Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



жүктеу 0,68 Mb.
бет39/151
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40509
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   151
ʳð³ñïå î?ûðìàíäàð?à ?ñûíûëûï îòûð?àí «Êðèìèíàëèñòèêàäàí ýëåêòðî

Сезіктіден жауап алу
ХАТТАМАСЫ
Қызылорда қаласы 29 сәуір20... жыл
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты М.Махшатов. Кызылорда ішкі істер бөлімінде, КР КІЖК-нің 216, 218 баптарының талаптарын сақтай отырып, сезікті ретінде төменде аталған кісіден жауап алдым.

  1. Фамилиясы, өзінің және әкесінің аты: Нүкеров Наразымбет

  2. Туған жылы: 22 қазан 1952 жылы

  3. Туған жері: Өзбек ССР-і, Бұхара облысы, Канимех ауданы Катаған селолық Советінде

  4. Ұлты: қазақ

  5. Азаматтығы: Өзбекстан азаматы.

  6. Білімі: арнаулы орта

  7. Жанұя жағдайы: үйленген

  8. Қызмет орны: Бұхара облысы Канимех аудандық тұтынушылар қоғамында экспедитор

  9. Сотталғандылығы: Бұрын сотты болмаған

  10. Тұрғылықты жері: Өзбекстан Республикасы, Бұхара облысы Канимех ауданы, Шаймен ауылы, Наурыз көшесі, 9.

  11. Төлқұжаты – ІІІ-ЛИ № 553886 13 октябрь 1980 жылы Канимех аудандық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі берген.

ҚР КІЖК-нің 216 бабы бойынша сезікті Нүкеров Наразымбетке 25 ақпан 20... жылы Кызылорда арақ заводының директоры Әлиевке делдал Садықов Шаймерден арқылы 50000 теңге пара беріп, 500 жәшік арақ алғандығы туралы сезіктеліп отырғандығы жариялаңды.
ҚР КІЖК-нің 219-2 бабына сәйкес сезікті Нүкеровке оның жауабы "Топаз" Д-202 диктофонымен таспаға жазылатындығы ескертіліп, келісімі сұралды.
Сезікті Нүкеров өзінің жауабын магнит таспасына жазуға қарсы еместігін білдірді. Сонымен қатар сезікті Нүкеровке ҚР ҚІЖК-нің 103 бабына сәйкес тергеушінің әрекеті жөнінде шағым беруге, түсінік беруге, тілектер қоюға кұқылы екендігі түсіндірілді.
Сезікті: Н.Нүкеров
Сезікті Нүкеровтың жауабы: - Осы 20... жылдың ақпан айының орта шенінде, қазір нақты қай күні екені есімде жоқ, Канимех аудандық тұтынушылар қоғамында құрылыс материалдарының экспедиторы болып жұмыс істейтін Садықов Шаймерден кездесіп маған: "Саған арақ керек пе? деп сұрады, мен оған: "арақты қайдан алып бересің?" деп едім Шаймерден маған: "Кызылорда арақ заводының директорын танимын, -содан алып беремін, бірақ сен әр жәшіктің үстіне 1000теңге ақша бересің, соған көнсең ғана алып беремін, өзіңмен бірге ыдысыңды алып барасың, мен жақында Сібір жаққа ағаш алуға барамын, егер баратын болсаң хабарласарсың"- деді. Содан мен аудандық тұтынушылар қоғамының бас бухгалтері Елеубеков Зейнетбекке жолығып: Шаймерден Кызылорда арақ заводынан арақ алып беруге көмектесемін деп тұр, соған рұқсат болса барып қайтсам қайтеді",- дедім. Бірақ Елеубековке Шаймерденнің ақшаға арақ алып беретінін айтқаным жоқ. Елеубеков маған: "Шаймерденнің қолынан арақ алып беру келетін болса барып қайт, бір жағынан жоспардың орындалуына да жақсы болар еді"-деді.
20 ақпан күні Канимехтегі кооператив "Тұлпардың" бастығы Асқаров Астанаға жолығып: "Қызылорда арақ заводына барып қайтайық",- дедім, Астана келісті. Сонымен, 21 ақпан күні Навои қаласындағы жәшік жөндеу заводының директоры Гуламов Кұдыретке барып Кызылордаға араққа баруға 500 жәшік бос бөтелке алатын болдым. 22 ақпан күні Асқаров Астананың баласы Болаттың "КамАЗ" маркалы 354 НВН нөмірлі автомашинасымен Навои қаласына барып 500 жәшік бос бөтелке тиеп қайттық. Сол күні түстен кейін Қанимехке қайтып келіп бас бухгалтер Елеубеков Зейнетбекке жәшікпен бос ыдыс тиеп келгенімді айтып, жолсапар куәлігі мен сенім қағаз сұрадым. Елеубеков екеуміз тұтынушылар одағының төрағасы Сегізбаевқа кіріп, менің Қызылордаға араққа баратынымды айтып, іс қағаздарына қол қойдыртып алдық. Сол жерде Садықов Шаймерденді кездестіріп, ертеңіне 23 ақпан күні ерте жолға шығатын болдық, мені Алибаев Зайнадин үйінен алып кететін болды.
Содан 23 ақпан күні таңертеңгі сағат 07.00-лердің шамасында біздің үйге Алибаев Зайнадин келіп, мені машинамен алып кетті. Алибаев екеуміз Асқаров Астананы ертіп алып, Садықов Шаймерденнің үйіне келдік, Шаймерден Астананың машинасына отырды, олардың жанында Астананың баласы Болат болды. Астана мен Шаймердендерге: "Сараштың үйіне соғып, ақша алып кетейік"- деген соң екі машинамен Ахунбабаев көшесіндегі Алдажарова Сараштың үйінің жанына барып тоқтадық, Асқаров Астана қасында баласы Болат, Садықов Шаймерден бар "Техника" магазинінің жанында қалып қойды. Мен Сараштың үйіне Алибаевтың машинасымен барғанмын. Сонымен Сараштың үйіне кіріп, оның өзінен 50000 (елу мың) теңге ақша алып шықтым. Сараштың үйінен ақшаны алып, автостанцияның қасындағы құбырдан су алып жатырғанда Шаймерден менен "ақшан дайын ба?" деп сұрады.
Қызылорда облысының «Бейбітшілік» атындағы кеңшарындағы Шаймерденнің туысы Қалдан деген жігіттің үйіне 24 ақпан түнгі сағат 02.30-дардың кезінде келіп қондық. 24 ақпан күні күндіз «Абай» кеңшарында тұратын Асқаров Астананың туысының үйіне келіп тамақтанып, кешкілік қайтадан «Бейбітшілік»атындагы кеңшардағы Қалданның үйіне қондық. 25 ақпан күні үй егесі Қалдан бізге еріп Қызылордаға жүрді, сонымен таңертеңгі сағат 08.30. шамасында арақ заводының қасына келіп тоқтадық. Шаймерден машинадан түсіп, жалғыз өзі заводтың кеңсесіне кетті. Арада 15-20 минут уақыт өткенде Шаймерден қайтып келіп: "шаруаң бітетін болды, машинадағы жәшік пен бос ыдыстарды түсіре беріңдер"- деді. Біз Асқаров Астананың машинасындағы бос ыдыстарды қоймаға өткізуге заводтың қорасына кіріп кеттік. Зайнадин машинасымен сыртта қалып қойды. Біз бос бөтелкелерді өткізіп жатырғанда Шаймерден мен Қалдан екеуі бір жаққа жұмыстарымен кетіп қалды, олар маған қайда баратындықтарын айтқан жоқ. Біздің 500 жәшіктен 128 дана бөтелке сынған екен, сонымен түске дейін өткізіп болдық.
Түстен кейін І4.00-дердің шамасында Қалдан мен Шаймерден қайтып келді. Шаймерден менен сенім қағазды алып кеңсеге екеуміз бірдей кіріп, екінші қабатқа көтерілдік. Шаймерден маған: «сен күте тұр» деп өзі дәлізбен барды да оң жақтағы есікке кіріп кетті, сөйтіп көп ұзамай қайтып шықты. Директор сенім қағазға "500 жәшік арақ босатылсын",- деп қол қойып беріпті. Содан машинаны дайын өнім қоймасының қасына апарып,, арақ тиеуге дайындалып жатырғанда, Шаймерден маған: ақшаңды бер",- деген соң Асқаров Астананың, машинасының кабинасында жатқан көк түсті полиэтилен сумкадан газетке ораулы түрған 50000 (елу мың) сом ақшаны алып бердім, Шаймерден ақшаны алып кетіп қалды. Арада аз ғана уақыт өткенде Шаймерден қайтып келіп, бізге арақ тиеуге көмектесті. Арақты машинаға тиеп болуға жақындағанда Шаймерден маған: "директоры кетіп қалады",- деп кеңсеге барып накладной бастырып, оған директорға қол қойдырып келді, сөйтіп маған: "бас бухгалтерге өзің барып қол қойдырып кел",- деді. Машинаға тиеліп жатырған арақты мен өзім санап қабылдап алып
тұрғанмын, соңғы 10 жәшікті картон қораппен берді. Мен қоймашыға: "бізге алыс жолға мына картон қораптар жарамайды ғой",-деп едім, қоймашы маған: "сен главбухқа барып жолық",- деді. Кеңсенің екінші қабатындағы бас бухгалтердің кабинетіне кіріп: "біз 500 жәшік арақ алуымыз керек еді, 480 жәшік арақ берді, калған 10 жәшіктің орнына картон қораптар берді дедім. Бас бухгалтер маған: "Мен Бекбауов Сайлау деген боламын, қоймадағы жігіттерге айтқан мен едім, мына жігіттер той жасайтын болып тұр, ақшасына 10 қораптағы арақты бер деді, мен кіргенде кабинетінде отырған жігітке. Бекбауов маған тағы да: «сендерде не зат бар, шай бар ма?»- деп сұрады. 0л кезде біздің аудандық тұтынушылар қоғамында шай болатын, себебі алдында 6 тонна шай келгенді. Сол жерде Бекбауов накладнойларға қол қойып берді. Ал жаңағы 10 қорап арақ алатын жігіт маған Бекбауовтың кабинетінде 20000 теңге ақша берді. Сонымен сағат І7.00-дерден өте арақты тиеп заводтың қорасынан шыққаннан кейін, заводқа жақын жерде тұратын Шаймерденнің туысының үйіне бардық. Жаңағы үйдің жанына дейін біздің соңымыздан қызыл түсті "Жигули" машинасымен Бекбауовтың айтқан жігіттері еріп барып біздің машинадан 10 қорап арақтарын алып кетті, ол машинаның нөмірі есімде жоқ, өздерін танымаймын. Біз - Шаймерден, Астана, оның баласы Болат, Қалдан, Зайнадин - бәріміз Шаймерденнің туысының үйіне кіріп тамақтандық, үй егесі мас екен. Тамақтанып болған соң жүруге сыртқа шыққанда Шаймерден менен арақ сұрады, мен «он бес бөтелке жарай ма?» - деп сұрап едім, ол маған: «жоқ 2 жәшік бересің, арақ алып берген ақыма» - деді. Содан мен оған 2 жәшік арақ бердім. 0л шешемнің үйіне соғамын деп кетіп қалды, бұл екі жәшік арақтың ақшасын Шаймерден маған берген жоқ. Шаймерден кетіп бара жатып маған: "Менің есебімнен Калданға 2 жәшік арақ тастап кетесің"- деді.
25-нен 26 ақпанға қараған түні «Бейбтшілік» атындағы кеңшардағы Калданның үйіне қонып шықтық, 26 ақпан күні Астана машина жөндеді. Содан 27 ақпан күні түстен кейін жолға шығып кетіп, 28 ақпаннан 29 ақпанға қараған түні Канимехке келіп жеттік. Шаймерденнің айтуы бойынша Қалданға екі жәшік "Русская водка" арағын тастап кеттім. .
Сұрақ: -Сіздің Алдамарова Бибісарадан 50000 /елу мың/ қарызға алған ақшаларыңыздың купюралары қандай?
Жауап: - Менің Алдажаровадан алған ақшаларымның ішінде 5000 теңгеліктен 8 дана, 1000 теңгеліктен 10 дана, тағы да 500 теңгеліктен 20 дана болды.
Сұрақ: - Сіздің 50000 теңге ақша алып келе жатырғанынызды кімдер білетін еді, Кызылордаға келе жатырғанда кімнің машинасында болдыңыз?
Жауап: -Менің арақ алуға 50000 теңге ақша алып келе жатырғанымды Алибаев Зайнадин, Асқаров Астана, оның баласы Болат, Шаймердендер біледі. Кызылордаға жеткенде Алибаевтың машинасында болдым.
Сұрақ: - Сіздің 50000 теңге ақшаны Садықов Шаймерденге бергеніңіз рас па, ақшаны бергеніңді көрген адамдар бар ма?
Жауап: - Шаймерден заводтың директорының кабинетіне кіріп сенім қағазға қол қойдыртып шыққаннан кейін, біз қоймадан барып арақ тиеуге дайындалып жатырғанда Шаймерден келіп, ақшаны алып кетті, бұл уақытта Астана мен оның баласы Болат машинасының бортын ашып, арақ тиеуге дайындалып жатырған, ал Зайнадин Елібай сыртта машинада, ал Қалданның қайда болғанын білмедім, Шаймерденге ақшаны бергенімді біреулер көрді деп айта алмаймын, бірақ нақты. Шаймерденге бергенім рас.
Сұрақ: - Сіз өзіңіздің 500 жәшік арақ алу үшін Қызылорда арақ заводының директоры Әлиевке арнап делдал Садықов Шаймерден арқылы 50000 теңге бергеніңізді біліп отырсыз ба?
Жауап: - Мен өзімнің 500 жәшік арақ алу үшін берген 50000 акшаның пара екендігін білемін.
Сұрақ: - Садықов Сізден алған 50000 теңге берген, не бермегендігі туралы әңгіме айтқан жоқ, егер болса қашан, қай жерде?
Жауап: - Біз заводтың ішінде машинаға арақ тиеп жатырғанда ақшаны алып кеткен Шаймерден қайтып келіп маған: "ақшаны беріп келдім",- деді.
Сұрақ: - Жауабыңызға қосатыныңыз бар ма?
Жауап: - Жауабыма басқа қосарым жоқ.
Сұрақ: - Сіз өзіңіздің магнит таспасына жазылған жауабыңызды тыңдап шықтыңыз, дұрыс жазылған ба, талап-тілегіңіз бар ма?
Жауап: - Жауабымды өзім тыңдап шықтым, дұрыс жазылған, талап-тілегім жоқ.
Сезікті Нүкеров Назарымбеттің жауабын "Топаз Д-22" маркалы диктафонына жазу 16 сағат 15 минутта басталып, 17 сағат 05 минутта аяқталды.
Хаттама дұрыс жазылған, оқып шықтым.
Сезікті: Н.Нүкеров
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі: М.Махшатов



Куәден жауап алу

Х А Т Т А М А С Ы


Алматы қаласы 14 тамыз 2010 ж.


Жауап алу 16сағат 45 минутта басталып 12 сағат 00 минутта аяқталды.


Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасының тергеушісі, тергеу тобының мүшесі полиция аға лейтенанты Ахметов Н.Ж., ҚР ҚІЖК-нің 212, 213, 218-баптарынына талаптарына сәйкес, төменде аты аталған куә (жәбірленуші) ретінде жауап алдым:


Аты-жөні: Байменова Айгуль
Туған жылы, айы: 06.09.1951 жылы туылған;
Туған жері: ОҚО
мекен-жайы: Алматы қаласы, Ақсай-2, 44 үй, 5 пәтер
ұлты: қазақ:
Семья жағдайы: отбасы құрған
Паспорт, басқа құжаттары туралы: анықталды;
Жұмыс орны, қызметі: зейнеткер
ҚР ҚІЖК-нің 214-бабына сәйкес жәбірленуші Байменова Айгулге өзіне жұбайына және жақын туыстарына қатысты қылмыстар бойынша, сонымен қатар дінді уағыздаушы қызметкерлерге сенім арқылы белгілі болған қылмыстар жөнінде жауап беруден бас тартуына құқылы екені түсіндірілді.
Жауап беруден бас тартсам Қазактан Республикасының ҚК-нің 352-бабы бойынша және біле-тура өтірік жауап берсем ҚР ҚК-нің 353-бабы бойынша қылмысты жаупкершілігім маған ескертілді.
Жауапты ____қазақ_____ тілінде беремін, тілмаш қажет етпеймін.
____________ ( Қолы.)
Маған қойылған сұрақтарға байланысты төмендегідей жауап беремін, жоғарыда көрсетілген мекен-жайда отбасыммен бірге тұрамын. Психиатриялық және наркалогиялық диспансерлерінде есепте тұрмаймын. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып сотты болмағанмын. Жолдасым Байменов Жарқын Жолдасұлы 1950 ж.т. жұмыс істемейді үй шаруасымен айналысады. Мен де қазіргі кезде зейнеткермін, 2003 жылдан 2009 жыл аралығында Алматы қаласы ардагерлер үйінде кір жуатын бөлімде меңгеруші болып жұмыс атқарған едім. Содан 2009 жылы жасыма байланысты зейнекерлікке шықан болатынмын. Қазіргі кезде де сол аталған жерде жұмыс атқарып жүрмін. Жұмысымның мекен жайы Алматы қаласы Мамыр ы-ауданы Абай және Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Сонымен қатар біздің ортақ некемізден үш балам бар яғни ең үлкені Байменов Алмас Жарқынович 08.16.1980 ж.т., екінші ұлым Азамат 1983 ж.т. ең кенже ұлым Замир 1985 ж.т. Ұлым Алмас жайлы айтатын болсам ол 1980 жылы Алматы қаласында №4 балалар босану емханасында туылған болатын. Содан ол Алматы қаласындағы Ақсай ы-ауданында орналасқан №123 орта мектептің 16 сыныбын тәмамдап, ОҚО Түркістан қаласында орналасқан Қазақ Түрік Университетіне 1997 жылы заңгер мамандығына түскен болатын. Бірақта аталған университетті аяғына дейін оқыған жоқ. Себебі ақылы оқу болғандықтан оның ақшасын төлей алған жоқпыз. Содан кейін Алмас 2000 жылы Алматы облысы, Шеңгелді ауылында орналасқан Әскери бөлімде «Байланыс тобында» борышын өтеп, 2002 жылы Әскерден келген болатын. Содан кейін ұлым Алмас әскерден келгеннен кейін әр түрлі жерлерде яғни кафе, мейрамханаларда күзетші болып қызмет істеп жүрген болатын. Бірақта қай жерлерде жұмыс істегенін білмеймін. 2009 жылдың сәуір айынан бастап ұлым Алмас бір Қайрат есімді маған бұрын соңғы таныс емес адамның жеке оққағары болып жұмысқа тұрғандығын ұлым Алмастан естіген едім. Содан ол 2009 жылдан бастап осы оқиға болғанға дейін сол жерде жұмыс істеп жүрді. Қалай бұл оқиғаға ұрынғандығын білмеймін. Ұлым Алмастың мінезі кішкентайынан өте сабырлы, мінезі салмақты, арақ ішпейтін, темекі шекпейтін еді. Маған әкесіне ешқашанда қарсы шығып дауыс көтеріп көрген жоқ болатын.
Сұрақ: айтыңызшы ұлыңыз Байменов Алмас осы оқиға болғанға дейін қандай абоненттік нөмерді пайдаланып келді?
Жауап: Онысын мен білмеймін.
Сұрақ: айтыңызшы ұлыңыз Байменов Алмас психиатриалық немесе наркологиялық есепте тырушы ма еді, бұрын психикалық аурумен ауырған ба?
Жауап: Ұлым Байменов Алмас ешқашанда еш жерде есепте тұрған емес.
Сұрақ: Сіздің ұялы телефоныңы бар ма, болса нөмері қандай?
Жауап: Менің ұялы телефоным 8705-161-73-16, бірақ аталған ұялы телефонды мен көп қолданбаймын. Себебі көзіме бірнеше рет операция жасап, ұялы телефонды онша қолдана бермеймін.
Сұрақ: ұлыңыз Байменов Алмас отбасы құрған ба?
Жауап: Ия, 2009 жылы ол отбасы құрып қазіргі кезде немереміз Мейлана 2009 жылдың қазан айында дүниеге келген.
Сұрақ: Ұлыңыз Байменов Алмасты соңғы рет қашан, қай жерде көрдіңіз?
Жауап: яғни жұма күні 06.08.2010 жылы мен тәңертең өз жұмыстарыммен кетіп бара жатқан кезде ұлым Алмас үйде болатын. Содан кейін оны мен көрген жоқпын.
Сұрақ: Сіздердің отбасыларыңызда қандай да болмасын автокөлік бар ма?
Жауап: Біздің отбасымызда Галант және қара көк БМВ-7 автокөлігі бар. Соңғы аталған БМВ автокөлігін 13.08.2010 жылы полиция қызметкерлері келіп алып кетті.
Сұрақ: ұлыңыз Байменов Алмастың қандай да бір достарын танисыз ба, таныған жағдайда олардың мекен жайларын білесіз бе?
Жауап: Жоқ мен оның достарын танымаймын.
Сұрақ: Қазіргі кезде ұлыңыз Байменов Алмастың қай жерде жүргендігін білесіз бе?
Жауап: Қазіргі кезде оның қай жерде жүргені маған белгісіз, өзім оны қашан хабарласады деп күтіп жүрмін.
Сұрақ: Сіздердің тұрып жатқан мекен жайларыңызда үй телефоны бар?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Алматы қаласында және Алматы облысында және Алматы қаласынан тысқары жерлерде тұратын туыстарыңыз бар ма, болса қай жақта тұрады?
Жауап: Араласатын туған туыстарымыз жоқ

Шешесі : Байменова Айуль


Тергеуші: Ахметов Нұржан



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   151




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау