Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Көңілді, сөйлегіш, күлкілі патологиялық көтеріңкі күй



жүктеу 0,53 Mb.
бет135/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203
Psikhologia negizderi-1

51. Көңілді, сөйлегіш, күлкілі патологиялық көтеріңкі күй:

А. эйфория В. депрессия С. дисфория Д. енжарлық Е. ынжыктық


52. Еріктін бұзылуының ұғымдары:

А. гипобулия В. клептомания С. абулия



Д. МутизмЕ. аталғандардың барлығы дұрыс

Қорытынды білім деңге»ін тексеретін тест кілті




Кілті



Кілті



Кілті

1

В

19

С

37

А

2

Д

20

С

38

В

3

А

21

В

39

Е

4

Е

22

Д

40

В

5

В

23

С

41

А

6

Д

24

Е

42

Е

7

С

25

А

43

В

8

А

26

Д

44

С

9

Е

27

А

45

А

10

А

28

Д

46

Е

11

Е

29

А

47

С

12

В

30

В

48

Е

13

Д

31

В

49

Е

14

А

32

Д

50

Д

15

С

33

Д

51

А

16

Е

34

А

52

Е

17

Д

35

С







18

А

36

А








Vтарау. Тұлғаның психологиялық құрылымы
§5.1 Тұлға және жеке бас даралық

§5.2 Қабілет пен табиғи нышандар және темперамент

§5.3 Тұлғаның бағыттылығы. Мінез

§5.4 Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: қажеттік, әуежділік, мақсат, әрекет,

операциялар

§5.5 Тұлғаның қалыптасуы және дамуы

§5.6 «Мен - концепция», оның құрамдас бөліктері жәнефункциялары

§5.7 Тұлғаның қорғаныс механизмдері туралы үғым
Психологиядағы тұлға ұғымы
Адам - бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті, саналы тіршілік иесі. Жоғары ұйымдасқан тіршілік иесі ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ми сияқты ерекше дамыған дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан адам - қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Психология және философия ғылымдары адам туралы айтқанда «жеке тұлға» ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі.

Жеке тұлға тек тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сондай сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады.

Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және ол белгілі қоғамдық рөлді атқарады.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлға қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің

өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мысалы, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғар
моралдық сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға «жеке бөліктерге» бөлініп қалыптаспайды, әруақытта да жеке тұлға
тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүние өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.



Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі жеке тұлғаны рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын, яғни жекетұлғаның қалыптасуы мен даму үрдісін зерттейді.
Тұлға құрылымы

Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялықерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тәнқұрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды.Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттікте мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Жеке тұлға психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетт нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік жасап, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мысалы, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың кұрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, ол адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлганы тұтас көрсете алмағанымен, оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, ол көп жағдайда «мен» деген ұғымды білдіреді. «Мен» - жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңдету, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру. Сонымен өзін-өзі басқарудың жеке тұлғаның мақсатты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.

Демек, жеке тұлғаның құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларға сай жүргізуге көмектеседі.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау