Холерик темпераментінің өкілдері тез пайда болатын күш және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердіңсезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анықбайқалады. Холериктер куйіп-пісу, тез қозғалады, әруақытта даіс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез,жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі. Бұл типтегі балалар өте белсенді. Холерикалы типтегі қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды,кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледы. ¥жымда эмоциялық ұстамсыздық аңғартады және осыныңнегізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары - белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары – ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |