Көлік нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен


II. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндіріс түрлері



жүктеу 83,33 Kb.
бет3/6
Дата11.06.2020
өлшемі83,33 Kb.
#30917
1   2   3   4   5   6
Жоламан, Асем апай курсовой

II. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндіріс түрлері

2.1 Қоғамдық өндіріс негіздері


1. Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы

2. Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті

3. Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс

5. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың мәселесі
1. Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:

1. Материалдық өндіріс

1.1. Материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);

1.2. Материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)

2. Материалдық емес өндіріс

2.1. Материалдық емес игіліктер өндіру (мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);

2.2. Материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).

Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.

Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.

 

2. Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.



Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі. Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.

Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.

Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.

Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

 

3. Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі- оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.



Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.

Қоғамдық жиынтық өнім - бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен  өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады. Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім - материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына , осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім- бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.


4. Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі- қоғамдық өнім.

Ұдайы өндіріс дегеніміз- өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы. Ұдайы өндіріс процесін өндіргіш күштерді ұдайы өндіруден көруге болады.

Өндіргіш күштерді ұдайы өндіру дегеніміз - жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар:

1. Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі болады:

А) интенсивті – бұл техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту;

Ә) экстенсивті- бұл өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту;

Б) аралас- өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

 

5. Жүйе (грек тілінен аударғанда – «құру, бөліктерді біріктіру») – бір-бірімен байланысты құбылыстардың, соныменен қатар табиғат пен қоғам туралы заңдылықтардың объективті біртұтастығы.



Жүйені келесідей қасиеттерімен мінездеуге болады:

1. Ол элементтердің жиынтығы болып табылады.

2. Оған элементтер арасындағы мәнді байланыстар саны мәнезді;

3. Оған белгілі бір ұйымдасу тән;

4. Оның элементтері арасындағы өзара әрекет етуі нәтижесінде интеграциялану қасиеті пайда болады, жүйеге толығыменен тән.

Жүйенің осы ортақ мінездемелері экономикалық жүйелерді талдау кезінде де қолданылады.

Экономикалық жүйе – бұл қоғамның экономикалық құрылымын, белгілі бір тұтастылықты құратын экономикалық элементтердің өзара байланыстарының жиынтығы; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жағдайлары бойынша қалыптасатын қатынастардың біртұтастығы.

Экономика қиын көпдеңгейлі жүйе. Экономиканың бірнеше тұрақты деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: элементарлы (қарапайым экономикалар) экономика, кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары, нарықтар, ұлттық экономикалар, жалпыәлемдік экономикалар.

Элементарлы (қарапайым) экономикалық жүйе дегеніміз – элементтер арасындағы байланыстардың ненгізі еңбек болып табылатын экономикалық жүйелер (адам мен объектілер). Экономикалық жүйелерді ұйымдастырудың екінші деңгейінде кәсіпорындар (фирмалар) және үй шаруашылықтары (жанұялар) орналасады. Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары өзара әрекеттерін нарықтар арқылы іске асырады. Нарықтар дегеніміз – территорияда бір тауарлармен мәмілелер жиынтығы, оның шегінде контрагенттерді іздестіру тиімді болып келеді. Ұлттық экономика дегеніміз – терриотриялық, сондай-ақ орталықтандыру жолымен мемлекетпен шектелетін нарықтардың өзара байланыстары. Дүниежүзілік экономика ұлттық экономикалардың өзара байланысын көрсетеді.

 Экономикалық жүйелер ішкі құрылымға ие болады. Кез-келген экономикалық жүйенің ортақ сәттері келесі схемада көрсетілген:

Экономикалық жүйе типтерін жіктеу.

Экономикалық жүйелердің 3 классификация бар, олардың негізінде әртүрлі критериялар жатыр.

1-ші классификациясы – ашықтылық дәрежесіне қарай экономикалық жүйелер 2-ге жіктеледі:

А) жабық экономикалық жүйе – барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір елдің ішінде жүретін және олар бойынша есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасында жүргізілетін экономикалық жүйе.

Б) ашық экономикалық жүйе – бұл елдің ішіндегі іскерлік операциялармен бірге халықаралық сыртқыэкономикалық қатынастары қосылған, ал есеп айырысу кезінде шетелдік валюталарды қолдану талап етілетін экономикалық жүйе.

2-ші классификациясы . Оның негізінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыстардың формалары критериялары жатыр. Бұл критериялары бойынша 4 экономикалық жүйені бөліп көрсетуге болады:

1.Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.

2.Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.

3. Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.

4. Аралас экономика – жеке және мемлекеттік меншік үйлесіміне незінделетін және шаруашылық субъектілердің тәртіптері нарық пен мемлекет арқылы реттелетін экономикалық жүйе.

3-ші классификациясы  өнеркәсіптік төңкеріліс және қазіргі ҒТП сияқты критериялар негізінде жіктеледі. Бұл классификация бойынша экономикалық жүйелерді 3-ке бөлуге болады:

А) индустриалануға дейінгі – бұл ауыл шаруашылығы, натуралды шаруашылқ формасы және қол еңбегі көп қолданылатын жүйе;

Б) индустриальды экономикалық жүйе – бұл ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделген жүйе.

В) постиндустриалды экономикалық жүйе – негізгі ресурсы ақпарат, экономиканың алғы сферасы - өндірістік емес сфера болып табылатын жүйе, экономикалық дамудың мақсаты – адам және оның өзін-өзі өткізуі үшін жағдайлар жасау.


2.2 Қоғамдық өндірістің құрылымы
Адамзаттың  және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.

2. Бөлу - әрбір адамныңөндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи  ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.  Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді.

Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу  маңызды мәселе болып табылады.

Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс  ресурстары  бұл  шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің  әртүрлі  құралдарының  жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.


Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1. Өндірістік факторлар ретінде жер  екі жағынан қаралады:

- жер беті ретінде

- экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2. Капитал:

- Өндіріс факторы ретінде жәнеқаржы ретінде пайдалануға болады.
- Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

- көп дайындықты қажет ететін еңбек,

- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.

Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.

4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Қоғамдық өндірістің құрылымы


Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.

Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:

- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;

- фирмалар - пайданы максималдауды;

- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық  қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін  ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау  проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет.

Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.

Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.


жүктеу 83,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау