Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



жүктеу 1,35 Mb.
бет1/15
Дата12.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#42119
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
22.06.20 Калыбаев А.Б. диссертация


Калыбаев Алихан Балташович

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ



Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Кез-келген өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаттарының бірі – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Еліміздің даму бағытын бекіткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері – осы басым бағыттардың бірі [1].
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндет-тердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортасын таза ұстауға, жоғары сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу болып отыр.
Елбасымыз міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам баса-тын бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен бас-талады. Оның алғы шарты оқушы бойында өмірлік бейінділіктерді қалып-тастыру мен денсаулығын сақтаумен орындалады- дейді. Қазақ елінің Ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есеп-телінеді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде денсаулық тақырыбын тереңдетіп оқыту – қоғамдық денсаулықты нығайтудағы экономикалық тиімді шара болып табылады, себебі, мектеп қабырғасында салауатты өмір салтына дағдыланған оқушы – ересек жасқа жеткенде саламатты қоғам құрудың кепілі.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының денсаулық сақтау дағдысын дамыту үшін, мәселенің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау арнайы ғылыми зерттеуді қажет ететін өзекті мәселеге айналып отыр.
Tақыpыптың зepттелy деңгейi: Адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға байланысты ертедегі философ, ойшылдар: Гиппократ, Сократ, Аристотель, француздық философ М.Монтень, Әл-Фараби құнды деректер жазған.
Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғы, Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, А.Б. Алдияров, С.Д. Асфендияров, А.Д. Айтбакин, Х.Д. Досмұхамедов жазбаларында өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттары бар.
Педагогика саласында Д.Ф Ақбердиева, А.С. Иманғалиев, Т.Г. Тынынбаева, Ж.З. Торыбаевалардың еңбектері бар.

жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау