы жазбаша растау беріледі.

Мемлекеттік емес ұйымдар жобаны аяқтағаннан кейін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын 4000 АЕК-тен асатын жабдықты алты айдың ішінде мемлекеттік мекеме қарамағында жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханасы балансына ауыстырады;

6) ғылыми және ұйымдастырушылық сүйемелдеу – басып шығару, аналитикалық материалдарды патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны қолдау жөніндегі өзге де қызметтер бойынша шығындар;

7) үй-жайды (жеке тұлғалар үшін) жалға алу;

8) жабдық пен техниканы жалға алу;

9) зерттеуді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканың эксплуатациялық шығындары.

Бағдарламаны Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджетке бөлу үшін түзетулер енгізуге болады.
5. Зерттеуші топ [1000 сөзден артық емес]

     


Бөлімде ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы келесі ақпараттардан тұрады:

1) түйіндеме және ғылыми бітеме (мұнда зерттеуші туралы қысқаша мәлімет және берілген зерттеудің бұрынғы ғылыми зерттеулермен байланысы сипатталады);

2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі басылым туралы ақпарат;

3) патенттер туралы ақпарат;

4) негізгі басылымдар (10-ға дейін), патенттер мен авторлық куәліктер;

5) бағдарламадағы жұмыспен қамтылудың сипаттамасы мен мерзімі;

6) бағдарламаның жетекшісі жоспарланған қызметкерлер құрамының кем дегенде 70% -ын (негізгі қызметкерлердің) дербес деректерін көрсетеді, ал қызметкерлердің қалған 30% -ы қаржыландыруға басталғаннан кейін бағдарламаға қатысады (көмекші қызметкерлер).
      6. Зерттеу ортасы [500 сөзден көп емес]
Бөлімде келесі ақпараттардан тұрады:

1) өтініш берушінің зерттеу жүргізу үшін материалдық-техникалық базасының сипаттамасы;

2) отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын (зертханаларды) түсіндіру арқылы пайдалану;

3) басты отандық және халықаралық қатынастар, шетел ғалымдарының бағдарламаға қатысуы;

4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың бағдарламаға қатысуы;

5) мобильдікті негіздеу: бағдарламаны жүзеге асыру үшін басқа орында жұмыс кезеңінде қатысудың салдары мен жұмыс істеу ықпалы.


7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде келесі ақпараттардан бейнеленеді:

1) бағдарламаның нәтижелерінің нысаналы бағдарлама шараларын іске асыруға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және нысаналы бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;

2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;

3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнім / технологияны толыққанды нәтижеменен нарыққа шығару үшін қандай іс-шаралар қажет екендігі;

4) алынған нəтижелердің мақсатты тұтынушылары;

5) тәуекелдер бар серпінді нəтижелер үшін мүмкіндіктер; ғылым мен техниканың дамуына әсер етуі;

6) шетелдік рейтингі жоғары ғылыми журналдарда (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланатын және таратылатын болса), нәтижелерді әлеуетті пайдаланушыларға, ғалымдар мен жалпы қоғамдастыққа кеңінен тарату;

7) патент алу;

8) осы Конкурстық құжаттардың 8-қосымшасына сәйкес кәсіпорындарды іске асыру, қамтуды қамтамасыз ету, шаруашылықтардың тиімділігін арттыру жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізу;

9) іске асыру көрсеткіштері (лицензиялық келісімдер, ҒЗТКЖ тікелей сату).


8. Библиография
Бөлімде «Бағдарламаның сипаттамасы» бөлімінінің «Ғылыми жаңалығы және бағдарламаның маңыздылығы» деген 4-тармағында басылымдарға сілтемелер көрсетілген.

Әрбір басылымда журналдың толық атауы, шығарылым нөмірі, жарияланған жылы, бет нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының атаулары болуы тиіс.

2018-2020 жылдарға арналған

Бағдарламалық-мақсатты

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ)

қалыптастыру және іске асыру туралы техникалық сипаттама
ҒЗТКЖ орындалуы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Елбасының «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауына,
2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс.

2018-2020 жылдары іске асыруға ұсынылып отырған ҒЗТКЖ кешенді, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған пәнаралық тәсіл негізінде интеграциялануы тиіс.

ҒЗТКЖ іске асыру кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс:

- шешілетін міндеттердің экономикалық мақсаттылығы мен практикалық қажеттілігі;

- АӨК саласындағы цифрландыру және нақты ауыл шаруашылығындағы жаңа жоғары тиімді технологияларды трансферттеу, бейімдеу, енгізу;

- отандық, шетелдік ғылыми-техникалық әлеуетті және техникалық құралдарды барынша пайдалану;

- осы бағытта зерттеулер жүргізуге байланысты, меншік нысанына қарамастан аймақтық ғылыми ұйымдармен және университеттермен интеграциялау;

- демонстрациялық технологиялық алаңдарды құру;

- ҒЗТКЖ жүзеге асыру үшін жас мамандарды, магистранттар мен докторанттарды тарта отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау;

- ұсыныстар, мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу және басып шығару (отандық және шетелдік), оның ішінде рейтнингтік ғылыми басылымдарда.
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігінің» басым бағыты бойынша

«Қарқынды мал шаруашылығын дамыту» арнайы бағыты бойынша ҒЗТКЖ мынадай міндеттерді шешуі тиіс:

1. «Ақылды фермалар» принципі бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялық процесстерді автоматтандыру үшін технологияларды трансфертеу және бейімдеу

етті ірі қара мал шаруашылығындағы «ақылды фермалар»

«Ақылды фермалар» бизнес-процестеріне арналған технологиялық регламенттерді әзірлеу. Етті ірі қара мал шаруашылығында модельдік «ақылды фермалар» құру.

«Ақылды фермерлерді» (басқару, ресурстар, технологиялар) құрудың тиімділігін бағалау.

- «Табынды басқару» жүйесін және малдарға чип салуды өндірісте пайдаланудың тиімділігін бағалау;

- қысқы және дақылдар жайылымдарды құрудың ғылыми негізделген технологиясы, оқшауланбаған әуе кемелерін пайдаланатын семсерлесу схемаларын және жайылымдық жерлерді маусымдық көшіруді пайдалану;

- асыл тұқымды мал шаруашылығында буаздықты тез арада анықтау үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың биотехнологиялық әдістерін қолдану және тиімділігін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;

- өндіруші бұқалар тобын құру үшін эмбриондарды трансплантациялау технологиясын қолдану;

- «Табынды басқару» деректер базасына ақпарат беру арқылы және зоотехникалық, ветеринарлық қызмет үшін автоматты-гидравликалық бекітуді пайдалану арқылы электронды таразыларды енгізу;

- жем дайындау және тарату үшін автоматтандырылған мәшинелер мен жабдықтарды пайдаланудың ғылыми-негізделген технологиясы;

- қысқы кезеңде малды азықтандырудың ғылыми сүйемелдеу;

- суықта ұстайтын күрделі сиыр қоралар мен жеңілдетілген жайларды (үш жақты) салу үшін экономикалық шығындардың бағалануы;

- жас малдарды суықта ұстау технологиялары бойынша ғылыми сүйемелдеу;

- қысқы кезеңде су жылыту технологиясын өндіріске енгізу;

- ғылыми қолдау және балама энергия көздерін (күн және жел генераторларын) енгізу;

- импакт-факторы нөлге тең емес, ең болмағанда 1 ұсынысты жариялаудан кемінде 2 және кемінде 1 ғылыми мақалаларды жариялау;

- кем дегенде 2 магистр және 1 доктор (PhD) даярлау.



жүктеу 278,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау