«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының
тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Елбасы 2017 жылғы 25 қаңтардағы Арнайы үндеуінде мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қажет екендігін атап өтті.
Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілген, мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу көзделген Қазақстан Республикасының Президентімен 2017 жылдың 10 наурызында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығымен (бұдан әрі - Жарлық) Үкіметке екі ай мерзімде өзге де заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлықтың 6 тармағын орындау мақсатында заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген Заңымен енгізілген нормаларға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін тиісті Заң жобаны әзірлеу қажет.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасы өзге де заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
4. Заң жобасын реттеу нысанасы
Мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар, конституциялық заңдармен регламенттелгендерді қоспағанда, заң жобасын реттеу нысанасы болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны
Заң жобасы екі баптан тұрады:
1-бап 40 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерге түзетулерді енгізуі көздейді.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі;
2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;
2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексі;
2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ Қылмыстық-процестік кодексi;
2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ Қылмыстық-атқару кодексі;
2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;
2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ Азаматтық процестік кодексі кодексі;
1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы;
1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 «Ұлттық Банкі туралы» Заңы;
1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңы;
1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 «Мемлекеттік күзет қызметi туралы» Заңы;
1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Мемлекеттiк наградалары туралы» Заңы;
1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 «Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Заңы;
2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113 «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңы;
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 «Туристік қызмет туралы» Заңы;
2001 жылғы 5 шілде № 222-II «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Заңы;
2002 жылғы 7 наурыздағы № 299 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы;
2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 «Әділет органдары туралы» Заңы;
2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;
2003 жылғы 5 наурыздағы № 391 «Соғыс жағдайы туралы» Заңы;
2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңы;
2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы;
2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы;
2008 жылғы 20 қазандағы № 70-IV «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы;
2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңы;
2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы;
2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңы;
2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы;
2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы;
2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңы;
2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы;
2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;
2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;
2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ «Төрелік туралы» Заңы;
2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚРЗ «Волонтерлік қызмет туралы» Заңы және т.б. Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлануда.
2-бап заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін реттейді.
6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Заңнмен енгізілген Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру пәні бойынша заңнамалық актілердің талдауы жүргізілді.
Жасалған анализдың нәтижесіне сәйкес 40 заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталды.
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар
Заң жобаны қабылдау заңнамалық актілерді 2017 жылғы
10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң нормалармен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі
Талап етілмейді.
9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелуі
Заң жобасының нысанасы Азаматтық, Жер, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», Азаматтық процестік кодекстерде, сондай-ақ «ҚР азаматтығы туралы», «Ұлттық Банкі туралы», «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы», «Мемлекеттік күзет қызметi туралы», «Мемлекеттiк наградалары туралы», «Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Туристік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы», «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы», «Білім туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Төрелік туралы», «Волонтерлік қызмет туралы» Заңдарында және тиісті заңға тәуелді актілерде реттеледі.
9. Қаралып жатқан мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің бар болуы Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде, әлемде мемлекеттік құрылыстың әмбебап моделі жоқ екенін және бәрі де ізденіс үстінде екенін атап айтты. Қазақстан, мемлекеттің халықаралық тәжірибені ұстану мәселелері бола тұрса да, басқалардың мемлекеттік құрылыс моделін ешқашан көшіріп алмай, дер кезінде өзінің бірегей шешімдерін таба білді.
Мемлекеттік құрылыс модельдеріндегі елеулі айырмашылықтар ретінде мынадай мысалдарды атап өтуге болады.
Қазіргі таңда көптеген елдерде мемлекет билік жүйесінде президенттің өкілеттіктерін қысқарту үрдісі байқалады. Әсіресе бұл парламенттік модельдегі мемлекеттерге (ГФР, Швейцария, Италия, Аустрия) тән. Бұл ретте президент парламентті тарату, парламенттік сайлауды тағайындау және тағы басқа құқыққа ие бола алады, әдетте бұл үкіметтің келісімімен іске асырылады.
Ал басқарудың президенттік және аралас нысаны бар елдерде президент күшті билік өкілеттігін сақтап қалған, мұның өзі, ең алдымен, парламент пен үкіметтің жұмыс істеуіне, сондай-ақ сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздікті қалыптастыруға ықпал етуінен байқалады. Бұған Франция айқын мысал болып табылады, онда президент премьер-министрді тағайындайды, Ұлттық Жиналысты мерзімінен бұрын таратып, төтенше өкілеттікті пайдалана алады.
Әдетте, шетелдердің үкіметтері барынша кең ауқымды билік функцияларына ие болады. Мәселен, Испания мен Францияның конституциялары бойынша үкімет ішкі, сыртқы саясатты айқындайды, қарулы күштерді басқарады және т.б. Бұл үрдіс, әсіресе, парламенттік республикалар мен монархияға тән, оларда үкімет конституция бойынша мемлекет басшысына тиесілі функцияларды атқарады. Үкіметті күшейту, ең алдымен, парламенттің заңнамалық функциясын шектеумен байланысты болып отыр, бұл не заң бастамашылығы құқығының үстемдік алуынан, не НҚА шығаруға (Франция, ГФР, Италия, АҚШ, Жапония) құқық беруден байқалады. Ұлыбритания мен Финляндияда парламентке конституциялық шектеулер қойылған.
Әр мемлекетте парламенттің рөлі мейлінше алуан түрлі. Егер бір мемлекеттерде (Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Жапония) парламент қызметінің нақты құқықтық шегі болмауына орай парламенттің функциясы шектеусіз болса, енді бір мемлекеттерде (АҚШ, Германия) парламент бірқатар шектеулерге ұшыраған, бұл көбінесе, мемлекеттің федеративтік нысанына байланысты болады. Францияда парламентке заңнамалық шеңберден шығуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойылған.
Қазіргі кезде парламенттің бақылау функциясын күшейту үрдісі байқалатынын да атап өту керек. Атап айтқанда, биліктің заң шығару тармағы конституциялық бақылау органдарын құруға қатысады (Аустрия, Франция, Португалия және ГФР), парламент депутаттарының үкімет мүшелеріне сауалдар жолдауына мүмкіндік беретін интерпелляция институты қалыптасқан, мемлекеттік қызметшілердің заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыратын парламенттік комиссарлар лауазымы құрылған, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық тексеру жүргізу үшін жауап беретін есеп палаталары құрылуда.
10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар
Осы заң жобасының іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкеп соқпайды.
______________________
Достарыңызбен бөлісу: |