«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Мақтаарал ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурс комиссиясы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
E-3 санаты үшін: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
Е-3
|
102437
|
138248
|
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты 160547 Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі 96 үй, анықтама үшін телефондар: 8(701)848-80-78, эл.почта: personal_maktaaral@mail.ru
1.Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас инспекторы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына), E-3 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттандыру саласында нормативтік әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту үшін әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелердің өзара ақпараттық іс-қимыл ережесін әзірлеу және дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; Жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және ақпараттық технологиялардың сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді; Белгіленген нормаларға сәйкес мерзімдері бұзылуы мүмкін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (құжаттарды) алдын-ала анықтайды; Анықталған мерзімдері бұзылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде тиісті уәкілетті тұлғаға ұсыныстар дайындайды; Жергілікті атқарушы органдардың және өзге қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпаратына мониторинг жасайды және жинайды; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпараттық жүйелерге талдау жасайды және мониторинг жүргізеді; «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалармен қарым-қатынас орнатады және олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасына мониторинг жасайды; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау бойынша есепті дайындайды; Егер құжаттар техникалық ахаулықтарға байланысты мерзімі бұзылған болса, уәкілетті тұлғаның тиісті шешім қабылдауы үшін барлық дәлелдемелік құжаттарды жинайды; Әкімдіктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кенттер, ауылдық округі әкімі аппараттары мен дербес бөлімдеріге тәжірибелік көмек көрсетеді; «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалайды; Құпия іс құжаттарымен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады; Құпия құжаттармен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз етеді; Заңнамалық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес, құпия құжаттармен жұмыс жүргізуді және олардың мерзімдеріне сай тиісті мекен – жайға жолдануын қадағалайды; Құпия құжаттармен жұмыс жүргізетін тұлғаларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; Құпия құжаттармен жұмыс жүргізетіндерге құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу бойынша уақтылы мәліметтерді ұсынып, олардың уақтылы жолдануын қадағалайды; Аса маңызды, өте құпия және мемлекеттік маңызы бар мәліметтермен жұмыс жүргізетіндердің, сондай – ақ арнайы құпия құжаттармен жұмыс жүргізуге рұқсат етілген орындардың тізбесі мен қызметкерлердің қызметтік номенклатурасын қалыптастырады; Құпиялық режимін қамтамасыз етуге арналған іс – шаралар қабылдайды; Сейфтердің, металл шкафтардың, арнайы сақтау орындарымен мен олардың кілттерінің есебін жүргізеді; Құпиялық режимді сақтауға міндетті аппарат қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады; Құпия құжаттар жоғалған, сондай – ақ құпия мәліметтер жария болған жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдарына ақпарат береді; Құпия мәліметтер жария болған және құпия құжаттар немесе осы мағыналас құжаттар жоғалған, құпиялықтың басқа да режимі бұзылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізуге қатысады; Аудан әкімі аппаратында құпиялық режимін сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; Құпиялылық дәрежесі мен көлеміне және мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдар санына қарай, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп өзара іс – қимылды жүзеге асырады; Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; Аудан әкімі аппаратының халықаралық ғылыми – техникалық, сауда – экономикалық және өзге де байланыстарды жүзеге асыру кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастырады; Жоғарғы тұрған органдарынан құпия белгісі бар түскен құжаттарды қабылдау және тіркеуі жұмыстарын қамтамасыз ету және ұйымдастыру және тиісті лауазым тұлғаларына орындау үшін өткізеді; Негізсіз құпия мәліметтерге тұлғаларға қол жеткізу және рұқсат алуын болдырмау, құпия мәліметтердің жасырын таралуын ықтимал арналарын анықтайды және жабады; Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік құпиялылықты қорғау бойынша талаптарын орындау бөлігінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету бақылауын ұйымдастырады; Жоғарғы тұрған органдарына мемлекеттік құпиялылық бойынша есебінің дайындалуын қамтамасыз етеді; Номенклатура бойынша «Аса маңызды», «Өте құпия» грифі бар құпиялылық құжаттардың рәсімдеуін, есепке алуы және сақталуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік құпиялылық қорғау мәселелері бойынша жұмыс жүргізу және ұйымдастыру үшін тиісті материалдарды сұратады және алады; Азаматтық қорғаныс саласындағы жұмыстарды үйлестіреді; Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіреді; Ақпараттық технологияларды ендіру бойынша нормативтік материалдарды әзірлейді; Өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді; Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының және Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобының жұмысын үйлестіреді; Жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс саласындағы жұмыстарды үйлестіреді; Өзіне келіп түскен өтініш, шағымдардың, құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері болғанда аудан әкіміне немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырушы органдар назарына жеткізеді; Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының талаптарына сәйкес аудан әкімінің тапсырмасы бойынша өзіне жүктелген өзге де міндеттерді атқарады; Негізгі міндеттерінің орындалысы жөнінде тоқсан сайын аудан әкіміне жазбаша мәлімет береді. Өз салалары бойынша талдау жасайды, аудан әкіміне баяндама дайындайды; Жүктелген міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жобаны басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ауылшаруашылық ғылымдары, өнер, әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқытуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
еңбек қызметін растайтын құжаттын нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте акредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) бұрын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік орган басшысының келісімімен конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа байланысты басқа да қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген ""Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары"-нан білуге болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты:
www.kyzmet.gov.kz
Мақтаарал ауданы әкімдігінің ресми сайты: maktaaral.kz
Мақтаарал ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурс комиссиясы.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
________________________
________________________
________________________ ________________________
(мемлекеттік орган)
ӨТІНІШ
Мені_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және
орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен-жайы және байланыс телефоны________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 2018 ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша
«Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
___________________________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
___________________________________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категории
№ р/н
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдай-
да) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағ-
дайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при нали-
чии)
|
|
8
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, да-
та и основания его наложения (при наличии)
|
|
9
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі
бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние
три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за факти-
чески отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің
орналасқан жері/должность, место
работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |