Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Биология пәнінде салауатты өмір салтына баулу әдістемесін жетілдіру тәсілдері



жүктеу 1,35 Mb.
бет8/15
Дата12.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#42119
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
22.06.20 Калыбаев А.Б. диссертация

2.2 Биология пәнінде салауатты өмір салтына баулу әдістемесін жетілдіру тәсілдері

Денсаулық дегеніміз - адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі болып табылады. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім алатын мектепке және қоршаған ортаға байланысты екені даусыз.


Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі.
Мектепте оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
-Біріншіден ,жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын дамыту;
-Екіншіден салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып,сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ, әрине ата-анасымен және мұғаліммен бірге болатыны баршаға белгілі. Сондықтан сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етері көрініп-ақ тұр.
Сондықтан да әріптестеріміздің есіне салатын ең маңызды нәрсе - сабақ жоспарын құруда өзімен бірге айналасындағы адамдардың тікелей қарым -қатынаста болатын баланың денсаулығы басты назарда болуы тиіс екендігі есте болған жөн.
Адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әуес болып табылатындығы белгілі. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар аударылуда. Сондықтан да, биология сабағында оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеуге баса назар аударылуы керек.
Биология сабағында салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мыналарды көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, биология сабағында оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім - оқу ордасындағы басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әр сыныпта мұғалім алдында отырған оқушылар да сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Биология сабағы медициналық білімдердің негізі, денсаулық сақтау саласы бойынша алғашқы білімдердің негізін береді. Ал денсаулық болса адам бақытының бірінші байлығы. Әр жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу керек. Денсаулық - салауатты өмірдің кепілі. Осы салауатты өмірдің кепілін, оның қыр - сырын білу басты міндет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу екені белгілі. Сол тәрбиенің бір түрі биология пәнін оқыту барысында беріледі.
Жалпы алғанда биология пәнін денсаулық саласынан бөліп алып қарастыра алмаймыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей әрбір тақырыпта салауатты өмір салтын дәріптеуімізге, сонымен қатар экологиялық тәрбие беруіміз қажет.
Сонымен қатар биологиядан алған білім мен тәрбиенің бірлескен жүйесі бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында көптеген іс-шаралар жүргізілуі керек. Себебі мектептегі барлық жұмыстың бағыттары салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың:
-денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу;
-бала кезден бастап дұрыс тамақтануы;
-бала кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттігін тәрбиелеу;
-зиянды әдеттердің алдын алу, осы заттардың зиянынын түсіндіру.
Қорыта айтқанда бүгінгі күннің талабына сай білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлері бірігіп, балалардың үйлесімді өсуін қамтамасыз етіп, олардың денсаулығын сақтап және нығайтып, бар мүмкіндікті пайдаланып оқушылардың білімді, толыққанда жетілген психологиялық дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу және де амандық, саулық – ең бірінші байлық екенін ұқтыру.



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау