2. Стандарттау мен сертификаттаудың заңнамалық базасы
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3} өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалык реттеу саласындагы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалык кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) ;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындагы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.
Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:
Стандарттау саласында:
1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және колданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
3) халықаралык, өңірлік және ұлттык стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;
6) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттау жүйесін ұйымдастыру құрылымы. Стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік басқару
Достарыңызбен бөлісу: |