2.1 «Жабайы алма» повесінің тақырыбы мен идеясы
Шығарманың жанры: З.Қабдоловтың «Сөз өнері» бойынша әдеби жанр (фран. – тек,түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері – әгіме,роман, балллада, поэма т.б. Ендеше, «Жабайы алма» шығармасының жанры – эпикалық жанр, орта көлемді, повесть.
Шығарманың тақырыбы: соғыс жылдарындағы ауыл өмірі
Шығарманың идеясы: соғыс тауқіметіне тап болған ел тіршілігі, ондағы адамдар тағдыры және балалар өмірін терең оймен, көркем шынайылықпен шебер суреттеу арқылы келешек ұрпаққа тәуелсіз, бейбіт өмірдің қандай ауырлық пен қиыншылық арқылы келгенін көрсетіп, дәріптеу.
Достарыңызбен бөлісу: |