Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Одан (Гур., Маң.) – оғаш. Одан сөзді айтпа. Мошқау



жүктеу 2,58 Mb.
бет29/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Одан (Гур., Маң.) – оғаш. Одан сөзді айтпа.
Мошқау (Гур., Маңғ.) – егжей-тегжейіне дейін тәптіштеп сұрау. Айдарханов тергеуді осылай бастап, Есеналының анкетін толтырып алғаннан кейін, колхоздың мемлекеттік жоспарды орындауына оның неліктен «қарсы» болатындығын мошқай бастады. Есеналыны 2 сағаттай мошқап, күдікті ешнәрсе таба алмаған Айдархановтың өзі де іштей аң-таң боп қалды.
Үй құрылысына байланысты айтылатын сөздер:
Жолым үй (Гур., Маңғ.; Рес., Орын.; Түрікм., Красн. Ашх., Таш.)– 3-4 қанатты шағын ғана киіз үй. Батыс говорларынан басқа түркі тілдерінің ішінде тек қырғыздарда ғана кездеседі.«Жолум үй» - жылқышы мен қойшыларға арналған керегесіз кішкене киіз үй [38, 259-б.], мағынасында айтылады. Түркі тілдерінің басқасында кездеспейді. Батыс аймақтағы қазақтар тілінде «жолым үймен» қатар «жолма үй» деген атау да бар. С.Аманжолов оны – балаған, шалаш деп түсіндіреді. Шындығына келгенде, осылардың бәрі қалмақ тіліндегі : жолм (шалаш) сөзімен тамырлас та, ал «үй» түркі тілі қабылданғаннан кейінгі түсінік ретіндегі қосымша болар. В.Радловта «цоламуі» – тек қазақтарға тән деп көрсеткен [39, 98-б.].
Терме үй (Гур., Маңғ.; Рес., Адам., Бөр.) – киіз үй. Кейде бір тілден екінші тілге сөз ауысқанда , ол белгілі бір шағын көлемнен аспай, тіпті бір говордың бәрін қамти алмайтын кездері де болады. Сырт қарағанда, тұрғын қазақтарға бұл сөз көршілес отырған башқұрт тілінен ауысқан деуге болады. Ал башқұрттарға қалмақ тілінен еніп, мағыналық өзгеріске ұшыраған. Қалшақша : терме – киіз үй керегесі. Бір тілден екінші тілге ауысқанда, кейде оның мағынасы да өзгеріп отыруы жиі кездесетін құбылыс. Мысалы : якут тіліндегі «эмий» («желін» мағынасындағы) сөзі долгандарға ауысқанда «сүт» мағынасына ие болған. Ал якуттар сүтті – үүт тұлғасында айтады. Сөйтіп түптей келгенде, «терме үй» тамыры қалмақ тілінен байланысты демекпіз. Шаржау (Гур., Маңғ.; Орда.,Жән.) – шымылдық. Монғолша шаршау. Сайғау (Гур., Маңғ.) – үйдің төбесіне жабатын жіңішке ағаштар. Монғол тілінде һайғау дейді.

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау