Ағлоб //Әғлөп //Аглоп (Бат.Қаз.; Астрах.; Волг.) – жетектерте /ор. оглобля/.
Атшөлке (Қ.Орда.: Қарм., Сыр., Шиелі.; Ақт., Ырғ.) – киізден жасалған қамыт /ор. шлея/.Атқа атшөлке кигізіп, төртесіз жегеміз.
Өгіз қамыт (Ақт., Тем.) – мойынтұрық, жарма /ор. хомут/.
Телешкі (Орал., Қарат.) – тіркеме. Онымен отын-су, шөп тасиды. /ор. тележка/.
Шүйдерке (Ақт., Ойыл.) – ершік /ор. седелка/. Аттың шүйдеркесін салып, белінен мықтап байла.
Нәлік (Гур.) – арбаға жегілген өгіздің басына байлайтын шынжыр, бас жіп. /ор.налычаг/. Бұл сөз орыстың налычаг сөзінен алынған. «Налычаг» сөзін орыстың халықтық говорларының сөздігі мен академиялық сөздігінен ғана кездестірдік. Онда облыстық деп көрсетілген: «Налычаг» Обл. Ремень или веровка, надеваемая на рога запряженных волов и служащая поводом». Бұдан қазақ говорларына орыстың говорларының да әсер еткенін байқауымызға болады.
Шөлке // Шлике (Қост., Жан., Ақт., Ырғ.) – түйе қамыты. /ор. шлея/.Шәлкені кигізіп түйені арбаға жек. Шөлке //Шлике сөздері /қамыт/ орыстың шлея сөзінен емес, шлейка вариантынан алынған. Бұдан барып атшөлке біріккен сөз пайда болған.
Рандан арба (Маңғ.) – қалқанды арба
Құрал-сайман, жабдық атаулары:
Гіребек (Гур: Тең.) – шаңға салған балықты аудастыратын құрал. /ор. гребок/. Ол шаңдағы балық гіребекпен аударыстырды.
Каток тас (Ақт., Шалқ.) – қырманда астық бастыратын тас, шыңтас /.каток/. Жергілікті жерде «каток тас» астық бастыратын тас мағынасында қолданылады. Бұл орыстың «каток» сөзінен шыққан болу керек. Мұз айдыны мағынасындағы каток сөзін есептемегенде, оған омонимдес, басқа бір каток сөзінің бес мағынасының үшінші мағынасы ғана қолданылып тұр. Оның орыс тіліндегі мағынасы : «З.Каток. Приспособление, машина с врашающим ся на оси целиндром для укатывания, выравникания дороги, грунта и т.п.».
Кашагер (Орал., Жән.) – көсеу; от көсейтін темір. Орыс тілінде кочегар деген сөз пешті жағатын кісі формасында қолданылады. Осыған байланысты кочегар сөзінің мағынасы ауысып, кейбір жерде пештің отын көсейтін құрал мағынасында жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |