Кәсіптік іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы ережесі



жүктеу 1,44 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,44 Mb.
#21718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10 

 

3)  дипломдық  жұмыстың  жобаның)  тақырыбы  бойынша  қорытындыларды, 



заңдылықтарды, ұсыныстарды қалыптастыру;  

4) дипломдық жұмысты жобаны) орнатылған талаптарға сәйкес безендіру.  

Диплом  алды  іс-тәжірибесі  индивидуалдық  оқу  жоспарына  сәйкес  дипломдық 

жұмысты жобаны) орындайтын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін бітіруші 

курста  жүргізіледі.  Дипломдық  жұмысты  жобаны)  дайындау  және  жазу  үшін  оқыту 

бағдарламасымен диплом алды іс-тәжірибесі қарастырылады. Диплом алды іс-тәжірибесіне 

басшылықты, ереже бойынша, дипломдық жұмыстың жобаның) жетекшісі  іске асырады. 

Диплом  алды  іс-тәжірибесінің  ұзақтылығы,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім 

стандартына  сәйкес,  дипломдық  жұмысты  жобаны)  жазуға  бөлінген  кредиттер  санымен 

анықталады.  Диплом  алды  іс-тәжірибесінің  мазмұны  дипломдық  жұмыстың  жобаның) 

тақырыбымен  анықталады.  Диплом  алды  іс-тәжірибесінің  қорытындысы,  арнайы 

кафедрамен  ұйымдастырылатын  дипломдық  жұмысты  жобаны)  алдын-ала  қорғауында 

шығарылады.  Дипломдық  жұмысты  жобаны)  алдын-ала  қорғау  кафедра  отырысында 

өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді.  

Магистранттардың іс-тәжірибесі: 

 Ғылыми  және  педагогикалық  магистратураның  оқыту  бағдарламасы  екі  іс-

тәжірибеден тұрады:  

1) педагогикалық – білім беру ұйымдарында;  

2) Зерттеу – диссертацияны орындау орны бойынша.  

Педагогикалық  іс-тәжірибе  практикалық  дағдыларды  және  сабақ  беру  әдістемесін 

қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Педагогикалық іс-тәжірибе оқу процесінен үзіліссіз 

теориялық  оқу  кезеңінде  де  өткізіле  береді.  Бұл  ретте  магистранттар  бакалаврда  сабақ 

беруге тартылады. Магистранттың зерттеу іс-тәжірибесі отандық және шетелдік ғылымның 

жаңа  теориялық,  әдістемелік  және  технологиялық  жетістіктерімен,  эксперименттік 

мәліметтерді  ғылыми  зерттеу,  өңдеу  және  интерпретациялаудың  заманауи  әдістерімен 

таныстыру мақсатында өткізіледі.  

Бейіндік  магистратураның  оқыту  бағдарламасы  өндірістік  іс-тәжірибеден  тұруы 

керек. Магистранттың өндірістік іс-тәжірибесі оқу процесінде алынған теориялық білімді 

бекіту, оқылатын мамандық бойынша практикалық дағдыны, құзіреттерді және тәжірибені 

алу,  сонымен  қатар  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  алу  мақсатында  өткізіледі. 

Зерттеу/өндірістік  іс-тәжірибелерінің  мазмұны  диссертациялық  зерттеу  тақырыбымен 

анықталады.  Іс-тәжірибелердің  барлық  кезеңдерінің  көлемі  және  нақты  мазмұны  іс-

тәжірибе бағдарламасымен анықталады. Іс-тәжірибенің бағдарламасы, білім алушылардың 

практикалық  дайындығын  ұйымдастырудың  мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,  әдістері  мен 

ерекшеліктерін анықтайтын, дайындық мамандық) бағытының оқу-әдістемелік кешенінің 

міндетті  элементі  болып  табылады.  Іс-тәжірибе  басталғанға  дейін,  кәсіби  іс-тәжірибені 

ұйымдастыру және өткізу туралы Ереженің негізінде, іс-тәжірибенің аталған түрі бойынша, 

бекітілген  кафедра  іс-тәжірибенің  Бағдарламасын  жасайды.  Оқу  орнымен  жасалынатын 

бағдарламаның мазмұны және кәсіби іс-тәжірибенің базасы мамандықтың бейініне оқыту 

бағдарламасына)  сәйкес  келуі  керек.  Іс-тәжірибенің  бағдарламасы  іс-тәжірибе  базасынан 

іс-тәжірибе  жетекшісімен  келісіледі,  кафедра  меңгерушісімен,  факультеттің  әдістемелік 

комиссиясымен,  факультет  деканымен  қаралады,  және  университеттің  оқу-әдістемелік 

Кеңесінде  бекітіледі.  Қажеттілігін  қарай  іс-тәжірибенің  бағдарламасында  міндетті  және 

қосымша әдебиет, жалпы және индивидуалды тапсырмалар өзектендіріле алады, басқа да 

бөлімдер  жаңара  алады:  түсіндірме  хаты,  іс-тәжірибенің  күнтізбелік  жоспары  және  т.б. 

Бағдарлама  кафедрада  жаңа  нормативтік  құжаттар  қолданысқа  енгізілгенше  сақталады. 

Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы Бағдарламаның негізінде кафедра іс-

тәжірибеден  өту  бойынша  Әдістемелік  нұсқаулар  жасалады,  онда  іс-тәжірибе  бойынша 

тапсырмаларды  орындауға,  студенттердің  есептік  құжаттармаларын  дайындау  және 

рәсімдеуге нұсқаулар беріледі. Әдістемелік нұсқаулар алдыңғы оқу жылының соңына қарай 




11 

 

жасалады  38-40  апта)  және  жаңасымен  алмастырғанға  дейін  кафедрада  сақталады  жаңа 



нормативтік ішкі немесе сыртқы құжаттар шыққанға дейін).  

Іс-тәжірибенің бағдарламасы келесі беттерден және бөлімдерден тұрады:   

Бастапқы бет Қосымша 1); 

  Түсіндірме жазба; 



  Ұсынылатын әдебиеттер тізім. 

 Түсіндірме жазба келесі мәліметтерден тұрады:   



Іс-тәжірибе түрі; 

  Іс-тәжірибенің аталған түрінің мақсаты, міндеттері мен ерекшеліктері; 



    Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  оқыту  бағдарламасының

 

құрылымында  іс-тәжірибенің  орны  –  пәндер,  оқу  курстары  көрсетіледі,  оларды  меңгеру 



үшін  аталған  іс-тәжірибе  базаланады,  сонымен  қатар  аталған  іс-  тәжірибеде  алынатын 

білім, дағды және қабілеттер керек болатын қорытынды аттестация, пәндер, оқы курстары;  

Іс-тәжірибе  барысында  алынуы  және  бекітілуі  керек  білім,  дағды  және  қабілеттерге 

талаптар,  яғни,  іс-тәжірибені  өту  барысында  қалыптасатын  құзіреттерге  талаптар;    Іс-

тәжірибе  кезеңінде  студенттердің/магистранттардың  қызметін  реттейтін

  жалпы 



талаптар, практикалық тапсырмаларды орындауға талаптар жұмыстар кестесі, қауіпсіздік 

техникасы);   

Күнтізбелік жоспар; 

 



 

Студенттердің  кәсіби-практикалық  қызметін  және  олардың  есептік 

құжаттамаларын бағалауға талаптар;  Іс-тәжірибе өту кезеңіне тапсырмалар; 

  Бақылау түрі дифференциалдық сынақ); 



  Іс-тәжірибе бойынша ұсынылатын оқу материалы және әдебиеті. 

 Бағдарлама іс-тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулардан, қажет құжаттар 



тізімінен,  іс-тәжірибе  мерзімінде  экскурсиядан,  және  оқу  процесінде  алынған  білімді 

бекітуге бағытталған басқа да іс-шаралардан тұруы мүмкін. Студентке іс-тәжірибе кезеңіне, 

кафедрадан  іс-тәжірибенің  жетекшісі  жасаған  индивидуалды  тапсырма  берілуі  мүмкін. 

Индивидуалды  тапсырманың  мазмұны  өндірістің  нақты  шарттары  мен  мүмкіндіктерін 

есепке ала жасалуы керек, өндірістің қажеттіліктеріне жауап беруі керек және бір кезеңде 

оқу  процесінің  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  болуы  керек.  Индивидуалды  тапсырма 

студенттің қабілеттеріне және теориялық дайындығына сәйкес болуы керек.  

 

Бөлім 3  



 

КӘСІБИ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДЫ АНЫҚТАУ 

ТӘРТІБІ 

 

Білім  алушылардың  кәсіби  іс-тәжірибесін  өткізу  үшін  база  ретінде  қызметі 

мамандарды  дайындау  бейініне  және  оқыту  бағдарламаларының  талаптарына  сәйкес 

келетін,  кәсіби  іс-  тәжірибеге  жетекшілікті  іске  асыру  үшін  білікті  кадрлері  және 

материалды-техникалық  базасы  бар  ұйымдар  анықталады.  Кәсіби  іс-тәжірибесін  өткізу 

үшін  база  ретінде  анықталған  ұйыммен  кәсіби  іс-  тәжірибені  өткізу  туралы,  заңның  5 

бабының  24  тармақшасымен  сәйкес  білім  алушылардың  кәсіби  іс-тәжірибесін  өткізуге 

келісімнің  типтік  формасы  негізінде  жасалған  келісім  шарт  жасалынады,  онда  іс-

тәжірибенің  түрі  көрсетіледі.  Техникалық  және  кәсіби  оқу  мекемелерінің,  орта  білімнен 

кейінгі  білім,  жоғары  оқу  мекемелерінің  білім  алушылардың  кәсіби  іс-тәжірибесі 

базаларымен  келісім,  іс-тәжірибе  басталғанға  дейін  бір  айдан  бұрын  жасалуы  керек. 

Келісімде  кәсіби  іс-тәжірибе  базасы  болып  табылатын  ұйымның,  оқу  мекемесінің, 

кәсіпорынның  және  білім  алушының  міндеттері  мен  жауаптары  анықталады.  Кәсіби  іс-

тәжірибесін  өткізу  үшін  оқу  мекемесі  іс-тәжірибесі  базасымен  келісілген  кәсіби  іс-

тәжірибеден  өту  бағдарламасын,  күнтізбелік  кестелерді,  оқу-тәрбие  процесінің  кестесін 



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау