Интернет-ресурста
орналастыру үшін
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ
жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ басшысы, санаты Е-2
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 134917 теңгеден 182388 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік мекемелер мен қала әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң әкiмдiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнің жобаларын дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және атқарушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін үйлестiру.
Әкiмнің қызметiн ақпараттық, материалдық-техникалық, консультативтiк және құқықтық қамтамасыз ету бойынша қала әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастыру.
Кадр саясатын іске асыру жөніндегі, қала әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастыру. Марапаттау iстерiн, әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурстар дайындау мәселелерi.
Қалалық мекемелер мен ұйымдардардың қызметiн үйлестіру, жұмысты жоспарлау, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң, облыс және қала әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi, Заңдары, Жарғылары мен тапсырмаларын орындауды бақылау және тексеру. Кадрларды оқыту. Құпия iс жүргiзу, мемлекеттік құпияларды қорғау. Аппарат мұрағаты, мемлекеттік мұрағатпен өзара іс-әрекет жасау. Петропавл қаласы әкімдігінің электрондық құжат айналымын және сайт жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Әскери және облыстық сотқа қатысу үшін алқа билеріне үміткерлер тізімдерін жасау.
Қала әкiмiнiң: облыс әкiмi аппаратымен; қалалық мәслихатпен; әкімдіктің құрылымдық бөлiмшелерiмен қала әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау, кадрлармен жұмыс мәселелерi бөлігінде әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Қала әкiмi жанындағы консультациялық – кеңесші органдардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Басқаратын мәселелер салалар және құжаттарды орындаудан алу бойынша нысаналы бағдармалар әзірлеу, орындау және орындалуын бақылау.
Қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің; қала әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің, қала әкімі аппараты заң бөлімінің; қала әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің; қала әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң; азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметін жалпы бақылау.
Басқаратын мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аумақтық бөлімшелерімен; қалалық сайлау комиссиясымен; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасымен байланысты жүзеге асырады.
Конкурстық; еңбек өтiлiн белгілеу; марапаттау жөніндегі; қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларды басқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «құқық» немесе «білім» немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «жаратылыстану ғылымдары» бейіндері бойынша.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-2», санаты үшін мемлекеттік тілді білу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу, сондай-ақ, біліктік деңгейін, бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті анықтайтын тестілер енгізіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларынегізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
белгіленген нысандағы өтініш;
белгіленген нысанда 3x4 мөлшерінде фотосуретпентолтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылған күннен отыз күнтізбелік күн ішінде жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер және тұлғалар тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өтпейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық пошта мекенжайына немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталды арқылы берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір күн жұмыс күнінен бұрын кешіктермей беріледі. Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшыларшақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген Қағиданың 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты»КММ интернет-ресурстарындасоңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Петропавл қаласы әкімінің аппараты»КММ мына мекен-жай бойынша:150008, СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы к., 23,Петропавл қаласы әкімінің аппараты»КММ, персоналды басқару қызметі 426 кабинет, немесе Petropavlovsk@sko.kz электрондық пошта немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталды арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы қажет.
Анықтамалар үшін телефон 8(7152) 50-30-09, факс 49-02-57.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |