15
Қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау
мұнай құбыры көлігімен, Каспий теңізіндегі Ақтау
портынан, Қара теңіздегі Батуми және Новорос-
сийск порттарынан мұнай құбыры көлігімен, сон-
дай-ақ Жерорта теңізінің акваториясында «Қаз-
теңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы
компаниясының» мұнай танкерлерімен және
теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
КҚК мұнай құбыры (өткізу қабілеті – жылына 39,4 млн. тон-
на) жалпы ұзындығы 1 510 км (оның ішінде 452 км – қазақстан-
дық учаске) қазақстандық «Теңіз» мұнай кен орнын Ресейдегі
Қара теңіздегі «Южная Озереевка» мұнай терминалын (Ново-
российск портының жанындағы) біріктіреді.
Атырау-Самара мұнай құбыры (өткізу қабілеті – жылына 17,5
млн. тонна) жалпы ұзындығы 697 км (оның ішінде 535 км – қа-
зақстандық учаске) Балтық құбыр жүйесі, «Достық» мұнай құ-
быры жүйесі бойынша Ресей аумағы арқылы Еуропаның на-
рықтарына қол жеткізуге, сондай-ақ «Транснефть» ҚК» ААҚ
жүйесі бойынша Новороссийск портына шығуға мүмкіндік
береді.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры (өткізу қабілеті – жылы-
на 20 млн. тонна) ұзындығы 965 км (оның ішінде 962,2 км –
қазақстандық учаске) қытай нарығына қол жеткізуді береді.
Мұнай құбыры 2006 жылы «Қазақстан-Қытай» мұнай құбы-
ры жобасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде пайда-
лануға енгізілді.
Ақтау теңіз порты қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды мы-
надай бағыттарда Каспий теңізі арқылы экспортқа тасымал-
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың негізгі бөлігі (шамамен 85%) экспортқа кетеді. Еуропа елдері – Италия, Нидерланд, Фран-
ция, Австрия, Швейцария және өзгелері, сондай-ақ Қытай Қазақстанның шикі мұнай нарығындағы негізгі сыртқы сауда әріп-
тестері болып табылады.
Қазақстанда өндірілетіннің кем дегенде жартысын мұнай ілеспе газы құрайды. Ілеспе газды кәдеге жарату инфрақұрылымы-
ның жеткіліксіз дамуына байланысты, сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалану және сұйық фракцияларды неғұрлым толық
алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар ілеспе газдың аз дегенде жартысын қойнауқатқа кері айдайды.
дау мүмкіндігін береді:
Ақтау-Махачкала және одан әрі Махачкала-Новороссийск
мұнай құбырымен Қара теңізге;
Ақтау-Баку және одан әрі в Қара теңіз порттарына (Батуми/
Кулеви);
Ақтау-Нека (қазіргі уақытта пайдаланылмайды).
Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымы КСРО болған-
да жобаланды және ортаазиялық газды Ресейге тасымал-
дауға арналып салынды. Газ тасымалдау инфрақұрылымы-
ның транзиттік сипатының нәтижесі салдарынан Қазақстан
Республикасы аумағының елеулі бөлігі, әсіресе, Солтүстік Қаза-
қстан өңірлері газдандырылмаған. Сонымен бірге, Бейнеу -
-Бозой-Шымкент учаскесінде Қазақстан-Қытай магистраль-
дық газ құбырын салу жобасын іске асыру, өзгелерден басқа,
Қазақстанның халқы неғұрлым тығыз орналасқан өңірлерін
газдандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының газ транзиті бойынша газ тасы-
малдау инфрақұрылымы негізгі магистральдық газ құбырла-
рынан тұрады:
«Орта Азия – Орталық» – ұзындығы шамамен 4 000 км, қуа-
ты 60 млрд. м3 (түрікмен және өзбек газы);
«Бұхара-Орал» – ұзындығы шамамен 4 500 километр, қуа-
ты 7,2 млрд. м3 (өзбек газы);
«Орынбор-Новопсков» пен «Союз» МГ – ұзындығы 760 км,
қуаты 10 млрд. м3 және 20 млрд. м3 (ресейлік газ);
«Қазақстан-Қытай» – ұзындығы 1 310 км, «Орталық Азия
- Қытай» магистральдық газ құбырының бір бөлігі, ең ірі Гал-
кыныш газ кен орнынан (Түрікменстан) Қытайға газ тасымал-
дауға арналған, 55 млрд. м3 дейін кеңейту перспективасымен
қазіргі қуаты 37 млрд. м3.
Өңдеу секторын мұнай және газ өңдеу бойынша
бірқатар ірі кәсіпорын білдіреді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ): жобалық өңдеу қуаты
жылына 5,0 млн. тоннаны, 2015 жылғы өңдеу тереңдігі 59%-
ті құрайды.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты («Петро Қазақстан Ойл
Продактс», ПКОП): жобалық қуаты – жылына 6,0 млн. тонна,
2015 жылы өңдеу тереңдігі 75% болды.
Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ): Қазақстанның тех-
нологиялық тұрғыдан неғұрлым күрделі мұнай өңдеу зауыты.
Теңдестірілген өңдеу қуаты жылына 5,1 млн. тоннаны, в 2015
өңдеу тереңдігі 72% болды. Кәсіпорын Батыс Сібір кен орын-
дарының мұнайын өңдеуге арналған.
CaspiBitum: Ауыр Қаражанбас мұнайынан жол битумдарын
жасау зауыты. Жобалық өңдеу қуаты жылына 1,0 млн. тон-
наны құрайды. 2013 жылдың аяғында пайдалануға енгізіл-
ді. 2015 жылдың қорытындылары бойынша өңдеу көлемі 188
мың тонна болды.
2015 жылдың қорытындылары бойынша 4 МӨЗ-де 14,5 млн.
тонна шикі мұнай өңделді. Өңделген мұнайдан мыналар өн-
дірілді:
бензин – 2 841,5
мың тонна;
дизотын – 3 857,0 мың тонна;
мазут – 3 360,6 мың тонна;
авиакеросин – 285,2 мың тонна.
Республикада жалпы қуаты жылына 18,9 млрд. м3 газ өңдей-
тін 3 газ өңдеу зауыты бар: табиғи газ өңдеу қуаты 2,9 млрд.м3
Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ), Жаңажол газ өңдеу зауыты
(ЖГӨЗ) – 4 млрд.м3, Теңіз газ өңдеу зауыты (ТГӨЗ) – 12 млрд.м3.
Бұдан басқа, «Газпром» ААҚ, «Өзбекмұнайгаз» ҰХК мен
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы газды ыңғайласпа жеткізу
туралы 2006 жылғы 27 желтоқсандағы келісімге сәйкес Орын-
бор ГӨЗ-де Қарашығанақ кен орнының газы өңделеді. Бұл
ретте, Өзбекстаннан Қазақстанға импортталатын барлық газ
көлемі Қарашығанақ кен орнынан газ Орынбор ГӨЗ-ге жет-
кізіліп және ресейлік газдың халықаралық нарықтарға экс-
портымен тең баға бойынша және тең көлемдермен «своп-
талады».