3. ҚР-да стандарттау жөніндегі жұмыстарының мемлекеттік басқаруы
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқаруды мемлекеттік басқару ұйымдарының стандарттау жөніндегі іс қызметі мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, стандарттау жөніндегі, мемлекетаралық және халықаралық техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өзара іс қимылын үйлестіру жұмыстарын қамти отырып стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган жүзеге асырады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті орган өз қызметін тура және өзіне бағынышты ұйымдар арқылы жүргізеді.
Мемлекеттік басқару ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар стандарттау жөніндегі жұмыстарды өз құзыреттілігі шегінде ұйымдастырып, жүргізеді және де осы мақсатта стандарттау қызметтері мен бөлімшелерін құра алады.
Белгілі өнім түрлері, үрдіс (жұмыс) және қызметті мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыру үшін, сондай-ақ осы нысандар бойынша халықаралық (аймақтық) және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер ( ТК ) құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен мекемелер, сертификаттау жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ сол сала бойынша неғұрлым жоғары ғылыми-техникалық потенциалы бар өнім, технология, қызметтің белгілі түрлері бойынша маманданған қауымдастықтар мен оқу орындары соның ішінде стандарттау, метрология, сертификаттау жөнінен өкілеттігі бар мекеме кәсіпорындар базасында құрылады.
Республикада стандарттау жөнінен техникалық комитет болмаған жағдайда стандартта басқа мүдделі заңды тұлғалар белгіленген тәртіп бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен келісім арқылы әзірлейді.
Кәсіпорын мекемелердегі стандарттау қызметі стандарттау саласындағы ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми-техникалық жетекшіліеті өз құзыреті шегінде атқарып, стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және басқа жұмыстарды ( өнім, қызмет, өндірістік процесстерді стандарттау сәйкесте өндіру, сапа жүйесі мен экологиялық басқаруды енгізу арқылы өндірісті басқару үрдістерін ) орындайды.
Стандарттау жұмыстарына сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар қатысады. Олар стандарттау саласы бойынша өз құзыреті шегінде осы жұмыстар үшін стандарттау жөніндегі тиісті бөлімше, қызмет орындарын құра алады, сондай-ақ стандарттау, метрология, сертификаттау комитетінен белгіленген тәртіп бойынша аттестатталған стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды тағайындайды.
№ 3 дәріс
Тақырыбы: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар. Нормативтік құжаттар туралы ақпарат
Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;
7) үкіметтік емес стандарт;
8) консорциум стандарты;
9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.
Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.
Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.
Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып
шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |