Кіріспе
Золтан Дьенеш – ол ұлы венгерлік математик, психолог және педагог, ол стандарттық түсінікті өзгерткен адам, яғни математика қызықты ғылым емес деп саналады және шығармашылықтан алыс. Дьенеш әдістемесі мектеп жасына дейінгі және ересек жастағы балаларға ойын нысанында түрлі математикалық түсініктерді игеруге көмектеседі, сонымен қатар бала үшін маңызды психологиялық процессті дамытады. Золтан Дьенеш, өзінің мол педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып және психология саласында зерттеулер нәтижесімен, математиканы оқып үйренудің 6 кезеңінің теориясын әзірледі және логикалық блоктар мен ойын құралдары түрінде тиімді көрнекі материалдарды жасап шығарды. Дьенеш жүйесі балалардың шығармашылық пен зияткерлік нышандарын белсенді дамытуда ата – аналар мен педагогтарға көмектеседі. Математикалық түсініктерді оқып үйренудің алты кезеңінің авторлық теориясы. Золтан Дьенештің өмірі әр уақытта педагогикалық әрекет пен математиканы терең оқып үйренуге тығыз байланыста болған. Педагог барлық жастағы балалар математиканы жеңіл және қызықты оқып үйренуге көмектесетін әдістемені әзірлеуге құлшынды. Тәжірибелік ұстанымы және жас ерекшелік психология білімі негізінде Дьенеш барлық жас санатты балалармен математиканы оқып үйрену бойынша авторлық бағдарлама жасады, осылай ол оның жүйесінің іргетасы болып шықты. Педагог авторлық әдістемеде ата – аналарға, педагогтарға түрлі логикалық ойындарды, дамытушы оқу құралдыры мен қызықты математикалық тапсырмаларды қолдануды ұсынады. Берілген педагогикалық құралдар баланың математикалық сабақтарға деген қызығушылығын ынталандыру үшін керекті. Золтан Дьенеш математиканы оқып үйренудегі алты кезең туралы теорияны әзірледі және тәжірибеде мақұлдады. Жүйе авторы математикалық түсініңтің бірінші кезеңін «еркін ойын» - деп атады. Оның мәні, бала педагогтан кез – келген тапсырма алады, оны сыналар мен қателер көмегімен нұсқаларды абыл – сабыл іріктеуге жүгіне, жылдам шешуге тырысады. Берілген кезең баланы тапсырмамен таныстырады, оны ол табысты орындау керек. Осы сәттен бастап баланың оқып үйрену кезеңі басталады. Берілген тапсырманы шешудегі көптеген талпыныстардан кейін, баланы «ойын ережесі» атты екінші кезеңге жатық ауыстыру жүзеге асырылады. Ережені оқып үйрену Золтан Дьенешүшін маңызды үйрету сәті деп саналады, яғни бала ойын ережесінің білімінсіз берілген тапсырманы басынан аяғына дейін шеше алмайды. Ережеде балаға деген ең маңызды ақпарат бар, оны педагог балаға жеткізуге тырысады. Үшінші кезеңде салыстыру процесі жүргізіледі. Ересек адамдар мен балалар біріге жұмыс үшін бірнеше математикалық тақырыптарды қолданғаннан кейін, берілген ойынның мазмұнын салыстыру кезеңі басталады. Әдістеме авторы баланы ұқсас ережелермен сипатталатын ойындарды ойнауға үйретуге, ата – аналарды және педагогтарды шақырады, бірақ бұл ретте түрлі дидактикалық материалдар қолданылады. Мысалы, бір тапсырманы блоктарда ойнауға болады, сосын геометрикалық пішіндерде, түймелерде немесе қояндарды оюда. Нәтижеде бала дәл осы уақытта немен ойнап отырғанына тәуелсізде, ол өз әрекеттерінің дұрыс алгоритміне жетуі тиіс. Бұл кезең балада ойлау абстрактісін дамытады. Төртінші кезең балаға ойын барысында санның абстракті мәнін қабылдауға көмектеседі. Золтан Дьенеш көзбен көруді дамыту үшін түрлі бейнелі диаграммаларды, ойын мен кестелер карталарын қолдануды ұсынады. Бесінші кезеңде бала түсінуге көшеді, яғни екі және көп адымдар топтамасы бір нәтижеге әкеледі. Жүйе авторы осы кезеңді символдық деп атаған. Ойын карталарын сипаттау үшін түрлі белгілер түрінде арнайы тілді қолдану керек. Бала ойын процесінде өзіндік белгілік жүйесін құрады. Қорытынды кезең барлық аталған кезеңдерден ұзақ болады. Алтыншы кезеңде ойын карталарының түрлі нұсқада сипаттамалары беріледі, керекті логикалық нәтижеге жеткізетін арнайы ережелер анықталынады. Бала педагогпен бірге аксиома мен теория түсінігінің мазмұнын зерттейді, сонымен қатар аксиомадан теоремаға көшетін ережелерді үйренеді. Көптеген ересек адамдар, бала түсінігінде математикалық түсініктер теориясын оқып үйрену түсініксіз және күрделі деп санайды. Золтан Дьенеш осы теорияны үш жастан сегіз жастағы балалар үшін, олардың тәндік және жас ерекшеліктерін ескере отырып құрды. Осыған байланысты, ол балалармен тәжірибелік сабақтарда аса қызығушылықпен және жеңіл қабылданады. Ересек адамдар үшін басты міндет – шыдамдылық, әдістеменің ерекшеліктерін түсіну, сонымен қатар көрнекілік материалдарды қолдануға үйрену. Нәтижесінде балалар жоғары деңгейдегі күрделі математикалық тапсырмалар мен жаттығуларды жеңіл және жылдам шешеді. Дьенеш логикалық блоктар ойынын Золтан Дьенеш логикалық блоктар әзірлеген, олар балаларды математикалық негізін жеңіл ойын нысанында оқытып үйретуге көмектеседі. Берілген оқу құралыды баланың үш жасынан бастап қолдануға ұсынылады. Логикалық блоктар балаларды түрлі түстермен, нысаны мен көлемін түсінуге таныстырады. Дьенеш блоктарымен ойнауда, балада логикасы, зейіні, қиялы, есте сақтауы және маңызды психологиялық процестері белсенді дамиды. Авторлық дидактикалық материалмен жұмыс барысында балада түрлі заттық әрекеттерді орындау дағдылары қалыптасады, тілі дамиды, сараптау, жалпылау, салыстыру, алынған ақпаратты жинақтау ептілігі дамиды, сонымен қатар шығармашылық қабілеттері ашылады. Ойын үшін жинақта 48 логикалық блоктар кіреді, олар нысаны, түсі, жуандығы және көлемі жағынан айырмашылықта.
Дьенеш блоктары негізгі геометриялық пішіндер түрінде берілген: шеңбер, тікбұрыш, шаршы, үшбұрыш, сары, қызыл және көк түсте боялған. Геометриялық пішіндер үлкен және кішкентай өлшемде орындалған, сонымен қатар жіңішке және жуан пішіндер түрінде.
Белгілер:
Дөңгелек- Үшбұрыш- Шаршы-
Тіктөртбұрыш-
сияқты төрт геометриялық фигуралардың формаларын білдіреді.
геометриялық фигуралардың түсін білдіреді.
Салынған Формасыз заттар: үй (көп терезелі) -үлкен дегенді білдіреді. Салынған
үй( 2 терезе) -кішкентай дегенді білдіреді.
Салынған адам: -жіңішке дегенді білдіреді. -қалың дегенді білідреді.
Жинақта геометриялық пішіндер бірдей параметлі болмағаны маңызды. Блоктармен ойынға кірісер алдында, баланы берілген дидкатикалық құралмен алдын – ала таныстыруды ата – аналға Золтан Дьенеш кеңес етеді. Бала алдына жинақты жайғастырыңыз да, оған толық еркін әрекет беріңіз. Ол оларды теріп шыға, сипап сезіне, қолында ұстай және олармен ойнай алады. Бейімделу кезеңінен кейін, балаға кішігірім тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Мысалы, баладан берілген материалдардың ішінен тек көк пішіндерді теріп алуды немесе көлемі және жуандығы бойынша пішіндерді бөлуді сұраңыз. Осындай тапсырмалар балаларды математикалық түсініктің негізімен таныстырады. Золтан Дьенеш блоктар негізінде көптеген математикалық ойындар әзірлеген. Дидактикалық жинаққа нақты нұсқаулық берілген, оның беттерінде авторлық әдістемесінің мәні мен жаттығулар және ойындардың нұсқалары сипатталған. Олардың кейбіріне нақтылы тоқталайық: Бала алдына ата – анасы үштен аса түрлі пішіндерді жайғастырады. Бала пішіннің негізгі қасиеттерін мінездеп, оларды жаттап алуы керек. Әрі қарай бала теріс айналады, ал ересек адам пішіндер орындарын ауыстырады, бір пішінді алып тастайды немесе бір пішінді жаңа пішінмен ауыстырады. Баланың міндеті пішіндермен қандай өзгеріс болғанын білу. Барлық оқу құралын педагог тығыз маталы қапқа салады. Бала сипап – сезу арқылы қаптан тек барлық үлкен немесе барлық кішкентай пішіндерді алып шығуы керек. Ата – аналар жоғарыда айтылған тапсырмаға ұйқас жаттығудың түрлі нұсқаларын ойлап табуға болады. Тізбекті баламен жалғастырыңыз, блоктарды көлемі, түсі, жуандығы немесе нысаны бойынша алмастырып отырыңыз. Мысалы: көк, қызыл, көк және т.б. Баламен тізбекті жайғастырғанда, көлемі бойынша, нысаны және түсі бойынша түрлі және керісінше ұйқас пішіндер қатар болғандай етіп орналастыру керек. Ересек адамдар жаттығулардың көптеген нұсқаларын құруға болады, олар балаға салыстыру, сараптау және синтездеу ептілік машықтарын игеруге көмектеседі. Балаға әр пішінге көлемі, нысаны, түсі және жуандығы бойынша жұбын табу керек. Мысалы, үлкен көк түсті үшбұрыш жұбына кішкентай көк үшбұрышты алады және т.б. Бала алдына ата – аналар сегіз блокты жайғастырады және олардың бірінің астына кесілген сурет немесе тиын түрінде қойма жасайды. Бала қойманы тез табуда, ересек адамдарға түрлі жетекші сұрақтарды қояды. Бұндайда ата – аналар жауапты бір сөзбен ғана айта алады: иә немесе жоқ. Барлық алынған ақпаратты саралап болғаннан кейін, бала қойма орынын табады. Ойын барысында ересек адамдар баламен рөлдерімен ауысады: ересек адамдар қойма орынын табады, ал бала жетекші сұрақтарға жауап береді. Тығыз матадан жасалған қапқа педагог бір пішінді тығады, ал бала жетекші сұрақтар көмегімен және алынған жауаптар бойынша тығылған блоктың нысаны, көлемі, жуандығы және түсі туралы табады. Бір – бірінен арақашықтықта екі блок және үш блок жайғастырылады. Әрі қарай блоктар қай жағынан көп, қай жағынан аз екенін балаға салыстыру ұсынылады. Осыған орай баладан берілген блоктарды қалай теңестіруге болатынын сұрауға болады. Педагог қатарда алты түрлі пішіндерді жайғастырады. Баланың міндеті, пішіндер астында қарама – қарсы пішіндер жатқандай етіп, төменгі қатарды қалыптастыру керек . Олар түсімен, көлемімен немесе нысандарымен айырмашылықта болуы мүмкін. Арнайы кестелерде, оларда қойылған пішіндерімен дұрыс блоктарды таңдап алу керек, олар қатарды аяқтайды. Дидактикалық материалдар көмегімен баламен «Домино» ойнауға болады. Бұл үшін барлық пішіндер ойыншылар арасында тең бөлінеді. Әр ойыншы кезекпен жүреді. Егер балада керекті пішін жоқ болса, онда ол жүру жолын келесі ойыншыға береді. Кімде пішіндер қалмаса, сол жеңімпаз аталынады. Бала арнайы сызба – суреттер көмегімен түрлі заттардың жазықтықты бейнесін қояды. «Жинау» ойынында анасы қорапқа барлық тікбұрышты блоктарды салады, ал бала – барлық қызыл. Сосын анасы барлық үлкен блоктарды жинайды, ала бала – тек жіңішке пішіндерді және т.б. Дьенеш блоктары тиімді дидактикалық материал болып саналады, ол өзінде құрастыру элементтері мен дамытушы ойындарын сәтті үйлестіруде. Логикалық блоктармен жұмыс процесінде балалар алдымен бөлу және пішіндерде бір ғана қасиетті дерексіздендіру машықтарын алады: түсі, жуандығы, көлемі және нысаны. Бірер уақыттан кейін, балалар жоғары деңгейлі күрделі тапсырмаларды орындайды. Осымен бірге заттың екі және көп қасиеттері зейінге алынады. Логикалық блоктармен тапсырма жұмысының қолайлығы үшін, ата – аналарға үш нұсқа берілген, олар түрлі деңгейлі күрделілігімен айырмашылықта. Логикалық блоктар ойынының нәтижесі педагог немесе ата – аналардың кәсіпқойлылығы мен баланың жекешілді ерекшелігіне байланысты. Золтан Дьенеш ересек адамдарға жұмыс барысында баламен ынтымақтастықта болуды ұсынады, оның әрекетін сынамау және өз қатесін өзі түзетуге мүмкіндік беру. Дьенеш жүйесіндегі құрсаулармен ойындармен Золтан Дьенеш құрсаулармен логикалық ойындар әзірлеген, олар балаларда логикалық ойлауларын және кеңістікте бағдарлау қабілеттерін өте дамытады. Ойын алдында балаға негізгі терминологияны түсіндіру керек – құрсаудың «ішінде» және «сыртында». Бұл мақсат үшін, ата – аналар екі стандартты құрсауды пайдаланады, олар бір – бірінен түстерімен айырмашылықта, мысалы, күлгін және жасыл, оларды кез – келген қатты жерге орналастырады. Әрі қарай балаға келесі аспектілер түсіндіріледі: жазықтықтың қай бөлігі екі құрсаудың ішінде орналасқан; күлгін құрсау ішінде, бірақ жасыл сыртында; жасыл ішінде, бірақ күлгін құрсау сыртында; екі құрсау сыртында. Золтан Дьенеш педагогтар мен ата- аналарға бір, екі және үш құрсаумен ойнауды ұсынады. Кейбір ойындар мазмұнын нақты қарастырайық. Бір құрсаумен ойынға логикалық блоктар мен құрсауды дайындау керек. Әрі қарай балаға құрсау ішіне тек сары түсті блоктарды салуды ұсыныңыз, ал құрсау сыртына қалған блоктарды. Ақпаратты бекітуде келесі сұрақтарды қоюға болады: Құрсау ішінде қандай материалдар жатыр? (Сары). Құрсау сыртында қандай блоктар жатыр? (Сары емес). Ойын процесінде балаға логикалық блоктардың негізгі түсін өзінді таңдауға мүмкіншілік етіңіз. Екі құрсаумен ойынға логикалық блоктар мен құрсауларды дайындау керек, олар күлгін және көк түсте айырмашылықта болу керек. Қатты жазықтықта құрсауларды орналастыру керек, олардың қиылысуынан кейін жалпы бөлік болу керек. Әрі қарай балаға құрсаудың түрлі аумағына тұруды ұсыныңыз, сонымен қатар сөздерді айтуға: құрсаудың ішінде және сыртында. Мысалы, күлгін құрсау ішіне тұр, бірақ көк құрсау сыртына немесе екі құрсау ішіне тұр. Сосын бала екі құрсау ішіне логикалық блоктарды жайғастырады. Мысалы, күлгін құрсау ішіне барлық көк блоктарды жайғастыру керек, ал сары ішінде – шеңбер пішінді блоктарды. Осы ойындағы блоктар екі негізгі қасиет бойынша анықталынатынын айтып кету керек: түсі және нысаны. Аса күрделі деңгейлі ойын, ол үш құрсаумен ерекшелінеді. Бұл берілген ойында балалар блоктарды үш белгілері бойынша сұрыптауды орындайды. Ойын үшін сегіз облыс болғандай құрсаулырды орналастыру қажет. Әрі қарай бала мен ата – аналар құрсауға қатынасы бойынша түсімен ерекшеленетін берілген облыстарды атайды. Мысалы, жасыл және қызыл құрсау ішінде, бірақ күлгін құрсау сыртында немесе үш құрсау ішінде. Облыстармен таныстырғаннан кейін, ересек адамдар балаға құрсауларда заттарды орналастыруды ұсынады: қызыл түсті құрсау ішіне шаршы пішінді блоктарды жайғастыр, күлгін түсті құрсау ішіне – үлкен көлемді блоктарды, жасыл ішіне – сары блоктарды. Материалды қайталау мен бекітуде, балаға құрсаулар ішіне орналасқан материалдар бойынша қосымша сұрақтарды қою керек. Құрсаулармен ойындар балаларға зейіндерін, есте сақтауларын, бейнелі ойлауларын дамытуға көмектеседі және те сараптау мен синтездеу операцияларына үйретеді. Дьенеш логикалық пішіндерімен ойындар Дьенеш жүйесінің негізінде түрлі жас санаты үшін көптеген құралдар әзірленген. Дьенеш логикалық ойындарын үш жастағы балаларда және бірінші сынып оқушылары да ойнай алады. «Кәне бірге ойнайық» жинағына жазық логикалық пішіндер енгізілген, олар Дьенеш блоктары мен қасиеттер белгілерімен арнайы карточкаларды қайталайды. Дьенеш логикалық пішіндері балаларды негізгі геометриялық нысандармен және көлемдермен таныстырады. Жеңіл ойын нысанында, балалар, алынған ақпаратты кодтауға және кодсыздандыруға үйренеді, саралау мен синтездеуді жүзеге асырады, сонымен қатар балаларда маңызды психологиялық процестер мен креативті ойлаулары дамиды. Белгілермен карточкалар көмегімен балалар математикалық белгілерді қолдану машықтарын игереді және белгілер жүйесін оқып үйренеді. Ата – аналар мен педагогтар үшін бүгінде Дьенеш пішіндерімен және белгілерімен көптеген ойын нұсқалары берілген. Сонымен қатар балаңыздың жекешілді ерекшелігін есепке ала, ойынның өзіндік нұсқаларын ойлап табуға болады. Бірнеше логикалық пішіндер мен белгілері бар карточкалармен ойындарды қарастырайық. «Шыршаны моншақпен безендірейік» ойыны реттік санауға үйретеді, сызбаларды талдау ептіліктерін іскерілетеді, сонымен қатар баланың абстракті ойлауын дамытады. Жұмыс үшін шырша бейнесін, логикалық пішіндерді және белгілері бар карточкаларды дайындау керек. Ойын мақсаты: шыршаны бес қатар моншақпен безендіру. Әр қатарда үш моншақ саналады. Карточкадағы сан жіптің реттік нөмірін белгілейді. Шыршаны жоғарыдан төмен безендіру керек. Сызба бойынша бірінші қатарды моншақтармен безендіру керек. Мысалы, үлкен көк шеңбер, кішкентай көк үшбұрыш және үлкен көк шарша. Ұқсастығы бойынша қалған моншақтарды орналастырамыз. Осыған орай штрихталған шеңбер жіптегі моншақтың орынын көрсетеді. «Дүкен» ойыны балаларда өз таңдауларын дәлелдеуге, пайымдауға, дәлелімдеу ептіліктерін дамытады. Ойын процесінде логикалық пішіндер мен түрлі заттар суреттерімен карточкалар қажет. Бала өзіне ойыншықтар дүкеніне келгенін елестетеді. Тауарды сатып алу үшін, арнайы ақшаны қолданады – логикалық пішіндер. Бір купюраға тек бір тауар ғана сатып алынады. Сатып алу ережесі, тек бір логикалық пішіннің қасиеті бар ойыншықты сатып алуға болады. Ойыншықты таңдау бойынша бала үшін ата – анасы тапсырманы күрделендіруі болады. Мысалы, ойыншықты сатып алуда, логикалық пішіннің екі қасиетін есепке алу. «Суретшілер» ойынында балаларды заттар қасиетін салыстыруға үйретеді және эстетикалық қабілеттерін дамытады. Ойын үшін алдын – ала логикалық пішіндер мен суреттің арнайы эскиздерін және суретті безендіру үшін қосымша бөліктерді дайындау керек. Бала эскиз бойынша суретті салу керек. Бала мен ата – аналар біріге эскизді, қағазды, суретке керекті бөліктер мен логикалық пішіндерді таңдайды. Жұмыс процесінде бала, суретті дұрыс салуда көптеген ерекшеліктерді есепке алу керек. Мысалы, егер бөлік боялған болса, онда көлемді пішінді пайдалану керек. Бөлік сұлбасы жазықтықты пішінді қолдануды білдіреді. Сурет толығымен құрылған кезде, оны атау керек және онда не бейнеленгені жөнінде әңгімелеп беру керек. «Кәнекей бірге ойнайық» жинағы балалар ұйымында балалардың жекешілді өзінді білімдерін жетілдіруде және ұжымдық ойындарда қолдануға ұсынылады. Дьенеш жүйесінің артықшылығы Дьенеш жүйесі ата – аналар арасында, мысалы Никитинаның ойындар әдістемесі немесе Воскобович ойындары сияқты әлде қайда әйгілі емес. Берілген жүйе және оның көп функциялы дидактикалық материалы балаға, оның жасы мен дайындық деңгейіне тәуелсізде, бірден ұнап қалады. Логикалық блоктар балада ойлаудың түрлі бейнесін дамытуға көмектеседі, жаттығулар мен тапсырмаларды шешуде оның әлеуетін ашады. Егер баламен сабақтарда пішіндер мен Дьенеш блоктарын күнделікті қолданса, онда балада жеделді есте сақтауы және кез – келген заттың қасиетін мінездеу ептілігі қалыптасады. Жеңіл ойын барысында, бала заттар параметрлері мен геометриялық нысандарды оқып үйренеді. Балалар салыстыруды, ақпаратты сараптауға, керекті шешім қабылдауға математикалық үлгілер, логикалық тізбектер және қатарлар құруға үйренеді. Осымен бірге Дьенеш блоктары қызықты сюжеттерімен,қойылған тапсырманың қызықты шешімдерімен ерекшеленеді. Дьенеш жүйесі балалардың креативтік, эстетикалық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіншілік жасайтын, тиімдіде және ізгілікті деп танылған.
Дьенештің логикалық жүйесі -жанама дидактикалық құрал.
Карточкаларды қолдану балалардың пішіндерді ажыратып, пішіндерден түрлі заттарды жасауға болатынын, модельдеп, әр нәрсенің сұлбасын жасауға үйренеді. Логикалық блок балалардың ойлау және іс-әрекет кезеңдерін дамытып, пішіндердің айырмашылығын білуге үйретеді. Бала бойында математикалық дайындық қалыптасады.
Затты түсіне, пішініне сәйкес сипаттауға үйренеді. Ұқсас заттарды салыстырып топтастыруға үйренеді. Заттардың ерекшелігін, қасиетін сезім мүшелері арқылы танып қиялдап әңгімелейді. Дьенеш блогын қолдану негізінде бала өзімдік жұмыс жасауды түсінеді және оны қолдануға тырысады. Өз ойын айта отырып заттардың құрамдарына қарап салыстыра білуі дамиды. Классификациялау және жалпылау әрекеттері дамиды. Логикалық әрекеттерге және операцияларға деген қабілеттілігі дамиды.
Әрбір пішін төрт түрлі қасиетімен ерекшеленеді: түсі, пішіні, өлшемі және жуандығы. Бұл жиынтықтың ерекшелігі: бірдей екі пішінді кездестірмейміз.
Логикалық (блок) жүйені ағаштан немесе пластикадан жасаған дұрыс. Жазық
логикалық блоктың пішіндерін картоннан, пластиктан жасауға болады. Логикалық блоктан басқа, бұл жұмысқа (5х5см) карточкалары қажет. Бұлардың түсі, пішіні, жуандығы, өлшемі -жүйеде (блокта) берілген қасиеттерге тән болуы керек. Карточкаларды қолдану балалардың пішіндерді ажыратып, пішіндерден түрлі заттарды жасауға болатынын, модельдеп, әр нәрсенің сұлбасын(схемасын) жасауға үйренеді.Бұл қасиеттер бала бойында осы пішіндермен ойын барысында дамиды. Карточкалар балаға көрнекі ойлау қабілетінен, көрнекі схеманы анық көруіне көмектеседі. Логикалық блок балалардың ойлау және іс-әрекет кезеңдерін дамытып, пішіндердің айырмашылығын білуге үйретеді. Бала бойында математикалық дайындық қалыптасады. Олар: ажырату,салыстыру,топтастыру, айырмашылығына қарай іріктеу және «немесе», «не» және деген логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Дьенештің геометриялық фигураларынан үйлерді, машиналарды, мұнараларды, ұяларды және т.б.жинастырғанда балалар үлкен танымдық маңыздылыққа ие болады. Балалардың геометриялық фигуралардың қасиеттерін қалай түсінгендерін тексеру үшін арнайы код енгізілді, ол графикалық жағынан геометриялық фигуралардың қасиеттерін суреттер арқылы көрсетеді. Бұл мақсатта тәрбиеші мектепке дейінгі балаларға профессор Семаденимен ұсынылған кодты пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |