Бiз өмiр сүретiн әлем түрлі-түстi бояуға толы екендiгi түсiнiктi. Бұл түстер бiздi бей-жай қалдырмайды. Өздерiнiң белгiлi бiр әсерiн тигiзiп отырады және адамның өзiне керектi заттарды олардың түстерiне сәйкес таңдауыөоның көңiл күйiне, мiнез ерекшелiктерiне, қоғамдағы орнына, жыныстық ерекшелiктерiмен ұлттық ерекшелiктерiне, яғни ол адамның өзiне деген субъективтi қатынасына, өзi туралы ой-пiкiрiне байланысты болады.
Табиғаттың басқа құбылыстарында психология дәл түстегi сияқты үлкен роль атқармайды десе болады. Түстерге нейтралды қарау мүмкiн емес. Түстердi көрген кезiмiзде бiзде белгiлi бiр сезiмдер пайда болады: симпатия немесе антипатия, түстiң жағымды болуы немесе түстер бiзде шиеленiскен қалыптарды тудыруы мүмкiн. Адам түстердiң қатынасын талдауы екi жақты жүргiзуге болады, яғни:
түстердiң қабылдануын және түрлі әсерлер қалдыруын;
түстердiң адамды сипаттауын, яғни түстер арқылы адамның өзiндiк мiнез ерекшелiктерiнiң бейнелеуiн қарастыруға болады.
Осы бағытта жүргiзiлген эмпирикалық зерттеу нәтижесiнде төмендегiдей тұжырымдар жасауға болады.
Жарнамалық бейненiң адам психикасына әсер етуi он қабылдаушының жастық, жыныстық және тұлғалық сана-сезімі ерекшелiктерiне тәуелдi болады.
Тұтынушылардың жарнамалық түстерді қабылдауында олардың гендерлік ерекшеліктері маңызды роль атқарады.
Адам психикасына жарнамалық түстердің әсердiң жағымдылығы, оның түстiк қалаулар мен гендерлік сипаттағы құндылықтарымен шарттастырылған.
Жарнамалық тауарларды қабылдау, оның пайдалық маңыздылығы мен құндылықтарының арасында өзара тығыз байланысты орнатуды көздейдi. Қорыта келгенде, түрлі жыныс өкілдері таңдайтын тауарлары өзiндiк түстiң безендiрiлуi гендерлік ерекшеліктерге сай түстердi қалаудың үстемдiлiгiмен ерекшелiнедi. Бұл өз кезегiнде түстердi қалаудың жыныстық ерекшелiктерiмен тауарды таңдаудағы жарнамалық түстердің әсері арасындағы өзара байланыстың бар болуы туралы зерттеу болжамын толығымен растайды.
Ал осы бағытта жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн жарнама психологиясының өзектi мәселелерi талдау да жарнама агенттерi мен БАҚ-тағы жарнамалық роликтердi жасауда және жарнаманың вербалды емес жүйесiндегi психологиялық қызмет аясында кеңiнен қолдануға болады.
Қорытынды
Бұл диломдық зерттеу жұмысында жарнама өнімдерінің әсер етуінің гендерлік ерекшеліктері сөз болды. Теориялық зерттеу бөлімі үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын бір бөлімнен тұрады.
Жалпы және әлеуметтік психологиядағы әсер ету түсінігі, жарнамалық әсер ету, жарнаманың адамға әсер етуінің психологиялық үлгілері, сонымен қатар жарнаманы қабылдауда таным процесстерінің рөлі туралы, жарнаманың әсер етуінің психологилық үлгілері, жарнаманың әсер етуінің гендерлік ерекшеліктері анықталады. Ресейлік, шетелдік психолог-ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.
Соңғы уақытта Қазақстанда жарнама іс-әрекеті қызу өрістеуде және сәйкесінше ғалымдар бұл мәселеге қызығушылықтарын танытуда. Жарнаманы өндіруде, зерттеуде әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерді, жас ерекшеліктерін, гендерлік ерекшеліктерді ескеру қажет. Жарнама өнімдері адамның психологиялық, жеке алғанда гендерлік ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.
Жарнама өз мақсатына толық жету үшін жарнама мәтінін, бейнесін, түсті таңдауда адам психикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Жарнаманың психикалық әсеріне- зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік-психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге – когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.
Жарнама мына жағдайда керек: жаңа ешкімге таныс емес фирма пайда болғанда; пайдаланушыға әлі таныс емес тауар ұсынғанда; нарық бір типті тауарлармен толғанда және сатушы дәл өзінің өніміне зейін аудару керекті болғанда; сату көлемі төмендегенде; сатушы сатудың көлемін тез кеңейтуді жоспарлағанда, жаңа клиенттерді өзіне қаратқанда, жаңа нарық территориясын «иемдену» керек кезінде.
Жарнама әсерінің психологиялық тиімділігін дұрыс түсінбеу осы бағыттың методологиялық дамуына зиянын тигізеді. Тиімділікті жарнамамен тауар сатудың арасындағы тура байланыс деп түсінеді, яғни жарнаманың тұтынушының қалауларына әсер ете алатын қабілетін ғана бағалайды. Ең негізгісі – жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс. Осы бағыттағы психологиялық теория мәселелері жарнаманы қабылдаудың психологиялық құрылымы және соған сәйкес жарнамалық әсер етулердің психологиялық аспектілері жатады.
Жарнамада әсер ету ең маңызды функция болып табылады. Ал эффективті әсер ету белгілі жарнама дәл қай аудиторияға арналғанын ескермей, нақты есепсіз мүмкін емес. Тұтынушы адамдардың арнайы ерекшеліктерін, олардың қалауларын, мүмкіндіктерін есепке алмай, «жалпы» жасалған жарнаманың әсері эффективті болады деп айта алмаймыз. Бір жарнама әйелдер мен ерлерде түрлі реакцияларды тудырады. Жарнамадағы гендерлік контекст теориялық мәнінен басқа, аса маңызды практикалық мәнге ие – эффективті жарнама туралы, егер ол бағытталған топтың гендерлік ерекшеліктерін ескерген кезде ғана айтуға болады.
Зерттеу жүргізу кезеңінде, біздің болжамдар расталып, алынған нәтижелер бойынша жарнама өнімдерін қабылдау тұлғаның өзiндiк сана-сезiмi мен гендерлік ерекшелiктерiне тiкелей байланысты екені және жеке алғанда жарнама өнімдерін қабылдаудағы тұтынушылардың гендерлік ерекшеліктері жарнамадағы түстер мен ақпараттарды талдауынан анық көрінетіні дәлелденді. Сондықтан, зерттеу жүргізу нәтижесінде қойылған зерттеу мақсаты мен міндеттері орындалды.
Сонымен қорыта келе, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында әдістемелер арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, зерттеу жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Крысько В.Г. Социальная психология: Курс лекций. – 3-е изд. – М.: Омега-Л, 2006. – 352 с.
Майерс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер, 1997. – 688 с.
Мокшанцев Р.И., Мокшанцева А.Р. Социальная психология: Учебное пособие для ВУЗов. – изд: Сибирское соглашение, Инфра-М, 2001. – 401 с.
Журавлев А. Л. Социальная психология. Учебное пособие. – М.: ПЕР СЭ, 2002. – 351 с.
Парыгин Б.Д. Социальная психология. Проблемы методологии, истории и теории. – СПб.: ИГУП, 1999. – 592 с.
Сухова А.Н., Деркач А.А. Социальная психология: Учебное пособие для вузов. – Серия: Высшее образование, 2001. – 600 с.
Бехтерев В.М. Внушение и его роль в общественной жизни. – СПб.: ИГУП, 2001. – 256 c.
Адлер А. Понять природу человека. – СПб.: Академический проект, 1997. – 59 с.
Мюнстерберг Г. Основы психотехники. – Спб.:Изд. дом "П.Э.Т" при участии изд-ва "Алетейя": Креноп, 1996. – 349 с.
Лебедев-Любимов А. Психология рекламы. – СПб.: Питер, 2002. – 368 с.
Мануйлов М. А. Психология рекламы. – М.: ГТИ, 1925. – 433 с.
Мокшанцев Р.И. Психология рекламы. – Изд: Инфра-М, Сибирское соглашение 2009. – 232 с.
Шуванов В.И. Психология рекламы. – Изд. 3-е. - Ростов н/Дону: Феникс, 2006г. – 320 с.
Кон И.С. Психология половых различий // Вопросы психологии. – р 1981. – № 2. – с.47-57.
Русалов В.М. Пол и темперамент // Психологический журнал. – 1993. – № 6. – 64 с.
Анастази А. Дифференциальная психология. – М.: Апрель-Пресс, 2001. – 745 с.
Шляхтин Г.С. Влияние личностных особенностей на восприятие времени // Ананьевские чтения-97: Тезисы научно-практической конференции. – СПб., 1997. – c.148-149.
Виткин Дж. Правда о женщинах (14 мифов, сочиненных мужчинами). – СПб.: Питер, 1996. – 255 с.
Ильин Е.П. Дифференциальная психофизиология мужчины и женщины. – СПб.: Питер, 2003. – 366 с.
Кёниг Т. Психология рекламы: ее современное состояние и практическое значение. – М.: Современные проблемы, 1925. – 270 с.
Лебедев А.Н., Боковиков А.К. Экспериментальная психология в российской рекламе. – М.: Изд. центр "Академия", 1995. – 134 с.
Солсо Р. Когнитивная психология. – 6-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 589 с.
Берн Ш. Гендерная психология. – СПб.: Прайм–ЕВРОЗНАК, 2001. – 320 с.
Гермогенова Л.Ю. Эффективная реклама в России. – М., 1994. – 276 с.
Грошев И.В. Гендерные образы рекламы. – М.: Вопросы психологии, 2000. – № 6. – c.36-38.
Безлатный Д.В. Психология в рекламе: искусство манипуляции общественным сознанием. – М.: ООО "Ваш полиграфический партнер", 2011. – 236 с.
Зарецкая Е.Н. Деловое общение. – М., 2002. – 712 c.
Зазыкин В.Г. Психология в рекламе. – М.: ДатаСтром, 2002. – 550 с.
Уэллс У., БернетДж., Мориарти С. Реклама: принципы и практика. – СПб.: Питер, 2006. – 760 с.
http:// ww.elitarium.ru
http:// www.synaesthesia.ru/whatis.html
Дзикевич С.А. Эстетика рекламы. – М.: Гардарики, 2004. – 232 с.
Бадалов Д. С, Кисмерешкин В. Г. Регулирование рекламной деятельности. — М.: Рекламный совет России, 2005. – 353 с.
Викентьев И. Л. Приемы рекламы и public relations. — СПб.: ТРИЗ-ШАНС, 2005. – 360 c.
Дейян А. Реклама / Общ. ред. В. С. Загашвили. — М.: АО Издательская группа "Прогресс", 2003. – 445 с.
Кудин П. А., Ломов Б. Ф., Митъкин А. А. Психология восприятия и искусство плаката. — М.: Плакат, 2007. – 372 с.
Фридлендер К. Т. Путь к покупателю (теория и практика рекламного дела). — М.: ВСНХ ЦУП России, 2006. – 515 с.
Хромов Л. Н. Рекламная деятельность: искусство, теория, практика. Настольная книга делового человека — менеджера и бизнесмена. — Петрозаводск: АО "Фолиум", 2004. – 448 c.
Тулупов В.В. Теория и практика рекламы. – М.: Изд-во Михайлова, 2006. – 317 c.
Волкова А.И. Основы психологии рекламы. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2005. – с. 38-39.
Песоцкий Е. А. Реклама и психология потребителей / Е. А. Песоцкий, - Ростов-на-Дону: Феникс, 2004 г. – 422 с.
Гафизова Н.Б. Роль средств массовой информации в формировании и поддержании традиционных ролей мужчин и женщин // Практикум по гендерной психологии. – СПб., 2003. – c.113-118.
Сэндидж Ч. Реклама. Теория и практика: учебное пособие. – М., 1989. – 284 c.
Пронина Е.Е. Психологическая экспертиза рекламы: теория и методика психотехнического анализа рекламы. – М.: РИП-холдинг, 2002. – c. 44-46.
Теория и методология гендерных исследований/ под ред. Воронов О.А. – М., 2001. – 243 c.
Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. – Самара, 1995. – 412 c.
Достарыңызбен бөлісу: |