Конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлік бөлімі»



жүктеу 97,4 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі97,4 Kb.
#5506
түріКонкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ

Интернет-ресурсында орналастыру үшін



9.12.2016 ж.

«Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгі лауазымдарына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:



1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлік бөлімі» КММ, бас маман, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Негізгі азық-түлік тауарларының, қызметтердің және ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізу. Туризм саласында мемлекеттік саясатты құруды жүзеге асыруға қатысу, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтық бағдарламасы қуатын әзірлеп жүзеге асыру. Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеп, корреспенденцияларды қабылдауды жүзеге асыру. Жоғарғы органдар мен басқа да қызметтік келіп түскен тапсырмалардың мерзімінде орындалуын бақылау. Азаматтардың шағым арыздарын, хат, өтініш, ұсыныстарын қарау бойынша есеп мерзіміне жауапты.

ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға және Еңбек кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлерінің еңбек кітапшасында есеп жүргізеді, номенклатуралық жұмысшылардың жеке істерін әзірлейді, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату бойынша қажетті құжаттарды әзірлеп, персоналды басқару бойынша құрылымдық бөлімшеге мәліметтер мен есептерді ұсынады. Компьютермен, басқа ұйымдастырушылық техникамен жұмыс істей білу. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргізуге жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (филология, аударма ісі), немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия), немесе «қызмет көрсету» (туризм) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (туризм (салалары бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), аудармашы ісі (түрлері бойынша)), немесе «құқық», немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, бухгалтерлік есеп бойынша бас маман, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қызметкерлерге 1-С «Бухгалтерия» бағадарламасы бойынша жалақыны есептеу, бағдарламалар мен ерекшелік бөлінісінде бюджетке салықтарды есептеу, статистикаға жіберілетін жалақы бойынша ай сайынғы есептерді әзірлеу және тапсыру. Экономика және қаржы бөліміне жіберілетін ай сайынғы, 2 нысанынан барлық 11 бағдарлама бойынша, дебиторлық, кредиторлық қарыз нысаны бойынша есепті тапсыру. Қазынашылықпен жұмыс жүргізу: барлық бағдарламалар бойынша төлем тапсырмаларды теру, міндеттемелерге өтінімдерді әзірлеу және теру, жұмыс пен қызметтер көрсетуге шарттарды әзірлеу және теру. Интернетпен жұмыс жүргізу: күніне үш рет электрондық поштаға, ӘҚЖ кіріп, кіріс ақпаратты қарау және қызметкерлерге тарату, шығыс ақпаратты (есеп бойынша) жіберу. Тоқсан сайынғы есептерді әзірлеу және декларацияларды «Исид» бағдарламасына табыс салығы бойынша, «Эфно» бағдарламасына әлеуметтік салық бойынша, қоршаған айналаны ластау бойынша теру. Қызметкерлерге жалақы жөніндегі анықтамаларды беру. Зейнетақы қорының карточкалары бойынша қызметкерлердің әлеуметтік салығын тарату. Кеңсе тауарларды, шаруашылық тауарларды, құндылығы аз заттарды, құрылыс материалдарды, жанар-жағар майды есептен шығаруға актілерді құру. 5-ші мемориалдық ордер бойынша жазбаны құру, жазба бойынша құжаттарды іріктеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, еңбек нарығының бас маманы, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі Үйлестіру кеңесі бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізу. Жоғары тұрған ұйымдарға қылмыстық жазаны өтеген (мерзімнен бұрын босатылғандар) тұлғалармен жүргізілген жұмыс жөніндегі мәліметтерді, ақпаратты әзірлеу. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасына жоба қаулыларын әзірлеу. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасына жоба қаулысын әзірлеу. Жұмыс іздеу клубының және есептілік бойынша жұмыс жүргізу. Мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Мүгедектердің жұмыспен қамтуы туралы ақпаратты әзірлеу. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша экономиканың әр түрлі саласында мамандарға қажеттілік туралы мәліметтерді даярлау. Мағжан Жұмабаев ауданының халықтың саны туралы мәліметтерді әзірлеу. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша еңбекке жарамды жастағы бірде бір жұмыс істейтін отбасының мүшесі жоқ аз қамтылған отбасылар саны туралы мәліметтер. ЭҚЖ жұмыс жүргізу. Лауазымдық міндеттеріне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша 3 ТН жасырынды жұмыссыздық бойынша мәліметтер.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «білім», немесе «құқық» (құқықтану), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім», немесе «құқық» (құқықтану), немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (әлеуметтік жұмыс, экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-R-4» санаты үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:


  1. белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

  7. құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық күәландырылған көшiрмесi);

  8. конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегрлендірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесі 56, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты немесе mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 87153121449, факс 87153121557 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 97,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау