Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы



жүктеу 1,44 Mb.
бет5/12
Дата17.11.2017
өлшемі1,44 Mb.
#556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы



1. М. Люшердiң түстiк таңдау тестi. Түстiк таңдау әдiстемесiнiң теориялық негiзi С.Л.Рубинштейннiң тұлғаны организмдiк, индивидуалдық және әлеуметтiк бiрлiк ретiнде қарастыратын концепциясына сүйенедi. Тұлға базисi ретiнде неғұрлым тұрақты эмоционалдық, тұлғалық тенденцияларды бейнелейтiн индивидтiң қасиеттерi алынады.

Бұл әдiстемесiнiң адаптацияланған қысқаша варианты зерттелушiнiң қандай да бiр әрекетке деген бағыттылығын, функциональды жағдайын, тiптi неғұрлым тұрақты тұлғалық қасиеттерiн бейнелейдi.

М.Люшер тестi психологиялық зерттеулердiң қандай саласында болмасын кеңiнен қолданылады. М.Люшер түстердi таңдау тестiнiң бiз қолданып отырған вариантындағы түстер /8/ негiзгi және қосымша түстер болып бөлiнедi.

Негiзгi түстерге- көк, жасыл, қызыл, сары түстер: ал, қосымша түстерге-кұлгiн, қоңыр, қара, сұр түстер жатады.

Әдiстеме субьектiнiң түстiк эталондарға деген саналы қатынасын ғана емес, сондай-ақ сол түстерге деген санадан тыс реакцияларын да диагностикалайды. Мұндағы қосымша түстер жағымсыз тенденциялар; қобалжу, стресс, қорқынышты бастан кешiру, депрессия көрсеткiштерi ретiнде сипатталады.

Түстердiң психологиялық сипаттамасына тоқталайық.



  • Көк түс қанағаттануға, терең, жақын қатынас орнатуға деген қажеттiлiктi, аффелятивтi қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Жасыл түс-өзiнiң позициясын қорғауға деген, қорғаныс типiндегi агрессивтiлiкке деген, өзiндiк бекуге қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Кызыл түс-жетiстiкке жетуге, белсендi әрекетке, қозғалысқа, әр нәрсеге эмоционалды қатысушылыққа деген қажеттiлiк, болашаққа, перспективалық табыстарға деген үмiттi көрсетедi. эмоционалды бастан кешiру мен қарым-қатынас ең қажеттi болып табылады.

  • Кұлгiн түс-реалды шындықтан қашуға деген қажеттiлiк, өмiрге ақиқаттан тыс талаптар қою, субьективтiлiк, индивидуалдық, иррационалдық талаптарға ұмтылу, эмоционалды кемелденбеушiлiктi көрсетедi.

  • Қоңыр түс-қобалжу деңгейiнiң төмендеуiне, психологиялық және денелiк комфортқа деген қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Қара түс-қарсылық арқылы тәуелсiздiкке ұмтылу көрсеткiшi және кез келген беделге, сыртқы орта қысымына деген жағымсыз қатынасты көрсетедi.

  • Сұр түс-енжарлыққа деген тенденцияны, тыныштық, демалысқа деген қажеттiлiктi көрсетедi. Субъектiнiң таңдап алған түске деген қатынасын бейнелейтiн функциялар анықталды және оларға мынадай кодировка берiледi [44].

Ең бiрiншi және екiншi қаланған түстер анық қалауды көрсетедi. Бiрiншi позицияда тұрған түс әрекет етудiң негiзгi тәсiлiн, екiншi түс зерттелушiнiң ұмтылатын мақсатын көрсетедi. үшiншi, төртiншi позициядағы түстердi қалап алынған түстер деп атайды. Бұл арқылы заттар мен ситуациялардың әрекет ету тәсiлдерiнiң шын мәнiндегi нақты ситуациялық жағдайы, жәйтi бейнеленедi. Бесiншi, алтыншы позициядағы түстер селқос таңдалған түстер ретiнде белгiленедi.

Бұл түстердiң тұлғаға сол кездегi нейтралды әсерiн көрсетедi. Зерттелушi мотивтерiн, көңiл-күйiн, функционалдық қалпын Бұл түстермен байланыстырмайды. Жетiншi, сегiзiншi позициядағы түстер түске деген жағымсыз қатынасты көрсетедi. Зерттелушiнiң осы түстермен қатысты мотивтердi, көңiл-күйдi басуға ұмтылғаны көрiнедi.

Қобалжу көрсеткiштерi. Егер негiзгi түстердiң бiрi, одан кейiнгi позицияда орналасса, бұл негативтi эмоционалды қалыпты, дискомфортты, өзiнiң қоршаған ортадағы статусына қанағаттанбау сезiмiн, конфликтi көрсетедi. Негiзгi түс 8-позицияларда орналасса, 1-позициядағы түс компенсация көрсеткiшi ретiнде қарастырылады. Калыпты жағдайда компенсация негiзгi түс болуы керек. Егер Бұл жерде қосымша түс тҮрса, дискомфорттың тереңдiгiн көрсетедi.

Жұмыс қабiлеттiлiк көрсеткiштерi. Жасыл түс түрлі әрекет барысындағы қиындықтарға деген ерiк-жiгердiң күштiлiгiн, икемдiлiгiн көрсетедi. Қызыл түс те ерiк-жiгер күштiлiгiн көрсетедi. Сары түс адамның жетiстiкке жетуге деген үмiтiн, әрекет барысындағы кей детальдарды саналы түсiнбесе де әрекетке қатысудан оқыстан қанағат алушылықты көрсетедi.

Бұл үш түс алғашқы позицияда орналасса, жақсы жұмыс қабiлеттiлiк туралы болжамды көрсетедi. Егер бұл үш түс соңғы позицияда болып, бiр-бiрiнен алшақ орналасса жұмыс қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейiн көрсетедi.

Негiзгi түстер арқылы анықталатын индивидуалды-тұлғалық ерекшелiктер:



  1. Көк түс 1-позицияда орналасса, негiзгi қажеттiлiк-аффелятивтi болады, тежелу процестерiнiң динамикалылығы, профотрофты тенденцияның басымдылығы, тәуелдiлiк, сыртқы орта әсерiне сезiмталдық, реакциялар инерттiлiгi, қобалжу, мазасыздық көрiнедi. Конформдылық, шиеленiстен қашу, пассивтiлiк, тез шешiмге келе алмау, рефлексияға деген қабiлет байқалады. Көк түстiң жасыл түспен бiрiге келуi үйлесiмдiлiктi көрсетедi.

  2. Жасыл түс 1-позицияда болса, онда сол тұлғаға тән қасиеттер. енжар қорғаныс реакциялары, сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, мақсатқа ұмтылудағы табандылық, неғҮрлым нақтылыққа, нақты ғылымдарға деген тропизм, өзiнiң тұлғалық бағалауына деген әлеуметтiк критерийлерге өте сезiмталдық, инерттiлiк, қызығушылықтың, нұсқаулардың тұрақтылығы, бәсекелесуге деген ұмтылыс.

  3. Кызыл түс 1-позицияда орналасса, сол тұлғаға тән қасиеттер: сыртқы ортаға жауап берудiң стеникалық типi, белсендiлiкке деген қажеттiлiк, дербестiк, доминанттылық, авторитарлық, қызығу, iзденiс белсендiлiгi. Импульсивтiлiк, агрессивтi қылықтар, агрессивтi реакциялар.

  4. Сары түс 1-позицияда болса, онда мынадай қасиеттер тән: сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, эмоционалдық тұрақсыздық, экстраверттiлiк, оптимизм, инфантилизм, қызығушылықтың тұрақсыздығы, демонстратив тiлiк, шыдамсыздық қасиетi басым болады.

2. Сандра Бемнің «Маскулинділік-Фемининділік» сауалнамасы

Зерттеуде С.Бемнің тұлғаның андрогинділік, маскулинділік және феминділік деңгейін бағалау жолымен психологиялық жынысты диагностикалау әдістемесі қолданылды.

С. Бемнің пікірінше мінездің кейбір сипаттары «жыныссыз», әмбебап болады, ал кейбір сипаттары дәстүрлі түрде әдеттегі ерлердің және әйелдердің психологиясымен байланысады. Кейбір типтес әйелдік және еркектік сипаттар өзіндік эволюциялық-генетикалық және физиологиялық негіздерге, алғышарттарға ие. Мысалы, агрессивтілік және доминанттылық деңгейлері (типтес еркектік сипаттар болып қарастрылатын), жеке даралардағы еркектік жыныс гормондары – андрогендердің коцентрация деңгейімен арақатынас орнататыны белгілі. Басқа мінез қырлары әлеуметтену, тәрбие және тұлғаның дамуы барысында қалыптасады. Маскулинділік пен фемининділіктің әлеуметтік стереотиптерінің бар екені кездейсоқ емес. Алайда, белгілі бір әйелдік немесе ерлік психологиялық сипаттар биологиялық және әлеуметтік факторлардың, яғни, екі топ факторларының қосылған әсерінің нәтижесінде қалыптасады. Бұл мән мәтін бойынша психологиялық жыныс негізінен биологиялық жыныстан ерекшеленеді. Әдістемеде «психологиялық жыныс» феноменімен байланысты айтылатын үш негізгі түсініктерді атап шығайық – маскулинділік, фемининділік, андрогинділік.

Маскулинділік. Әдетте еркектік сипаттраға дәстүрлі түрде келесі сипаттарды жатқызады: тәуелсіздік, қайсарлық, доминанттылық, агрессивтілік, тәуекелге баруға бейімділік, өзіне деген сенімділік және т.б. Арнайы зерттеулерде агрессивтілік андрогендердің көлемімен арақатынас орнататыны белгілі болған. Тағы басқа зерттеулерде маскулинді индивидтерде жалпы өзін құрметтеу, академиялық жетістіктерде және өзінің физикалық сыртқы бейнеі бойынша жоғары өзін-өзі бағалау көрінген.

Фемининділік. Дәстүрлі түрде әйелдік сипаттарға көне білушілік, жұмсақтылық, сезгіштік, ұялшақтық, нәзіктік және т.б. жатқызады. Фемининділіктің әлеуметтік стереотиптері тұлғаның жыныстық жақтарына және мансаптағы жетістіктерге азырақ қатысты, бірақ эмоционалды аспекттерге көп мағына беріледі.

Андрогинділік. Бар түсініктерге байланысты индивид анық көрінетін тек психологиялық маскулинділік немесе тек фемининділікке ие болу міндетті емес. Андрогинде осы сипаттар өте үйлесімді және өзара толықтыра отырып көрінеді. Маскулинділік пен фемининділік сипаттарының мұндай үйлесімді интеграциясы андрогинді типтің бейімділік мүмкіндіктерін жоғарылатады [45].


Кесте 2 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің әйел адамдар көрсеткіштер


Зерттелуші реті

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

1







0, 9288

2

-1,0449







3







0,3483

4

1,2771







5







0,1161

6







0,4644

7







0,6966

8







-0,3483

9







0,3483

10







-0,1161

11







0,1161

12







0,3483

13







0,8137

14







0,4644

15







0,2322

16







-0,4644

17







0,3483

18







-0,2322

19







0,1161

20







0,6966

21







0,2322

Кесте 3 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің нәтижелері




Зерттелінушілер

Саны

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

Ерлер

25

4

0

17

Әйелдер

25

1

1

19

Кесте 4 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің нәтижелерінің пайызық көрсеткіштері




Зерттелінушілер

Саны

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

Ерлер

25

19 %

0 %

81 %

Әйелдер

25

5 %

5 %

90 %

Маскулинділік ер зерттелушілердің 19 % белгіленген, қалған 81 % андрогинділікті көрсеткен. Ал әйелдерде 90 % андрогинділікті көрсетіп, 5 % маскулинділік, 5 % фемининділік белгіленген. Осылайша, жалпы зерттелуші топта саны бойынша андрогинді жыныстық тип ең көп болып отыр, содан кейін маскулинді және ең аз фемининді жыныстық типпен сәйкес келеді.


Кесте 5 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің ер адамдар көрсеткіштері


Зерттелуші

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

1







-0,2322

2







0

3







-0,1161

4







-0,2322

5







-0,5805

6







-0,1161

7







-0,5805

8







-0,4644

9







-2,3222

10







-0,5805

11







0,3483

12







0,2322

13







0

14

1,0449







15







-0,3484

16







-0,4644

17

-1,3932







Здесь продолжение пишется

18







0,8117

19

-1,3932







20

-1,0449







21







0,8127

Кесте 6 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің топтық нәтижелері




Гендерлік рөл

Зерттелінушілер саны

Пайздық көрсеткіш

Маскулинділік

5

12 %

Фемининділік

1

3 %

Андрогинділік

36

86%


3. Жарнама өнімдері әсер етуінің гендерлік ерекшелігін анықтау сауалнамасы

Берілген сауалнамада әрбірі жеке белгілі бір өнімді жарнамалайтын, баспасөз жарнамаларының 20 үлгісі қолданылды. Олардың ішінде 10 жарнама үлгілері ерлер аудиториясына арналған тауарлардың жарнамалары қолданылды. Оларды атап өтсек: көлік, темекі, көлік шинасы, теледидар, моторлы май, ерлерге арналған сусабын, сыра, сөмке, планшет, тіс пастасының жарнамалары.

Зерттеу көзқарасынан еркектердің зейінін тауарға аударту үшін не керек екені және әйелдерге ерлерге арналған жарнаманың қалай әсер ететіні қызықты болды. Сонымен қатар, әйелдерге арналып жасалған 10 жарнама үлгілері қолданылды. Ерін далабы, әтір, тушь, шаш бояуы, кірұнтақ, асыл тасты жүзік, асыл тасты алқа, сағат, тон, сөмкелерінің жарнамаларының үлгілері таңдалған. Бұл тауарлар әелдермен ассоциацияланады және әйелдердің өмірінің өзіндік атрибуттары болып табылады.

«Quattroruote», «Bazaar», «Cosmopolitan» журналдарында орналастырылған жарнама макеттері қолданылды. «Bazaar», «Cosmopolitan» журналдары әйелдерге бағытталған болғандықтан, ол жерде тек әйелдердің тауарларының жарнамалары орнатылған. Ал «Quattroruote» ерлерге арналған журнал, сәйкесінше онда ерлерге арналған жарнама үлгілері орнатылған.

Сауалнама 6 сұрақтан тұрады және анонимді турде жүргізілді. Олардың алғашқы екеуі зерттелуші туралы жалпы мәлімет, яғни, жасы, жынысы, қалған 4 сұрақтар – жабық сұрақтар. Жабық сұрақтар – жауаптарының варианттары бар сұрақтар.

Бұл сұрақтардың сауалнама үшін таңдалып алынғаны: біріншіден, олар жауапты қатаңырақ, нақтырақ өңдеуге мүмкіндік береді, екіншіден, тек қана талқылаулар мазмұнын шығарып қана қоймай, бағалаудың интенсивтілігін шығаруға мүмкіндік береді. Тек 4 қана негізгі сұрақ таңдалған себебі: біріншіден, сауалнаманы жүргізу процедурасы жылдам және оперативті өтеді, ал екіншіден, респонденттердің шыдамын сынамаймыз, адамдар егер сұрақтар тым көп болып жатса, жауап беруде ұқыпсыздық көрсетеді.

Әрбір 4 сұраққа барлық көрсетілген жарнама үлгілері бойынша жауап беріліп отырды.

Жарнамалық өнімдердің әсер етуінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу үшін қазіргі күні ең кең тараған зерттеу әдістерінің бірі – сауалнама қолданылды. Бұл әдіс бақылау арқылы шығаруға мүмкін емес, сонымен қатар респондентке зерттеушінің әсер ету деңгейі минималды болуы жетістігі болып табылатын, ақпарат жинауға ең эффективті тәсілдердің бірі [46].

Сауалнамадан алынған нәтижелер

«Lexus» көлігі жарнамасының үлгісі («Quattroruote» журналы)

1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма?



Берілген жарнама ерлердің 80 % назарын аудартты, ал әйелдердің 43 % бұл жарнама назарын аудартпады. Берілген жарнама ерлерге бағытталған, сондықтан бұл жарнама эффективті деп қорытынды шығарсақ болады. Ерлер әдетте суреттерде минимализмді ұнатады және бұл жарнамада біз минимализм мен нақтылықты көреміз.




Диаграмма 1 – Название


№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Ерлердің 80 % бірінші кезекте суретке назар аударған, ал қалғандары түске. Ал әйелдердің 70 % суретке көңіл аударса, 25 % жарнама мәтініне (жеке алғанда көліктің марка атауына), 5 % жарнама түсіне бірінші кезекте көңіл аударған.

3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба?Респонденттердің ішінде ерлердің 72 % жарнаманың мәтін мұқият қарап шыққан. Ал қалған 28 % жарнама мәтініне мүлдем көңіл аудармаған, жарнама мәтінінің тек басты тақырыбын қараған. Әйелдердің 75 % мәтінді мұқият қарамаған.

4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған?

Ерлердің барлығы жарнаманы ерлерге арналған деп жауап берді. Ал әйелдердің 25 % жарнама екі аудиторияға да бағытталғандығын көрсетті. Бұл жарнама ерлер аудиториясына бағытталғандықтан, беілген жарнама ерлерге арналған, яғни көрсеткен нәтижелер бойынша бұл жарнаманы эффективті деп айтсақ болады.



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау