Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.10.2015 17:45:39
Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығы
(2013.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (I кезең) 41-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу үшін орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Ф.Н. Жақыпова) департаменттері және білім беру ұйымдарының басшылары:
1) сынақтан өткізуді 2013 жылы жүргізсін;
2) сынақтан өткізу кезінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қамқорлық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алсын;
3) Қағидаларға сәйкес қамқорлық кеңестердің қызметі ұйымдастырылсын;
4) сынақтан өткізгеннен кейін «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Заң департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов) және білім беру ұйымдарының басшылары құрылтай құжаттарына және қамқорлық кеңестер туралы ережеге заңнамада белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013.19.08. № 350 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 573 бұйрығына 1 қосымша
Білім беру ұйымдарының тізбесі
1. «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесі.
4. Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі.
5. Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп лицей» мемлекеттік мекемесі.
6. Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп лицей» мемлекеттік мекемесі.
7. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
8. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 3 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
9. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
10. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 32 жалпы білім беретін мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.
11. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№ 39 қазақ жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі.
12. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы білім беру бөлімінің «Эмба қаласының № 1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
13. Ақтөбе облысы Алғын ауданы білім беру бөлімінің «А.И. Пацаев атындағы № 2 Алғын орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
14. Ақтөбе облысы Алғын ауданы білім беру бөлімінің «№ 4 Алғын орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
15. Ақтөбе облысы Алғын ауданы білім беру бөлімінің «№ 1 Алғын мектеп-балабақша» мемлекеттік мекемесі.
16. Ақтөбе облысы Алғын ауданы білім беру бөлімінің «Бестамақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
17. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «М. Жұмабаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
18. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы білім беру бөлімінің «Т. Жүргенов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
19. Ақтөбе облысы Қарағанды ауданы білім беру бөлімінің № 2 Бадамшы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
20. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы білім беру бөлімінің «Бозой орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
21. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
22. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің «Хамза атындағы № 2 жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
23. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің «М. Жұмабаев атындағы № 15 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.
24. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің «Ататүрк атындағы № 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.
25. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің «Ұлығбек атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
26. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Ащыбұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
27. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Шарбұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
28. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Комсомол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
29. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Қызылтаң орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
30. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «О. Жамалов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
31. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
32. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Елшібек батыр атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
33. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
34. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы білім беру бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
35. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «М. Әуезов атындағы № 1 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
36. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің « Ю. Гагарин атындағы № 4 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
37. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «С. Ысмайылов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
38. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «№ 135 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
39. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «№ 141 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
40. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің «Самал № 123 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
41. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 37 көп салалы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
42. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
43. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің «Мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
44. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
45. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің «№ 37 орта жалпы білім беретін мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
46. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің «№ 10 орта жалпы білім беретін мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
47. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы көп салалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
48. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім беру бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
49. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы білім беру бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
50. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы білім беру бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
51. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы білім беру бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
52. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы білім беру бөлімінің «Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
53. Алматы облысы Талғар ауданы білім беру бөлімінің «М. Әуезов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
54. Алматы облысы Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
55. Алматы облысы Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 16 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
56. Алматы облысы Талғар ауданы білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 14 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
57. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 4 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
58. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 5 көп салалы гимназия» мемлекеттік мекемесі.
59. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
60. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі.
61. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
62. Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің «№ 3 Краснояр орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
63. Ақмола облысы Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Шортанды қаласының № 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
64. Ақмола облысы Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Шортанды қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі.
65. Ақмола облысы Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.
66. Ақмола облысы Бурабай ауданы білім беру бөлімінің «Зеленобор мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі.
67. Ақмола облысы Зеренді ауданы білім беру бөлімінің «№ 1 Зеренді орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
68. Ақмола облысы Зеренді ауданы білім беру бөлімінің «М. Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
69. Ақмола облысы Зеренді ауданы білім беру бөлімінің «Чаглин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 573 бұйрығына 2 қосымша
Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің құрылуы мен қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымының алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері білім беру ұйымдарына жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруда, қаржылық қамтамасыз етуде, сондай-ақ, білім беру ұйымын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 Бұйрығын, осы Қағидаларды, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
4. Қамқоршылық кеңес білім саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы орган (құрылтайшы) шешімімен құрылады.
Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметтерін орындауды өтеусіз негізде жүзеге асырады.
2. Қамқоршылық кеңестің құзыреті
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013.19.08. № 350 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қамқоршылық кеңес келесі қызметтерді атқарады:
1) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
2) заңнамада көрсетілген жағдайларда және тәртіппен білім беру ұйымының басшысын іріктеу конкурсына қатысу;
3) білім беру ұйымы дамуының басым бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) білім беру ұйымының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметі, оқыту әдістерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сонымен қатар оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарау және ұсыныс әзірлеу;
5) білім беру ұйымына жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ, білім беру оқу бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға білім алушылар мен ұстаздар ұжымы үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдесу;
6) демеушілік көмекті тарту жолымен қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) демеушілік, қайырымдылық және басқа да көмекті үлестіру;
8) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу және оның жобасын алдын ала келісу;
9) білім беру ұйымы басшысын тәртіптік жазаға тарту туралы немесе оны мерзімінен бұрын босату туралы ұсыныс енгізу;
10) білім беру ұйымы басшысының және оның орынбасарларының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін тыңдайды;
11) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысу және оны келісу;
12) көрсетілген қаражат шеңберінде қосымша қаржы көздерінен қызметкерлердің, білім беру ұйымының басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтердің лауазымдық жалақысына үстемақы, сыйақы және материалдық көмек тағайындау бөлігінде ұсыныстар әзірлеу;
12-1) жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметкерлеріне, басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерін олардың жұмыстарының нәтижелері бойынша ынталандыру қорының қаражатынан лауазымдық жалақыға сыйлықақылар және ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге қатысты шешім қабылдау;
13) білім беру ұйымының құрылымдық бөлімдерін құру және жабу туралы ұсыныс енгізу;
14) орындалуы заңнама мен (немесе) білім беру ұйымының жарғысымен Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жатқызылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Қамқоршылық кеңестің сұрауы бойынша білім беру ұйымының (құрылымдық бөлімшелері) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
3. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі
6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болуы қажет және бес адамнан кем болмауы тиіс. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері, білім беру ұйымы басшысынан басқалары, білім беру ұйымы жұмысшыларының штатына кірмейді.
7. Қамқоршылық кеңестің құрамына уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган немесе құрылтайшы) өкілдері және білім беру ұйымының басшысы кіреді, сондай-ақ, бизнес өкілдері (демеушілер), жұмыс берушілердің ұйымдары, білім беру ұйымының түлегі, ата-аналар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар және басқа білім беру ұйымдары өкілдері кіруі мүмкін.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ата-аналар қауымдастығынан ата-аналар комитетімен, білім беру ұйымы түлектерінен білім беру ұйымымен ұсынылады.
Бизнес (демеушілер), жұмыс берушілердің ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және басқа білім беру ұйымдары өкілдері сол ұйымдардың басшыларымен ұсынылады.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
8. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы Қамқоршылық кеңес мүшелерімен көпшілік дауыспен сайланады. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды.
9. Анағұрлым маңызды мәселелерді қарастыру және Қамқоршылық кеңеске ұсыныстарды дайындау үшін білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің:
1) стратегиялық жоспарлау және даму;
2) қаржы-шаруашылық қызмет;
3) академиялық жұмыс (ғылыми кеңес немесе ұстаздар кеңесі) мәселелері бойынша комиеттері құрылуы мүмкін.
10. Қамқоршылық кеңестің комитеті Қамқоршылық кеңестің мүшелерінен, сондай-ақ, білім беру ұйымы педагогикалық ұжымының өкілдерінен тұрады.
Қажеттілік жағдайда Қамқоршылық кеңес комитетінің жұмысына нақты комитеттегі қызметі үшін қажетті кәсіби білімі бар мамандар (сарапшылар) жұмылдырылуы мүмкін.
Білім беру ұйымы педагогикалық ұжымының өкілдері ашық дауыс беру арқылы педагогикалық жұмысшылардың жалпы жиналысында сайланады.
11. Қамқоршылық кеңестің комитетін Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылатын төраға басқарады және Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
12. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңес комитетінің төрағасы бола алмайды.
13. Қамқоршылық кеңес комитетінің сандық құрамы, қалыптастыру және жұмыс тәртібі, сонымен қатар, оның құзыреті Қамқоршылық кеңес бекітетін ішкі құжаттармен белгіленеді.
14. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымының қызметкері болып табылады және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңеске есепті, оның отырыстарын дайындайды және өткізілуін, отырысқа материалдарды рәсімдеуді қамтамасыз етеді және Қамқоршылық кеңес мүшелерінің, отырыс материалдарына қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.
15. Қамқоршылық кеңес хатшысының құзыреті мен қызметі білім беру ұйымының ішкі құжаттарымен айқындалады.
16. Қамқоршылық кеңестің әр жаңа мүшесі білім беру ұйымының тарихымен, уәкілетті органның шешімімен, Қамқоршылық кеңестің жұмысымен, құжаттарымен, білім беру ұйымының жылдық есебімен, Қамқоршылық кеңестің шешімдерімен және отырысының хаттамаларымен, жарғымен, білім беру ұйымының басқа да ішкі құжаттарымен, сонымен қатар, басқа да ақпаратпен танысуды көздейтін білім беру ұйымының істерімен танысу рәсімін өтеді.
17. Қамқоршылық кеңестің мүшелері білім беру ұйымының және уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган немесе құрылтайшы) алдында іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) білім беру ұйымын залалдарға алып келген зияны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
18. Қамқоршылық кеңестің мүшелері білім беру ұйымын залалдарға алып келген Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешіміне қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
4. Қамқоршылық кеңес отырысының регламенті, өткізілу тәртібі және шақырылуы
19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілікке орай өткізіледі, бірақ тоқсанына бірден кем болмауы тиіс.
20. Қамқоршылық кеңес туралы ереже, Қамқоршылық кеңес отырысының шақырылу және өткізілу тәртібі уәкілетті органмен (жергілікті атқарушы орган немесе құрылтайшы) бекітіледі.
21. Қамқоршылық кеңестің отырысы оның төрағасының бастамасымен, уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган немесе құрылтайшы), Қамқоршылық кеңес мүшесінің талабымен шақырылуы мүмкін.
22. Қамқоршылық кеңестің әр мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие. Егер дауыс тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысушы (сондай-ақ, Қамқоршылық кеңеске қатыспаған мүшесінің жазбаша пікірін ескере отырып) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ашық түрде дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен қабылданады, жазбаша түрде ресімделеді және Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
24. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер Қамқоршылық кеңес мүшелерінің барлығы отырыстың өтетін уақыты және орны туралы хабарланған және Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жартысынан көбі отырысқа қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесі өзінің дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе басқа жеке тұлғаға (сенімхатпен) беруге жол берілмейді.
25. Қамқоршылық кеңестің отырысы міндетті түрде отырысты өткізуді талап еткен тұлғаның шақырылуымен өткізіледі.
5. Мүдделердің қайшылығы
26. Шешім қабылдаған кезде Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алуы тиіс. Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне шешім қабылдаған кезде жеке мүддесін көздеуге, сонымен қатар, білім беру ұйымының кез келген мүмкіндігін жеке мақсаттарында қолдануға тыйым салынады.
6. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату
27. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату:
1) уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган немесе құрылтайшы) бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымы таратылған жағдайда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |