III. Көлік түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары
3.1 Көлік түрлері
Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:
1) Өндірістік ішкі көлігі
2) Көпшілік пайдаланатын көлік
1. Өндірістік ішкі көлігі (зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. Көтергіш қондырғылар) әдетте белгілі бір кәсіорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.
2. Көпшілік пайдаланатын көлік:
Еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикада т.б.) Бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады. Жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.
Құрлық көлігінің құрамына мыналар кіреді:
1) Автомобиль көлігі
2) Теміржол көлігі
3) Құбыржол көлігі
1. Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.
2. Теміржол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.
Темір жол - рельстермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні — жер бетіндегі релістермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары.
Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
3. Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.
Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрінің бірі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауды маңызды рөл алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін «Конкорд» (Франция - Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Конвейерлік көлік. Кен карьерлерінде конвейерлік көліктің екі негізгі бағыттарын көрсетуге болады: а) роторлы немесе шынжырлы экскаваторлармен әзірленетін үгілмелі қазылған жұмыстарды тасымалдау; б) жеке бөліктері 250-400 мм максималь мөлшерге дейін алдын ала ұсақталған қатты кендер мен тасты жыныстарды тасымалдау.
Карьерлерде салыстырмалы аз электр сыйымдылығымен сипатталатын, үлкен ара қашықтыққа тасымалдайтын және жоғарғы өнімділікті қамтамасыз ететін айрықша қолдау тауып, кеңінен тараған ленталы (таспалы) конвейерлер пайдаланылады. Кенжар конвейерлері кенжардың бойымен орналасады және топырақты магистральдық конвейерге роторлы экскаватордан немесе жүк тиегіштен тасымалдайды.
Конвейерлер олардың бойымен рельспен өздігінен қозғалатын бункермен бірігіп жұмыс атқарады. Конвейердің бөліктері (секция) шпалдарға орналастырылады және екі орталық қадашықтардың (істік) көмегімен бекітіледі. Жетек стансасы (станция) екі тірек шаңғылардың көмегімен жерге орнықтырылады.
Ашық әдіспен кен орындарын өңдеу – пайдаланудағы тау-кен – техникалық шарттардың көптеген әртүрлілігіне байланысты әртүрлі конвейерлік көлік сұлбаларын қолдану мүмкіндігі бар. Қазылған жыныстар мен кенді тасымалдау бағыты бойынша мынандай негізгі сұлбаларды бөліп қарауға болады: қазылған жыныстарды карьер сыртына шығару; сол сияқты таңдаған кеңістікке; кенді карьерден тысқа тасымалдау.
Карьерлердің тереңдігі мен өнімділігінің өсуіне байланысты тасты рудаларды әзірлегенде оларды қазу проблемаға айналып, маңызды тақырып болып отыр. Карьерлер 150-170 м тереңдікке тасымал қашықтығының артуынан туатын көлікті пайдаланудағы тасымалдау сұлбасының қиындығы да орын алады. Қазіргі техникалық құралдарды пайдалану кезінде еңбек және материалдық шығындар тау-кен массасын тасымалдауға барлық шығынның 50%-нан асып түседі.
Орындалған зерттеулер бұл проблемалардың шешуін автомобиль-конвейер-теміржол көліктерін бірге қолданатын технологиялық сұлбамен қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Мұның маңызы мынада: жарылған тау-кен массасы циклдік экскаваторлармен үлкен жүккөтергіш автоаударғыштарға тиеледі және ол рудатүскішке қарай шегінеді, мұнда ұсақтағыш қондырғы болады. Рудатүскіштен масса конвейерге түседі және еңкеу баған бойынша жер бетіне тасымалданады, одан әрі теміржол көлігіне тиеледі де, фабрикасына немесе зауытқа жеткізіледі.
Жердің рельефі сәйкес болған кезде руданы тасымалдау (рудатүсіргіштен) штольне бойынша конвейерлік немесе теміржол көлігімен іске асырылады, яғни көлбеу ұңғыма (штольне) арқылы да бұл жұмыс орындалады.
3.2 Көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Көлік түрлері:
1) Автокөліктің пайдалану аумағы:
Қала іші мен қалаға жақын орналасқан елді мекендерді байланыстыратын қысқа қашықтық және қаларалық, халық-аралық жол қатынастары
Артықшылықтары: 1. Қол жетімділігі жоғарғы, яғни қаланың кез-келген жерінен оған отыруға, жалдауға болады, бір жерден екінші жерге бір ғана көлікпен «есіктен-есікке» дейін жету мүмкіншілігі жоғары; 2.Жедел әрекет жасауға ыңғайлылығы; 3. Жол құрылысына кететін шығынның теміржол көлігімен салыстырғанда аз болуы; 4. Жүріс бағытын шұғыл сұранысқа сай өзгерте алады; 5. Аз көлемді жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың тиімділігі; 6. Жол бағытындағы басқа көліктерге тәуелсіз қозғалады. 7. Басқа көлік түрлерін өзара байланыстырушы көлік.
Кемшіліктері: 1. Бір жүргізушіге шаққандағы тасымал көлемінің аздығы, бір көлікке бір жүргізуші керек, яғни еңбек өнімділігі төмен; 2. Жол қашықтығы және тасымал көлемімен өлшегенде тасымалдаудың өзіндік құны теміржол, су көліктеріне қарағанда жоғары; 3. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда 1 т-км кететін отын энергия шығыны 10 есе жоғары; 4. Қоршаған ортаны ластаудың жоғары даңгейі; 5. Бөлшек саймандарының тез тозуы, сенімділіктің аздығы; 6. Ауа-райына тәуелділігі; 7. Жолаушының қажетті-ліктерін (ауқаттану, дәрігерлік көмек т.б.) Өтеу мүмкіншілігінің төмендігі.
2) Теміржол көлігінің пайдалану аумағы:
Орташа және алыс қашықтықтағы қала - маңдық, қаларалық, халықаралық тасымалдарға қолданылады.
Артықшылықтары: 1. Жолдардың өткізгіштік қабілеттілігі жоғары (автоматты блокты екі жолды жол тәулігіне 150-200 жұп пойыз, бір жолды жол 60-70 жұп пойыз өткізеді); 2. Жоғары сенімділігі, беріктігі, пайдалану уақытының ұзақтығы (20-25 жыл); 3. Жүк және жолаушы санымен есептегенде пайдалану шығындары төмен; 4. Бір пойызда әртүрлі жүктерді тасымалдаудың мүмкіндігі; 5. Рельс жолында меншікті кедергі төмен болғандықтан 1 т жүкке жұмсалатын энергия шығыны аз болады; 6. Отынның әр түрін пайдалану мүмкіндігі және (тепловоз, электровоз) көбіне электр энергиясын пайдаланатын-дықтан экологияға зияны аздау; 7. Жер бетінде және жер астында (метро, тоннель) тасымалдауды ұйымдастыру мүмкіндігі; 8. Еңбек өнімділігі жоғары, яғни көп көлемді жүктермен жүздеген жолаушыларды бір мезетте кем дегенде екі жүргізушінің тасымалдауы; 9. Ауа-райына тәуелсіздігі жүйелі тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; 10. Жолаушыларға ыңғайлы әрі жайлы жағдайлар жасай алуы.
Кемшіліктері: 1. Рельс жолымен жүретін-діктен қозғалыс бағыттарының шектеулілігі, яғни тапсырыс беруші кез-келген уақытында қозғалыстағы пойыздың жүріс бағытын өзгерте алмайды; 2. Бұрылу радиустарының үлкен болуы 100-120 м жол құрылысында қиындық туғызады, қосымша қаржылық шығындарды талап етеді; 3. Жолдардың еңіс-дөңестілігі төмен болуы керек, жоғары болса жүріс жылдамдықтары, тасымалдау көлемі, аялдау мүмкіншіліктері төмендейді; 4. Жол құрылысына жұмса-латын шығынның көптігі (1 жолды желілердің 1 км құны шамамен 300 мың шартты бірлік, 1 км жолға 200 т метал керек,) 5. Пайдалану орындарының шектеулі болуы; 6. Бір рельсті желіде жүретін-діктен жол үстіндегі кез-келген жол апаты, сол бағыттағы барлық пойыздардың қозғалысын бөгеп аз уақыттың ішінде көптеген шығындар келтіреді; 7. Жолаушыларды мінгізіп-түсіру үшін арнайы алаңдар (перрон) мен көпірлер, жүктерді тиеп-түсіруге арналған қоймалық алаңдар мен мамандандырылған тиеп-түсіру механизмдері керек болады.
3) Су көлігінің пайдалану аумағы:
Құрлықпен байланысу шектелген жерлер мен су арқылы шектесетін елдер арасында пайдаланылады
Артықшылықтары: 1. Тасымалдау қабілеттілігі, яғни еңбек өнімділігі жоғары (екі жолды теміржолға қарағанда екі есеге дейін жоғары); 2. Тасымалдаудың өзіндік құны төмен (теміржол көлігімен салыстырғанда 2-3 есе кем) 3. Қозғалыстың меншікті кедергісі құрлық жолымен салыстырғанда төмен болған-дықтан, жұмсалатын отын жанармай шығыны да төмен болады (автокөлікпен салыс-тырғанда 4 есе, әуе көлігімен салыстырғанда 15-20 есеге кем); 4. Арнайы бағытталған жолдарсыз еркін қозғалады және алғашқы қаржылық салым аз болады (теміржол көлігімен салыстырғанда 10 есе кем); 5. Көлемі үлкен жүктерді тасымалдау мүмкіншілігі; 6. Жолаушыларға жайлы жағдайлар жасай алуы. 7. 1 тонна жүк көтерімділікке теміржол және автокөлікпен салыстырғанда сәйкес келетін метал көлемінің аз болуы.
Кемшіліктері: 1. Үлкен кемелер үшін қозғалыс жылдамдығы төмен, яғни жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімі ұзақ (теміржол мен автокөлікке қарағанда 1,5-2 есе, әуе көлігіне қарағанда 3-5 есе көп уақыт алады); 2. Ауа–райына, жыл мезгілде-ріне және географиялық ерекшеліктерге тәуелді; 3. Кемежайлар, жүктер мен жолаушыларды тиеп-түсіру, отырғызу алаңдарының қаржылық шығындары; 4. Кемелерді сатып алу құнының жоғарғы болуы; 5. Жол сапарында кездейсоқ қауіптердің туындау мүмкіндіктері кезінде оның алдын алудың шектеулі болуы (дауыл, өрт); 6. Өзен көліктері үшін су тереңдігінің біркелкі болмауы, жолдардың айналмалы болуы; 7. Өзендер арқылы жолаушы тасымалдаудың тек күндізгі уақытта ғана жүзеге асуы; 8. Жолаушыларға қажет дүниелердің қол жетімділігінің шектеулі болуы.
4) Әуе көлігінің пайдалану аумағы:
Орташа, алыс және өте алыс қашықтықтарға жолаушылар мен жүктердің жекелеген түрлерін тасымалдауға, көбінесе халықаралық тасымалдарға қолданылады.
Артықшылықтары: 1. Жүктер мен жолаушы-ларды жеткізу жылдамдығының жоғарғы болуы; 2. Жаңа маршруттарды ұйымдастырудың шапшаңдығы; 3. Қонбай ұшып өту жолының ұзақтығы (10 мың км дейін және одан көп); 4. Жердегі көліктермен салыстырғанда ең қысқа жолды таңдау мүмкіншілігінің жоғарғы шегі (теміржол көлігіне қарағанда 25%, су көлігіне қарағанда 50% қысқа); 5. Жол бағыттарын иеленудің алғашқы қаржылық шығынының теміржол көлігімен салыстырғанда 30 еседей төмен болуы. 6. Шектелмеген тасымалдау қабілеттілігі.
Кемшіліктері: 1. Отын энергиясы қымбат және тасымалдау жылдамдығы жоғары болғандықтан тасымал-даудың өзіндік құны жоғары болып келеді, сондықтан жүк тасымалдауға тиімсіз; 2. Ауа – райына тәуелді; 3. Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың және басқарудың күрделілігі; 4. Зиянды газдармен атмосфераны ластауы 5. Әуежайлардың қаладан алыс орналасуы және ұшақтарға арналған ұшып-қону алаңдарына үлкен аудандағы жерлердің қажеттілігі; 6. Қауіптіліктің жоғары болуы және пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтіру мүмкіншіліктерінің шектеулілігі.
3.3 Көлік кешені
Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау.
Көлік-экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.
Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ұйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.
Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық көрсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек.
Сендердің жауаптарыңның әр түрлі болмауы да мүмкін. Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші - жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда - жолаушы айналымы. Жүк айналымы - уақыт бірлігі ішінде (күн, ай, жыл) белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна-километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдады.
Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ оның шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.
Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.
Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады.
Көлік шығыны – көлік құралдарының көмегімен жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын материалдық өндіріс саласының шығыны. Көліктің түрлеріне (жердегі: т.ж., автомобиль, құбыр-желісі; судағы: теңіз, өзен; ауадағы: авиация көліктері), қолданылатын мақсаттарына (айналым саласына және халыққа қызмет көрсететін жалпы қолданыстағы көлік; шикізатты, жартылай әзір өнімдер мен дайын бұйымдарды, т.б. заттарды өндіріс ішінде тасымалдайтын жалпылай емес қолданыстағы көлік; сондай-ақ жеке пайдаланудағы көлік), атқарылатын жұмыстың сипаттарына (жолаушы көлігі, жүк көлігі) қарай К. ш. түрлі мөлшерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |