Кіріспе. Мәселенің өзектілігі



жүктеу 411,28 Kb.
бет2/2
Дата14.05.2018
өлшемі411,28 Kb.
#12430
1   2

Тұлға



Темперамент


Мінез


Қызығушылығы


Қабілет


Қажеттілік


Көзқарас


Қарым-қатынас








сихологиялық сапа




  1. П

    Тұлға



    Адамгершілігі


    Мақсат


    Интеллектуалдық







    едагогикалық сапа


Сенім


Ізгілік




  1. Ә
    Тұлға






    леуметтік сапа.


Толеранттық


Өзгемен өмір сүре білуі


өз бетінше өмір сүре білуі


Экологилық көзқарас



Баланың жеке сапаларын дамыта отырып біз оның қоғамда дамуына, ұжымда қалыптасуына ықпал жасаймыз. Баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің дамуыныңы ролі қазіргі уақытта көптеген сондай-ақ көпшілік зерттеулермен дәлелденді (Л.В.Ванков, А.А.Смирнов, В.В.Давыдов, Г.С.Костюк, Д.Б.Эльконин, Н.Ф.Тальцина және басқалары А.А. Люблинская). Мұғалімге бастауыш сынып оқушысының психологиясы жөнінде 12-90 б.

Баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері дамитындай мәнге ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет:

1)Танымдық іс-әрекеттің мақсаты. Балалар нені, не үшін істейтіндерін білулері қажет. Балаларды қызықтыратындай нақты міндет қою қажет.

Оқушының ұжымдық танымдық іс-әрекетіндегі себептер, яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетте бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор роль атқарады. АүКүДусавицкий мен В.В.Репкиннің зерттеулері көрсеткендей барынша тиімді ұйымдастырылған ұжымдық танымдық іс-әрекеттернегізінде төменгі сынып оқушылары шынай танымдық мүддені білуге тез ауысады (А.А.Люблинская Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде 93-б).

2) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны – бұлар балаларға орындауға тиісті білімдер, яғни оқушылар өздерінің алдына мақсат қоя отырып өздерінің алған білімдерінің негізінде ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамыту.

3) Оқушының танымдық іс-әрекеті дамытушылық сипатқа ие болуы керек, ол үшін балаларға ылғи талап қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек. Танымдық іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің жылдамдығы мен сапасына қойылатын талап жоғарылайды.

Сынып ұжымы мен оның танымдық тұрғыдан дамуының өзіндік педагогикалық-психологиялық шарттары бар. Олар:



  • Оқу іс - әрекетінде – оқушылардың өзара көмек берулері, мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттері, оны ұйымдастыру формалары;

  • Сабақтан тыс кездегі ұжымдық танымдық іс-әрекеттер, оқушылардың саяси оқиғаларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа деген қызығушылық және оның көріну жолдары: кино, театрларға бару, үйірмелерге, акцияларға қатысу, пікірталастар, мектептің қоғамдық өмірге араласуы;

  • Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны, еңбек түрлері мен оны орындату сипаты;

  • Сыныпқа басшылық жасайтын ұйымдармен байланысты оның көріну жолдары, сыныпқа ата-аналар қоғамының ықпалы;

  • Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің дамуы;

  • Ұжымның жеке оқушыға, оқушының ұжымға ықпалы;

  • Сыныптағы жалпы эмоциялық ахуал сипаты: ашық-жарқын, сергек қарқынды, қысымшыл, ашушаң, т.б.

  • Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер, ұжым мүдделері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, оны дамыту жолдары.

Бастауыш сыныптағы ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді дамуты ол әрбір мұғалімнің, басшының, тіпті ата-ананың да негізгі міндеті болып саналады.

Егер де бала мұғалімдердің ұйымдастырғысы, дамытқысы келген іс-әрекеттерін қабылдауға ынталанбаса, мұғалім қанша тырысқанымен, оны оқушылар меңгере алмайды. Ол үшін мұғалім баланы ең алдымен белсендіруі қажет. Баланың белсенділігі – оның танымдық дамуындапғы қажетті фактор. Баланың белсенділігін, қызығушылығын оятатын басты тұлға, ол – мұғалім. Мұғалім баланы танымдық іс-әрекеттерге оятатын, оның мүддесін, бағдарлылығын, оның іс-әрекет себептерінқалыптастыратын құралдарды білуі керек.

Мұғалім оқушылардың белсенділігін, күш қуатын, танымдық іс-әрекеттерге бағыттағанда, яғни мектепшілік мейрамдарға дайындалу, олимпиадаларға қатысу, интеллектуалдық ойындарға қатысу т.б. Оқушының белсенділігі дамып, танымдық іс-әрекеттерге деген қызығушылықғы оянады.

Танымдық іс-әрекеттердің дамуыының тағы бір шарты – балалардың ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасуы болып табылады. Балар ойлана отырып іс-әрекетке көшеді. Сондықтан да баланың ойлауын, оның дамуын, көптеген ғалымдар, психологтар зерттеген. Атап айтатын болсақ Л.С.Выготский, А.А.Люблинская, Г.И.Минская, Х.А.Ганькова. Н.Г.Салмина т.б.

Сонымен қатар баланың қабылдауын дамыту қажет. Себебі бала берген білімді қабылдамаса, оны ұйымдастырылған ұжымдық танымдық іс-әрекет жүзеге аспайды. Баланың қабылдауын дамыту ол ең алдымен байқағыштықты дамытудың негізгі шарттарымен байланысты болады. Баланы байқағыштыққа үйрету оның жеке басының бақылағыштық, терең қабылдай білушілік, белгілерді көре және айыра білу, танымдық әрекеттерді терең меңгеруге, табиғат объектісі өміріндегі, адамдар іс-әрекеттердегі қасиеттерін көріп-білуге, тануға үйретеді.

Байқағыштық көптеген мамандықтар саласында жемісті қызмет ету үшін, танымдық іс-әрекетті дамытудағы аса қажетті бағалы қасиет.

Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді - ойын әрекеті барысында да дамытуға болады.

Бастауыш сынып оқушысының негізгі іс-әрекеті оқу болғанымен, ойын бала өмірінде үлкен рольге ие. Ойынның бала өміріндегі орнын анықтаумен Н.К.Крупская, А.С.Макоренко сияқты көптеген көрнекті педагогтар шұғылданды. Айталық Н.К.Крупская: “Баланың әлемді танып-білуіне үлкен әсер ететін ойын”,- десе, А.М.Горький: “Балының ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп шын мәніндегі еңбекке айналады” – деген. (Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. Б.Смаилов А.1989 13-21 б).

Сабақтан тыс уақытта балаларды сюжеттік-рольдік ойындарда ойнату арқылы баланың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытуға болады. Балара өздері сюжеттік-рольдік ойындарда ойнай отырып ең алдымен ұжымдасады, ортақ шешім алады, өздерінің қабілеттерін, шығармашылықтарын, танымдарын, оқып-білгендерін көрсете отырып, өздеріне жаңа бір мәлімет алады, білімдерін толықтырып, біліктіліктері мен іскерліктерін арттырады.

Балар ұжымын дамытуда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Балаларды қоғамдық маңызыды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.Балар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. ә!рине, сондықтан да коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.

Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыпынтарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.

Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.

Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:


  1. Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;

  2. Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен;

  3. Танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.

Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.

Қазіргі таңда ұжымды дамыту, оқушылардың белсенді әрекеттерін дамыту, жеке тұлғаны дамыту маңызды істердің бірі. Көрнекті педагогтар К.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Макаренко, М.Жұмабаев оқушыны дамытуға бағыт-бағдар беріп отырған. Кеңестік психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Апанов, В.Давыдов, Л.Занков, В.Крутецкий, М.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері танымдық іс-әрекетте жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз. (Қазақстан мектебі-14-71,2005-56 б).

Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Ұжымдық танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:

1) Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру;

2) Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;

3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.


Қорытынды

Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің қозғалысының, интеллектуалдық дағдылардың маңызы ерекше.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, өз мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік “Мені” қалыптаса бастауы, қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі ұжымдық танымдық әрекеттердің қажетті психологиялық шарты болып табылады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің дамуының тағы бір психологиялық шарттары:



  1. Танымдық үрдістер дамуының деңгейі (ұғыну, есте сақтау, ойлау, сөйлеу т.б.);

  2. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігі, рефлекциясы, іс-қимыл өрісі, олардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;

  3. Оқушылардың талабы, қызығулары, бейімділіктері.

Енді ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді дамытудың психологиялық-педагогикалық жүйе түрінде көрсетейік.










Ұ

Ұжымдық танымдық іс-әрекет



Ұжымдық дамыту

Танымдық


іс-әрекет

















жымдық танымдық іс-әрекеттердің педагогикалық – психологиялық жүйесі

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер









Құрылымы


Қызметі


Мұғалімге байланысты


Оқушы мен мұғалімге байланысты







Ұжымдық таным


іс-әрекеттер


Ұжымды басқару

Ұжымды


бағалау


Ұжымдық танымды ұйымдастыру әдістемесі



Мақсат мазмұн әдіс форма құралы


Міне диплом жұмысымыздың басты тақырыбы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы болғандықтан онда басты рольде оқушылар ұжымы және мұғалім болады. сондықтан да ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің дамуына әсер ететін бірден-бір тұлға – ол мұғалім.







жүктеу 411,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау