Ұсынылытын СОӨЖ тақырыптары:
Тергеу қарауының түсінігі, түрлері, маңызы– реферат
Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, түрлері, маңызы– реферат
Оқиға болған жерді қараудың дайындық кезені – реферат
Оқиға болған жерді қарау кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар– реферат
Оқиға болған жерді қараудың жұмыс және қорытынды кезендері – реферат
Заттай дәлелдемелерді қарау тактикасы - реферат
Куәландыру тактикасы - реферат
Есептер:
1. 22.00 сағат шамасында белгісіз біреулер «Вольво» маркалы автомобильмен Мировая көшесінің бойымен өтіп бара жатып, сауда қатарының палаткалары жаққа екі ұрыс гранатасын лақтырып жіберді. Жарылыс нәтижесінде бес адам жарақат алды, екі адам оқиға болған жерде қайтыс болды.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?
Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
2. Аудан тергеушісі әкімнен телефон арқылы мынадай хабарлама алды: «Бүгін түнде ат қораға шабуыл жасалған. Қылмыскерлер жылқышыны қыл арқанмен байлап, содан кейін ат қораның құлпын бұзып, жүлделі жылқыны алып кеткен. Күзетші жылқыны алып кетіп бара жатқан екі қылмыскерді ұстауға тырысады, бірақ олар оған аңшы мылтығынан екі рет оқ атып, жасырынып қалады».
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?
Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
3. Полиция бөлімінің кезекші тергеушісіне бүгін ертеңгісін зорлықпен өлтірілгендігінің белгілері бар ғылыми қызметкер Петровтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлады. Петровтың мәйіті онымен алынған жеке үйінің бір бөлмесінде. Кезекшінің келесі баяндауы бойынша бөлмелердің астан-кестені шығып жатыр, атап айтқанда, кітап сөресі мен жазу үстелі сындырылған, ал кітаптар мен қағаздар еденде шашылып жатыр.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?
Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
4. Тергеуші полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру тобымен, сот медициналық сарапшымен және қызметтік иті бар нұсқаушымен бірге қала паркіне, ер адамның мәйіті табылған жерге келді. Мәйіт бөлектенген аллеяның төсемінде бетімен төмен қарап жатыр. Басының айналасында оқ тесіп өткен жара тәріздес жарақаты байқалады. Басының асты қанға толы. Мәйіттен алыс емес жерде ер адамның кебісі жатыр, ал жәбірленушінің аяғында – ұсақ тесікті табанды аяқ киім. Мәйітті аллеядағы жапырақтарды жинап жүрген парк қызметкері тапқан. Ол да қазір осы жерде.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?
Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
5. 7- сәуір күні, Энске қаласының полиция қызметкерлері ВАЗ- 21011, өртенген автокөлігін тауып алды, автокөлік иесі Степановқа тиесілі. Көліктің артқы багажынан күйіп, бөлшектелініп, зорлау қылмысының белгілері бар, белгісіз әйелдің денесі табылды.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?
Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесің қалай бекіту керек?
30 тамыз 20.. жылы түнде азамат Шишмаревтың үйінде басында оқ қаруымен жараланған оның иесінің мәйіті табылды.Оқиға болған жерді қарау кезінде жанында қан болып жатқан мәйіттің жанындағы столдың үстінде арақтан кейінге бөтелке, екі стакан және толық желінбеген колбасаның бөлігі табылды.
Оқиға болған жерден қандай іздер табу керек?
Табылған іздерді қалай алу керек?
Оқиға болған жердегі табылған іздерден қандай сараптама тағайындауға болады және ол үшін қандай материалдар дайындау қажет?
Оқиға болған жерді қарау хаттамасының
Үлгісі схемасы
Кіріспе:
Оқиға болған жерді қарауды жүргізу уақыты,күні айы,жылы.
Оқиға болған жерді қарау жүргізіліп жатқан елді мекеннің аты.
Оқиға болған жерді қарауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға (аты-жөні, әскери атағы, жұмыс орны, қызметі).
ҚІЖК бабына сәйкес заңды түрде оқиға болған жерді қарау хаттамасын рәсімдеу.
Оқиға болған жерге тергеушінің келу уақыты, сағаты, оқиға болған жердің адресі.
ҚІЖК бабына сәйкес заңды түрде оқиға болған жерді қарау хаттамасын рәсімдеу.
Оқиға болған жерді қарауға қатысқан тұлғалар: куәгерлер (аты -жөні, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметі) полиция қызметкері; жергілікті өзін өзі басқару қызметкері, жергілікті әкімшілік қызметкері (аты-жөні, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметі).
Тұлғаларға олардың өз құқықтарын түсіндіру, полиция қызметкерлерін хабар берген тұлға туралы мәліметтер.
Оқиға болған жерді қарау басталған уақыты мен аяқталған уақыты, ауа-райы мен жыл мезгілін көрсету.
Қараудың нәтижелерін көрсету: 1. Қысқа да түсінікті түрде үй ішін немесе ғимаратты жазып көрсету.
2. Оқиға болған жердің орталық нүктесі табылып бүге шүгесіне дейін рәсімделеді. Үйдің неше терезесі неше есігі тіркеліп, қай жаққа бағытталғаны көрсетіліп, есіктен қай жаққа шығатыны көрсетіліп, терезелерден нені көруге болатыны көрсетіледі. Бөлмедегі жиһаз көрсетіліп, орналасқан жерлері тіркеледі.
3. Бөлменің қабырғалары, төбесінің, есіктері мен терезелерінің сынған жерлері мен ақаулары көрсетіледі.
4. Мұқият түрде мәйіт қаралады (егерде мәйіт болатын болса) түрі, түсі, заттай дәләлдемелердің мінездемесі. Тік бұрышты координатты табу жүйесі арқылы заттай дәләлдемелердің орналасу орны табылады. Если неопознанный труп –дается его словесный портрет.
5.Көрсетілуге міндетті: а) іске байланысты қандай заттар алынды және олар қалай жабдықталған. б) қарау барысында қандай тергеу іс әрекеттері жүргізілді. в) заттай дәлелдемелерді тіркеу барысында қандай іс әрекеттер жүзеге асырылады (мәйітті суретке түсіру, іздерді өлшеу, іздердің гипстелген формасын алу, саусақ қол іздерін пленкаға түсіру, бұзу іздерін фотоға түсіру т.б)
6. Қолайсыз жайттарды көрсету.
Хаттамасының қорытындысы:
7.Қарауға қатысушылардың пайымдауларын жазу.
8. Қарауға қатысушылардың қолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |