Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



жүктеу 1,35 Mb.
бет12/15
Дата12.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#42119
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
22.06.20 Калыбаев А.Б. диссертация

Нәтижелерді талқылау
Түбегейлі, күрделі трансформация жолындағы Қазақи білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің тиімді өзгерісі үшін, атап айтқанда - ДС арттыру үшін, білім беру саласы мамандарының денсаулық сақтау мамандарымен бірге серіктесіп жұмыс жасауы өте маңызды. Кез-келген реформалар қоғамдағы сұранысқа негізделуі қажет. Қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне негізделген мектеп бағдарламаларын әзірлеу барысында денсаулық сақтау қызметкерлері орта мектеп мұғалімдерінен педагогикалық, дидактикалық дағдыларды игеріп, педагогтар медицина мамандарынан проблемаға-негізделіп оқытуға қажетті денсаулыққа байланысты құнды ақтапарат алады. Орта мектеп биология, дене шынықтыру (ДШ) сабақтары ДС жоғарылатуға септігін тигізетін негізгі пәндер болып саналады және денсаулықты нығайтудың тиімді құралы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын ескере отырып, балалар арасында денсаулық сауаттылығы өте аз зерттелген тақырып. Осы зерттеуіміздің нәтижесінде, оқушылардың бестен бір бөлігінде ғана ДС жоғары деңгейін және сондай деңгейдегі ДС төмен көрсеткішін байқадық. Америка Құрама Штаттарында, Азия елдерінде ересектерге жүргізілген зерттеулер респонденттердің 10-20% төмен деңгейдегі ДС баяндағын [20, 21]. Жоғарыда келтірілген зерттеулер функционалды ДС көрсеткішін зерттеген, жасөспірімдер функционалдық ДС туралы мәліметтер аз. Германиядағы 15–29 жастағы балалар арасында жүргізілген зерттеулер респонденттердің 6,8% - ында қанағаттанарлықсыз ДС және 40,5% -да проблемалық ДС бар екендігі анықталды [22]. Kayupova және әріптестерінің зерттеуіне сәйкес, ДС ерлер үшін (34,0 ± 8,6) және әйелдер үшін (33,49 ± 9,4) анықтап, олардың 15,5% қанағаттанарлықсыз және 30,0% проблемалық ДС деңгейін тіркеген [9].
ДС көрсеткішінің элективті пәндерге қатысқан оқушыларда жоғары көреткішті көрсетуі – сабақтардың тиімділігін көрсетеді. Steckelberg және Lämmle әріптестерімен ДС арттыруға арналған бастамалардың жақсы қабылданып, жеңіл қолданысқа енетіндігін және оқушылардың денсаулыққа байланысты критикалық ойлауын дамытатындығын жазады [10, 23]. Осы зерттеуде қолданған интеграцияланған оқыту жүйесі оқу үрдесінде жоғары маңызға ие болғанымен, педагогтармен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері бұл бастамаға әрқалай қарайды [23]. Кейбір мұғалімдер бұл саланы әр мұғалімнің міндеті деп түсінеді, басқалары мұны мұғалімдер, ата-аналар, денсаулық сақтау қызметкерлерінің бірлескен әрекеті деп санайды, ал кейбір мұғалімдер денсаулық туралы білімді жеке пәндерге біріктіруге күмәнмен қарайды [25].
Осы зерттеуіміз салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралардың оқушылар денсаулық сауаттылық деңгейіне оңтайлы әсерін көрсетті. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, психологиялық күйзелістің алдын алуға арналған шаралар туралы респонденттер төмен деңгейде біледі. Қазақстандық жастар арасында суицид деңгейі жоғары болғандықтан, бұл бағытта жұмыс жасау өте маңызды [26]. Дәлелдемелерге негізделген ғылыми әдебиеттер мектептегі психологиялық күйзелістің алдын алуға арналған шаралар әлеуметтік дағдыларды дамытуға, өзін-өзі басқару, өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу сияқты дағдыларын жетілдіруге, жағымды қатынастарды орнатуға көмектесіп, девиантты мінез-құлық қалыптасуының алдын алып [27], психикалық денсаулыққа оң ықпал ететіндігі [28] және психикалық ДС жоғарылатадығы баяндалған [29].
Мектеп бағдарламасында дене шынықтыру пәніне басты назар аударылатындығы сауаланаманың нәтижесінен көреміз. Алайда, мектеп қабырғасындағы игерген дағдыны күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі аз. Бұл тұжырымдамаға Vancampfort және әріптестернің зерттеуі дәлел болады: қазақстандық жастардың 33,8% дене белсенділігінің төмен екенін анықталып, 1 апта ішінде 150 минуттан аз орташа және күшті физикалық белсенділік танытады [30]. Орта білім бағдарламасын бітіреннен кейін дене шынықтыруды күнделікті өмірлік дағдыға айналдыруға мектеп қабырғасында қарқынды түрде дене шынықтырумен айналысу септігін тигізетіндігін Швед ғалымдары баяндағанымен [30], Vancampfort et al., деректерінен Қазақстандық тәжірибенің басқаша екендігін көреміз [30]. Бұл көріністің себебі – дене шынықтыру әдістемесінің жетілмегендігінде. Мұғалімдер дене шынықтыру жаттығуларын насихаттау үшін сабаққа қатысушы әрбір оқушының денсаулық жағдайын, қызығушылығын ескеру кажет. Өкінішке қарай, кеңестік жүйемен дайындалған мамандар дене шынықтыруды - спорттық жарыстарда жеңіске жету құралы ретінде немесе әскери дайындық сипатында қабылдайды [32]. Дамыған елдерде дене шынықтыру бағдарламалары халықтың денсаулығын нығайту, аурудың алдын-алу шарасы ретінде қарастырылады. Бейімделген дене белсенділігі - «Денсаулық биотехнологиясы», «қолдану аясы кең ем» ретінде насихатталып, баршаға қол жетімді, қауіптілігі аз экономикалық тиімді шара ретінде денсаулық сақтау және білім беру мамандары бірігіп жүзеге асырылады [33]. Бейімделген және оңай қол жетімді салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бағдарламаларды енгізу - ДС жоғарылатады.
Nutbeam және оның тобының ДС туралы концепциясы оқушылардың ДС деңгейін бағалауда тиімділігін көрсетті [34]. Бұл концепция денсаулық сауаттылығы туралы әдістеменің жан-жақты қарастырылуын және денсаулық пен оған әсер ететін факторларды маңызды перспективалық бағыт ретінде қарастырады. Бұл тәсілді әрі қарай дамытып, тек оқушылармен щектеліп ұана қоймай, қалың бұұараның ДС жоғарылату туралы зерттеулер жүргізу - болашақтың үлесінде. Осындай сипаттағы зерттеу жүргізуге үлкен көлемді адами капитал талап етіледі. Бұл зерттеуің бірқатар шектеулері бар: сауаланаманы балалардың өздері толтырды, сол себептенде, сұрақтарды түсініп, жауып беруде қателік болуы мүмкін. Сонмыен қатар, респонденттер саны және уақыт көлемі (бір оқу жылы) шектеулі болды. Зерттеудің мәліметтерін саралап, талқылауға уақыт көп кетеді. Алынған мәліметтер осы салада жүргізілетін болашақ аналитикалық зерттеулер жүргізуге ізашар болады деген сенімдеміз.



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау