Кіріспе Золтан Дьенеш



жүктеу 1,78 Mb.
бет4/14
Дата08.02.2018
өлшемі1,78 Mb.
#9082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дьенештің логикалық блоктары


ҚАСИЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ БАР КАРТОЧКАЛАР
Көптеген ойындарда Дьенеш блоктарымен және логикалық пішіндермен қасиеттік белгілері бар карточкалар қолданылады.
Баланы қасиеттік белгілермен таныстыруда барлық таңбалық мәдениет, математикалық белгілер сауаты, бағдарламалау және т. б. игерудегі маңызды баспалдақ. Карточкаларда блоктар қасиеттері шартты белгіленген (түсі, нысаны, көлемі, қалыңдығы)
Барлығы 11 карточка.
11 карточкалар терістеу қасиеттерімен, мысалы: қызыл емес. Қасиеттік белгілері бар карточкалар Дьенеш блоктары мен логикалық пішіндерге қосымша ретінде қолданып қана қоймай, сонымен қатар ойындар үшін дербес материал ретінде қолданылады, бүкіл әлемге танымал "мемори" сияқты.

ОЙЫН "ЖҰБЫН ТАП"
Материалы: Белгілері бар карточкалардың 2 жиынтығы (терістеусіз) 22 шт.
Мақсаты: Қасиеттер белгілерімен таныстыру, көріп есте сақтауларын дамыту.
Ойын сипаттамасы: Карточкалар араластырылады және қатарда 6 карточкадан және соңғы қатарда 4 карточкадан қағанағын жоғары қаратып жайғастырады.
Ереже: Бірінші ойыншы кездейсоқ екі карточканы аударады, егер карточкалар бірдей болса, онда оларды өзіне алады да, тағы бір рет ойнайды. Егер бірдей болмаса, онда барлығына көрсетіп, карточкада не бейнеленгенді есте сақтап, қағанағын жоғары қаратып, орындарына жайғастырады. Барлық балалар ойын жүрісін мұқият қадағалап отырады, өйткені қай карточка қайда жатқанын білу маңызды. Екінші ойыншы біреулеп екі карточканы алады да, бірінші ойыншы сияқты ол да ойынды жалғастырады. Жұпты карточкалары көп бала жеңімпаз аталынады.

ЛОГИКАЛЫҚ ТЕКШЕЛЕР
Материал сипаттамасы: қырларында блок қасиеттерінің белгілері бейнеленген 5 текше (көлемі, нысаны, түсі, қалыңдығы) және қасиетті терістеу белгілері, сонымен қатар санды текше (қырында 3 – 8 сандары) 
Материалдың педагогикалық мүмкіншіліктері:
Логикалық текшелер, карточкалар сияқтыбелгілер түрлі бейнелі ойындарды ойлап табуда, балаларға көмектеседі, ал бұл ойындар, өз кезегінде алмастыру әрекетін және көрнекілі модельдеуде, кодтауда және қайта кодтауды игеру үшін пайдалы болады. Логикалық текшелер Дьенеш блоктары мен логикалық пішіндер жиынтығында қолданылады. Логикалық текшелердің ерекшелігіқасиетті таңдаудағы «кездейсоқ» мүмкіншілік
(текшені жоғары лақтыру),бұл балаларға үнемі ұнайды.


ЛОГИКАЛЫҚ ТЕКШЕЛЕР ЖӘНЕ ДЬЕНЕШ БЛОКТАРЫМЕН ОЙЫН НҰСҚАЛАРЫ

Дьенеш блоктары кез – келген заттарды алмастыру үшін тамаша материал. Кішкентай қызыл үшбұрыш блогы кішкентай қызыл үшбұрышты балыққа жеңіл айнала алады, ал үлкен көк шеңберлі блок Карлсонға арналған тәтті нан табағы бола алады. Дьенеш блоктары және логикалық текшелерді қолдана, балалармен түрлі ойындардың сценарийлерін ойлап табуға болады.
Мысалы: «Бағбаншы» ойынын ойнап, гүлзарларға әдемі гүлдерді отырғызайық.
Әр «бағбаншы» өзіне гүлзар таңдайды, үлкен түсті шеңбер және кезекпен логикалық текшені лақтырады. Оның гүлзарында өсетіндер: 3 үлкен, әдемі, бірақ үшбұрышты емес гүлдер.
Гүлзарлар былай болуы мүмкін:
- үлкен қызыл шеңбер,
- үлкен қызыл шаршы,
- үлкен қызыл тікбұрыш.
Сосын гүлдер өздерін таныстырады, өздері туралы әңгімелейді (түсі, нысаны, қалыңдығы бойынша), гүлзарға қалай келгендерін, өздерінің гүл өмірлік тарихы.... Барлық текшелерді лақтыру міндетті емес, яғни 4 белгісі мен анықталған санда блоктарды таңдауда. Қанша және қандай текше лақтыруда, алдымен балалармен келісіп алу керек. Ойында логикалық пішіндер (3 қасиетте) және логикалық блоктар (4 қасиетте) қолданылады.

ҚОНЖЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМДАР.
Материал: 9 қонжық бейнелері, қасиеттер белгілері бар карточкалар, логикалық пішіндер немесе Дьенеш блоктары.
ОЙЫН МАҚСАТЫ:
• заттарды бір – төрт қасиеттері бойынша салыстыру ептіліктерін дамыту
• сөздерді түсіну: "түрлі", "біркелкі"
• қасиеттерді терістеу түсінігіне жақындату.
Ойын сипаттамасы:
1 нұсқа: балаларға қонаққа қонжықтар келді. Қонақтарды немен тамақтандырамыз? Біздің қонжықтар тәттіге құмар және печеньені өте жақсы көреді, әсіресе түрлі түсті, түрлі нысанды. Бізге қандай материалды печеньеге «айналдыру» ыңғайлы? Әрине, блоктар және логикалық пішіндер. Кәне, қонжықтарды тамақтандырайық. Қыздар тамақтандырады. Печенье сол және оң табандарында тек нысаны жағынан айырмашылықта болу керек.
Егер қонжықтың сол табанында шеңберлі «печенье» болса, оң табанында шаршы немесе тікбұрышты немесе үшбұрышты (шеңберлі емес) болу керек.
Ал енді ұлдар тамақтандырады. Қонжықтар табанындағы печеньелер тек түсімен ғана айырмашылықта болады.

Одан әрі ойын шарты: печеньенің айырмашылығы екі белгі бойынша: 
түсі және нысаны,
түсі және көлемі,
көлемі және нысаны және т.б.
Ересек жастағы балалармен жұмыста «печенье» айырмашылықтары 3 – 4 қасиеттер бойынша мүмкінді. Бұл жағдайда Дьенеш блоктары қолданылады. Барлық нұсқаларда бала кез – келген блокты «печеньені» бір табанына таңдайды, ал екінші табанына тәрбиешінің ұсынысы, ереже бойынша таңдайды
2 нұсқа – қасиеттік белгілері бар карточкалар қолданылады.
Ойын әрекетінің реттілігі (алгоритмі).
Қасиеттік белгілері бар карточкаларды бір бумада «қағанағын» жоғары қаратып қояды
Бала сол бумадан кез - келген карточканы алады
Осындай қасиетті "печеньені" табады
Тек осындай қасиеті бар тағы бір печеньені іздейді
Қонжықты тамақтандырады 
• "Жазады", қонжықты қалай тамақтандырғанын. Бала таңдады 
Мысалы: «үлкен» карточкасы таңдалынды.
Бала логикалық пішінді таңдады: үлкен, қызыл үшбұрыш.
Екінші печенье: кішкентай қызыл үшбұрыш.
Печенье көлемі бойынша айырмашылықта.
Күрделілендіру: айырмашылығы тек біреу ғана емес, екі, үш және төрт қасиеті бойынша.
Ойында 4 қасиеті бойынша айырмашылықты табуда Дьенеш блоктары қолданылады.
Ойында сандық текшелерді емес, логикалық текшелерді қолдануға болады.
Ойында жарыс элементтерін қолдануға болады, қай топ жылдам қонжықты тамақтандырады.

СУРЕТШІЛЕР.
Материал:
• "Суреттер үлгілері" – үлкен түсті қатырма қағаз парақтары
Сурет композициясын құру үшін қатырма қағаздан қосымша бөліктер;
Блоктар жиынтығы
Ойын мақсаты:
зат нысанын саралау ептілігін дамыту
оларды қасиеттері бойынша салыстыру ептілігін дамыту
көркемдік қабілеттерін дамыту (түсін, орналасуын, аясын таңдау (композиция).
Ойын сипаттамасы:
Балаларға үлгілер бойынша «суреттерді салу» ұсынылады. Бірінші суретті бірнеше адам бірден «салуға» болады. Балалар суретке «үлгі» таңдайды, аясына арналған қағазды, келешектегі суреттің бөліктерін, керек блоктарды. Егер үлгіде бөлік тек жиектелген (бөлік сұлбасы) болса – онда жіңішке блок таңдалынады, егер бөлік боялған – онда жуан блок. Мысалы, пілдер бейнесі бар суреттер үлгісінде, бала қосымша бөліктерді: пілдердің 2 басы, күннің көзі, көл, пальманың жоғары ұшы, жануарлар мен блоктар таңдайды.
Жұмыс соңында суретшілер өз суреттеріне атау ойлап табады, суреттер көрмесін құрады, ал экскурсия жетекшісі көрме қонақтарына суретте не бейнеленгенін әңгімелеп береді.


ДҮКЕН.
Материал: Тауар (заттар бейнесі бар карточкалар) Логикалық пішіндер.
Ойын мақсаты:
қасиетті жалпылау мен айқындау ептілігін дамыту
өз таңдауын дәлелдеу мен пайымдау ептілігін дамыту
Ойын сипаттамасы:
Балалар өте көп ойыншықтары бар дүкенге келеді. Әр балада 3 логикалық пішін «ақша». Бір «ақшаға» бір ғана ойыншық сатып ала алады.
Сатып алу ережесі: бір логикалық пішін қасиеті бар ойыншықты сатып алуға болады. Ережені күрделендіруге болады, ойыншықты екі қасиеті бойынша таңдау (мысалы, үлкен шаршы, көк шаршы және т.б.)
жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау