Ғаламторда саяхат
Ғаламторда саяхат жасау үшін Интернет шолушылар қолданылады. Windows XP
құрамына осындай бірнеше бағдарламалар, ең алдымен, Internet Explorer енеді. Бұл
бағдарлама көмегімен ғаламторда саяхатты қалай жасауға болатындығын қарастырайық.
Ең әуелі, Internet Explorer бағдарламасын іске қосу керек. Жедел іске қосу тақтасында
белгішеге шертіп немесе Windows бас мәзірінде қажетті команданы таңдап, бұны
жасауға болады. Егер сіз Интернетке қосылмасаңыз, бағдарлама іске қосылады, желіге
қосылусыз Web-парақшаны жүктеудің мүмкін еместігі туралы диалог пайда болады (5.5-
сурет).
Ғаламтормен жұмыс кезіндегі басты ұғымдардың бірі Web-парақшаның ұғымы
болып табылады. Бұндай парақша болып құрамына мәтіннен басқа, сонымен бірге
графикалық бейнелер, дыбыстық сүйемелдеу және бейне енетін құжат болып саналады.
Web-
парақшаның ішінде басқа беттерге немесе пошталық жәшіктерге сілтемелер болуы
мүмкін. Әдетте, құжатта сілтемелер түспен немесе астын сызумен ерекшеленеді.
Сілтемеден өтіп, тышқанның нұсқары өзінің формасын қолдың стильдік бейнесіне
өзгереді. Web-парақшаларды қарауға арналған бағдарламалардың жұмысы үнемі үй
парақшасы (Home page) деп аталатын ерекше бетті жүктеуден басталады. Сізге қажетті
бетке өту оның адресін осыған арналған өріске енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Адресті енгізудің аяқталуы Өту (Go) батырмасын басқаннан кейін болады. Егер
жүктелген парақшада сілтемелер болса, онда кейіннен олар бойынша басқа беттерге
өтуге болады.
Адрес өрісінде талап етілетін парақшаның адресін енгізіңіз және адрес үшін
өрістен оң жақтағы Өту (Go) батырмасын басыңыз. Парақшаны жүктеудің мүмкін
еместігі туралы ескертумен диалог пайда болады. Қосылу (Connect) батырмасын
басыңыз және қосылу теңшеуінің диалогы пайда болады.
Аталған диалогтың енгізу өрісінде бұрын өндірілген Интернетпен қосылуды
теңшеуге сәйкес әлдеқашан толтырылған. Алайда, сіз атауды және құпиясөзді өзгерте
аласыз, сонымен қатар, егер сізде олар бірнеше болса, онда басқа байланысты таңдай
аласыз. Сіз барлық өрістер дұрыс толтырылғандығына көз жеткізгеннен кейін Қосылу
(Connect) батырмасын басыңыз. Интернет қызметін жеткізушісімен қосылу үрдісі
басталады, бұл аяқталғаннан кейін диалог жоғалады, ал Windows мәселелер тақтасының
оң жақ бөлігінде байланыс орнатылғандығы туралы айтатын белгіше пайда болады.
Байланыс жағдайының диалогын ашу үшін осы белгішеге тышқанмен екі рет шертіңіз.
Бұл диалогта сіздің желіге қанша уақыт қосылғандығы, Интернеттен қанша көлемді
ақпарат алынғандығы, қандай көлем берілгендігі туралы және басқа қажетті ақпарат
көрсетілген. Сіз кез келген уақытта Ажыратылу (Disconnect) батырмасын басып,
байланысты үзе аласыз.
Жабу (Close) батырмасын басып, сіз диалогты тағы да индикация тақтасындағы
белгішеге жималайсыз. Енді, шын мәнінде, Web-парақшаны қарауға кірісуге болады.
5.2
50
5
тарау
Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары
5.5-
сурет. Байланысты орнату кезіндегі ескерту
Интернетке қосылғаннан кейін Internet Explorer бағдарламасының
терезесінде Web-парақша пайда болады. Сіз Адрес (Address) өрісіне сізге қажетті
Web-
парақшаның адресін енгізе аласыз және адрес өрісінің оң жағындағы Өту
(Go) батырмасын баса аласыз. Сонымен бірге, сіз сізді қызықтыратын сілтемеге
тышқанмен шертіп, басқа бетке өте аласыз. Парақшалар адресін берудің және
сілтемелер бойынша өтудің көмегімен сіз бүкіл Интернетте саяхаттай аласыз.
Егер сіз сіздің компьютеріңізге парақшаны жүктеу кезінде оны қараудан айнып
қалсаңыз, онда құрал-саймандар тақтасында Тоқтату батырмасын басып, бұл
үрдісті тоқтата аласыз.
Internet Explorer шолушысы сіз бұрын енгізген адрестерді есте сақтайды
және сіз адресті қайта енгізбей-ақ алдында қараған парақшаларға қайтып орала
аласыз. Егер сіз Интернетпен жұмыстың ағымдағы сеансында бұрын қараған
парақшаларға қайтып оралғыңыз келсе, онда сіз құрал-саймандар тақтасында
орналасқан батырмаларды қолдана аласыз. Бұл батырмалара бір қадамға, яғни сіз
қарағандардың ішінен алдыңғы немесе одан кейінгі парақшаларға өтуді жүзеге
асырады.
Интернетте ақпараттың көп болғандығынан желіде ақпаратты іздеу
маңызды болып табылады. Іздеуді жеңілдететін мамандандырылған іздестіру
жүйелері бар. Іздестіру жүйелері – бұл көптеген Web-парақшалардың ішінен
сізге қажетті ақпаратты табуға көмектесетін Интернеттегі орын.
Ресейде бұндай жүйелердің бірнешеуі бар және бағдарлама бұл туралы
біледі. Internet Explorer бағдарламасының көмегімен ақпаратты іздеу үшін құрал-
саймандар тақтасында Іздеу (Search) батырмасын басыңыз. Осы орайда, жұмыс
терезесінің сол жағында сіз іздеу үшін сөйлем беретін басқару элементтерінің
тобы пайда болады. Интернетте іздеу біз жоғарыда сипаттаған сілтеуіште
файлдарды іздеумен ұқсас келеді.
Интернет шолушысының жұмысын аяқтау үшін бағдарлама жұмыс
терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын басыңыз. Осы
орайда, егер Интернетпен еш бір бағдарлама жұмыс істемесе, онда өшіру
диалогы пайда болады. Егер сіз желідегі жұмысты жалғастырғыңыз келсе, онда
Өшірмеу (Stay Connected) батырмасын басыңыз. Кері жағдайда Өшіру
(Disconnect Now) батырмасын басқан жөн.
51
5.2
Ғаламторда саяхат