12
бекітеді. Кәсіби іс-тәжірибесін өтуге білім алушыны бағыттау барысында оларға кәсіби іс-
тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі, аталған ереженің 4 және 5 қосымшаларына сәйкес
формалар бойынша кәсіби іс-тәжірибеден өту туралы күнделік-есебі беріледі. Кәсіби іс-
тәжірибенің әрбір түрі бойынша білім алушыға оқу орнынан және кәсіпорыннан – іс-
тәжірибе базасынан жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда кеңестер беріледі.
Жетекшілердің функциялары, міндеттері мен жауапкершіліктері оқу орнымен және іс-
тәжірибе базасымен келісім бойынша өзіндік түрде анықталады. Кәсіби іс-тәжірибеге
шығындар оқу орнымен және іс-тәжірибенің базасы болып табылатын кәсіпорынмен
жоспарланады және кәсіби іс-тәжірибені өткізуге келісіммен анықталады. Өндірістік
қажеттіліктер барысында білім алушы/практиканттар уақытылы жұмысқа, белгілі бір
лауазымға олардың еңбегін төлеу арқылы қабылданады. іс-тәжірибенің базасы болып
табылатын ұйым, білім алушыларға кәсіби іс-тәжірибеден өту үшін оның бағдарламасымен
сәйкес орындар ұсынады және білім алушының жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайын
қамтамасыз етеді. Ұйым - іс-тәжірибе базасы білім алушылар үшін, 2015 жылдың 23 қараша
айынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіби іс-тәжірибеден өту
кезеңі бойынша толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады.
Бөлім 4
ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚАРУ
Іс-тәжірибені ұйымдастыру үшін орнатылған және қорытынды конференциялар
өткізіледі. орнатылған және қорытынды конференциялардың уақытын кафедралар
таңдайды. Конференцияларға білім алушылар, іс-тәжірибе жетекшілері, деканат өкілдері
қатысады, ОӘБ өкілдері, іс-тәжірибе базасының жетекшілері шақырылады. Орнытылған
конференциялар студенттерді іс-тәжірибе бағдарламасымен және олардың іс-тәжірибе
базалары бойынша бөлу бойынша бұйрықпен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Студенттерді кәсіби іс-тәжірибенің мақсаттарымен, міндеттерімен, оның мазмұнымен,
студенттердің міндеттерімен, ұйымның жұмыс режимімен және ерекшеліктерімен,
қызметтің кәсіби салаларындағы заманауи проблемалармен, кәсіби этика және орындау
тәртібі сұрақтарымен таныстырады; кәсіби қызметтің түрлі аспектілерін өңдеуде тәжірибе,
бастама және белсенділік жинау бойынша ынталы жұмысқа нұсқаулар береді; студенттерді
іс- тәжірибе базалары бойынша бөлу бойынша бұйрықпен таныстырады. Орнатылған
конференцияға әдістемелік әдебиеттер, есептік құжаттамалардың үлгілерінің көрмесі
дайындалады. Қорытынды конференция іс-тәжірибенің қорытындысын шығару; оның
сапалық және сандық проблемаларын анықтау; ұйымның проблемалық сұрақтарын және
кәсіби іс- тәжірибе барысындағы сұрақтарды анықтау; оларды шешу жолдары мен
механизмдерін анықтау мақсатында өткізіледі. Оған, білім алушылар іс-тәжірибеден өткен,
іс-тәжірибе базасының өкілдері шақырылады. Іс-тәжірибе жетекшілері жалпы қорытынды
шығарады, кәсіби іс-тәжірибенің бағасын хабарлайды. Қорытынды конференцияда кәсіби
іс-тәжірибе кезеңінде бастама, жемісті жұмыс үшін үздік практикантты мадақтау керек.
Орнатылған және қорытынды конференцияны жұмыс жиналысына айналдырып алмау
маңызды, керісінше, сәйкес көңіл-күйді құру және болғалы тұрған кәсіби қызметке оң
нұсқауларды қалыптастыру үшін пәндік-эстетикалық орта құру керек. Іс-тәжірибеге оқу-
әдістемелік жетекшілік ету, оқу жоспарларын орындау, іс-тәжірибе бағдарламаларын
орындау және оны өткізу сапасын бақылауды оқу орнының сәйкес кафедрасы іске асырады.
Іс-тәжірибеге тікелей жетекшілікті кафедрадан, осы іс-тәжірибе түрі бойынша бекітілген
іс-тәжірибе жетекшісі іске асырады және кәсіби іс-тәжірибеден өту үшін студент
бағытталған ұйымнан іс-тәжірибе жетекшісі іске асырады. Кафедрадан іс-тәжірибе
жетекшілері тәжірибелі оқытушылар қатарынан тағайындалады. Кафедрадан іс-
13
тәжірибенің бірнеше жетекшілері тағайындалуы мүмкін. Диплом алды іс-тәжірибесіне
жетекшілікті, ереже бойынша, бітіруші білікті жұмыстың жетекшісі іске асырады.
Іс-тәжірибе оқу-әдістемелік жетекшілік ету иерархиясы ұйымдық қызметкерлер және
басқарма функцияларының үш кезеңінен тұрады:
іс-тәжірибе ұйымы секторының жетекшісі;
іс-тәжірибе бойынша деканның орынбасары;
кафедрадан іс-тәжірибе жетекшісі.
Іс-тәжірибе ұйымы секторының жетекшісі ректораттың және одан да жоғары
ұйымның нормативтік құжаттарымен сәйкес іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
бойынша жетекшілікті іске асырады.
Оның кәсіби жауапты саласы келесі функциялардың жүйесінен тұрады:
тікелей байланыстар негізінде, студенттердің іс-тәжірибесін өткізу үшін, жаңа
базаларды іздеу бойынша кафедраның жұмысын ұйымдастыру және оқу жоспарларына
сәйкес барлық мамандықтар бойынша іс-тәжірибе өткізуге мекемелермен және
ұйымдармен келісімдерді орнату;
студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу туралы келісімнің рәсімделу
және тіркелу дұрыстығын бақылайды; студентердің іс-тәжірибеге бағытталуы туралы
бұйрықтарды дайындау деканаттармен және кафедралармен бірлесе отырып) және іс-
тәжірибе жетекшілері ретінде тәжірибелі оқытушыларды бекіту; іс-тәжірибе түрі және
олардың ұзақтығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
талаптарын сақтауға бақылау жасау; кәсіби іс-тәжірибелердің бағдарламаларын бейінді
кафедралардың келісуінің және бекітуінің уақытылы болуына бақылау жасау; кәсіби іс-
тәжірибелерді өткізудің жалпы оқу орнылық кестесін жасау; факультеттердегі іс-
тәжірибені ұйымдастыру сапасын талдау; іс-тәжірибе жетекшілерінен есептерді қабылдау,
оқу орны бойынша іс-тәжірибе қорытындысын шығару және университет Ректоратында
талқылау үшін мәліметтерді ұсыну; іс-тәжірибе бойынша орнатылған және қорытынды
конференциялардың қорытындысын жасауда бақылау жасау және қатысу; практиканттарға
көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау бойынша кафедра жұмысын реттеу;
практиканттың қызметіне іс-тәжірибе жетекшілерінің жұмыс сапасын бақылау және
талдау. Іс-тәжірибе бойынша деканның орынбасары келесі функцияларды іске асырады: іс-
тәжірибе нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды жән еесептеуді қамтамасыз етеді; іс-
тәжірибе жетекшілерімен нұсқаулық-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді; іс-тәжірибе
базасының әкімшілігімен бірлесе отырып, оқытушылардан қажет болатын көмектің көлемі
мен мазмұнын анықтайды; орнатылған және қорытынды конференцияларға бақылауды
іске асырады; іс-тәжірибені ұйымдастырудағы кемшіліктерді жоюға шараларды
қабылдайды, кәсіби іс-тәжірибе сұрақтарын талқылау барысында кафедра жұмысына
қатысады; студенттерді іс-тәжірибеге жіберу туралы бұйрықтың жобасын келіседі;
кафедрадан іс-тәжірибе жетекшілерінің іс-тәжірибе туралы есептерін оқу- әдістемелік
басқаруда, берудің жаңашылдығын және рәсімделуінің дұрыстығын бақылайды; іс-
тәжірибе сұрақтарын талқылау бойынша кафедра жұмысына қатысады, оныдамыту
бойынша ұсыныстар енгізеді. іс-тәжірибе тәжірибесін хабарлайды. Кафедрадан іс-
тәжірибе жетекшісі келесі функцияларды іске асырады: студенттердің іс-тәжірибесін
ұйымдастыру және өткізу туралы келісім-шартты рәсімдейді; іс-тәжірибеден өту орнын
анықтау бойынша студенттермен алдын-ала жұмыстарын жүргізеді және студенттерді іс-
тәжірибе базалары бойынша бөледі; индивидуалды тапсырмалардың тақырыбын жасайды
және оларды студенттерге таратады; ұйымдармен байланыс орнатады, олардың
кадрларымен нұсқаулық-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді, ұйымнан іс-тәжірибе
жетекшілерін таңдауға қатысады; студенттерді жұмыс орны бойынша бөлуде қатысады;
студенттерді іс-тәжірибе бағдарламасымен таныстыратын, іс-тәжірибе базалары бойынша
бөлетін, индивидуалды тапсырмалар беретін орнатылған конференцияны ұйымдастырады
және өткізеді іс-тәжірибе басталғанға дейін 3- 5 күннен кешіктірмей), және іс-тәжірибе
қорытындысы шығарылатын, қорытынды конференциясын ұйымдастырады және өткізеді;