12
коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты
каналдары бар.
Провайдерлердің желілерін біріктіру.
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен
өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В
компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B
желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының
клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса
алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В
әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін
нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша,
басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылуы құрылады,
нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.
Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және
олардың магистральды желілері NAP арқылы әртүрлі қалаларда жасалады,
және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әртүрлі желілері арқылы
таралады.
Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде
шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің
компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы
келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A
желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен
желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді.
Провайдерлер желілерінің иерархиясы.
Әртүрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып
бөлінетін жүздеген провайдерлер бар.
Аймақтық
провайдерлердің
желілері
(екіншілік)
ұлттық
провайдерлердің желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар
арқылы байланысады. Мысалы, АҚШ-та Т1 стандартты мәліметтерді беру
жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін
ТЗ арнасы.
Осыдан он жылдай уақыт бұрын Microsoft корпорациясы веб-
стандарттарды құруды қолға алды. Бұл веб-стандарттар қорыта келе,
барлық веб-бағдарламалау бойынша берілетін технологияларды бір бүтін
етіп жинақтауға және көшірілетін веб-платформаны құруға бағытталған.
Бақылау сұрақтары:
1)
Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілер
қандай?
2)
Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен
жүргізіледі?
3)
Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді?
4)
Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?
5)
Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?
13
2
Дәріс
№2.
Интернет
коммуникациясының
моделі.
Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің
коммуникациялық сипаттамалары
Дәрістің мақсаты: интернет коммутациясының модельдерін,
интернет сервисінің коммуникациялық сипаттамаларын таныстыру.
Дәрістің мазмұны: интернет коммуникациясының Pull- және Push-
модельдері. Интерактивтілік. Гипермәтін. Мультимедиа. Болу эффектісі.
Желілік навигация. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы.
Интернет коммуникациялық сипаттамаларын қарастырайық. Дәстүрлі
коммуникациялық модель негізінде «бірге бір» ережесі жүреді.
Коммуникациялық құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін,
графика) және/немесе динамикалық (аудио, бейне, анимация) күйінде
көрсетіледі.
Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер
жатыр. Біріншіден, Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке
коммуникация кезінде оның арнасы арқылы өтеді. Бұл модель бастапқы
байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде қолданушы
мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын
көрсетеді, сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де,
қабылдаушы да болып табылады.
Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе
топтармен топ атымен немесе өз атымен хабарласа алтын «көпке көп» көп
бағыттылы коммуникациялық модельді көрсетеді. Бұл модельде
коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік желі айтылады, ал
ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель интерактивті
байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де
бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық
көрсететінін білдіреді. Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат
жіберуші құралы кейде оның қолданушысы да бола алады. Бұндай
модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден қабылдаушыға беріліп қана
қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады.
Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды
көрсеткенде,
жалпы
коммуникацияның
дәстүрлі
әдістері
үшін
коммуникациялық
модельде
кері
байланыс
контуры
болмайды.
Тұтынушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал ретінде электронды
почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, «cookie» файлдары,
Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара
байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі
және сыртқы ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.
Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері.