КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы біздің қазақ әдебиетімізде соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі, ондағы ауыл адамдарының күйініш-сүйініштері жайынан сыр толғайтын көрікті әрі ойлы, көркем шығармалардың қатары мүлде сирек, тіпті бірен-саран ғана деуге болады. Жазушы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма » повесі қазақ әдебиетіндегі қатары сирек, шынайы көркем шығармалар тобында ерекше дараланып көзге түсіп тұрады. Бұл даралық аталған повестің сюжетіндегі оқиғалардың шындығы мен эмоциялық мазмұнында, көркемдік әлемінің байлығында жатыр деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |