С аттестационным листом ознакомлен (а) ________________ ____________________ (подпись аттестованного) (фамилия и инициалы)
«___» ___________20__ года
«Әскерилендірілген темір жол күзеті»
акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы
арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған
Ұжымдық шарт
Бірге Тараптар деп аталатын, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының атынан Жарғы негізінде әрекет ететін «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Кәсіподақ төрағасы төмендегі туралы осы Ұжымдық шартты жасасты.
І бөлім
Жалпы ережелер
1. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шарт (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған салалық тарифтік келісім негізінде жасалды.
2. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады, Тараптардың тең құқықтары мен мүдделерін сыйлау қағидаттарын негізге ала отырып жасалды, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Шарт 2012-2014 жылдарға арналып жасалды және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
4. Шарттың күші:
1) Жұмыс берушіге;
2) Қоғамның қызметкерлері - Ұжымдық шарт жасалған кәсіподақ мүшелеріне, оның құрамына жазбаша өтініш негізінде кірген қызметкерлеріне;
3) босатылған, сайланбалы және штаттық кәсіподақ қызметкерлеріне қолданылады.
Зейнеткерлер, соның ішінде «Құрметті теміржолшы», «Қазақ темір жолына 100 жыл» белгілерімен марапатталған зейнеткерлер үшін осы Шартпен жеңілдіктер мен кепілдіктердің жеке түрлері көзделген.
5. Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуы мен орындауы үшін міндетті болып табылады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез келген тармағын бір жақты өзгертуге немесе іс-әрекетін тоқтатып қоюға құқығы жоқ.
6. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келісімі бойынша ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен енгізіледі.
7. Шарт Қоғамның қайта ұйымдастырылуы кезеңінде жаңасы жасалғанға дейін өз іс-әрекетін сақтайды.
8. Қоғам мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде Шарттың іс-әрекеті үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде Тараптар жаңа Ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы.
9. Қоғамды тарату, оны банкрот деп жариялау кезінде Шарт барлық қызметкермен еңбек шарттарын тоқтату кезінен бастап өз іс-әрекетін тоқтатады.
ІІ бөлім
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,
еңбекақы мен жұмыс уақыты
10. Жұмыс беруші:
1) еңбекке ақы төлеудің ең аз кепілдіктері ретінде:
қызметкерлер үшін – жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі тарифтік тордың тарифтік коэффициенттері және Қоғамдағы еңбекке ақы төлеудің белгіленген ең аз мөлшері негізінде белгіленген тарифтік ставкалар мен жалақыларды;
2) 75 пайызынан кем емес қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысын орнын толтыру және ынталандыру сипаттағы қосымша ақысын есептемегендегі негізгі еңбекақы үлесін (тұрақты еңбекақы бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге;
3) жұмысшылар мен қызметшілерді тарифтеуді және оларға біліктілік разрядтары мен санаттарын беруді жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің қолданыстағы тарифтік-біліктілік анықтамалықтары бойынша Кәсіподақтың келісімімен жүргізуге.
Қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге арналған разрядтарды тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамаларының талаптарына және лауазымдық еңбекақылардың белгіленген схемасына сәйкес белгілеуге;
5) еңбек нормаларын (уақыт өнімділігі, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды қол жеткізілген техника, технология, еңбек өндірісін ұйымдастыру деңгейін ескере отырып жүргізуге. Еңбек нормаларын өзгертуге қатысы бар қызметкерлерді өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабарландыруға. Тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша қолданылатын нормативтік материалдардың (салааралық, ведомстволық, салалық, жергілікті) тізбесін, сондай-ақ оларды енгізу, әзірлеу және қайта қарау мерзімдерін белгілеуге;
6) еңбек нормаларын (уақыт өнімділігі, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды, еңбекке ақы төлеу нысанын (жүйесін) ҚР еңбек заңнамасына сәйкес аттестация өткізу және жұмыс орындарын оңтайландыру, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа техника, технологиялар мен техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын енгізуді ескере отырып жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейіне қарай, сондай-ақ белгіленген тарифтің мөлшеріне байланысты Тараптардың келісімі бойынша жалақының жылына кем дегенде бір рет арттырылуын жүргізуге;
8) Қоғамның қызметкерлеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін жалақы төленуін қамтамасыз етуге;
Еңбек шартын бұзу кезінде қызметкерге тиесілі барлық сомалардың төленуін оны тоқтатқаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;
9) қызметкерлер шарттық қатынаста тұрған жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылуын қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Кәсіподақпен келісім бойынша тарифтік ставкаларға (жалақыларға) қосымша ақылар мен үстемелер:
а) қосымша ақылар:
кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін – 30 пайызға дейін;
қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе жұмыс көлемін ұлғайтқаны үшін - 30 пайызға дейін;
уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан қол үзбей орындағаны үшін - 50 пайызға дейін төлеуді жүргізуге. Басшылардың штаттық орынбасарларына уақытша жоқ басшылардың міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы төлеуді жүргізбеуге;
пойыздарда жүктерді алып жүру мен күзетумен тікелей байланысты, сондай-ақ тәулік бойы тоннельдер мен көпірлерде қызмет ететін күзетшілерге тарифтік ставкаға (жалақыға) 12 пайыз мөлшерінде;
б) (басшыларға, мамандар мен қызметшілерге) аса маңызды жұмысты орындағаны үшін үстемелер, оны өткізу мерзіміне - 30 пайызға дейін;
«Құрметті теміржолшы» және «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталған қызметкерлерге тарифтік ставканың (жалақының) 10 пайызы;
ай сайын - Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Кәсіподақпен келісім бойынша Қоғамдағы жұмыс өтілі үшін.
Егер аталған қосымша ақылар мен үстемелерді еңбекке ақы төлеу қорының белгілеу мерзімі көрсетілмесе, жұмыс көлеміне қарай жыл сайын қайта қарап отыруға;
11) еңбекке ақы төлеу қорының үнемі болған кезде оның бөлігін Кәсіподақпен келісім бойынша Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес дербес үстемелер мен материалдық көмек көрсетуге, Қоғамның қызметкерлерін материалдық ынталандыру түрлеріне қолдануға;
12) еңбекке ақы есептеген кезде мынадай: кластығы, кәсіби шеберлігі, зиянды еңбек жағдайлары, кәсіптерді қоса атқарғаны, түнгі және мерзімнен тыс сағаттар үшін қосымша ақылар мен үстемелер есептеуге;
13) қызметкерлердің жалақысын есептеген кезде экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін қосымша ақыны (1-қосымша) қолдануға;
14) 9-а және 9-б-формасындағы провизиялық билеттердің, 5-нысандағы билет-карточкалардың, 10-формасындағы консультативтік билеттердің жойылуына байланысты көрсетілген станцияларда тұратын және жұмыс істейтін қызметкерлерге:
5-класс станцияларында, разъездер мен озу пунктерінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4-класс станцияларында – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3-класс станцияларында – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын қосымша ақы белгілеуге.
Егер қызметкер жоғарыда аталған станциялардың біреуінде тұрып, екіншісінде жұмыс істесе, үстемені оның тұратын жері бойынша белгілеуге;
15) қызметкерлерге мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына, соның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде, кем дегенде бір жарым мөлшерде төлеуге. Еңбек жағдайлары аса қауіпті және аса зиянды жұмыстарда мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына жол бермеуге;
16) қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз тұру уақытына орташа айлық жалақының 50 пайызынан төмен болмайтын есеппен төлем жасау. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде (мұндай жағдай Қоғамның арнаулы еңбекті қорғау қызметтерімен, даулы жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясымен расталған кезде) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз тұрған уақытқа төлем жасалмайды);
17) жұмыс уақытына ақы төлеу есебі мен тәртібі Кәсіподақпен келісім бойынша Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес белгіленеді;
18) жүру жолы бойында орын ауыстырумен немесе жұмыстарды орындаумен байланысты, учаскелер шегіндегі тұрақты орындалатын жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қызметкерлерге Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 35 пайызынан кем емес мөлшерде еңбек шартымен белгіленген үстеме төлеуге;
19) негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімі бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұйрығымен жұмысшыларды оқытуға тартылған білікті жұмысшыларға қабылданған немесе ауыстырылған бір қызметкерді оқыту жөніндегі жұмысы үшін (әр ай сайын) 2 АЕК мөлшерінде төлеуге;
20) біліктілігін көтеру курстарына, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге де жіберген кезде қызметкерге купелік вагонда жол жүру, жатақханада тұру (егер тұру құны оқыту құнына енгізілмесе) жөніндегі шығыстарын және оқу орнына жету және кері қайту уақытына белгіленген мөлшерде тәуліктік ақы төлеуге;
біліктілігін көтеру курстарында оқудан немесе қайта даярлаудан өткен кезде қызметкерге бұрынғы жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауға;
Кәсіби дайындық, қайта даярлау және біліктілігін көтеру аяқталғаннан кейін тыңдаушы Жұмыс берушіде оқу шартында тараптармен келісілген мерзімде жұмыс істеуге міндетті.
Еңбек шарты оқу шартында белгіленген мерзімге дейін қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсінің салдарынан Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған кезде, қызметкер оны оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеудің істелмеген мерзіміне бара-бар мөлшерде қайтаруға міндетті;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығын қамтамасыз етуге (нақты жұмыс режимдері кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ішкі еңбек тәртібі ережесімен белгіленеді);
22) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын және жыл сайын он бес күннен кем емес ақы төленетін қосымша демалыс белгілеуге;
23) үздіксіз тасымалдау процесіне, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне және күзет қызметіне қатысты жұмыстарда жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды тоқсанның есептік кезеңімен қолдануға;
24) ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір ауысымнан екіншісіне ауысу Кәсіподақпен келісім бойынша Жұмыс беруші бекіткен ауысым кестесімен белгіленеді. Ауысым кестесі оны қолданысқа енгізуден кем дегенде бір ай бұрын қызметкерлерге жариялануы тиіс;
25) өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда қызметкерге жұмыс уақытында тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге. Аталған сағаттар (тамақтану уақыты) жұмыс уақытында есепке алынады. Мұндай жұмыстардың түрлері, мұндай үзілістер беру ұзақтығы мен тәртібі Кәсіподақпен келісім бойынша Жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді;
26) жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысты орындау үшін қызметкерлерді олардың келісімімен және жұмыс берушінің актісінің негізінде тартуға.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасына қарай екі еселенген мөлшерде төлем жасауға немесе қызметкердің қалауы бойынша қосымша демалыс күнін беруге;
27) филиалдар директорларына Жұмыс берушінің Кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес қызметкерлерге материалдық көмек көрсету құқығын беруге;
28) қызметкерлерге:
басшылар мен мамандарға – 30 күнтізбелік күн, қызметшілер мен өндіріс персоналына – 24 күнтізбелік күн (2-қосымша) ұзақтығы белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігін қызметкерлер пікірін ескере отырып Жұмыс беруші бекіткен кесте бойынша белгіленеді.
Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесін өзгерткен жағдайда Жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлауы тиіс.
Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы алғашқы және кейінгі жұмыс жылдарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Қызметкерді еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, соның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында бередіе немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосады не болмаса өтемақы төлейді. Шақыртуды еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыстың күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуынан бұрын үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Қоғам қызметкеріне Қоғамда 5 (бес) жыл немесе одан көп жыл еңбек өтілі болған кезде, сондай-ақ медициналық анықтама, толтырылған санаториялық карта, жолдамаға төлеген шоттары болған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде санаториялық-курорттық емделуге жолдама алуға 3 (үш) еседен аспайтын ең төмен жалақы мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімі ғана немесе оның өтініші бойынша тоқтатылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта берілуі мүмкін. 2 (екі) жыл қатарынан еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады;
29) қызметкерлерге жыл сайынғы:
а) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы 15 (он бес) күнтізбелік күннен кем емес;
б) экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін ақылы қосымша демалыстар беруге;
Қосымша демалыстар ақы төленетін кезекті демалысқа кірмейді, олар бойынша есептеу және ақы төлеу жыл сайынғы демалыс кезіндегідей жүргізіледі.
30) қызметкерге жазбаша өтініші негізінде Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге;
31) іссапарға жіберілетін қызметкерлерге:
а) іссапарда болған күнтізбелік күндеріне, соның ішінде жол жүру уақытына тәуліктік ақы;
ә) бағытталған жерге және кері жол жүру шығындары;
б) тұрғын үй жалдау бойынша шығындары төленеді.
Іссапар кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады;
32) жекелеген санатты қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына аса ауыр еңбек жағдайлары үшін Кәсіподақпен келісім бойынша Жұмыс берушінің актілері негізінде үстемелер белгілеуге;
33) жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартпауға және оларды іссапарға жібермеуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алмауға;
34) әйелдерге, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, босануға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күн және босанғаннан кейін ұзақтығы елу алты күнтізбелік (босануы ауыр болған немесе екі не одан көп бала туған жағдайда – жетпіс күнтізбелік) күн жүктілік пен босануға байланысты демалыс беруге.
Демалыстарды есептеу жиынтық түрде жүргізіледі және әйелге демалыс босануға дейін пайдаланылған нақты күндер санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамай беріледі.
Жүктілік пен босануға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін, не бала күтіміне байланысты демалыс аяқталғаннан кейін әйелге оның өтінуі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) бала асырап алған күннен және бала туған күннен кейін елу алты күн өткенге дейін демалыс беруге міндетті.
ІІІ бөлім
Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау,
босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлау
және қайта даярлау
11. Жұмыс беруші:
1) жұмысқа қабылдауды еңбек жағдайларымен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, Жұмыс берушінің өзге де актілерімен және осы Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарының олардың кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;
жұмысқа қабылдаған кезде толық материалдық жауапты болатын қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне (3-қосымша) сәйкес толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттардың жасалуын көздеуге, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгі шартын бекітуге (4-қосымша);
2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын:
а) белгісіз мерзімге;
б) кем дегенде бір жылдық белгілі бір мерзімге жасасуға.
Қызметкермен бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты қайта жасалғанда, соның ішінде еңбек шартын ұзарту кезінде ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.
Егер еңбек шартының қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы бір тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.
Белгіленбеген мерзімге шарт жасалатын қызметкерлермен кепілдік пен өтемақы ұсынудан бас тарту мақсатында белгіленген мерзімге шарт жасауға тыйым салынады;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасқан кезде:
а) еңбек жағдайларының сипаттамасын, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлардың тізбесін;
ә) нақты жұмысты орындау үшін қажетті арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу заттарымен қамтамасыз ету нормаларын;
б) демалыстарды беру немесе пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу тәртібін;
в) материалдық және моральдық ынталандыру туралы ережелерді;
г) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары, мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін мынадай жұмыс режимдерін қолдануға: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы шегіндегі кезекшілік; жұмыстың икемді кестесі, толық емес жұмыс күнін көздеуді ескеруге;
4) қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқартқан кезде жеке еңбек шарттарын бірінші кезекте:
а) сынақ мерзімін өтеуші;
ә) Қоғамдағы жұмыс өтілі ең аз;
б) қолданылу мерзімдері аяқталмаған тәртіптік жазалары бар;
в) осы мамандық бойынша тиісті білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлермен бұзуға;
5) қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан кезде жұмыста қалдырудың артықшылық құқығын:
а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;
ә) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылардың ата-аналарына;
б) Қоғамда жұмыс істеген қызметкерлерге: ерлерге - кем дегенде 25 жыл, әйелдерге - кем дегенде 20 жыл;
в) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға беруге.
Штат немесе қызметкерлер саны қысқарғанда, бір отбасыдан екі адамды (ері, әйелі) жұмыстан босатуға жол бермеу, кәсіпорын қызметі тоқтатылған жағдайдан басқа жағдайларда;
6) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (мүгедек баланы он сегіз жасқа дейін) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған санатты балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа тұлғалармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Еңбек кодексінің 54-бабының 1–тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда;
7) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штаттар немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:
а) жеке еңбек шартын бұзғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын қызметкерді алда болатын шартты бұзу туралы жазбаша ескертуге;
ә) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеуі үшін аптасына бір күн немесе әрбір жұмыс күнінің екі сағатын беруге;
б) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерге орташа айлық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуге.
8) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде:
еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3), 6) – 13) және 16) тармақшаларында қарастырылған негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерден басқа, темір жол көлігінде кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген, жасы бойынша зейнеткерлік демалысқа шығу құқығының басталуына дейін үш жыл қалған қызметкерлерге,;
«Құрметті теміржолшы», «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталғандарға жұмыс берілуіне кепілдік беруге;
9) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда, қызметкерлер саны бірінші кезекте:
кадрлардың табиғи кемуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;
өз қаржылары есебінен босатылатын қызметкерлерді қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шаралар;
кадрлардың бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауысуы;
қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;
жұмыстан босатуға баламалы, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану есебінен реттеуге;
10) қызметкерлер штаты ұлғайтылғанда, соңғы алты ай ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге бос жұмыс орындары туралы оларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға, мұнда аталған қызметкердің бос тұрған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін ескеру қажет (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін он күн ішінде Жұмыс берушіге жауабын бермесе, ол жұмысқа орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);
11) босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз ету керек. Қызметкерлердің қайта мамандануын оқу кезінде олардың орташа табысының 75 пайызын төлеу арқылы Қоғамның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
12) кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатуды кәсіподақ комитетінің уәжді пікірін ескеріп жүргізуге;
13) жұмыс орындарының қысқаруына немесе еңбек жағдайларының нашарлауына алып келетін Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату ниеті туралы, меншік иесі формасын өзгерту, өндірісті толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар ету. Және Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге;
14) өкілетті органдарды еңбек шартын бұзуға дейін кем дегенде екі ай бұрын жұмыстан босатылатын қызметкерлерді жұмыспен қамту, саны мен категориясы, лауазымы, мамандығы, біліктілігі,еңбек төлемінің мөлшері туралы мәселелер бойынша жазбаша ақпарат беруге;
15) жұмыс берушінің атауы, ведомостволық тәуелділігі өзгерген, меншік иесі ауысқан немесе қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен еңбек қатынастары жалғасады;
16) әскери қызметке шақырылғанға дейін Қоғам қызметкерлері болған мерзімдік әскери қызметін өтеген тұлғаларды бос жұмыс орны болған жағдайда, жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге;
17) қызметкердің лауазымға немесе біліктілігі жетіспеушілігі салдарынан орындалатын жұмысқа сәйкес келмеушілігінен жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты бұзылған жағдайда құрамында қызметкердің өкілі болуы тиіс аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуі керек. Қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібі, шарты және оны жүргізудің мерзімділігі Аттестация өткізу ережесімен белгіленеді (6-қосымша);
18) мына жағдайларда қызметкерге:
а) жұмыс берушінің бастамасымен жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, қызметкерлердің саны немесе штат қысқарған жағдайларда еңбек шарты бұзылғанда – бір ай үшін орташа жалақы мөлшерінде;
ә) еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс берушінің еңбек жағдайлары туралы жалған ақпарат беруі немесе жұмыс берушінің еңбек заңнамасын, еңбек, ұжымдық шарттардың шарттарын бұзған жағдайында қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу кезінде жұмысынан айрылуына байланысты үш ай үшін орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді;
19) қызметкерлердің саны немесе штат қысқарғанда жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, балалардың аталған санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге тұлғалармен жеке еңбек шартының бұзылуына жол бермеуге міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |