Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балалар үшін
Кіріспе
«Дьенеш логикалық блоктары» қызықты ойын, венгр педагогы Дьенеш - өз жасаушысының құрметіне осылай аталған, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарының назарына лайықты. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру үшін, олардың танымдық белсенділіктерін дамыту үшін, оның маңызын асыра бағалау қиын.
Оқу – әдістемелік құралда, балаларды жан – жақты дамыту үшін Дьенеш блоктарымен ойындар, мектеп жасына дейінгі балалармен біріге әрекеттенудегі педагогтардың қолданатын аспектілер маңызы ашылған. Сонымен қатар, мұнда Дьенеш блоктарымен мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын сабақтарының алғашқы жүйесі берілген. Құрал МДМ тәрбиешілері үшін мақұлданған, бірақ ол мектеп жасына дейінгі балалардың ата – аналары үшін де, қызықты болуы мүмкін.
Дьенеш блоктарымен дамытушы ойындары бар, берілген оқу – әдістемелік құралы қазіргі заманғы білім беру технологияларына жататынына зейін қойғанымыз жөн.
Золтан Дьенеш
Золтан Дьенеш – әлемге әйгілі венгерлік профессор, математик, психология бойынша маманы, «Жаңа математика» атты балаларды оқытудағы ілгерішілді авторлық әдістемесін жасаушы, оның негізінде қызықты логикалық ойындар, әндер және би қимылдар тәсілдері арқылы математикаға үйрету жатыр.
Дьенеш балалар үшін оқудың ең тиімді тәсілі, ол ойында еркін даму пікірін ұстанған. Осыған орай Золтан Дьенеш айтқан, ойын мазмұны қатал және күрделі ғылыми тақырып бола алады. Дәл осы ойында балалар күрделі логикалық және математикалық тұжырымдамалар мен жүйелерді игере алады. Осы көзқарасты негізге ала отырып, Дьенеш логикалық блоктар мен «Жаңа математика» өз теориясын ойлап тапқан.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан – жақты дамыту үшін «Дьенеш логикалық блоктарының» маңызы
Өмірде математикалық ойлау мүлде керек жоқ, ол тек математика сабағында балаларға керек деген пікір, өте қате! Себеп – салдар байланысын дұрыс қағып алу ептілігі, алғашқы көз қарастағы жағдайлар мен заттарды түрлі байланыстыратын параметрлерді табу, жүйелі ойлау машығы – бұл кәсіпкерлік және жекешілдік табыс жағдайының маңыздылығы, осыған орай математикалық логикалық ойлауды дамыту – біздің балалардың келешек өмірдегі табыстылықтың кепілі. Бұл міндетті шешуде Дьенеш блоктары өте қолайлы.
Педагог пен мектеп жасына дейінгі балалардың өзара әрекеттерінде Дьенеш логикалық блоктарын қолдану, балалардың жан – жақты дамуы үшін өте үлкен маңызы бар:
1. Дьенеш блоктары балаларды негізгі геометриялық пішіндермен таныстырады, түсі, нысаны, көлемі бойынша оларды ажыратуға үйретеді.
2. Дьенеш блоктары алдағы уақытта логикалық тапсырмаларды шешуде, балаларға керекті логикалық ойлауларын, талдағыш қабілеттерін ептегіш, алғашқы машықтарын қалыптастыруды дамытуда мүмкіншілік жасайды.
3. Дьенеш блоктары мектеп жасына дейінгі балаларда объектілерде түрлі қасиеттерді шығару ептіліктерін дамытуға көмектеседі, оларды атауға, олардың жоқтығын сөздермен белгілеуге, дерексіздендіру және объектінің екі немесе үш қасиетін бір уақытта есте сақтау, бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша қарастырылып жатқан объектіні жалпылау.
4. Дьенеш блоктары балаларға информатика пәні алгоритмдер, кодталған ақпараттар, логикалық операциялар сияқты күрделі түсініктер туралы алғашқы көріністерін береді.
5. Дьенеш блоктары тілдерін дамытуға мүмкіншілік етеді: балалар «және», «немесе», «бөліктерімен», және т.б. жалғаулықтармен сөз тіркестерін құрады.
6. Дьенеш блоктары мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық процестерін дамытуға көмектеседі: қабылдауын, зейінін, есте сақтауын, қиялын және зияткерлігін.
7. Дьенеш блоктары шы,армашылық қиялдарын дамытады және балаларды креативті ойлауға үйретеді.
«Дьенеш логикалық блоктар» жиыны
Дьенеш логикалық блогының классикалық нұсқасы – ол 48 геометриялық пішіндерден тұратын жиын:
1. Төрт нысанда (шеңбер, үшбұрыш, шаршы, тікбқрыш)
2. Үш түсті (қызыл, көк, сары)
3. Екі түрлі көлем (үлкен және кішкентай, жуан және жіңішке)
Жиында бірдей нысанды болмайды. Әр геометриялық пішіндер төрт қасиетте мінезделінеді – түсімен, нысанымен, шамасымен және жуандығымен.
Дьенеш блоктарымен танысудағы мектеп жасына дейінгі балалар үшін, мақсатты түрде жиынды 24 геометриялық пішіндерге жеңілдету, жуан нысанды нұсқаны алып тастау. Ойында тек жіңішке немесе жуан пішіндер қалады. Осыған орай, барлық пішіндер үш белгі бойынша айырмашылықта болады: түсі, нысаны және шамада.
Қазіргі уақытта дүкендерде Дьенеш блоктарымен ойындарының түрлі нұсқаларын сатып алуға болады. Мектеп жасына дейінгі балалармен ойын үшін, пішіндермен (Дьенеш блоктарымен) бірге, қасиеттік белгілері бар карточкалар (түсі, нысаны, шамасы, жуандығы) және осы қасиеттерді терістейтін карточкалары бар жиынды алған жөн. Жиынға логикалық текшелер, қырында Дьенеш блоктарының қасиеттік белгілері (жуандығы, шамасы, нысаны, түсі) және осы қасиеттерді терістейтін белгілері бейнеленген жиынтығы кіруі мүмкін. Логикалық текшелерді Дьенеш блоктарымен және белгілер – карточкаларымен бірге жиынтықта қолданады. Логикалық текшелердің ерекшелігі – қасиеттерді «кездейсоқ» таңдау мүмкіншілігі (текшені айналдыра лақтыру), бұл балаларға өте ұнайды.
Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балалар үшін Дьенеш блоктарымен ойын сабақтарының алғашқа жүйесі.
Құрметті ересек адамдар! Сіздер түсінулеріңіз керек, яғни әр берілген сабақ сіз үшін оңай және жеңіл көрінседе, бала үшін, үлкен ақыл – ой күш – жігерін талап етеді. Сондықтан, әр сабаққа Дьенеш блоктарынан басқа түрлі денсаулықты сақтау технологияларының элементтері енгізілген: саусақ жаттығулары, релаксациялық жаттығулар, көзге арналған жаттығулар, тілдік дем алуды дамытуға арналған жаттығулар, түрлі сергіту сәттері және т.б. Сондықтан, оларды сабақтардан алып тастамауларыңызды сұраймыз, олар балаларға қажет!
Ойын сабақтарында қолданылатындар:
1. Дьенеш блоктары тек жіңішке немесе тек жуан (24 пішінді жиын).
2. Қасиеттік белгілері бар карточкалар жиынтығы (түсі, нысаны, шамасы).
Мақсатты түрде берілген ойын сабағын жұмасына бір рет өткізу керек, сабақтарда алған білімдері мен ептіліктерін, жұма аралығында ересек адамдар мен балалардың біріге ойын әрекетінде, баланың өзіндік ойын әрекетінде бекітуге болады.
Ойын сабақ.
«Бір белгісі бойынша жіктеу, түсі».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян және торай.
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
Ойыншықтар - пішіндер. Себеттен кезекпен бір пішіннен аламыз.
- Пішін түсі қандай?
- Көк! және т.б., барлық пішіндерді үстел үстіне жайғастырамыз.
- Аю, қоян және торай барлығы неше пішін әкелген?
- Көп!
- Олар түсі қандай?
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар пішіндермен ойнауды ұсынады, олардан паравоз құрастыру. Әр пішін – вагон, жанында вагондар жатуы болады, бірақ олар түсі түрлі болады. Ойыншықтар түстерін атап, құра бастайды. Қате жасауды бастайды, алдымен атауларында, сосын құрастыруда. Балалар қателерін түзетеді. Балаларға паравозды өзінді құруға ұсынылады. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (түсі бойынша жіктеу).
- Паровоз құрылды, енді онда біраз қыдырайық!
Паравоз гулей бастады, вагондарын сүйреді,
Чу – чу, чу – чу, алысқа мен кетемін.
(бір – бірінің артымен шеңбер бойымен жүреді, қолдарын шынтақта бүгеді)
Вагондары түрлі – түсті, жүгіреді, жүреді,
(бір орында аяқпен тоқылдату, қол белде)
Дөңгелектер шеңбердей
(оң қолдың сұқ саусағымен ауада үлкен шеңбер сызады)
Тук – тук, тук – тук, тук – тук.
( жұдырықты жұдырыққа соққылайды)
- Аю, қоян және торайға ойын өте ұнады. Олар ойынды өте ұнатады, бірақ әрқайсысы тек бір түсті пішінде ғана ойнайды (әр ойыншық жанына түстер белгілері қойылады). Енді оларға пішіндерді сыйлайық!
Балалар кезекпен себет босағанша, ойыншықтарға пішіндерді сыйлайды.
- Аюда пішіндер қандай түсті?
- Қызыл!
Әрі қарай әр ойыншық үшін, әр түс үшін – ұйқасты.
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік.
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
Ойын сабақ.
«Бір белгісі бойынша жіктеу, түсі және нысаны».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар балаларды мадақтайды және әрқайсысы тек бір түсті пішінмен ғана ойнайтыны жөнінде еске салады (әр ойыншық жанына түстер белгілері қойылады). Балалар кезекпен себет босағанша, ойыншықтарға пішіндерді сыйлайды.
- Аюда пішіндер қандай түсті?
- Қызыл!
Әрі қарай әр ойыншық үшін, әр түс үшін – ұйқасты.
Қоян өз ойыншықтарына таң қалады, олар бір түсті болса да, бәрібір түрлі, бір – біріне ұқсамайды. Қалған ойыншықтар оған түсіндіреді, яғни барлық пішіндер түрлі нысанды. Пішіндер шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш тәрізді болады (біруақытта нысан белгілері қойылады). Қоян айтады: «Бүгін мен сары пішіндермен ойнағым келмейді, шеңбер тәрізді пішіндермен ойнағым келеді!» Қоян жанына шеңбер белгілері қойылады. Қалған ойыншықтар балалар көмегімен әрқайсысы өз нысанын таңдайды, бірақ артық нысан белгісі қалып қояды. Не істейміз? Марғауды шақырайық, ол бізбен бірге ойнайтын болады!
Себетке барлық нысандарды жинаймыз. Балалар кезекпен себет босағанша, ойыншықтарға пішіндерді сыйлайды.
- Аюда пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер!
Әрі қарай әр ойыншық үшін, әр түс үшін – ұйқасты.
Ойыншықтар пішіндермен ойнауды ұсынады, олардан паравоз құрастыру. Әр пішін – вагон, жанында вагондар жатуы болады, бірақ олар түсі түрлі болады. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (түсі бойынша жіктеу). Ұқсас паравоз құру ұсынылады, әр пішіні – вагон, жанында вагондар жатуы болады, бірақ олар нысаны түрлі болады. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (нысаны бойынша жіктеу).
- Паровоз құрылды, енді онда біраз қыдырайық!
Паравоз гулей бастады, вагондарын сүйреді,
Чу – чу, чу – чу, алысқа мен кетемін.
(бір – бірінің артымен шеңбер бойымен жүреді, қолдарын шынтақта бүгеді)
Вагондары түрлі – түсті, жүгіреді, жүреді,
(бір орында аяқпен тоқылдату, қол белде)
Дөңгелектер шеңбердей
(оң қолдың сұқ саусағымен ауада үлкен шеңбер сызады)
Тук – тук, тук – тук, тук – тук.
( жұдырықты жұдырыққа соққылайды)
- Біздің ойыншықтарымызбен бірге орман алаңына жеттік! Жапырақтардан күзгі байлам жинаймыз
Бір, екі, үш, төрт, бес –
Жапырақтар жинаймыз. (жұдырықты ашамыз, жабамыз)
Қайың жапырағын, (үлкен саусақты иеміз)
Шетен жапырағын, (сұқ саусақты иеміз)
Үйеңкі жапырағын, (ортан саусақты иеміз)
Көктерек жапырағын, (төртінші саусақты иеміз)
Емен жапырағын жинаймыз, (кішкентай саусақты иеміз)
Анамызға сыйлаймыз. (жұдырықты ашамыз, жабамыз)
- Әдемі жапырақ байламын жинап алдық, енді балабақшаға оралайық. - Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік.
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
Ойын сабақ.
«Екі белгісі бойынша жіктеу, түсі және нысаны».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
(нысандар белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар балаларды мадақтайды және әрқайсысы тек бір нысанды пішінмен ғана ойнайтыны жөнінде еске салады (әр ойыншық жанына нысан белгілері қойылады). Балалар кезекпен себет босағанша, ойыншықтарға пішіндерді сыйлайды.
- Аю пішіндері қандай нысанды?
- Шеңбер!
- Қоян пішіндері қандай нысанды?
- Шаршы!
- Марғау пішіндері қандай нысанды?
-Үшбұрыш!
- Торай пішіндері қандай нысанды?
-Тікбұрыш!
Ойыншықтар пішіндермен ойнауды ұсынады, олардан паравоз құрастыру. Әр пішін – вагон, жанында вагондар жатуы болады, бірақ олар түсі түрлі және түрлі нысанды болады. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (екі белгісі бойынша жіктеу: нысаны және түсі).
- Паровоз құрылды, өте әдемі болып шықты! Ал енді біздің ойыншық – қонақтарымызбен бірге көңілді тақпақты жаттайық:
Аяқтармен тоқылдат!
Қолдарыңмен шапалақ!
Көздеріңмен миг-миг,
Иықтармен чик-чик.
Бір – мұнда, екі - сонда,
Айналайық ортада.
Отырамыз – тұрамыз.
Көтереміз қолдарды.
Бір – екі, бір - екі,
Көңілді ойын біздерде!
- Мәссаған, біздің ойыншықтарымыз қорқып қалыпты ғой, оларды не қорқытқан екен? А бұл қаздар екен ғой!
Қолымыз артта – қанаттарымыз, бір – біріміздің соңынан жүреміз, ысылдаймыз: «Ш - ш – ш…» - ұзақ дем шығару, ашуланамыз (2 – 3 рет қайталау).
- Қаздар, қараңдаршы, сендер барлығын қорқыттыңдар. Ысылдамаңдар, одан да бізге күлімдеңдер. Біз мейірімді, жақсы балалармыз, сендермен дос болғымыз келеді.
Қаздар күлімсіреп, ашулануды қойды, қанаттарын қағып – қағып, ұшып кетеді!
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, екі белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – қызыл шеңбер, сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
Ойын сабақ.
«Екі белгісі бойынша жіктеу, түсі және нысаны».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
(нысандар белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар пішіндермен ойнауды ұсынады, олардан паравоз құрастыру. Әр пішін – вагон, жанында вагондар жатуы болады, бірақ олар түсі түрлі және түрлі нысанды болады. Ойыншықтар паравозды өздері құра бастайды, қате жасайды, балалар қателерін түсіндіре түзетеді. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (екі белгісі бойынша жіктеу: нысаны және түсі).
Паровоз құрылды, енді онда біраз қыдырайық! (орындықтарда отырамыз), жүріп келе жатырмыз, терезеге қараймыз.
- Қараңдаршы, қоян! (саусақ жаттығуы өткізіледі):
Банни көңілді көжек
Алаңда шаттана ойнады,
(Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ – құлақтары, қалған саусақтары – көжектің бет әлпеті, қолды айналдырамыз)
Бір сыбдырды естісе, дем алмай, қатып қалады,
(Өзімізге «көжекті» кеудеге басу) -
Басында оның құлақтары тікірейген!
(Тік «құлақтарымен» қозғалту)
Астында шыршаның, іні екен көжектің,
(екінші қолдың саусақтарымен ін жасау – сақина келтіру)
Жақындайды ініне ол келіп,
(Қол басын «көжекпен» айналдыра, «інге» жақындату)
Секіреді де, інге кіріп кетеді!
(ініне «көжек секіреді»!)
Балабақшаға қайта оралдық! Себетке пішіндерді салайық, бірақ ойыншықтар тағы ойын ойнағылары келетінін айтады! Олардың бүгін қандай ойыншықпен ойнайтындарына балалар көмектеседі (қызыл шеңбер, көк үшбұрыш және т.б.). Әр ойыншық жанына 2 белгі қойылады – нысаны және түсі. Балалар кезекпен себет босағанша, ойыншықтарға пішіндерді сыйлайды.
- Аюда қандай ойыншықтар?
- Қызыл шеңберлі!
- Марғауда қандай ойыншықтар?
- Сары шаршы! және т.б.
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, екі белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – қызыл шеңбер, сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
(нысандар белгілерін қоямыз)
- Қараңдаршы мұқият, біздің пішіндеріміз шамасы бойынша да түрлі екен. Мында кішкентайлар да , үлкен де екен (шама белгілерін қоямыз).
- Ендеше Аюға үлкен пішіндерді сыйлайық, ал Қоянға кішкентай пішіндерді!
Балалар кезекпен бір бөліктерден алып, ойыншықтар жанына жайғастырады (бір белгісі бойынша жіктеу: шама бойынша).
- Марғау мен торайда ойнағылары келеді. Марғауға үлкен сары пішіндерді сыйлайық, ал торайға – кішкентай көк.
Балалар пішіндерді белгілеріне сәйкесті марғау мен торай жанына жайғастырады. Тапсырманы орындағаннан кейін, пішіндерді себетке салады.
- Бәрінен бұрын біздің ойыншықтар паравоз құрғанды өте жақсы көреді. Кәне, олармен бірге ойнайықшы! Бүгін жанында тек түрлі шамада және түрлі нысанда ғана вагондар жата алады.
Ойыншықтар паравозды өздері құра бастайды, қате жасайды, балалар қателерін түсіндіре түзетеді. Балалар кезекпен бір пішіннен алып, паравоз құрайды (екі белгісі бойынша жіктеу: нысаны және шамасы).
- Қандай керемет паравоз құрастырдық! Кәне, енді қыдырып қайтайық!
«Жүріп келеміз» (орындықтарда отырамыз), «терезеге қараймыз».
- Қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер, терезеден көрінуде! Иісі қандай керемет! (дем алу жаттығуы өткізіледі):
Балалар мұрын арқылы абайлы дем алады, демді ұстайды және сосын дем шығарады, «А - ах» деп айтады (2 – 3 рет қайталау).
- Мәссаған, ауа – райы бқзылуда, бұлттар жиналуда! (көзге арналған жаттығу өткізіледі):
Күннің көзі бұлттармен жасырынбақ ойнады.
Күннің көзі бұлттарды санады:
Сұр бұлттар, қара бұлттар.
(көзбен оңға – солға қарау)
Жеңілдері – екі дана, ауырлары – үш дана.
(көзбен жоғары – төмен қарау)
Тығылып қалды бұлттарымыз, жоқ енді бұлттарымыз.
( Алақанмен көзді жабу)
Аспанда күннің көзі жарқырай түсті.
(Көздерін жыпылықтату).
- Балабақшаға қайта оралдық! Бірақ ойыншықтар тағы пішіндермен ойнағылары келетінін айтады! Қоян өзінің ең жақсы көретін пішінінін тауып беруді сұрайды – сары, тікбұрышты, үлкен!
Қоян жанында 3 белгі қойылады. Балалар керекті пішінді таңдайды. Ұқсас бейнеде қалған ойыншықтарға пішіндерді таңдайды (үш белгі бойынша жіктеу: түсі, нысаны және шамасы бойынша).
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны,
терістеу (екі құрсаумен ойын)».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
4. 2 құрсау (көк және қызыл)
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш! (нысандар белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай! (шама белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар балаларды пішіндермен ойнауға шақырады! Марғау өзінің ең жақсы көретін пішінінін тауып беруді сұрайды – сары, тікбұрышты, үлкен! (Марғау жанында 3 белгі қойылады). Балалар керекті пішінді таңдайды. Ұқсас бейнеде қалған ойыншықтарға пішіндерді таңдайды (үш белгі бойынша жіктеу: түсі, нысаны және шамасы бойынша).
Ойыншықтар ойынға екі құрсау әкелгендерін айтады. Алдымен бір құрсаумен ойынды ұсынады.
- Құрсауға бір белгіні салайық, мысалы – «Үлкен».
- Құрсау ішіне қандай пішіндерді жайғастырамыз?
- Тек үлкендерді!
- Құрсау сыртына қандай пішіндерді жайғастырамыз?
- Барлық үлкен емес!
Балалар құрсаудағы белгіге сәйкесті құрсау ішіне және құрсау сыртына пішіндерді жайғастырады. Ойын 3 рет өткізіледі, түс, шама және нысан белгілерімен кезектестіре. Белгілерді тек құрсау ішіне ғана емес, сыртына да жайғастыруға болады.
Қоян екінші құрсауды көрсетеді де, құрсаулар неге ұқсайтынын сұрайды?
- Допқа, доңғалаққа, тәрелкеге, әуе шарына және т.б.
- Ендеше, барлығым әуе шарларына айналайық! (дем алу жаттығуы өткізіледі).
- Шарлар босап қалды (босаңқы еңкейю). Біз оларды ақырындап үрлейік (балалар тіке тұрады, қолдарын жоғары көтереді), шарлар үрленуде, міне, енді олар үп – үлкен болды, жоғары қарай ұшты (балалар ақырындап қолдарымен теңселтеді). Ал енді шарларымыз кішкентай тесік арқылы, босап қалды (ауыз қуысы арқылы ақырын, ұзақ дем шығару). Кәне, тағыда оларды үрлейік!(2 - 3 рет қайталау).
Аю екі құрсаумен ойынды ұсынады (бір құрсау екінші құрсауды бөлікті жаба орналастыру керек). Құрсаулар ішіне белгілерді жайғастырамыз. Мысалы: көк құрсауға «Үлкен», ал қызылға – «Шеңбер».
- Қандай пішіндер көк құрсау ішінде, бірақ қызыл сыртында?
- Барлық үлкендер, тек шеңбер емес!
- Қандай пішіндер қызыл құрсау ішінде, бірақ көк сыртында?
- Барлық шеңберлер, тек үлкендер емес!
- Қай пішіндер бір уақытта қызыл және көк құрсау ішінде?
- Барлық үлкен шеңберлер!
- Қандай пішіндер құрсаулар сыртында?
- Барлық үлкен еместер және шеңбер еместер!
Белгілерді ауыстырып, 2 – 3 рет ойынды қайталаймыз.
Ойыншықтар балаларды мадақтап, көңілді ойын ойнауды ұсынады.
Біздің балақандардың аяқтары көңілді тоқылдайды!
(аяқпен тоқылдату)
Аяқтарымыз шаршаса, қолдармен шапалақтаймыз!
(шапалақ соғады!)
Отырып – тұрып би билейміз,
Төмен – жоғары, бір - екі – міне қалай билейміз!
( отырып тұру!)
Ал енді біз жүгірсек, ешкім қуып жете алмас!
(еркімен жүгіру!)
Біз кішкентай болсақ та, батыл халық боламыз!
(орындықтарға отыру!)
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны,
терістеу (екі құрсаумен ойын)».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
4. 2 құрсау (көк және қызыл)
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш! (нысандар белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай! (шама белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар ойынға тағыда құрсауларды әкелгендерін айтады. Екі құрсау ішіне белгілері бойынша саламыз (бір құрсау екінші құрсауды бөлікті жаба орналастыру керек). Мысалы, көк құрсау ішіне «Кішкентай», ал қызыл ішіне – «Шаршы».
- Қандай пішіндер көк құрсау ішінде, бірақ қызыл сыртында?
- Барлық кішкентайлар, тек шаршылар емес!
- Қандай пішіндер қызыл құрсау ішінде, бірақ көк сыртында?
- Барлық шаршылар, тек кішкентайлар емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта көк және қызыл құрсау ішінде?
- Барлық кішкентай шаршылар!
- Қандай пішіндер құрсаулар сыртында?
- Барлық кішкентай еместер және шаршы еместер!
Белгілерді ауыстырып, 2 – 3 рет ойынды қайталаймыз.
- Көптен бері, біз ертегі алаңымызда болған жоқпыз! Кәне, бүгін біз сонда ұшақпен ұшып барамыз! (релаксация жаттығулары)
Өлең жолдарын оқыған кезде, балалар қолдарын жаяды, бұлшық еттері ширыққан, арқалары тік. Парашюттер төмен түседі, орындыққа отырамыз және босаңсыймыз, қолдар төменде, бас түсірілген.
Қолдар жан – жаққа, ұшақты біз ұшырамыз.
Оң қанаты алға, сол қанаты алға,
Ұшағымыз ұшады. Алдымызда шамдар жанды,
Бұлттарға біз көтерілдік.
Міне орман, парашютті дайындайық.
Парашюттер ашылды,
Жерге түстік жеңілмен.
- Мәссаған, мынау не алаңдағы? Бұл – қоян ғой! (саусақ жаттығуы)
Оң қолдың саусақтарынан «қоян» бейнесін келтіреміз.
Саусақтан саусаққа
Секіреді қоянымыз.
Сол қолдың үлкен саусағы алақанға жабыстырылған, қалған саусақтар ашылған. Әр буында, «қоян мұрыны» сол қолдың саусақтарында, тек үлкен саусақта емес, 2 реттен секіреді.
Төмен түсті, айналды,
Тағы кейін оралды.
Сол қолдың үлкен саусағы алақаннан теріс айналады. «Қоян мұрыны» сол қол алақанына саусақтар бойынша түседі, алақанда шеңбер сызады, сол қолдың сұқ саусағының ұшына оралады. Сол қолдың үлкен саусағы қайтадан алақанға жапсырылған.
Саусақтан саусаққа
Секіреді қоянымыз.
Әр буында, «қоян мұрыны» сол қолдың саусақтарында, тек үлкен саусақта емес, 1 реттен секіреді.
Тағы төмен, тағы жоғары…
Сол қолдың үлкен саусағы алақаннан теріс айналады. «Қоян мұрыны» сол қол алақанына саусақтар бойынша түседі, сол қолдың сұқ саусағының ұшына оралады.
Қоянымыз барлығынан өте жоғары секірді!
Сол қол – жұдырықтан үлкен саусақ жеке, жұдырық жоғары көтерілген. «Қоян мұрыны» сол қолдың үлкен саусағының ұшында « секіреді».
Саусақ ойыны қайтадан ойналады, енді «қоян» сол қол саусақтарынан жасалынады, оң қол саусақтары бойынша секіреді.
- Кәне, Қояннан сұрайықшы, оның ең сүйікті ойыншығы қандай.
Қоян, ол үшін үлкен, қызыл, шеңбер пішінді табуды сұрайды (Қоян жанында 3 белгі қойылады). Балалар керекті пішінді таңдайды. Ұқсас бейнеде қалған ойыншықтарға пішіндерді таңдайды (үш белгі бойынша жіктеу: түсі, нысаны және шамасы бойынша).
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны,
терістеу (үш құрсаумен ойын)».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
4. 3 құрсау (көк, сары және қызыл)
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш! (нысандар белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай! (шама белгілерін қоямыз)
Қоян балаларға екі құрсаумен ойынды ұсынады(бір құрсау екінші құрсауды бөлікті жаба орналастыру керек). Екі құрсау ішіне белгілерді саламыз Мысалы, сары құрсау ішіне «Үлкен», ал қызыл ішіне – «Шеңбер».
- Қандай пішіндер сары құрсау ішінде, бірақ қызыл сыртында?
- Барлық үлкендер, тек шеңберлер емес!
- Қандай пішіндер қызыл құрсау ішінде, бірақ сары сыртында?
- Барлық шеңберлер, тек үлкендер емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта сары және қызыл құрсау ішінде?
- Барлық үлкен шеңберлер!
- Қандай пішіндер құрсаулар сыртында?
- Барлық үлкен еместер және шеңбер еместер!
Белгілерді ауыстырып, 2 – 3 рет ойынды қайталаймыз.
Ойыншық қонжық балаларды мадақтап, дем алуды ұсынады, ол көңілді жаттығуға шақырады:
Бір, екі, үш, төрт – аяқтармен тоқылдатамыз
Бір, екі, үш, төрт – қолдармен шапалақ соғамыз.
Қолдарымызды созамыз – Бір, екі, үш, төрт!
Еңкейеміз – үш, төрт.Секіреміз бір орында.
Аяқ ұшына, өкшеге тұрамыз - жаттығу жасаймыз!
Марғауда тағы бір құрсау, үшіншісі барын айтады. Ол балаларға құрсаулармен және пішіндермен ойынды ұсынады. Бір - бірін бөлікті жаба, құрсауларды орналастыру керек. Әр құрсауға бір белгіден жайғастырамыз. Мысалы, көк құрсау ішіне - «Қызыл», қызыл ішіне - «Үшбұрыш», ал сары ішіне – «Үлкен».
- Қандай пішіндер сары құрсау ішінде, бірақ қызыл мен көк сыртында?
- Барлық үлкендер, тек үшбұрыштар мен қызылдар емес!
- Қандай пішіндер қызыл құрсау ішінде, бірақ сары мен көк сыртында?
- Барлық үшбұрыштар, тек үлкендер мен қызылдар емес!
- Қандай пішіндер көк құрсау ішінде, бірақ сары мен қызыл сыртында?
- Барлық қызылдар, тек үлкендер мен үшбұрыштар емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта сары және қызыл құрсау ішінде, бірақ көк сыртында?
- Барлық үлкен үшбұрыштар, тек қызылдар емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта сары және көк құрсау ішінде, бірақ қызыл сыртында?
- Барлық үлкен қызыл пішіндер, тек үшбұрыштар емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта қызыл және көк құрсау ішінде, бірақ сары сыртында?
- Барлық қызыл үшбұрыштар, тек үлкендер емес!
- Қандай пішіндер бір уақытта қызыл, көк және сары құрсау ішінде?
- Үлкен, қызыл, үшбұрышты
Белгілерді ауыстырып, тағы 1 рет ойынды қайталаймыз.
- Ойыншықтар бізбен қоштасқалы, пішіндерді себетке салуға оларға көмектесейік (бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.).
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
- Ал мынау не?
Не деген серітпелер, біздің бәтеңкемізге тірелуде?
Оларды біз аяқпен қысамыз, қатты – қатты басамыз!
Қатты – қатты басамыз! Серітпелер жоғалды, дем аламыз.
Балалар орындықтарында отырады, аяқ ұшын көтереді, өкшемен еденге тіреледі, қолдарымен қысыммен тізелерін қатты басады. Сосын – толық босаңсу.
Релаксациялық жаттығуды 2 рет қайталайды.
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны,
терістеу (төрт құрсаумен ойын)».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
4. 4 құрсау
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш! (нысандар белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай! (шама белгілерін қоямыз)
Ойыншықтар балаларға құрсаулармен ойынды ұсынады. № 8 ойын сабағында өткізілген ойынға ұқсас ойын үш құрсаумен жүргізіледі. Балалар құрсаулар ішіне қандай белгілерді жайғастыруды өздері таңдайды. Тәрбиеші ойыншықтар атынан айтып отырады, яғни олар түс, нысан және шама белгілері болуы міндетті. Құрсауларға бір белгідегі 2 белгіні салуға болмайды.
Үш құрсаумен ойын белгілер ауыстырылып, 2 – 3 рет қайталанады.
- Көңілді ойын ойнадық! Ал енді серуенге шығайық. Бұл не? Жаңбыр жауа бастауда! Алақандарымызды созайық, тамшыларды ұстайық!
Жаңбыр, жаңбыр, тық – тық!
Жолдар бізде суланды!
Сонда да серуенге шығамыз, етікті киеміз! (аяқтармен тоқылдатамыз).
Еденде 4 құрсауды бір сызықта, бір – бірінің жанына жайғастырамыз.
- Бұлар тастар! Біз аяқтарымызды су қылмас үшін, солармен жүреміз! (релаксациялық жаттығу өткізіледі).
- Біз үлкен адымдармен жүреміз. Төмпешіктерге тұрамыз.Төмпешіктерден құлауға болмайды, әйтпесе аяқтарымызды су қыламыз. Міне, жетіп қалдық күн шұғылалы алаңға, жатамыз, босаңсу, күнге күйеміз. Сосын тұрамыз, артқа қайтамыз (бұлшық еттерді ширақтандырамыз). Үйге келдік, шаршадық, орындыққа отырамыз, басыңсу. Шапалақ! Міне біз топта, орындықта әдемі отырамыз.
Ойыншықтар тағы ойын ойнағанды ұсынады. Қоян, тек үшбұрышты пішіндерді сүйетінін айтады (белгілерді қоямыз). Марғау, тек үлкен пішіндермен ойнайды (белгілерді қоямыз). Бірақ олар бірге ойнағанды қалайды (олар арасына құрсауды жайғастырамыз). Қонжықта ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ол тек қызыл пішіндермен ойнайды (белгілерді қоямыз). Оғанда жалғыз ойнаған зеріктіруде (құрсауды қоян мен аю арасына, аю мен марғау арасына жайғастыру керек).
- Қоян мен марғау қандай ойыншықтармен бірге ойнай алады?
- Үлкен үшбұрышты! (балалар марғау мен қоянның арасындағы құрсауға керекті пішіндерді жинайды).
- Аю мен қоян қандай пішіндермен бірге ойнай алады?
- Қызыл үшбұрышты (балалар аю мен қоянның арасындағы құрсауға керекті пішіндерді жинайды).
- Аю мен марғау қандай пішіндермен бірге ойнай алады?
- Үлкен қызыл! (балалар марғау мен аюдың арасындағы құрсауға керекті пішіндерді жинайды).
Торайда ойын ойнағысы келетінін айтады. Ол өз ойынына барлығын шақырады: аюды, қоянды, марғауды (үш құрсау арасының ортасына төртінші құрсау жайғасады, оған торайды қоямыз).
- Барлық ойыншықтар қандай ойыншықпен бірге ойнай алады?
- Үлкен қызыл үшбұрышты!(балалар керекті пішінді табады, оны барлық ойыншықтармен ортаңғы құрсауға жайғастырады).
Ойыншықтар балаларға рахмет айтады, пішіндерді жинастыруға көмек сұрайды. Пішіндерді себетке бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
Сабақ бірге ойнайтын ойынмен аяқталады. Ойын ақырын басталады, сосын күшейеді, сосын қайтадан ақырындайды. Өлең жолдарының соңғы екі жолында, балалар, тоқтайды және әр буында алақанмен шапалақ соғады.
Ақырындап, абайлап, әткеншектер айналды,
Сосын кейін жылдамдата
Жүгірді ол жеткізбей!
Жүгірмейік, тынышталып,
Әткеншекті тоқтатайық!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті міне!
Ойын сабақ.
«Үш белгісі бойынша жіктеу, түсі, шамасы және нысаны,
терістеу (төрт құрсаумен ойын)».
Құралдар:
1. Пластикалық себеттегі Дьенеш блоктар жиыны
2. Түс, шама және нысан белгілері бар карточкалар жиынтығы.
3. Аса үлкен емес мөлшердегі ойыншықтар: аю, қоян, торай және марғау.
4. 4 құрсау
Сабақ барысы:
- Бізге қонаққа аю, қоян, марғау және торай келді. Олар бізге өз ойыншықтарын ала келді.
- Пішіндер түсі қандай??
- Қызыл, көк және сары! (түстер белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш! (нысандар белгілерін қоямыз)
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай! (шама белгілерін қоямыз)
№ 9 ойын сабағында өткізілген ойынға ұқсас ойын төрт құрсаумен жүргізіледі. Балалар құрсаулар ішіне қандай белгілерді жайғастыруды өздері таңдайды (қандай пішіндермен ойыншықтар ойнайтынын). Тәрбиеші ойыншықтар атынан айтып отырады, яғни олар түс, нысан және шама белгілері болуы міндетті. Құрсауларға бір белгідегі 2 белгіні салуға болмайды.
Төрт құрсаумен ойын белгілер ауыстырылып, 2 – 3 рет қайталанады.
- Керемет, балалар, пішіндерді құрсауларға жақсы жайғастырдыңдар! Сендер ақылды да, тапқыр екенсіңдер! Саусақтарыңда ептілі! Ал енді саусақтарымызды дем алдырайық, олар өйткені шаршаған болар, жұдырыққа жасырайық саусақтарды! (саусақ жаттығуы өткізіледі).
Саусақтар ұйықтады, жұдырыққа жиналды.
Оң қол саусақтарын жұдырыққа жинау.
Бір! Екі! Үш! Төрт! Бес!
Кезекпен саусақтарды ашамыз.
Ойын ойнаға шығыңдар!
Барлық саусақтармен қозғалту.
Көрші үйлерді ояттық,
Сол қолды көтеру, саусақтарын жұдырыққа жинау
Оянды онда, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он –
Санаумен саусақтарды кезекпен ашу.
Шаттануда барлығы!
Екі қолмен айналдыру.
Оралу керек қайтадан: он, тоғыз, сегіз, жеті,
Алты жұдырыққа жиналамыз,
Сол қолдың саусақтарын жұқырыққа жинау.
Бес есінеді, теріс айналды.
Төрт, үш, екі, бір,
Жұдырық домаланды, апельсинге ұқсады.
Оң қол саусақтарын жинау, екі жұқырықпен айналдыру.
Ойыншықтар пішіндерді жинастыруға көмек сұрайды. Пішіндерді себетке бір – бірлеп саламыз, үш белгісі бойынша әр пішінді біріге атайды – үлкен қызыл шеңбер, кішкентай сары шаршы және т.б.
- Пішіндер қандай түсті?
- Қызыл, көк және сары!
- Пішіндер қандай нысанды?
- Шеңбер, шаршы, үшбұрыш және тікбұрыш!
- Пішіндер қандай шамада?
- Үлкен және кішкентай!
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгін өте қызықты ойын ойнадыңдар, өздерің ойлап шығардыңдар! Ал енді дем алатын уақыт келді! (балалар орындарынан тұрады, сергіту сәті өткізіледі).
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Дем алуды бастайық!
Керілеміз.
Арқамызды тіке ұстайық,
Қолымызды көтерейік!
Бір, екі – отырып тұрамыз,
Дем аламыз қайтадан.
Бір, екі – алға иілеміз,
Бір, екі – артқа иілеміз.
Қимылдар сөздермен сәйкесте жасау.
Ойынмен ақылды біз боламыз,
Шаттанамыз, сауығамыз!
Алақандармен шапалақ соғады!
Достарыңызбен бөлісу: |