Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 178,5 Kb.
Дата25.01.2020
өлшемі178,5 Kb.
#27297
түріКонкурс


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Инвестиция комитеті


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



В-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

9) сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес.***

С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, С-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4


138 248

186 551

В-4

199091

268109

С-О-2

163 232

220 697



I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Кабанбай батыр данғ., 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 23 қабат, 2305 бөлме, анықтамалар үшін телефон 8 (7172) 983-651, факс 8 (7172) 983-651, электрондық почта мекен-жайы: s.kassenova@mid.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Инвестициялық саясат басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 21-07-3



Функционалдық міндеттері: Өкімдердің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасының Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Заңдардың жобаларын әзірлеу, инвестициялық саясат саласында нормативті құқықтық базаны құру және жетілдіру; инвестицияларды өзара қорғау және қолдау саласында халықаралық құқықтық базаны құру және кемелдендіру; Инвестицияларды қолдау бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тартуда қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірлеу; инвестицияны экономикаға тартау саясатын қалыптастыру; мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу механизмдерін Қазақстанның инвестициялық ахуалын арттыру бойынша Кеңес отырыстарын ұйымдастыруды дайындау және өткізу; Комитет, Министрлік, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және оның орынбасарларындағы ағымдағы кеңестерді дайындау, басқарманың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды дайындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, саясаттану, аймақтану, статистика, әлемдік экономика) және/немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) және/немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, аударма ісі, шығыстану) және/немесе техникалық ғылымдар және технология (стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), құрылыс, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, мұнай-газ ісі, металлургия, машина құрылысы) және/немесе қызметтер (саяхат, жерге орналастыру) және/немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, физика, ядролық физика).

2. Инвестициялық іс-шаралар басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты (1 бірлік) № 21-06-3



Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; Басқарма құзіреті шегінде бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары мен өзге де құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; экономикалық саммиттер, форумдар, инвестициялық конференциялар, семинарлар және басқа іс-шаралар тұсау кесерін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) пленарлық және аралық мәжілістерін, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Жалпы ұлттық теле көпірді ұйымдастыру және өткізу; Кеңестің және Теле көпірдің пленарлық мәжілістерінің хаттамасындағы шешімдерді орындау мониторингі; Кеңестің пленарлық мәжілістері хаттамаларын іске асыру бойынша Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметіне есептер мен талдау материалдарын дайындау; Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасының министрліктері, ведомстволарымен ынтымақтастық және Кеңестің қызметі шеңберінде олардың іс-әрекетін үйлестіру; Кеңес хатшылығымен және Кеңестің шетелдік мүшелерімен қарым-қатынас; Кеңесте және Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының, халықаралық ұйымдардың, шетелдік компаниялар мен мүшелерінің ұсынған қызметін талдау, тиісті ұсыныстар әзірлеу; Кеңестің және Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының құрамы бойынша ұсыныстарды әзірлеу; Кеңестің және Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін талдау; Кеңеске мүшелікке үміткерлердің тізімін қалыптастыру; Кеңестің және Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау, әзірлеу және іске асыру, Кеңестің қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындау; Кеңестің және Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне байланысты басқа да мәселелерді шешу; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) және/немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық,) және/немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, аударма ісі)
II. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-99-21, электрондық адрес konkurs.moap@mdai.gov.kz, сайт www.mdai.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Стратегиялық жоспарлау департаменті Ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 05-5-3



Функционалдық міндеттері: Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың интернет-порталына және Министрліктің сайтына ақпарат дайындау және уақытылы орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Министрдің Қазақстан Республикасының Президенті алдында, Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Үкіметтік сағатта есеп беруіне материалдар дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу. Департамент құзыреті шеңберіндегі имидждік жұмысты қалыптастыру. Министрліктің құзыретіне кіретін имидждік, талдамалық жұмыс мәселелері бойынша Министрлік пен басқа мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінмен жұмысты ұйымдастыру. Министрліктің басшылығы үшін талдамалық ақпарат дайындауға қатысу. Департаменттің құзыретіне кіретін жұмысты ұйымдастыру және қорытындысын шығару. Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін Министрлік қызметінің жетекшілікететін бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойлатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) және (немесе) жаратылыстану ғылымдары (математика) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, материал тану және жаңа материалдар технологиясы, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, авиациялық техника және технологиялар, ғарыш техникасы және технологиялар) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

2. Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 04-3-2

Функционалдық міндеттері: Құпиялық режимін қамтамасыз ету, істер номенклатурасын дайындауға және оны тиісті органдармен келісуге қатысу; Министрліктің мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия ісін жүргізу. Құжаттардың құндылығын сараптауға қатысу. Министрліктің ведомстволық қарасты ұйымдарында құпиялық режимнің сақталуын тексеру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау ісі) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар (психология), экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ғарыш техникасы және технологиялар, геодезия, картография және топография) және (немесе) қызмет көрсету (тауар және азық-түлік тауарларын сатуды ұйымдастыру) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

3. Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, бірлік, № 10-3-3

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу. Бағалық ұсыныстарды сұратумен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарттар жасасу. Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және сүйемелдеу. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңында белгілген тәсілдер арқылы Министрлікпен жүзеге асырылатын сатып алуда конкурстық комиссияның мүшесі ретінде қатысу. Министрліктің мемлекеттiк сатып алу бойынша жоспарын құрастыру және бекіту. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқық (құқықтану) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

4. Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Электрондық өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 16-4-3

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыреті шегінде Министрлік жоспарлары шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмыс жүргізу. Мемлекет Басшысы, Премьер-министр кеңсесі, Президент әкімшілігінің ақпараттандыру мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау, электрондық өнеркәсіпті және роботтехникасын дамыту жөнінде жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысу. компьютерлік және телекоммуникациялық құрылғыларға қажеттілікті анықтау үшін мемлекеттік орандармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірістік байланыс орнату, мемлекеттік органдар үшін ҚР электронды өнеркәсіп өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу. Отандық компьютерлік және телекоммуникациялық құрылғының сапасын және бәсекеге қабілеттілігін одан әрі жоғарылату мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу. Өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасына түсіндірме беру. Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес министрлікте, мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде өткізілетін жұмыс тобына, мәжілістерге, отырыстарға қатысу. Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электронды өнеркәсіп өнімдерінің электроникаға қатысты тізілімін жүргізу және оның техникалық сүйемелденуін үйлестіру. талдау өткізу мақсатында электронды өнеркәсіп саласында халықаралық нормативтік актілерді, стандарттарды, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды зерттеу, электронды өнеркәсіп саласында ақпаратты жалпылау және жүйеге келтіру. Электронды өнеркәсіп саласында Министрлік қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: техника ғылымдары және технологиялары (автоматтандыру жəне басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, машина жасау, аспап жасау, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар, техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша), жеңіл өнеркəсіп бұйымдарының технологиясы жəне құрастырылуы (сала бойынша), наноматериалдар жəне нанотехнологиялар (сала бойынша), информатика, есептегіш техника жəне басқару, электрондық құралдарды конструкциялау) және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергідлікті басқару) және (немесе) құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).

Аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.


III. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, город Астана, проспект Мәңгілік Ел, дом №8, пошта мекенжайы: город Астана, проспект Мәңгілік Ел, дом №8, анықтама телефоны: 70-70-00, факс: 70-70-37, e-mail: kadry.sk@esep.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі ақпараттандыру секторының меңгерушісі, B-4 (1 бірлік)



Функционалдық міндеттері: Сектор қызметіне жалпы басшылықты қамтамасыз ету, Есеп комитетінің қызметінде ақпараттық технологияларды енгізудің ағымдағы жай-күйін талдау және Есеп комитетінің ақпараттық жүйелерін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; ақпараттық жүйелерді, Интернет-ресурсты әзірлеу, дамыту және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, Есеп комитеті құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне Есеп комитетінің Интернет-ресурсын, ақпараттық жүйелерін пайдалану және толтыру бөлігінде бақылауды жүзеге асыру; жергілікті есептеу желілеріне, есептеу техникасына және шеткері құрылғыларға жүйелік әкімшілік ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, ақпараттандыру бөлігінде сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық өзіндік ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу, сондай-ақ өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша Есеп комитетін ақпараттандыру бөлігінде міндеттемелерін сапалы орындауына бақылауды жүзеге асыру; құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ құжаттаманы сақтау режимін қамтамасыз ету; мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ электронды мемлекеттік аудитті жүргізу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірыңғай дерекқордың интеграциясы тәртібін әзірлеу; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: радиотехника, электорника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер
IV. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі 8, 13-кіреберіс, «Министрліктер үйі» анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-87-60, 74-06-39 электрондық мекенжай: k.kadryminjust@adilet.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің бала күту демалысында болу кезеңіне, 07.04.2020 ж. дейін) (С-О-2 санаты, 1 бірлік)



Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде бағынышты бөлімдердің жұмысына жалпы бақылау жүргізу және үйлестіру. Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету.

Жеке және заңды тұлғалардың арыз, өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етеді. Департамент құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету, Министрлік басшылығымен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен байланысты қамтамасыз ету, Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білімі: Құқық саласында жоғары білім.Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Әділет органдары туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 178,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау