«Sobranie» темекісі жарнамасының үлгісі («Quattroruote» журналы)
№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Бұл жарнама ерлердің 40% ғана назарын аудартты, әйелдерді бұл жарнама мүлдем қызықтырған жоқ.
№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз?
Берілген жарнамаға көңіл аударғанда әйелдерге бірінші көзге түскен жарнаманың түсі, қара фон. Ал ерлердің 60% бірінші кезекте темекі бейнесіне көңіл аударған, 30% жалпы қара түсті фонға, 10% жарнама мәтініне көңіл аударған. Бұдан көретініміз, әйелдер суреттегі жеке бөліктері мен фонға көбірек көңіл аударады, ал еркектер бірінші орында басты негіз болып тұрған бөлікке көңіл аударады.
Диаграмма 2 - Название
№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Бұл сұрақ бойынша ұқсас нәтижелер көрініп отыр, темекі жарнамасында басты көзге түсерлік тақырыбын ерлер де, әйелдер де мұқият қараған.
№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған?
Әйелдердің 72% жарнаманы ерлер аудиториясына арналғанын, 38% екі аудиторияға да арналғанын көрсеткен. Ал ерлер 84% берілген жарнаманың ерлерге арналғанын, 16% ерлерге де, әйелдерге де бағытталғандығын көсеткен.
«Firelli» көлік шинасы жарнамасының үлгісі («Quattroruote» журналы)
№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Бұл сұрақ бойынша қарама-қарсы нәтиже шығып отыр, ерлердің 68% жарнама көңілін аудартса, 32% назарын аударта алмаған, ал әйелдер керісінше, 68% жарнама назарын аудартпай, 32% бұл жарнамаға көңіл аудаған.
№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Берілген диаграммада көріп отырғанымыздай, ерлердің 56% бірінші кезезкте жалпы суретке көңіл аудаса, қалған 44% жарнама мәтініне назар аудаған. Әйелдер бұл жарнамада 60% жалпы суреттің жеке бөліктеріне (оның ішінде, адамға, артқы фондарға), 40% жарнаманың түсіне көңіл аударған.
Диаграмма 3 - Название
№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Ерлер әйелдерге қарағанда жарнама мәтінін түсінікті мәтін ретінде қабылдаған, ал әйелдер тек жарнаманың басты тақырыбына ғана мұқият қараған.
№ 4сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған?
Ерлер де, әйелдер де берілген жарнаманың ерлерге арналғанын көрсеткен.
«Toshiba» теледидар жарнамасының үлгісі («Quattroruote» журналы)
№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Берілген жарнама ерлердің барлығының назарын аудартқан, ал әйелдердің 20% бұл жарнама қызықтырмады.
№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Ерлердің барлығы бұл жарнаманы көгенде бірінші кезекте басты назарда тұрған элементке, яғни теледидар суретіне мән берген. Ал әйелдердің 40% мәтінге (нақтырақ, логотипке) көңіл аударса, 30% жалпы фонға, жарнама түсіне, 30% теледида суретіне көңіл аударған.
Диаграмма 4 – Название
№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Бұл жарнаманың мәтінін көргенде ерлер тез арада өнімнің техникалық мүмкіндіктерімен танысып, мәтінді жеңіл қабылдады. Ал әйелдер өз кезегінде мәтінді толығымен оқымай, оны «қабылдауға қиын мәтін» ретінде бағалады.
№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Берілген жарнама ерлерге бағытталған болғанымен, бұл сұрақтың нәтижесі бойынша, ерлердің де, әйелдедің де ойларынша берілген жарнама екі топқа да арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |