Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет14/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
36
2007 жылы ҚМГ Румынияның The Rompetrol Group мұнай-газ компаниясы акцияларының бақылау пакетін (75%) сатып алды. 
2009 жылы The Rompetrol Group компаниясының қалған 25% сатып алынды.
2014 жылы ҚМГ нарықтағы позицияларын нығайту мақсатында The Rompetrol Group компаниясының тобы KMG International 
N.V. (ҚМГИ) болып қайта аталды. Қызметті бірыңғай брендпен жүргізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының барлық компаниялары-
ның сауда маркасын танымал етуге жәрдемдеседі және Қазақстанның және, тұтастай алғанда, елдің бірыңғай ұлттық брендін 
жылжытуға фокусталуға мүмкіндік береді.
Жаңа акционер мұнай өңдеу қуаттарын қайта құруға, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және бөлшек сауда желісін 
кеңейтуге елеулі инвестициялар салды, бұл компаниялар тобына Орталық Азияның ресурстарын Еуропаның перспектива-
лық нарықтарымен біріктіретін «энергетикалық көпір» мәртебесін алуға мүмкіндік берді. ҚМГИ сатып алынған сәттен бастап 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұлғасында акционер 300 миллионнан астам әлеуетті клиенттерден тұратын еуропалық нарыққа қол 
жеткізді. 
Бүгінгі таңда ҚМГИ 11 нарықта мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сату секторында операцияларды жүзеге асырады. қызмет-
керлердің саны шамамен 7 мың адам. Топ компанияларының негізгі қызметі Қара теңіз өңірінде, атап айтқанда, Румыния-
да шоғырланған, онда компанияның «Petromidia» МӨЗ-ді қоса есептегенде, жоғары технологиялы мұнай өңдеу қуаттары бар. 
қара теңіздің жалауында стратегиялық орналасуы мұнайды тез жеткізіп, өндірілетін мұнай өнімдерін тиеп жөнелтуді жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді, бұл МӨЗ-ді маңызды отындық өңірлік торап, ал ҚМГИ-ні – мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы 
ең ірі өңірлік ойыншылардың бірі етеді. 
Еуропада ҚМГИ-нің қызметін «Rompetrol» және «Dyneff» брендімен жүргізетін негізгі нарықтар – Румынияда, Молдовада, Бол-
гарияда, Грузияда, Франция мен Испанияда отын сатудың 1100-ден бастап пункттері бар.
Францияда, Испанияда, Швейцария мен Сингапурда операциялар жасайтын өзінің еншілес компаниялары – Dyneff   және KMG 
Trading AG арқылы ҚМГИ халықаралық нарықтарда трейдингтік операцияларды жүзеге асырады. сондай-ақ еншілес  компания 
KMG Trading AG «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен бірлесіп бақыланатын компаниялардың ресурстарынан шикі мұнай экспорты бойын-
ша жалғыз эксклюзивті оператор болып табылады. 
ҚMГИ, Еуропадағы қызметінен басқа, Қазақстанда да мұнай өңдеу саласын дамытуда маңызды роль ойнайды. Еншілес ұйым 
– KMG Engineering (Romisnerv) – инженерлік бөлімшелері елдің мұнай өңдеу зауыттары: Атырау, Шымкент пен Павлодар МӨЗ 
қайта жаңғыртуға белсенді қатысады. 
ҚМГИ мақсаты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін мұнай өңдеуден, мұнай-химиядан, шетелдік нарықтарда мұнай мен мұнай өнімдерін 
сатудан ең үлкен экономикалық қосылған құнды қамтамасыз ету болып табылады:
 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Еуропадағы бөлімшелерді дамыту және қазақстандық ұлттық мұнай брендін жылжыту арқылы ха-
лықаралық нарықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
 Мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету 
мақсатында операциялық тиімділік пен технологиялық жарақтылықты арттыру
 «ҚМГ» компаниясының халықаралық нарықтарда интеграцияланған және әртараптандырылған, мұнай мен мұнай өнімдерін 
сату сегментінде бәсекеге қабілетті мұнай компаниясы ретінде дамуы
 Жеткізудің тиімді тізбегін құру және сатудың бақыланатын арналарын дамыту есебінен тұтынушыларға жоғары сапалы мұнай 
өнімдерін ұсыну және қызмет көрсету.
2015 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша KMG International сатып алу сәтінен бастап ең жоғары нәтижелерге қол жет-
кізді. EBITDA көрсеткіші $162 млн. деңгейіне жетті, ал бір мәртелік провизиялар мен кейінге қалдырылған салықтар бойынша 
кірістерді есептемегендегі таза пайда – $4,7 млн. болды. 2015 жылы қаржы көрсеткіштерінің жақсаруы ҚМГИ негізгі активтерін 
жаңғыртуға, бизнестің барлық тізбегін дамытуға жүзеге асырылған инвестицияларға, сондай-ақ операциялық тиімділікті арт-
тыруға және компаниялардың барлық тобы бойынша өндірістік шығындарды азайтуға бағытталған трансформациялық ба-
стамаларға байланысты мүмкін болды. 
ҚМГИ еншілес компаниясы – Rompetrol Rafinare құрамына екі МӨЗ, «Petromidia» және «Vega», және Petrochemicals мұнай-хи-
мия кешені кіреді.
«Petromidia» МӨЗ – ҚҚМГИ құрамындағы негізгі актив, Румыниядағы ең ірі және заманауи мұнай өңдеу зауыты. Қара теңіздің 
жағалауында, елдің астанасы Бухарестен 225 км және Румынияның ең ірі порты – Констанцадан 20 км қашықтықта орналасқан. 
МӨЗ мұнай өңдеу қуаты жылына 5 млн. тонна – бұл елдегі барлық мұнай өңдеу зауыттарының шамамен 40%-ті. 1974-1979 жыл-
дары салынған, 90-шы, 2005, 2010 жылдары жаңғыртылған зауыт бүгінгі таңда Urals маркалы жоғары күкіртті және ауыр сұрып-
ты мұнайды өңдей алады. «Petromidia» МӨЗ-дің 2013 жылы аяқталған соңғы жаңғыртылуы зауытты елеулі технологиялық жетіл-
діру және оның қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту есебінен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясының еуропалық 
стратегиясының келесі кезеңінің негізін қамтамасыз етеді. зауытты жаңғыртуға салынған инвестицияларға, сондай-ақ Change 
for Good трансформация бағдарламасының бастамаларына байланысты қазір «Petromidia» МӨЗ-де Еуропалық одақтың стан-
дарттары бойынша өнім шығару игерілді. Шығарылатын дизельдік отын мен автобензиндердің 100%-ті Еуро-5 нормаларына 
сәйкес келеді. Зауыттың өзге де техникалық сипаттамаларының арасында 2015 жылы МӨЗ энергия тиімділігінің 99,8 деңгейін-
дегі индексін, ақ өнімдердің шығарылуын – 85,7% және өңделген шикізаттың тәуліктік нормасының 15,2 мың тонна деңгейіндегі 
рекордтық көрсеткішін атап өткен жөн. Бұл ретте, бір тоннаға шаққандағы өңдеу құны 16,7 АҚШ долларына дейін төмендетілді.
 
Мұнай өңдеу секторындағы 
  халықаралық қызмет


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау