Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет37/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44

89
Люксембург Глеб Валерьевич
Басқарма төрағасының өндірістің перспективалық дамуы жөніндегі 
орынбасары
Туған жылы – 1968
Азаматтығы: Ресей Федерациясы
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Мәскеу байланыс және ақпараттандыру техникалық университеті (1991-1996).
Мамандығы: Инженер-математик, ШВ № 202796 үздік диплом.
Жұмыс тәжірибесі: 
1990-шы жж. ортасынан бастап Ресейдегі және шетелдегі ірі халықаралық және өңірлік компанияларда жұмыс істеп келеді. 
ТНП өндіруші компанияларда (Wm.Wrigley Company, L’Oreal), мұнай-газ саласында (ТНК-BP), басқарушылық және технология-
лық консалтингте (Accenture, SAP) жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Трансформация бағдарламаларына/жобаларына, оның ішінде ERP енгізу, бизнес-процестерді, ұйымдастырушылық құрылымдар-
ды оңтайландыру жобаларына, қызмет көрсету мен құзыреттің корпоративтік орталықтарын құру жобаларына қатысты және 
оларды басқарды.
1968 жылғы 5 маусымда Түрікмен КСР Небит-Даг қаласында дүниеге келді.
1992 жылы Иваново-Франков мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және игеруді кешенді 
механикалау» мамандығы «тау-кен инженері» біліктілігімен бітірді.
Еңбек қызметін 1988 жылы «Юганскнефтегаз» АО Мамонтов УПНПиКРС-та бұрғышы болып бастады.
1997 жылдан бастап, еңбек қызметін «ЮКОС» ҰК» ААҚ-та жалғастырды. Еншілес кәсіпорын – «ЮКСАР» ЖШҚ бас директоры-
ның функцияларын қоса атқарды.
2000 жылдан бастап 2002 жылғы тамызға дейін – «Ресурсэнерго» ЖШҚ қаржы директоры болды. Компания қызметінің негіз-
гі түрі – РФ әр түрлі МӨЗ-де алыс-беріс схемасы бойынша көмірсутегі шикізатын өңдеу және одан кейін мұнай өнімдерін сату.
2002 жылы кейін «ТНК-ВР» ААҚ болған «Тюменская нефтяная компания» ЖАҚ компаниялары тобында жұмысты істеді.
2002-2005 жылдар кезеңінде – «Региональный центр сервисных услуг – Нягань» ЖАҚ бас директоры болды. Нягань және Но-
восибирск ққ. өңірлерінде барлық мұнай-сервис кәсіпорындарын басқарды.
Білімін РФ Президенті жанындағы Мәскеу мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік және муниципалдық басқару ака-
демиясында жалғастырып, оны 2003 жылы аяқтады.
2005-2007 жж. кезеңінде «ТНК-ВР» компанияларының тобына кіретін «РЦСУ-Нижневартовск» ЖАҚ бас директоры болып жұмыс 
істеді. Нягань, Нижневартовск, Новосибирск, Радужный өңірлерінің мұнай-сервис кәсіпорындарын басқарды.
2007-2009 жж. «Тагульское» ЖШҚ ТНК-ВР бас директорының міндеттерін атқарды. Компанияның жаңа кәсіпорны Красноярск 
өлкесінің солтүстігінде Большехет ойпатының кен орындары тобының пайдалануға қосылуын қамтамасыз етті.
2009-2010 жж. – «Роспан интернешнл» бас директорының орынбасары.
2010-2011 жж. «ТНК-ВР» ААҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі вице-прези-
дентінің лауазымында болды.
2012 жылы «МИРБИС» Мәскеулік халықаралық жоғары бизнес мектебін бітіріп, МВА дәрежесін алды.
2011-2014 жж.– «Ямал БКГ» ААҚ бас директоры болды. Оңтүстік-Тамбей газ конденсатты кен орнының базасында табиғи газды 
өндіру және сұйылту кешенінің құрылысын басқарды.
2015 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының өндірісті перспективалық дамыту жөніндегі орынбаса-
ры болып тағайындалды.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 ҚМГ компаниялары тобының бизнес-процестерін трансформациялау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
 бизнес-процестер трансформациясы бағдарламасы офисінің қызметін қалыптастыру және басқару;
 комиссиялардың, Жаңғырту және трансформация кеңесінің, жұмыс топтарының, бизнес-процестер трансформациясына бай-
ланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ ЕҚОҚ мәселелері бойынша кеңестер мен семинарлардың жұмысын ұйымдастыру;
 трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚМГ-нің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-пен, сондай-ақ басқа да орган-
дармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауы бойынша жұмысты үйлестіру;


90
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
 ҚМГ мен ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының бизнес-процестер трансформациясы бойынша бюджеттердің іске асы-
рылуын бақылау және мониторингі;
 ҚМГ трансформация бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ ЕҚОҚ саласындағы ҚНК мақсатты мәндеріне қол жеткізуді үй-
лестіру және мониторингі;
 ҚМГ орнықты дамуына бағытталған ЕҚОҚ саласындағы жобалар мен бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын үйлестіру 
және мониторингі, қалдықтарды, парниктік газдардың шығарылуын, су ресурстарының қорғалуын және энергия тиімділігін 
арттыруды тиімді басқару;
 ҚМГ мен оның ЕТҰ/ББҰ жылдық және перспективалық өндірістік бағдарламалары мен бюджеттерін ЕҚОҚ және орнықты даму 
мәселелері бөлігінде қарауға және келісуге қатысу, сондай-ақ олардың толық іске асырылуын бақылау;
 ЕТҰ мен ҚМГ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби дамуын арттыру және ротациясы арқылы персоналдың 
ұйымда стырушылық мүмкіндіктерін арттыруды қамтамасыз ету;
 ҚМГ мен оның ЕТҰ орнықты даму саласындағы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру жұмыстарын үйлестіру, олардың орын-
далуын бақылау және мониторингі;
 ЕҚОҚ саласындағы ЕТҰ құрылымдық бөлімшелерінде басшы лауазымдарға кандидаттарды тағайындауды және лауазымда-
рынан босатуды келісу.
Корпоративтік орталықтың трансформация жөніндегі басқарушы директорлары жұмысының және трансформация жөніндегі 
жобалау офисінің («KMG Global Solutions» Қазақстан Республикасындағы филиалы) «Барлау және Өндіру» бизнес-бағытының 
басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін белгілейді. 
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕжҚОҚ саласындағы саясатына сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезең-
ге арналған қызметтің белгіленген негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 
Акцияларға иелік ету  
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
Өзге ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамына кірмейді.
Қасымбек Ардақ Махмұдұлы
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор 
Туған жылы – 1977 
Азаматтығы: Қазақстан
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1994 – 1998).
Мамандығы: халықаралық экономикалық қатынастар, біліктілігі – экономист.
Business School of City University of London, Англия (2000 – 2001).
Мамандығы: банк ісі және халықаралық қаржы, біліктілігі – қаржыгер.
Жұмыс тәжірибесі: 
Еңбек қызметін 1988 жылы «Қазақстан халық жинақтаушы банкі» АҚ-та құрылымдық қаржыландыру департаментінің жетек-
ші банкирі болып бастады. 2001 ж. «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ-та инвестицияларды басқару департаментін менеджер лауазымына 
ауысты. 2003-2004 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та жобалық талдау департаментінің менеджері, корпоративтік қаржыландыру де-
партаментінің бас менеджері лауазымдарында жұмыс істеді. 2004 ж. «Атырау МӨЗ» ЖШС-дағы Салынатын кәсіпорындар ди-
рекциясының директоры ретінде ұзақ іссапарға жіберілді. 2005-2006 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қаржыландыру 
департаменті директорының орынбасары болды. 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас дирек-
торының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Қашаған Би Ви» ЖШЖК Астана қала-
сындағы филиалының орынбасарының қызметін қоса атқарды. 2008 жылдан бастап әр түрлі жылдарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-
та экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директор, корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік 
қаржыландыру және активтерді басқару директоры секілді әр түрлі лауазымдарда болды.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
Кредиттік комитетті, талаптарды, талап-арыздарды және өтініштерді, сондай-ақ мерзімі өткен дебиторлық берешекті қайта 
құрылымдауға қатысты мәселелерді ұсыну және қарау комиссиясын, Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің пай-
далы қызметінің мерзімін белгілеу және қайта қарау, бастапқы құнын өзгерту (қайта бағалау, құнсыздандыру, кейінгі күрделі 
салымдар) және істен шығару комиссиясын басқарады.
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 ҚМГ даму стратегиясын іске асыру мақсатында экономика және қаржы блогының құзыретіне жататын қызметтің негізгі көр-
сеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау