Фармацияны ұйымдастыру, басқаруы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының мәжілісінде 2018 ж., хаттама № талқыланды



жүктеу 121,5 Kb.
Дата07.02.2020
өлшемі121,5 Kb.
#28538
түріЖұмыс бағдарламасы


С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ







КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL

MEDICAL UNIVERSITY





Бекітемін

Зерттеу қызметі бойынша проректор

Жусупов Б. С.

______________________

«____»___________2018ж.

6М110400 - «ФАРМАЦИЯ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 2017-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(ғылыми-педагогикалық бағыт)


Алматы, 2018 ж.

Фармацияны ұйымдастыру, басқаруы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының мәжілісінде «__» _________ 2018 ж., хаттама №___ талқыланды.


Кафедра меңгерушісі қ.а, PhD ____________ Қ.С. Жакипбеков
Жұмыс бағдарламасы «Фармация» білім бағдарламаларының комитетінің мәжілісінде «__» _________ 2018 ж., хаттама №____ келісілді.

ББК төрайымы, доцент _____________ Г.О.Устенова

Бағдарлама ҚазҰМУ Академиялық Кеңесінің. №___хаттама, «___»_______ 2018ж.мәжілісінде бекітілген.
Төраға, м.ғ.к. ____________ К.Ж. Байльдинова.

Кіріспе

Фармацияның менеджмент және маркетинг бүкіл әлемде ғылым ретінде мақұлданған. Фармацевтикалық менеджмент адамдарды, қаржыларды, өндірісті фармациядағы басты мақсатты орындау мақсатымен, яғни халықты эффетивті дәрілік заттармен, медицина мақсатындағы заттармен, парафармациялық өнімімен қамтамассыз етуді басқару процесін қарастырады. Қоғамның заманауи дамуы дәріханалық мекемелерді басқару нарықтағы қарым- қатынас шарттарына байланысты құқықтың және жауапкершіліктің кеңеюін қарастырады. Бұрын фармацевтикалық мекемелер өздігінше шеше алмаған жаңа мақсаттар мен міндеттер туындайды. Жаңа шаруашылық байланыстар жақсаруда, басқарудың нарықтық механизмі қалыптасуда. Осыған қатысты барлық сұрақтарды заманауи профессионалды менеджмент көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осыған орай келесі тақырыптарды меңгеру қажет. Фармацевтикалық менеджментке кіріспе. Басқару теориясы. Басқару жүйесі. Ұйымдастыру модельдері. Фармациядағы стратегиялық басқару. Менеджмент дәріханалық ұйымды басқару құралы ретінде. Жетекші және дәріханалық ұйым. Басқару стилі. Фармацияда шешім қабылдау әдістері мен модельдері. Кадрларды басқару, кадрлық менеджмент.

Фармацевтикалық нарықта нарықтық қатынастарды дамыту және бәсекелестік тартыс, маркетингтің негізгі ережелерін және оның ерекшелігін халықты дәрілік заттармен қамтамассыз ету саласына ғылыми- практикалық қажеттілікте қолдануды талап етеді. Оларға фармацевтикалық қызмет сапасын басқару, фармацевтикалық маркетинг, маркетингті басқару процессі жатады. Маркетинг сыртқы ортадағы өзгерістерді, тұтынушылардың сұранысы мен тілектерін сәтті реттеуге болысады. Маркетингтік шешімдер негізі мен ұйым мүмкіндігінің анализі бойынша басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді. Маркетигті меңгеру мен қолдану мекеме басекелес ортада жетістікке және соңғы нәтижеде мақсатқа жетуді қамтамассыз етеді. Маркетинг кең қолданысқа ие: тауарды жоспарлау және жасау сәтінен бастап, сатудан кейінгі қызмет пен тұтынушының тауарға деген көз қарасын зерттеуге шейін.Тауарды халықаралық нарыққа шығару және экспортты ұлғайту кезінде маркетинг маңызды орын алады.



Педагогика: педагогиканың жалпы негіздері: негізгі ұғымдар, әдіснама, нысандары және даму тарихы. жоғары білім педагогикасы. Қазіргі таңдағы жоғары білімнің негізгі дпаму бағыттары мен үрдістері. білім берудің жаңа үлгілері. Қазақстан Республикасындағы жоғарғы білім: реформалаудың негізгі кезеңдері, әлемдік білім кеңестігіне ықпалдасу (интеграция). педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. оқытушы тұлғасы, кәсібі қабілеті және біліктілігі. жоғары мектепте оқыту теориясы (дидактика). кәсіптік оқытудың мәні мен құрылымы, оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері, оқы процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. жоғары пектептегі тәрбие жұмысы: мәні және негізгі бағыттары. жетекшілік (кураторлық). білім бердің қазіргі технологиялары. оқудың белсенді формалары мен әдістері. оқы процесін оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру: МӨЖ-ді, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. білім сапасының менеджмент жүйесі.

Фармацияда ғылыми зерттеулердің әдіснама негіздері – фармацевтикалық білім міндеттері. Бұрынғы алған білімдерін жандандыру тәсілдері. Оқыту стильдері. Оқыту әдістері. Жеке білім беру траекториясын әзірлеу. Шағын топтармен жұмыс тәртібі мен әдістері. Проблемаға бағытталған оқыту. Жобаға бағытталған оқыту. Кері байланыс әдістері. Білімді, дағдыны, қарым-қатынасты, біліктілікті және практикалық жұмысты бағалау әдістері. Негізгі және профильдік пәндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құрастыру. Фармацевтердің дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіптік дамуын ұйымдастыру принциптері. Ересектерді оқыту ерекшелігі. Өздігінен білім алу.

Фармациядағы ғылыми зерттеулер. Ғылыми жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау. Зерттеу жобасы элементтері. Зерттеу әдіснамасы. Зерттеуге талдау жасау және қорытынды мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми зерттеулерді енгізу және оның тиімділігі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазылуына қойылатын жалпы талаптар және рәсімдеу тәртібі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын рецензиялау, жұмыс туралы баяндама. Ғылыми материалдарды баспасөзде жариялауға дайындау.



Кешенді емтиханның мақсаты:

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету саласындағы нарықтың жалпы сипаттамасы, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері, әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы, маркентинг кешенін: тауарды және оны қайта бөлу мен жылжытуды, ұйымды, бағаларды, маркетингтік коммуникацияларды тәжірибелік пайдаланудың мәні мен бағыты бойынша білімді қалыптастыру



Кешенді емтиханның міндеті:

- денсаулық сақтау мен фармациядағы заманауи даму бағыттары мен жетістіктер; денсаулық сақтау мен фармациядағы маңызды мәселелер және оларды қазіргі заманғы әдістермен шешу; дәрілік заттарды өндіру мен оларды айналысқа салу сферасының кәсіби жұмысының негізгі міндеті; Қазақстан экониномикасы жағдайындағы фармацевтика секторының иновациялық дамуының міндеттері мен сату әдістері; Әртүрлі заманауи фармацевтикалық, мадициналық және табиғи ғылым білімдері саласы арасындағы өзара байланыс, және олардың социалды- экономикалық процесспен байланысы; заманауи ғылыми ақпараттар және оларды озінің кәсіби қызметінде қолдану; ақпаратқа заманауи статистикалық анализ әдістері бойынша хабардар болу;

- ДЖ және Қазақстан Республикасындағы фармацевтика ғылымдарының қазіргі күйі және фармацияның даму тенденциялары бойынша; басқарудың , оның объектінің және жұмыс істеу шарттарының негізі, менеджмент процессін мазмұны; дамуды, өзгертулерді, топтарды, шиеленістерді және стрестерді басқарудағы проблемалар; менеджмент процессін, сонымен қатар формалар мен қамтамассыз ету әдістерін ұтымды басқаруды байланыстырушы; фармациядағы маркетингтің негізгі ережелер бойынша: маркетингтің маңызы, оның мазмұны, ұстанымы және қызметі; нарық фармацевтикалық маркетинг және маркетингтік зеттеулер мен ақпаратты басқару бойынша маркетигтік объект іспеттес; маркетингтік байланыс саясаты және маркетингттік бақылау бойынша, сонымен қатар халықаралық маркетинг бойынша білімді қалыптасуы;

- басқару, жетекшілік, кәсіпкерлік және менеджмент процестерінің құрамын және маңызын дұрыс анықтау, менеджмент процесстерінің байланыстырушы және ұтымды өзара қатынасын анықтайтын, менеджмент объектінің, әлеуметтік жіне психологиялық факторларының ішкі және сыртқы орта анализін жүргізу; байланыс процессін жөндеу, шешім қабылдау; ұйымды басқаруды ұтымды жүргізу; нарық тіршілік шарттарын дұрыс анықтауға икемділікті қалыптастыру, оның әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі: нарық элементтері, фармацевтикалық нарық заты, субъекттер, маркетинг кешені- тауар, баға, өтім, қозғалыс бойынша икемділікті қалыптастыру;



- мекемені ұйымдастыруда білім мен дағдыны қолдану, олардың мотивация принциптерін практикалық қолдану үшін менеджмент объекттерін стратегиясын және тактикасының қызметін, миссиясын, мақсатын, міндетін анықтау; жетекші мен лидер стилінің ұтымдысын таңдау, шиеленістер, стерсстерді, топтарды басқару дағдысының, әлеуметтік процесстерді, мекемедегі дамыту және өзгертулерді ұйымдастыруды басқару, кадрлық менеджменттің тапсырмаларын шешу және фармацетикалық ұйымның өндіріске кіріспесі, мекемедегі байланысты және қарым- қатынасты ұйымдастыру; мәселелерді шешуде ұтымды модельдер мен әдістерді қолдану; мекемедегі нақты процесстерді және объектерді басқару; әртүрлі процесстер мен құбылыстардысипаттау және болжау үшін модельдерді қолдану және дайындау бойынша дағдыны қалыптастыру.
2016-2017 оқу жылындағы 6М110400 - «Фармация» мамандығы магистранттарына арналған кешенді емтиханның сұрақтар тізімі:

Педагогика

  1. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың ғылым ретінде даму кезеңдері.

  2. Педагогиканың негізгі категориялары.

  3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогиканың зерттеу әдістері.

  4. Педагогикадағы мақсат және мақсат құру. Педагогикалық мақсаттың ерекшеліктері, оның қызметі.

  5. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы, заңдылықтары және қағидалары.

  6. Тұлғаның әлеуметтенуі психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде.

  7. Тұлғаның дамуын жас кезеңдеріне бөлу.

  8. Тәрбие теориясы педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

  9. Дидактика оқыту теориясы ретінде.

  10. Оқыту үдерісінің екі жақты сипаты.

  11. Тәрбие үдерісінің мәні. Заманауи педагогикада тәрбие үдерісінің әдістері, құралдары және формалары.

  12. Тәрбие үдерісінің жалпы заңдылықтары.

  13. Тәрбиелеу қағидалары.

  14. Педагогикалық үдерістегі қарым-қатынас: қызметі, түрлері.

  15. Ғылыми педагогиканың қалыптасуы. Заманауи кезңде ғылыми педагогиканың даму ерекшеліктері.

  16. Қазақстандағы педагогиканың даму жолы.

  17. Оқыту технологияларының сипаттамасы мен даму жолына шолу. Оқыту технологияларының салыстырмалы талдауы.

  18. Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру формалары.

  19. Білім берудің мәні, қызметі, мазмұны.

  20. Оқыту: қағидалары, технологиялары, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.

  21. Педагогикалық қабілет, оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару ерекшеліктері.

  22. Педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. Олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызы.

  23. Дәрістердің құрылымы және түрлері.

  24. Тәжірибелік сабақтарда студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

  25. Оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және диагностикалау.


Фармациядағы ғылыми зерттеулердің әдіснама негіздері

  1. Ғылым» ұғымына анықтама. Ғылым түрлері

  2. «Ғылыми зерттеу» ұғымына анықтама. Ғылыми зерттеудің құрылымы.

  3. Қоғамдық денсаулық сақтау, оның медицина ғылымында алатын орны.

  4. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы эмпирикалық және теориялық зерттеулер.

  5. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулердің этаптары мен ұйымдастыру ерекшеліктері.

  6. Қоғамдық денсаулық сақтауда қолданылатын математикалық және физикалық үлгілеу әдістері.

  7. Эмпирикалық зерттеудің жалпы ғылыми әдістері: бақылау, салыстыру, есеп, өлшемдер, эксперимент.

  8. Қоғамдық денсаулықта жеке және арнайы зерттеу әдістерін қолданудың мысалдары.

  9. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау.Фундаменталді ғылыми зертеулер және олардың ерекшеліктері, олардың жіктемесі

  10. Ғылыми зерттеудің тақырыбын, мақсат және міндеттерін тұжырымдау.

  11. Әдіснамалық зерттеулер.

  12. Зерттеуді талдау және ой түйінің және ұсыныстарды тұжырымдау.

  13. Ғылыми зерттеулер нәтижелігін бағалау және енгізу.

  14. Ғылыми зерттеуді безендіруге жалпы талаптар мен ережелер.

  15. Алдында алынған білімді белсендіру тәсілдері.

  16. Оқу стилі.

  17. Оқыту әдістері.

  18. Проблема- бағдардық оқыту – ұғымның мәні және ұйымдастыру қағидалары.

  19. Педагогиканың мән мағынасы, міндеттері және әдіснамалық негіздері.

  20. Педагогика функциялары.

  21. Оқыту және тәрбиелеу қағидалары.

  22. Қазіргі заман педагогикалық жүйесінің моделі.

  23. Оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы.

  24. Қазіргі заманның педагогикалық технологиялары.

  25. Белсенді оқытудың технологиялары.


Фармация менеджменті және маркетингі

  1. Менеджмент дәріханалық ұйымды басқару құралы ретінде, фармацевтикалық ұйымның меңгерушісінің тәжірибелік жұмысына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар.

  2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызметті қадағалау, ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктері.

  3. Фармацевтикалық ұйымды басқарудың негізгі заңдары. Фармацевтикалық менеджменттің объекті мен субъекті.

  4. Фармацевтикалық менеджменттегі басқару әдістері, фармациядағы стратегиялық басқару. Жетекші және фармацевтикалық ұйым, фармацевтикалық ұйым мысалында басқару шешімдері және олардың түрлері.

  5. Фармацевтикалық ұйымның бағыты және негізгі қағидалары, кадрлық менеджмент. Фармацевтикалық ұйымдардағы еңбекті бөлу құрылымы.

  6. Фармацевтикалық маркетинг анықтамасы, түрлері, субъектілері мен міндеттері. Қазақстан Республикасы фармацевтикалық маркетингін басқару процессі.

  7. Маркетингттік қызметтің ұйымдастыру құрылымы. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы маркетингтің әлеуметтік атқарымдары.

  8. Бәсекелестер туралы ақпарат жинау және SWOT-анализ.

  9. Медицина және фармациядағы маркетингтік орта.

  10. Дәрілік заттар айналымы саласындағы тікелей және жанама әсер ету ортасы. Дәрілік заттар айналымы саласындағы тауардың өмірлік циклы.

  11. Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар айналымы саласындағы фармацевтикалық маркетинг және зерттеу объектілері.

  12. Қазақстан фармациясындағы баға түзу қағидалары.

  13. Дәрілік заттар айналымы саласындағы маркетингттік зерттеулердің әдістемелік негіздері. Фармациядағы маркетингттік зерттеулердің тәртібі мен процедура.

  14. Маркетингттік коммуникация кешені және оны қалыптастыру. Маркетингттік коммуникацияны басқару жүйесі. Маркетингттік ақпарат жүйесі.

  15. Дәрілік заттар нарығын зерттеу. Фармациядағы тауарды жылжыту стратегиясы.

  16. Дәрілік заттар айналымы саласындағы нарықтың сандық сипаттамасын зерттеу.

  17. Дәрілік заттар айналымы саласындағы нарықты сегменттеу және мақсатты нарық.

  18. «Денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы» 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған № 193-IV (06.04.2015ж өзгерістер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының Кодексінде бейнеленген денсаулық сақтау аймағындағы басқару мен мемлекеттік реттеу ұстанымдары.

  19. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызмет пен дәрілік заттар айналымын нормативті-құқықтық реттеу.

  20. 4 мамыр 2010 жылы қабылданған № 274-IV «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

  21. 19 желтоқсан 2003 жылы қабылданған № 508-II. «Дәрілік заттар жарнамасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Дәрілік заттар жарнамасына қойылатын жалпы талаптар (19.06.2007ж өзгерістер мен толықтырулармен).

  22. Қазақстан Республикасындағы медицина және фармацевтика саласының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және құқықтық мәртебесі.

  23. Қазақстан Республикасындағы медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріннің намыс кодексі.

  24. 19 қараша 2004 жылы қабылданған № 603-II. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Сәйкестік сертификаты.

  25. Фармацевтикалық қызметті мемлекеттік лицензиялау мақсаты мен қағидалары. Лицензияны беру тәртібі мен шарттары, лицензиялау туралы заңнаманы бұзудағы. жауапкершілік.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Фармация менеджменті және маркетингі пәні бойынша
1. Кодекс Республики Казахстан от 12 июня 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения».

2. Указом Президента РК от 29 ноября 2010 года № 1113 «Государственная программа

развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 – 2015 годы»

3. Трудовой кодекс Республики Казахстан от 12 мая 2007 года

4. Мнушко З.Н., Дихтярева Н.М. Менеджмент и маркетинг в фармации. – Харьков: изд. НФиУ «Золотые страницы». – Часть 2. – 2008.

5. Мнушко З.Н., Пестун И.В. Теория и практика маркетинговых исследований в фармации.-Х.: Изд-во НФаУ, 2008. – 308с.

6. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

7. Мескон M., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. - Mосква: Дело, 2001.



8. Лозовая Г.Ф., Лопатин П.В., Глембоцкая Г.Т. Менеджмент фармацевтической организации: учебное пособие. – М.:МЦФЭР, 2000.-192 с.

9. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.- С.490-614.

10. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Организация и управление. – Москва: ACADEMIA, 2003.

11. Чудновская. История менеджмента: Учебник для вузов. - Санкт-Петербург, 2004.

12. Демин. Эффективный офис-менеджер. - Москва - Санкт-Петербург, 2004.

13. Карпов. Психология менеджмента: Учебное пособие для вузов. - Москва, 2003.

14. Белецкий. Менеджмент. Деловая карьера. - Минск, 2006.
Список литературы:

«Педагогике»

  1. Бабаев С. Жалпы педагогика: Оқулық– Алматы: «Нұр-пресс», 2005 –. 228 б.

  2. Курманалина Ш.Х. Педагогика: Оқулық– Алматы: «Нұр-пресс», 2008 –. 228 б.

  3. Калиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б.Этнопедагогика. Оқулық.–Алматы: «Нұр-пресс», 2009–. 328 б.

  4. Мухина С.А., Соловьева А.А. Современные инновационные технологии обучения. – М., 2008.

  5. Педагогика. Учебное пособие / Под ред. П.И. Пидкасистого. – М., 2009.

  6. Педагогика / Под ред. Н.Д. Хмель. – Алматы, 2005.

  7. Подласый И.Н. Педагогика. – М., 2010.

  8. Сластенин В.А., Каширин В.П. Психология и педагогика. – 2010.

Дополнительная:

  1. Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – М., 1996.

  2. Азаров Ю.П. Семейная педагогика. – М., 1993.

  3. Байкова Л.А., Гребенкина Л.К. Педагогическое мастерство и педагогические технологии. – М., 2000.

  4. Воспитание детей в школе. / Под ред. Н.Е. Щурковой. – М., 1998.

  5. Вульфов В.З. и др. Основы педагогики в лекциях, ситуациях, первоисточниках. М., 1997.

  6. Кульневич С.В. Педагогика личности: от концепций до технологий. – Ростов на / Д., 2001.

  7. Концепция структуры и содержания общего среднего образования в 12-летней школе. – М., 2001.

  8. Никандров Н.Д. Социализация и воспитание на рубеже веков. – М., 2000.



Редакция: 1



Фармаия департаменті

Бағдарлама


беттің беті





жүктеу 121,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау