Аудан әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалиновтың
Бұқар жырау ауданының 2012 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
және алдағы кезеңге міндеттері туралы
халық алдындағы есебі
Биылғы жыл біздің еліміз үшін табысты да берекелі жыл болды. Егемен ел тарихында ерекше есте қалатын оқиғалармен айшықталды.
Елордамыз Астанада әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының төртінші съезі өткізілді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары кеңесіне мүше болып сайланды.
Ару қала Астананың 15 жылдығын атап өттік.
Сонымен қатар халықаралық ЕКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы тарихи шешім қабылданды.
Әрине, осының әрқайсысы – егемен еліміздің тек бір жылдың ішінде алған асулары мен биік белестері! Қазақстанның әлемдік аренадағы ғаламат беделінің көрінісі.
Құрметті тұрғындар!
Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыздың дамуына жаңа кезең ашатын, кең ауқымды бастамаларын және 2050 жылға дейінгі Бағдарламалық іс-қимылдар жоспарын жария етті.
Бұдан басқа өткен жылы біз – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күнін атап өттік.
Аталған айтулы екі шараға еліміз және ауданымыз оң көрсеткіштермен жетті.
Осы кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштермен сипатталды. Оған аудан аумағында іске асырылған Мемлекет Басшысының Жолдауы және мемлекеттік, аумақтық және аудандық, сонымен қатар үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламалар зор ықпал жасады.
Ағымдағы жылдың 1-қаңтары жағдайына аудан тұрғындарының саны 63 мың 196 адам болды. Орташа еңбекақы 81 мың теңге құрады, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14 пайызға өсті.
Халықтың сатып алу қабелеттілігі өсті, бөлшек тауар айналымы 1255 млн.теңгені құрады. Физикалық көлем индексі 103,1%.
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсару экономиканың үдемелі индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын белсенді жүзеге асыруы негізінде қамтамасыз етілуде. Бүгінгі күні Қарағанды облысының индустрияландыру Картасына ауданның 6 жобасы 7 млрд. 814 млн.теңге сомасында енгізілді, 709 жұмыс орындар құрылды, оның 4 жобасы жүзеге асырылды, 450 жұмыс орны құрылды.
2 жобаның жүзеге асырылуы жалғасуда:
«Жол жөндеуші» ЖШС темірбетонды шпалдар зауытының құрылысы бойынша жоба, құны 1 млрд. 648 млн.теңге. Өнеркәсіпте 79 жұмыс орны құрылады, іске қосу ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында жоспарлануда;
«Здоровые продукты» ЖШС ет бағытты құс фабрикасы құрылысы бойынша жоба, құны 2,1 млрд.теңге. 180 жұмыс орны құрылады, жобаны іске қосу 2013 жылы жоспарлануда.
2012 жыл бойы Қарағанды облысының индустрияландыру Картасына тағы 4 жоба іріктеліп енгізілді, құны 1 млрд. 268 млн.теңге, аталған кәсіпорындарда 151 жұмыс орны құрылатын болады.
Қазіргі уақытта бұл жобалар облыстық Үйлестіру кеңесімен мақұлданды және экономикалық даму және сауда Министрлігіне экономикалық сараптамадан өтуге жіберілді.
Бұдан басқа «Сары-Арқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында да қорлар бар. Аталған аумақта жүзеге асырылу үшін 33 жоба өткізілді, инвестициялар көлемі 344,6 млрд.теңге.
Оның ішінде 11 жоба 122 млрд.теңге сомасында қаржылық қамтамасыз етілуін растады, оларда 4 мыңдай жұмыс орнын құру жоспарлануда.
4 жоба жүзеге асырылуда, бұл:
«Лидос» ЖШС сұйық-кристаллды дисплейлерді және мультимедиялық подиумдарды өндіру бойынша зауыты, құны 1 млрд. 400 млн.теңге, оның 122 млн.теңгесі 2012 жылы жұмсалды. Кәсіпорында 29 жұмыс орнын құру жоспарлануда;
«Хунвой Азия Централ» ЖШС полиуретаннан жылу изоляциялы трубалар өндіру бойынша зауыты. Жоба құны - 7 млрд.400 млн.теңге, кәсіпорында 130 жұмыс орны құрылады. 2012 жылы 367 млн.теңге инвестицияланды.
«Чандлер модул» ЖШС құрама модульдер әзірлеу бойынша зауыты. Жоба құны – 5 млрд. 300 млн.теңге, кәсіпорында 400 жұмыс орны құрылады. 2012 жылы 26 млн.теңге инвестицияланды.
«Бемер Арматур» ЖШС шардық крандарды өндіру бойынша зауыты. Жоба құны – 890 млн.теңге, кәсіпорында 35 жұмыс орны құрылатын болады. 2012 жылы 116 млн.теңге ивестицияланды.
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 23 млрд. 545 млн.теңге, физикалық көлем индексі 108,3% құрады.
Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 9 млрд.132 млн.теңге сомасында өнім өндірілді – ФКИ – 106,3 %.
2010-2014 жж. арналған ҚР үдемелі индустарилды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік қорларды шоғырландыру экономиканың басымды секторларының дамуына негізделген, оның бірі агроөнеркәсіптік кешен болып табылады.
2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 млрд.513 млн.теңге құрады, физикалық көлем индексі 100,8%.
Ауа райының қолайсыздығына және ауданның агротехникалық секторының инновациялық технологиялармен төмен жабдықталуына байланысты дәнді дақылдар өнімділігі төмендеді.
Егістік көлемі 107,9 мың га., жалпы өнім – 83,1 мың.тоннаны құрады, 2011 жылға 73%.
35,4 мың тонна картоп жиналды - 18% немесе 2011 жылдың өнімінен 5,9 мың тонна артық.
Көкеністер – 6,8 мың.тонна, 2011 жылдан 5% артық.
Ағымдағы жылы көп жылдық шөптер– житняк, эспарцет, люцерна 92,5 мың.тонна әзірленді. Өнімділік гектардан 4,3 центнерді құрады.
Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі құрамдас бөлігі мал шаруашылығы. Бұл салада да оң көрсеткіштер байқалуда.
Ірі қара мал басы 5%, сиыр - 16%, қой мен ешкі - 20% және жылқы - 12% өсті.
Құс басы 16% өсті.
«Волынский АӨК» ЖШС ескі құрылыстарды қайта қалпына келтіруге байланысты шошқа ұстау үшін көлемді еріксіз азайтуға мұқтаж болды, сонымен қатар «Фортуна» ШҚ технологиялық өндіріс технологиясының және тұқым алудың бұзылуына байланысты шошқа басының саны азайды. Алайда бұл мал шаруашылығы өнімінің өндірісіне кері әсерін тигізген жоқ.
24 мың тонна көлемде ет өндірілді – 2011 жылдың деңгейінен 0,2 % артық.
53 мың тонна көлемде сүт өндірілді, 2011 жылдың деңгейінен 4,7 % артық.
аудан құс фабрикаларында өндірістің 45%-ға артуына байланысты жұмыртқа өндірісі 43% өсті,
6,6 мың тонна құс еті өндірілді. Инновациялық технологияларды қолдану құс өсірудің мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.
Малды вакцинациялау және аса қатерлі ауруларды диагностикалау дер уақытында өткізілді. Қолданған шаралар инфекциялардың таралуына жол бермеуге және халыққа қауіпсіз шарттарды құрады.
14 мал сою цехы және 2 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр. Олардың бәрі ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
Мемлекет тауар өндірушілерді қолдау саласында тиімді шаралар қабылдап отыр, шығындарды субсидиялау жүзеге асырылуда.
2012 жылы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге, егістікті тыңайту мен гербицидтармен өңдеуге 69,8 мың теңге субсидия төленді, бұл 2011 жылдан 10 % артық, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруға 1 млн. 222 мың теңге жұмсалды, 2011 жылға - 7%.
Егін шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді жақсарту үшін ауданда 2013-2015 жылдарға арналған жерлерді тиімді қолдану жөнінде Жоспар әзірленген. Соған сәйкес осы кезеңде ауыл шаруашылығы айналымына 100 мың гектар жерді енгізу жоспарлануда
Бұл үшін бізде үлкен қорлар бар. Ауданда бар 194 мың гектар егістікке жарамды жердің 96% ғана қолданыста.
«Өнімділік 2020» бағдарламасы аясында жаңа технологияларды енгізу есебімен өнімділікті арттыру мүмкіншіліктері бар.
Бүгінгі күні ауданда 71 мың гектар аумағында ылғал сақтау технологиясы енгізілді, немесе дәнді дақылдар егістігінің 65%.
2012 жылдың қорытындысы осы технологияның артықшылығын көрсетті, осы технологияны қолданған ауыл шаруашылығы құрылымдары бір гектардан 8-9 центнер бидай өндірді, ал ескі технология бойынша жұмыс істейтін шаруашылықтар 3-4 центнерден өнім алды.
Өнімділікті арттыру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің табысын көбейту үшін бізге жаңа технологияларды қолдана отырып, бидай егістігінің көлемін ұлғайту және 2020 жылы 100% жеткізу қажет.
Еліміздің Президенті айтқандай, мал шаруашылығының жемшөп базасын құру үшін бізде мол мүмкіндіктер бар. Жыл сайын көп жылдық шөпті 5 мың гектарға дейін жаңарту, бір жылдық шөпті 500 гектар және бір мың гектар құнарлы жемшөп егу қажет.
Алдағы мемлекеттік қолдау саясаты жемшөп базасын нығайтуға бағытталатын болады.
Қой және жылқы шаруашылығының өнімі - біздің ұлттық брендіміз, олар тек қана жайлау жағдайында ғана дамуда, жайлауларды дамыту бойынша шаралар қолдану қажет.
Ауыл шаруашылығы жерлерді тиімді және мақсатты пайдалану мақсатында жерлердің инвентаризациясы жүргізілді. Инвентаризация қорытындысы бойынша 237 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы егістіктер анықталды, бұл 526 шаруа қожалығының жері.
Ауыл шаруашылығы жерлерді тиімді пайдаланбайтын шаруашылықтар тізімі жерді қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарып алу үшін Аумақтық жер инспекциясына жіберілді.
Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.
Елбасы отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылатындығын атап өтті.
Адамның өзін бизнесте байқап, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызылып отыр.
Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғы шарттар қалыптастыру.
Ауданда 1732 шағын кәсіпкерлер субъектісі қызмет етуде, оларда 5987 адам қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 15%. Шағын бизнес субъектілері үлесіне ауданда өндірілген өнімнің 57 % келеді.
Кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттік «Бизнестің Жол картасы – 2020» Бағдарламасы енгізілген.
Аталған бағдарлама аясында 2012 жылы Доскей ауылында салынып жатқан «Здоровые продукты» құс фабрикасына, «Жалғас», «Сұңқар 2005», «Мереке», «Арғымақ» шаруа қожалықтарына, «Возрождение ХХІ век» ЖШС жалпы сомасы 273,1 млн.теңгеге 6 кәсіпорын жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымдарын өткізді.
«Айхан» шаруа қожалығына және «Возрождение ХХІ век» ЖШС-не 79 миллион теңге сомасында, Үштөбе селосында қазды өсіру бойынша құс фабрикасын құру және модернизациялау үшін 79 млн.теңге сомасында несие бойынша пайыздық жүктеме субсидияланды.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерліктің қолдаудың ауқымды инфрақұрылымы құрылған, оның құрамына қаржы институттары, бизнесті қолдау орталықтары, кәсіпкерлер ассоциациялары енгізілген.
Кәсіпкерлікті мобильді қолдау орталықтары қызмет етеді, 2012 жылы осы мобильді орталықтар 30 селолық, кенттік округтер қамтылды, 4 аймақтық кездесу өткізілді. Кездесу барысында бизнесмендер мен кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер мемлекеттік қолдау бойынша кеңестер алды.
Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өсуде, аудан кәсіпорындары өздерінің кәсіптерін модернизациялау үрдісіне бюджет қаржысын да белсенді тартуда. Инвестициялар құрылымының 70 пайызы бюджет қаржысы.
Есепті мерзім ішінде негізгі капиталға инвестициялар 20 млрд. 658 млн.теңге сомасында салынды. Инвестициялардың физикалық көлемінің индексі - 151%. Кәсіпорындармен 9 млрд. 193 млн.теңге сомасында меншікті қаржысы салынды, бұл 2011 жылдан 4,7 % көп.
Аудан экономикасының жақсаруы бюджетке салық және басқа салымдардың түсуін ұлғайтуға мүмкіндік берді, 2012 жылы бюджетке 2 млрд. 407 млн.теңге түсті немесе 2011 жылға 128,2%.
Аудан бюджетінің шығындары 5237,4 млн.теңгені құрады немесе жоспарға 99,7%.
Бүгінгі күні ауданда бюджет шығындарының басым үлесін, бұл 90% әлеуметтік сала нысандарын және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын ұстауға бағытталған шығындар құрайды.
Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында ағымдағы шығындардың көлемін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі, бос бюджет қаржысы құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеуге бағытталатын болады.
Соңғы 10 жыл ішінде, даму бюджетіне бағытталған қаржы көлемі 5 еседен аса өсті. Ауданда 40-қа жуық нысан салынған, қайта қалпына келтірілген және қолданысқа енгізілген.
Алайда, бүгінгі күні даму бағдарламасына бюджеттен бөлінген қаржы көлемі әлі де төмен болып қалуда. Әлеуметтік секторда, коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер бар. Өмірлік қамтамасыз ету инфрақұрылым құрылысына бағытталған даму бюджетінің шығындар үлесін ұлғайту қажет.
Өзінің Жолдауында Елбасымыз әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік деп атап өтті.
Басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең мықты кепілі.
Мемлекет азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.
Қазіргі уақытта экономика және бюджеттің өсуіне тәуелді болатын, азаматтарға барынша аз әлеуметтік стандарттарды қарастыратын заң жобасы әзірленуде. Әлеуметтік қолдау тек осыған мұқтаж топтарға ғана көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге 2012 жылы 217 млн.теңге бағытталды немесе бюджет қаржысының 4%.
2012 жыл бойы 1750 адамды жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылданды, нарықта талап етілетін мамандықтар бойынша 200 жұмыссызға кәсіптік оқыту ұйымдастырылды. Уақытша жұмыспен қамту мақсатында қызметтің әр саласында 700 жұмыссызға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды.
Халықты қамту бойынша қабылданған белсенді шаралар екі мыңнан астам аудан тұрғындарына еңбек нарығында және қызметінде өзін жүзеге асыруына және қайта мамандық алуына талап етілмегендерге көмек көрсетуге мүмкіндіктер берді. Сонымен қатар, көрсетілген шаралар кедейшілік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, кедейшілік көрсеткіші 1,2% құрады, 2011 жылдың деңгейіне төмендеу 2 пайыздық тармақ.
2012 жылы біз халықты жұмыспен қамту және мобильділігін арттырудың негізгі құралы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасын жүзеге асырудың белсенді сатысына ендік.
Бағдарламаның 1- бағыты бойынша кәсіптік оқуға 69 жұмыссыз жіберілді, олардың ішінде 40 адам оқуды бітіріп, жұмысқа орнастырылды, 20 адам Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіптік дайындықтан өтуде және 9 адам облыстың агроөнеркәсіп салалары мамандықтары бойынша колледждерінде оқуда.
110 мектеп бітірушіге жастар практикасы және 20 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды.
2- бағыт бойынша ауданның жұмыссыз азаматтарының 70 бизнес-жобасы 150,0 млн.теңге сомасында өз ісін дамыту үшін несие түрінде қаржылай көмек алды.
Кәсіпкерлік сауаттылықты арттырусыз қуатты бизнес құру мүмкін емес. Аудан кәсіпкерлерінің іскерлік мәдениет деңгейін және дағдысын көтеру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында аталған бағдарламаның 2-бағыты бойынша әріптестік және бизнес Институтында кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстары ұйымдастырылды, 2012 жылы 154 кәсіпкер оқытылды.
3-бағыт бойынша Новоузенка, Тұзды және Заречное селоларында 3 үй қоныстандырылды, Ботакара кентінде екі 12 пәтерлі үйдің құрылысы жалғасуда.
4-бағыт аясында нысандарды жөндеу және дамыту жүргізілді, оның ішінде ТҮКШ бойынша – 2,2 млн. теңге, білім беруге- 87 млн. теңге, автожолдарды ұстауға - 60 млн. теңге, елді мекендерді көркейтуге -27,8 млн .теңге жұмсалды, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ауданның 177 жұмыссыз азаматы қатысты.
Бүгінгі күнге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік-әлжуаз тобының 11 санаты бойынша 318 азамат есепте тұр. Халықтың осы тобын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылданып отыр.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жер учаскелерінің инвентаризациясы өткізілді, 141 пайдаланылмайтын учаске анықталды. Оның 18-і иесіз ретінде есепке қойылды, 123-ы бойынша қайтарып алу үшін материалдар Аумақтық жер инспекциясына берілді.
Есепті мерзімде 6 мың 244 шаршы метр тұрғын үй падалануға енгізілді, оның 2 мың ш. м. жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, оларға 36 отбасы қоныстандырылды, оның 12-ы халықтың әлеуметтік-әлжуаз тобынан, 24-ы- «Жұмыспен қамту» бағдарламасының қатысушылары.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4714,4 млн. теңге құрады. ФКИ -90,9%.
Осы саладағы маңызды міндет құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету. Ол үшін бөлінген қаржыны игеруге және жұмыс сапасына жергілікті атқарушы органдардың, «НұрОтан» ХДП партиялық бақылау бекеттерінің, сонымен қатар тұрғын үй салынып жатқан елді мекендер тұрғындарының тарапынан қатаң бақылауды жүзеге асыру қажет.
Білім – қазіргі білім беру жүйесінің, кадрларды даярлау және қайта даярлаудың өзекті бағыты.
Оқытудың тиімділігі және оның қолжетімділігі білім беру жүйесіне қомақты бюджеттік салым талап ететін пәрменді инновациялық әдістерсіз мүмкін емес.
2012 жылы білім беруге 2 млрд.885 мың теңге бағытталды.
Бала туу көрсеткішінің ұлғаюын, демографиялық өсімнің жалғасуын есепке алып, Мемлекет басшысы «Балапан» бағдарламасын жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.
Бүгінгі күнге 97,6% балалар мектепке дейінгі мекемелерге тартылған, осы көрсеткішке жету үшін 2012 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін дамыту жөніндегі жұмыс белсенді жүргізілді- Үштөбе селосында 90 орындық
балабақша, 25 орындық 2 шағын орталық ашылды, «Колокольчик» балабақшасында және 8 шағын орталықта топтар кеңейтілді, барлығы мектепке дейінгі мекемелерде 308 орын құрылды. Мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен 100 % қамтамасыз ету 2014 жылы жүзеге асырылады.
Мектептердің компьютерлік паркі кенейіп, жаңартылып отыр, қазіргі күні 1 компьютерге 5 адамнан келеді. Барлық мектептер Интернет желісіне қосылған, 16 немесе 28% мектеп кең жолақты Интернет желісіне қосылған.
Жаңа модификациялы 67 пән кабинеттері жұмыс жасайды, пән кабинеттерімен қамтамасыз етілу 62 % құрайды, 12 мектепте интерактивті тақталар, 7 мектепте мультимедиялық тағаны бар сұйық кристалды панельдер орнатылған, тағы 18 сұйық кристалды панельдер орнату қажет.
Ауданның 14 мектебі «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған, оларда білім беру жүйесінің электрондық деректер базасы құрылған.
Бұл неғұрлым құжат айналымын қысқартады және барлық ниет қылғандар үшін жалпы білім беру қызметін қолжетімді қылуға мүмкіндік береді. Жобамен 38% орта мектеп қамтылған. Біздің мақсатымыз – 2015 жылға қарай осы жобаны енгізуді толықтай аяқтау.
Білім беру жағдайы жақсаруда, Қаражар және Калинин мектептерінің шатырлары күрделі жөндеуден өткізілді, Центральный ОМ ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Температуралық режимнің сақталуы жөнінде шаралар қабылданып отыр, ескірген жылыту қазандықтары жаңартылуда. Білім беру жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғаса береді.
«Ұлт денсаулығы – бұл біздің табысты болашағымыздың негізі»,- деп атап өтті Елбасы.
Енді ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес біздің алдымызда халық денсаулығын сақтау және көрсеткіштерін жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін, дер уақыттылығын және сапасын қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін іс-шаралар әлеуметтік-маңызды және онкологиялық аурулармен ауыруды қысқартуға мүмкіндік берді. Бала туу көбейді, өлім көрсеткіші азайды.
Жылжымалы медициналық кешен біздің ауданда үш рет болды, УЗИ, диагностикалық рентген, дәрігерлер: офтальмолог, стоматолог, хирург, гинеколог және басқалар консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті, тексерумен 38 елді мекен қамтылды.
Ағымдағы жылы жылжымалы медициналық кешен 11 елді мекенде болады деп жоспарлануда.
Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру міндеттерін шешу саласындағы жұмыс жалғаса береді.
Алайда, барлық профилактикалық іс-шараларды іске асыру негізі салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүргізу екендігі белгілі. Әр адам өз денсаулығына саналы жауапкершіліпен қарағаны дұрыс.
Бүгінгі күні жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен
қамту 30 % құрайды. Халықты әрі қарай дене шынықтырумен және спортпен қамту үшін жазғы және қысқы мерзімдерде пайдалануға арналған спорттық нысандар- көп салалы хоккей корттары және спорттық ойын алаңдары болуы тиіс.
Жаңақала, Керней, Ақжар селоларында мектептер жанында 3 спорттық көп салалы алаңдар, ал Кокпекті және Ростовка орта мектептері жанында 2 хоккей корты салынды. Сонымен қатар Ботақара кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда.
Аудан спортшылары әр түрлі дәрежедегі 9 жарысқа қатысты, 9 жүлделі орынға ие болды.
Балалардың жазғы мезгілде сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру үшін тиісті жағдай жасау мақсатында жазғы маусымда мектеп жанында лагерьлер жұмыс жасайды.
Мемлекет Басшысы қашанда мәдениет елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерден шет қалмайтындығын атап өтеді, сондықтан біздің ауданда мәдениетті дамыту, қоғамның рухани қажеттілігін қанағаттандыру үнемі назарда тұрады.
Мәдениет саласына жұмсалған шығын 278,8 млн. теңге құрады, бұл жалпы шығындар көлемінің 5% болды.
3 елді мекенде тұрғындардың бос уақытын өткізуге жағдайлар жасалған, Байқадам, Тегісжол, Қарақұдық селоларында клуб ашылды.
Бұқар жырау ауданының тарихын сақтау мақсатында «Бұқар жырау ауданының тарихы» кітабы жарық көрді, аудан кітапханаларына «Қаз дауысты Қазыбек би» кітабы сатып алынды.
2012 жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 265,6 млн. теңге бөлінді, Центральное, Новостройка, Андренниковка селоларында су құбырларын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылы Нұра станциясының, Корнеевка селосының су құбырларын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі және Центральное селосында жұмыс аяқталады.
Тұрғын үй қорының тозуы үлкен энергия шығындарына әкеледі. Біздің ауданда 198 көп қабатты үй бар, оның 80%-на жөндеу қажет.
«2020 жылға дейінгі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау Бағдарламасы» қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, алайда тұрғындардың жалпы жөндеу құнының бір бөлігін өтеу қажеттілігіне байланысты осы бағдарламаға қатысуға тұрғындардың келісімі қажет.
Ауданның автомобиль жолдарының үзіліссіз және қауіпсіз қызмет жасауы жөніндегі бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 95,85 млн. теңге, облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 763,5 млн. теңге, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолын жөндеуге 99,3 млн. теңге жұмсалды.
2012 жылы Дубовка, Үштөбе, Молодецкое селоларында пилоттық режимде «Аумақтарды дамыту» бағдарламасын іске асыру жүргізілді, республикалық бюджеттің қаржысы есебінен 108 жарық нүктелері орнатылды.
Ағымдағы жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы ауданның әр селолық, ауылдық округтерінде, селоларда кенттерде жүзеге асырылады, осы мақсатқа республикалық бюджеттен 50 млн. 123 мың теңге бөлінді. Тұрғындармен кездесулерде іріктеп алынған 44 жоба алдағы уақытта іске асырылады.
Есепті мерзімде 619 қылмыс тіркелді, бұл 2011 жылдың деңгейінен 23%-ға артық. Қылмыстың ашылуы 55 %, бұл орта облыстық көрсеткіштен 2,2 % жоғары.
Анықтама:
Ауыр қылмыстар саны 41,7% өсті (24-тен 34-ке дейін);
Жеке тұлғаға қатысты қылмыстар саны 22,2 % өсті (18-ден 22-ге дейін);
Бұзақылық 178 % артты (9-дан 25-ке дейін);
Тонау 157 % артты (7-ден 18-ге дейін);
Бөтен мүлікті ұрлау 10 % артты (409-дан 450-ге дейін);
Мал ұрлығы 28,6 % артты (98-ден 126-ға дейін).
|
Хаттар мен өтініштермен жұмысқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Есепті мерзімде 733 өтініш тіркелген, бұл 2011 жылдың деңгейінен 77 өтінішке артық. Өтініштің көпшілігі-301 өтініш ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет мәселелері бойынша. Проблемалық мәселелер бойынша 167 өтініш, жоғары органдарға 69 өтініш түсті. Ең көп өтініштер Ботақара, Ғ. Мұстафин кенттерінен, Үштөбе, Дубовка, Корнеевка селолық округтарынан жолданды.
Селолық округтің әкіміне тұрғын үй беру жөнінде 1 депутаттық сауал түсті, оған тұрғын үй беру тәртібі жөнінде түсініктеме берілді. Әкімнің жеке мәселелер жөніндегі қабылдауында 71 аудан тұрғыны болды.
2012 жылы аудан әкімдігінің 41 отырысы өткізілді, оларда әкімдіктің және оған қарасты ведомстволық құрылымдардың әр түрлі жұмыс бағыттары бойынша 524 мәселе қаралды, 524 қаулы қабылданды. Оның 218 актісі немесе 41% жерге орналастыру мәселелері; 42 акті немесе 8% қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері; 263 қаулы немесе 50% әкімдіктің және оның ведомствосына қарасты құрылымдарының әр түрлі қызметінің бағыттары бойынша; 1 қаулы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселесі туралы.
Мемлекеттік қызмет жөнінде заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін сақтау саласында ауданда жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр.
Барлық бөлімдерде конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссиялар құрылған, сонымен қатар құқықтық жалпыға бірдей оқыту мектептері жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жөніндегі ақпаратқа оперативті назар аудару үшін аудан әкімі аппаратында және ауданның барлық мемлекеттік ұйымдарында сенім телефондары орнатылған.
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны нығайту- «Қазақстан 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының принциптерінің бірі.
Мемлекет Басшысы өзінің Жолдауында басқаруды орталықсыздандыру жөніндегі міндетті қойды. Ол орталық мен аумақтар арасында жауапкершілік және өкілеттікті айыруды, жергілікті атқарушы органдардың ролін күшейтуді көздейді.
Президент бекіткен жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясы селолық деңгейде басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу ауқымын кеңейтеді.
Селолық деңгейдегі әкімдерге қосымша өкілеттіктер беріледі, бұл олардың ахуалға ықпалын күшейтуге және аумаққа қатысты мәселелерді азаматтардың жиындары мен жиналыстары арқылы шешуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ел Президенті 2013 жылдан бастап селолық округтар әкімдерінің сайлауын өткізу жөнінде шешім қабылдады.
Жетінші принцип- бұл жана қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және көп функционалды қоғамның негізі.
Оның тұғыры- барлық азаматтардың тең құқықтығы және олардың Отанның абыройы үшін жауапкершілігі.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мемлекеттің, қоғамның, сонымен қатар ұлттың өміршеңдігінің басты шарты болып табылады.
Ұлт Көшбасшысы діни экстремизм мен терроризмге қарсы жаппай аяусыз күрес жүргізу жөнінде міндет қойды. Діни экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі емес исламның таратылуына тосқауыл қою жұмысы әрқашанда назарда болуы тиіс.
Ауданда 14-пен 29 жас арасында 17630 жастар бар, жалпы халықтың 28%. Осы әлеуметтік топпен жұмысты жастармен жұмыс Орталығы жүргізеді.
Жастар істері бойынша аудандық Кеңес жұмыс жасайды, осындай Кеңестер барлық селолық округтар мен кенттерде құрылған..
Ауданда «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, оның аясында әлеуметтік қорғау, білікті жас мамандарды тарту және олардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөнінде шаралар қабылданады. 2012 жылы 55 жас маман көтерме жәрдемақы, 25-і тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несеие алды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жастардың қатарынан кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 42 адам (70%); 58 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына жіберілді; 41 адам төртінші бағыт аясында жөнделетін нысандарда жұмыс істеді. 110 адам жастар тәжірибесінен өтті.
Әр түрлі санаттағы жастарды тұрғын үймен қамту жөнінде жұмыс жүргізіліп отыр. 2012 жылы 9 жас отбасы Ботақара кентінде жаңадан салынған жалдамалы үйден пәтерлер алды: «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында 20 жас отбасы Тұзды, Заречное және Новоузенка селоларындағы жаңа үйлерге қоныстандырылды.
Жастардың кәсіпкерлігіне ықпал жасау жөнінде шаралар қабылданды. 2012 жылы 4 жас азамат облыс әкімінің селода кәсіпкерлікті дамыту және қолдау грантына ие болды. Аудандық бюджеттен жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту грантына 700 мың теңге бөлінді. Жұмыста, спортта қол жеткізген табыстары, кәсіби қызметі үшін «Жылдың жас жұмысшысы», «Жылдың жас спортшысы», «Селоның жас маманы» номинациясы бойынша 3 адам 300 мың теңге аудан әкімінің сыйлығын алды.
Құрметті аудан тұрғындары!
«Қазақстан 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы маңызды саяси құжат болып табылады. Онда міндеттердің жаңа парагдимасы белгіленген, ол экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және дамыту, жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру, білім беру мен денсаулық сақтаудың заманауи және тиімді жүйесін құру.
Жаңа кезеңде бұл Жолдау «Қазақстан 2030 даму Стратегиясының» үйлесімді дамуы болып табылады және 7 негізгі принциптерден тұрады, оны жүзеге асыру 2050 жылы Қазақстанды 30 ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға мүмкіндік береді.
Президент Жолдауын түсіндіру жөнінде 133 топ құрылған, оларда 673 мүше бар. Аудандық және селолық АНТ қызметін жандандыру және тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданып отыр. Кесте бойынша әр жұма күні аудандық ақпараттық-насихаттық топтар жергілікті жерлерге барып, түсініктеме жұмыс жүргізеді.
2012 жыл бойы 11 аудандық және 30 селолық ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жүргізді. Барлығы 357 адам қамтылды.
Аудандық және селолық АНТ жұмысын жандандыру және тиімділігін арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық-насихаттық күн бекітілген жоспарға сәйкес апта сайын жұма күні белгіленді. Кесте бойынша апта сайын аудандық АНТ еңбек ұжымдары мен халықпен кездесу үшін селолық округтар мен кенттерге барады. Аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелерімен семинарлар, отырыстар өткізіліп тұрады.
2012 жылы 42 бірыңғай ақпараттық-насихаттық күн, 3 аудан активі өткізілді, оның барысында 38 мың адам қамтылды.
Жыл бойы республикалық, облыстық АНТ, ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенат депутаттарымен кездесулер өткізілді.
Селолық округтар мен кенттерде мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту және қолдау мақсатында жергілікті жерлерде «Ашық есік Күндері», «Даму», «БанкЦентрКредит» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ Қарағанды филиалының, «Жилстройсбербанк» өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Президенттің 14.12.2012 ж. «Қазақстан 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша 15 аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрылды, олардың құрамында 85 адам бар, 1 АНТ 15 адам аудандық мәслихаттан, барлық елді мекендерде 58 селолық АНТ бар, құрамы 391 адам, 30 жастар АНТ, құрамы 94 адам, «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымдарында 29 АНТ, құрамы 88 адам. Аудандық Президенттің Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етудің жоспары жүзеге асырылуда. Президенттің Жолдауын талқылау бойынша аудан активі өткізілді, 388 адам қатысты, селолық округтар мен кенттердің еңбек ұжымдарында 116 жиналыс өткізіліп, 7500 адам қатысты.
11.01. 2013 жылдың жағдайына Жолдауды түсіндіру бойынша 3 бірыңғай ақпараттық-насихаттық күн өткізілді, оның барысында 5364 адам қатыса отырып, 141 кездесу өтті. Облыс әкімі аппаратының аумақтық мемлекеттік қызметшілерді оқыту Орталығының оқытушыларының қатысуымен ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізуге дайындық жүргізілуде.
Құрметті жерлестер!
Баяндамамды аяқтай келе, атқарушы биліктің және аудан тұрғындарының бірлескен іс-қимылымен ауданның маңызды даму мәселелерін шешеміз деген сенімдемін. Ауқымды жұмыстар атқарылды, алайда алдымызда тұрған міндеттер одан да қомақты. Біздің бір-ақ мақсатымыз бар - ол халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және деңгейін көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |