Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет3/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

8
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акцио-
нерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай-газ са-
ласында мемлекеттің мүдделерін білдіретін 
көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңдеу және 
тасымалдау жөніндегі ұлттық компания бо-
лып табылады. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республика-
сы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы 
№811 Жарлығына сәйкес «Қазақойл» ұлттық 
мұнай-газ компаниясы мен «Мұнай және газ 
тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру 
арқылы құрылды. 
Мыналар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері 
болып табылады:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 
– акциялардың 90%;
Қазақстанның ұлттық банкі – 10%.
Компанияның  2015  жылғы  негізгі  страте-
гиялық мақсаты – активтердің ұзақ мерзімді 
құнын арттыру арқылы акционерлік құнды 
барынша көбейту және ұлттық экономика-
ны жаңғыртуға және әртараптандыруға жәр-
демдеседі.
Миссиясы
Қазақстан Республикасы үшін:
 ҚМГ ұзақ мерзімді құнын ұлғайту, рентабельдігін арттыру, 
өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
 халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті интеграцияланған 
мұнай-газ компаниясы ретінде қалыптасуы; 
 бизнесті әлеуметтік тұрғыдан жауапты жүргізу, отандық 
 тауар жеткізушілерді, жұмыс орындаушыларды және қызмет 
көрсетушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту арқылы 
ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан барынша пай-
да алуды қамтамасыз ету.
Көзқарасы
ҚазМұнайГаз – өндірістік қызмет қауіпсіздігінің ең жоғары де-
ген стандарттарына сәйкес келетін жоғары тиімді және бәсе-
кеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.
Амбициялары
2022 жылға қарай сұйық көмірсутегі (мұнай мен конденсат) 
қорларын 1 413 млн. тоннаға, мұнай өндіру көлемін – жылына 
35,4 млн. тоннаға дейін ұлғайтып, әлемнің ең ірі отыз мұнай-
газ компаниясының қатарына кіру.
 
Стратегиялық мақсаттар
2015 жылдың соңындағы ахуал бойынша ҚМГ 2012-2022 ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес.
ҚМГ ұзақ мерзімді стратегиясы ҚМГ қызметінің негізгі түрлері бойынша даму бағыттарын айқындайды, ҚМГ стратегиялық ор-
нықтылығын және ҚМГ экономикалық тиімділігін арттыруды көздейтін 2012-2022 жж. кезеңіндегі сандық және сапалық көр-
сеткіштерді белгілейді. 
ҚМГ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және оларға байланысты міндеттерді шешу Қазақстан Республикасына ұлттық 
мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан барынша пайда алуын қамтамасыз етеді.
2012-2022 жылдар кезеңіндегі ҚМГ ұзақ мерзімді стратегиясының мақсаттары мен ұзақ мерзімді стра-
тегиясы:
Мұнай және газ барлау және өндіру секторында:
 Мұнай мен газ өндірудің жылына 35,4 млн. тоннаға дейін және жылына 1,5 млрд. 
м3 дейін өсуі.
 Мұнай мен газ конденсаты қорларының 1,4 млрд. тоннаға дейін өсуі.
 Бұрғыланған барлау ұңғымаларынан геологиялық-барлау жұмыстар табыстылығы-
ның 25%-тен артық ұлғаюы.
 Тиісті инфрақұрылымды салу.
Мұнай мен газ тасымалдау секторында:
 Экспорттық мұнай құбыры жүйелерінің өткізу қабілетінің жылына 101 млн. тон-
на мұнайға дейін ұлғаюы.
 Ұлттық сауда флотының кезең-кезеңмен дамуы (Қазақстанда, сондай-ақ шетелде) 
– жылына 13 млн. тоннаға дейін.
 Газ тасымалдаудың жылына 121 млрд. м3 дейін ұлғаюы.
 Магистральдық және өңірлік газ тасымалдау жүйелерін жаңғырту және дамыту.


9
Мұнай өңдеу және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі секто-
рында:
 Мұнай өңдеу қуатын жылына 17,6 млн. тоннаға дейін ұлғайту (АМӨЗ – 5,5 млн. т/ж, 
ПСХЗ – 5,1 млн. т/ж, ПКОП – 6 млн. т/ж, Ақтау битум зауыты – 1 млн. т/ж).
 Мұнай өңдеу тереңдігін 87-90% дейін ұлғайту.
 Мотор отындары сапасының К - 4, 5 стандарттарына сәйкес келуі.
 Мұнай өнімдерін бөлшек сату нарығы үлесінің 32%-ке дейін ұлғаюы.
Сервистік және инновациялық-технологиялық секторда:
  Мұнай-газ  жобаларының  тиімді  іске  асырылуын  қамтамасыз  ететін  ин-
фрақұрылымды құру, атап айтқанда, ҚМГ бұрғылау компаниясын құру.
 Қазақстанда машина жасау саласын дамыту.Кеме жасау орнын/құрғақ док салу 
және ҚР-де жаңа машина жасау өндірістерін құруға шетелдік инвестицияларды 
тарту.
 Жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу және қолдану есебінен ҚМГ ком-
панияларының тобы қызметінің нәтижелілігін арттыру.
 Компанияның технологиялық дамуының, оның ішінде зияткерлік және ғылыми 
қызметті қолданудың тиімді жүйелерін құру.
 ҚМГ инновациялық-технологиялық даму стратегиясының жоспарлы түрде іске 
асырылуын қамтамасыз ету.
Басқару тиімділігін арттыру секторында мынадай бағыттарда қо-
сымша бәсекелестік артықшылықтарды құру:
 Қарыз деңгейін қатаң бақылау және жеке капиталды ұтымды басқару арқылы ҚМГ 
қаржылық тұрақтылығын арттыру.
 Корпоративтік басқару жүйесін әлемдік озық практиканың талаптарына сәйкес 
келтіру үшін оны жетілдіру.
 Негізгі қызметке шоғырлану, стратегиялық маңызға ие сервистік активтерді бақы-
лауды сақтау, синергияны қамтамасыз ететін активтерді шоғырландыру есебінен ак-
тивтердің мақсатты құрылымын қалыптастыру, ішкі бәсекелестікті жою және басқа-
ру деңгейлерін қысқарту.
 Кадр саясатын іске асыру. Персоналдың қанағаттану дәрежесі кем дегенде 85%.
 Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту.
 Өндірістегі жазатайым жағдайлардың болмауы, апаттардың алдын алу, жарақат-
тылық пен кәсіби сырқат деңгейін азайту.
 Энергетикалық өндіріс тиімділігін арттыру, энергия ресурстарын тұтыну көлем-
дерін азайту және энергия тиімділігін ұйымдық басқару есебінен энергияны оңтай-
лы үнемдеп, өндіріс құру.
 Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамта-
масыз ету саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін дамыту.
 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейін арттыру. Қайырымдылық пен де-
меушілік шығындарын ұлғайту, мемлекеттік және салалық әлеуметтік бағдарлама-
ларды іске асыруға және жалпы республикалық іс-шараларға қатысу.


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау