Конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»



жүктеу 132,19 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі132,19 Kb.
#5507
түріКонкурс


ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы (№ 6.4.8-21/5), санаты «E-R-4», 1 бірлік.


Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында және экономика және қаржы бөліміне есеп беру. Мемлекеттік сатып алу жоспарын құру, порталға уақытылы орналастыру. Келісімдерді уақытылы орындау. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептер құру жұмыстарын жүргізу.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлердің жеке құрамы бойынша, негізгі жұмыс бойынша, іс-сапарға жүру бойынша басшының бұйрықтарына жоба әзірлеу. Жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу. «Е-қызмет» персоналы бойынша интегралды- ақпараттық басқару жүйесінде жұмыс атқару. Кадр есебі, мемлекеттік қызметшілердің аттестаттау және бағалау деректерін басқа да мәліметтерді уақытылы базаға енгізу. Бөлімнің номенклатурасын жүргізу. Бөлімнің мемлекеттік қызметі бойынша кадрлар бойынша тоқсандық, жылдық есептерді уақытылы, шұғыл және сапалы беру.

Бөлім бастығының ортақ тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларын уақытында орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе менеджмент (қолдану аясы және салалары бойынша) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі бас маманы (№ 6.4.8-21/7), санаты «E-R-4», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын және аз қамтылған азаматтарының әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша мақсатты Бағдарламаларды жүзеге асыру. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (АӘК, МБЖ, ТК) мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік көмек (АӘК, МБЖ, ТК) көзделген бюджет қаражатын мақсатты пайдаланылуын бақылау. Әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, МБЖ, ТК) ұсынуға әзірлеу бөлігінде бюджет жобаларын әзірлеу. Заңды тұлғалар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, белгіленген тәртіпте азаматтардың жеке сұрақтары мен хаттары бойынша өз құзыретінде жұмыстар жүргізу. Чистополье, Новоишим аумақтарының аз қамтылған азаматтарынан АӘК, МБЖ құжаттар қабылдау және тағайындау жасау. АӘК, МБЖ, тұрғын үй көмегін алушылардың жеке іс-қағаздарын рәсімдеу. АӘК, МБЖ, ТК алушылардың жеке іс-қағаздарын қалыптастыру. АӘК, МБЖ, ТК төлеміне тізім қалыптастыру. «Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ, ТК», «Е-Әкімдік» ақпараттық жүйесін жүргізу. Новоишим ауылдық округтің отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмек жасау үшін құжаттарды рәсімдеуге қабылдау. Аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік карта мониторингі. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру. Кедейлік шегінен төмен тұратын және азық-түлік себетіне аз қамтылған азаматтардың контингентіне есеп жасау. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде отбасылардың белсінділігн арттыруға шартты ақшалай көмек тағайындау және төлеуге, құжаттарды қабылдау. Есептерді уақытылы, шұғыл және сапалы беру. Бөлім бастығының ортақ тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларын уақытында орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық», немесе «Қызметтер» (әлеуметтік жұмыс), немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі), немесе немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (әлеуметтік жұмыс немесе аударма ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» ММ балалық құқығын қорғау бойынша бас маманы (№ 6.9.3-6), санаты «E-R-4», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Қажетті әлеуметтік, материалдық, педагогикалық және басқа көмек көрсету үшін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді анықтайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәрбиеленуі тұрмыс жағдайы шартының алғашқы тексерісін жүргізеді. Кәмелеттік жасқа толмағанның мүлкі бар екенін анықтаған кезде, оның тізімін жасап, сақталуына шара қолданады. Асырап алынған балалардың, патронат, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) берілген балалардың есебін жүргізеді. Кәмелеттік жасқа толмағанның құқығын қорғау, асырап алу, тәрбиелеумен байланысты сот процесіне қатысады. РИК-103 нысаны бойынша статистика есебін, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау бойынша белгіленген құжаттамасын жүргізеді. Қамқорлықтағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуін, жетім түлектердің еңбекпен қамтылуын қадағалайды. Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогтің жұмысын үйлестіреді. Аудан аймағындағы мектеп-интернат, балалар баспанасы жұмысын бақылайды.

Білім бөлімінің іс номенклатурасына сәйкес балалар құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша іс жүргізеді.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Білім» немесе «Құқық» бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Білім» немесе «Құқық» бейіндері бойынша барларға рұқсат етіледі.

4. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бухгалтерия, салық және ӘЕҮ жөніндегі бас маманы (6.30.7-1/3), санаты «E-G-3», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Келіп түскен ақшалай қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі қаражаттардың толық есебін қамтамасыз ету, сонымен қатар оларға байланысты барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету. Шығыс сметасының орындалуына есеп жүргізеді. Алғашқы құжаттар негізінде бухгалтерлік есепті құрастырады белгілі уақытта тиісті органдарға ұсынады. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау және оларды мұрағатқа тапсыру, еңбек ақы қорының шығынын, лауазымдық еңбек ақылардың бекітілуін, штаттық тәртіптің сақталуын бақылау. Штаттық кестеге сәйкес еңбек ақыны есептеуді жүргізу. Еңбек ақыдан табыс салығын, міндетті зейнетақы салымдарын уақытылы есептеу, экономика бөлімімен қарым-қатынас жасау. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басқаруына берілген жылдық қаражат есебін сәйкестендіру. Өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру үшін бағытталған ақша аударуды орталық уәкілетті органда жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол шот бюджетін бақылауды орындау бойынша қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қолдануындағы тауар (жұмыс, қызмет) сатудан қаражат түсуін және шығын жоспарын құрайды. Ауылдық округте әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін ұйымдастыру мен жүргізу. Ауданның қорғаныс бөлімімен өзара іс-әрекеттесу, шақыру комиссиясының жұмысына қолдау көрсету. Салық органдарына Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды салық салуға анықтау және тарту бойынша көмек көрсету, салық төлеушілерді уақытылы және толық есепке алуды қамтамасыз ету, жеке тұлғаларан бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді жинауға салық органдарына қолдау көрсету. Салық басқармасына ФЛ-1 салық нысаның пайдалану бойынша есеп тапсыру. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша қолма-қол ақшаның кассалық есеп шотын бақылайды және қоғамдық кеңестің шешімі бойынша абаттандыруға тиісті шығындарды жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің тапсырмасы бойынша басқа жұмыстарды орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (Қаржы (салалар бойынша), немесе Есеп және аудит (салалар бойынша), немесе Экономика (салалар бойынша) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әскери есеп жүргізу жөніндегі бас маманы (6.24.7-10/8), санаты «E-G-3», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Атаулы тізімдер бойынша қосуға жататын әскери міндеттілерді, әскерге шақырушылар және бозбалалардың әскери тіркеулерін жүргізу; аудандық қорғаныс бөлімі, округ ұйымдары мен кәсіпорындары есеп берулеріне салыстыру жүргізу; ауылдық округ жастарымен әскери қатарға шақыру комиссиясын өту; ауылдық округ бозбалармен әскерге алынатын және тіркеу комиссиядан өту, әскерге шақырылатын жастардың, сержанттар, солдаттар және офицелер есепке алу және шыңдық түрінде ұстау, округ аумағында әскери міндеттілердің және әскерге шақырушылардың есепке алудың сапасын қамтамасыз ету; әскери міндеттілердің және әскерге шақырушылардың отбасы жағдайлар туралы өзгерістер есепке алу. округ аумағында төтенше жағдайларды жою және алдын алу үшін төтенше жағдайлар бөлімімен өз ара қарым-қатынас; аппарат қызметі қатысты заңдық мәселелерін шешуі; Сивковка ауылы бойынша әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық сұрақтарды шешу және Агротехникалық колледжпен өз ара қарым-қатынас.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Құқық», немесе «Білім», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Құқық», немесе «Білім», немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (Іс жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша), Маркетинг (Салалар бойынша), Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), Қаржы (салалар бойынша), Статистика, Есеп және аудит (салалар бойынша), Экономика (салалар бойынша) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шаруашылық кітаптарды жүргізу жөніндегі бас маманы (№ 6.21.8-9-4) уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде, санаты «E-G-3», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізу және бірінші қаңтарға және бірінші шілдеге мәліметтер анықталған кейін оларға өзгерістер және толылықтырмалар енгізу, ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) электрондық тізілімін жүргізу. Статистика басқармасымен өзара әрекеттесу, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарына сәйкес халықтың және үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың саны туралы статистикалық есептер. Округ аумағындағы тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайлар қорын түгендеу сұрақтары. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жүргізу. Аудандық мәслихатпен өзара әрекеттесу (сайлаушылар тізімдерін құрастыру, учаскелік және аймақтық сайлау комиссиялары бойынша жұмыс жүргізу). Сайлаушылар тізімінің салыстыруын жүргізеді, сайлаушылардың сандық құрамы бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну, алқабилер тізімін даярлау бойынша жұмыс жүргізу. Сайлаулар және референдумдар жүргізуге жәрдем көрсету. Аудандық ауылшаруашылық бөлімімен, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалығы және ферма қожалығы басшыларымен өзара әрекеттесу, агроөнеркәсіптік кешенінің саласында мен ауылдық аумақтардың шұғыл ақпаратын жинауды және оларды жоғары тұрған органдарына ұсынуды іске асыру. Салық төлеушілердің толық тіркелімін және жеке тұлғалардан уақытылы салық жинауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған мекемелер және округ әкімі үшін ақпаратты дайындау және құрастыру. Елді мекендердің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ішкі істер органдарымен, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу. Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне, жиналыстар, жиындар өткізуге материалдар дайындаужәне хаттамалар жүргізу. Мекемелермен, ұйымдармен, тұрғындармен, кәсіпкерлермен газеттер мен журналдарға жазылу жұмысын жүргізу. Ауылдық округі әкімінің тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындау. Елді мекендердің аумағын абаттандыру және тазалау бойынша жиналыстарға қатысу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Білім», немесе «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес», немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия немесе орман ресурстары мен орман шаруашылығы, немесе фермерлік ісі, немесе зоотехния)», немесе «Ветеринария» бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Білім», немесе «Құқық», немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару (Іс жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе Маркетинг (салалар бойынша), немесе Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе Қаржы (салалар бойынша), немесе Статистика, немесе Есеп және аудит (салалар бойынша), немесе Экономика (салалар бойынша)», немесе Ауылшаруашылығы, ветеринария және экология (агрономия немесе фермерлік шаруашылығы (бейіні бойынша), орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы (түрлері бойынша), немесе зоотехния немесе ветеринария)» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

«E-R-4», «E-G-3» санаттарына арналған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді, сондай-ақ бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттердің бар болуына арналған тестерді қамтиды. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 фотосуретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы нотариалдық куәландырылған құжаттардың көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын нотариалдық куәландырылған құжаттың көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктерілмей беріледі. Олар берімеген жағдайда конкурс комиссиясымен әңгімелесуге тұлғаға рұқсат етілмейді.

Әңгімелесуге рұқсат берілгені туралы хабарлама алған күннен бастап үміткерлер үш жұмыс күн ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әнгімелесуден өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпта кандидаттарға эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімде келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150400, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб. немесе btabarova@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22895.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық құрылымына, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым бере алады.

28.11.2016 ж.
жүктеу 132,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау