18
ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕПТЕРДІ САҚТАУ ТӘРТІБІ
Іс-тәжірибе бойынша студенттердің/магистранттардың есептері кафедрада ағымдағы
оқу жылының соңына дейін сақталады. Іс-тәжірибе бойынша күнделіктер және іс-тәжірибе
бойынша студенттердің есептерінің қорғалу хаттамасы кафедрада 3 жыл сақталады.
Университеттен іс-тәжірибе жетекшілерінің есептері кафедрада 5 жыл сақталады.
Жоғарыда аталған мерзімдер аяқталған соң қабылдау-беру акты бойынша Университеттің
архивіне жіберіледі, осы 3 жыл мерзімі өткен соң университеттің ректорының бұйрығымен
жасалған комиссия акты бойынша іс-тәжірибе бойынша күнделіктер және іс- тәжірибе
бойынша есептерді жою жүргізіледі.
Бөлім 8
ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ КҮНДЕЛІГІ МЕН ЕСЕБІН
БЕЗЕНДІРУГЕ ТАЛАПТАР
Студент іс-тәжірибеден өту барысында орнатылған формадағы күнделікті толтырады.
Іс-тәжірибе бойынша күнделікте студенттің/магистранттың ұйымда немесе кәсіпорында
болған кезеңіндегі іс-әрекетінің түбегейлі хронологиялық сипаттамасы беріледі.
Күнделіктің ақпараттық бетінде студент, Оқу орны және кәсіпорын басшылығының тегі,
оқу орнынан және кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшілерінің тектері жазылады, іс-
тәжірибенің түрі мен базасы, іс-тәжірибеден өту мерзімдері, студенттің тапсырмасы
жазылады. Іс-тәжірибеде орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұнын, іс-тәжірибе
міндеттерін сәйкес келесі беттерге жазады. Іс-тәжірибе аяқталған соң, қорытынды
жасалады, кәсіпорыннан жетекшілер студентке сипаттама береді, қажетті беттерге қол
қояды және мөр басады. Іс-тәжірибе бойынша студенттің/магистранттың есебі
компьютерді және баспа құралын қолдану арқылы, А4 форматты ақ қағаздың бір шетінде
бір интервал арқылы орындалуы керек. Қаріп – қарапайым, кегль 14. Жұмыстың мәтінін
келесі өріс мөлшерлерін ұстана отырып басу керек: сол жақ тұсы – 30 мм, жоғарғы – 20 мм,
оң – 10 мм, төменгі – 25 мм. Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға, түрлі
қаріптің формаларының гарнитурасын қолданып компьютерлік мүмкіндіктерге назарды
аударуға рұқсат етіледі. Іс-тәжірибе бойынша есептің мәтініндегі жаңа жолдар тең 12,5 мм
шегініспен басталады. Баспаланған мәтін және суреттердің, кестелердің, шығармалардың
сапасы талаптарға сай болуы керек. Барлық жұмыс бойынша суреттердің тең тығыздығын,
нақтылығын және тазалығын сақтау керек. Есепте қисық сызықтар, әріптер, сандар және
белгілер болмауы керек. Есепті бөлімдерге бөлу керек. Әрбір бөлім біткен ақпараттан
тұруы керек. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауын соңына нүкте қоймай бас әріппен және
жаңа жолдан бастау керек. Есептің әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек.
Студенттің/магистранттың іс-тәжірибе бойынша есебінің беттерін араб әріптермен
нөмерлеу керек, барлық мәтін бойынша кезектілікті сақтау керек. Беттердің нөмері
қағаздың төменгі тұсының ортасында нүктесіз қойылады. Есепте орналасқан сызбалар,
кестелер, диаграммалар, суреттер Құрастырма құжаттардың Бірыңғай жүйесінің
мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы керек. Оларды кезектік нөмерлеу
арқылы немесе бөлімшелер шеңберінде нөмерлеу керек. Есепте формулаларды барлық
жұмыс көлемі шеңберінде кезектік нөмермен нөмерлеу керек, араб әріптерімен жақша
ішіне алып, қатардың оң жақ шеткі тұсында. Формулаларды бөлімдер шеңберінде
нөмерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмері бөлім номерінен және
формуланың кезектілік нөмерінен тұрады, оларды нүктемен бөліп жазу керек, мысалы, 3.1).
Қосымшалар осы аталған жұмыстың жалғасы ретінде оның соңғы беттерінде рәсімделеді.
Есептің мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер жасалуы керек. Қосымшалар мәтіндегі
19
оларға берілетін сілтеме тәртібі бойынша орналасады. Қосымша есептің басқа беттерімен
бірге кезектік нөмерленуі керек. Есеп қолданылған әдебиеттер тізімімен және автордың
қолымен аяқталады. Негізгі әдебиеттер: оқулықтар, оқу қосымшалары, әдістемелік
нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар; соңғы 5 жылға әлеуметтік және гуманитарлық бейін
пәндері бойынша негізгі оқу әдебиетінің баспасы көрсетіледі; жаратылыстану, техникалық,
ауылшаруашылық және басқа да пәндер бойынша – соңғы 10 жылға). Қосымша әдебиеттер:
нормативтік-құқықтық актілер, нормативтік құқықтық құжаттар және кодекстер,
энциклопедиялар, салалық анықтамалар, ғаламтор- ресурстары).
Толтырылған күнделікті, іс-тәжірибеден кейін студент, іс-тәжірибе бойынша есебімен
бірге, өзінің іс-тәжірибе бойынша жетекшісіне ұсынады қосымша-5). Іс-тәжірибе
жетекшісі білім алушының күнделігін және есебін талаптарға сәйкестігіне тексереді:
есепті рәсімдеу қаріп, қаріп мөлшері, беттердің өрісі, қатар аралық интервал,
беттердің нөмерленуі); күнделіктің рәсімделуі барлық көрсетілген мәліметтердің
толтырылуы,
орындалған жұмыс түрлері туралы күнделікті жазбалар); мәтіндік мазмұны
құрылымы, есептің барлық қажет бөліктерінің болуы,
ақпараттардық көлемі, қосымшалардың болуы); плагиаттың жоқтығы есептің,
күнделіктің мәтіндік бөлігі, эскиздер,
қосымшалардың барлығы индивидуалды болуы керек).
Бірнеше студенттердің бір іс-тәжірибеден өтуі, бірыңғай қолданылған әдебиеттер
есептердің/күнделіктердің/берілетін материалдардың бірдей болуының негізі болып
табылмайды. Іс-тәжірибеден өту барысында бір ұйымда, бір бөлімде әрбір студентте
индивидуалды тапсырма болуы керек, сондықтан күнделіктер мен есептердің мазмұны
әртүрлі болуы керек.
Күнделікті студенттің өзі толтыруы керек екі немесе одан көп күнделіктерде
жазу
мәнері бірдей болмауы керек);
Мөрлердің болуы, түпнұсқалығы –
1) бұйрық бойынша іс-тәжірибе базасының атауына сәйкестігіне тексеру, күнделікте
қойылған нұсқа мен мөрдің өзіндегі мекеме атауы;
2) мөр түпнұсқа болуы керек, ескі, қолданыстағы емес мөрлерді, сонымен қатар түрлі-
түсті баспа құралы арқылы баспаланған мөрлер болмайды;
3) міндетті түрде елтаңбалық мөр немесе студент іс-тәжірибеден өткен бөлімнің мөрі
қойылады.
Егер бөлімнің мөрі қойылатын болса, онда студент өзінің есебінде міндетті түрде
бөлімді, оның құрылымын, бөлімнің орындайтын жұмыстарын және іс-тәжірибеден өту
барысында студент өзінің үйренгендерін міндетті түрде есепте сипаттауы керек; Мөр ТЕК
ҚАНА арнайы сол үшін арналған орындарға қойылуы керек, орыс
тіліндегі
күнделіктердері аббревиатура М.П. место печати) және мемлекеттік тілдегі күнделіктерді
М.О. мөр орны) деп көрсетіледі. Мөр күнделіктің әрбір бетіне қойылмайды! Күнделік тек
қана көк сиямен толтырылады;
Лауазымдық тұлғалардың қолының болуы,
түпнұсқалығы. Барлық қолдар
арнайы арналған орындарда орналасуы керек, қолдарды
дұрыс емес тәртіпте қоюға рұқсат етілмейді. Кемшіліктер шыққан жағдайда, кафедрадан іс-
тәжірибе жетекшісі жұмысты толықтыруға қайтарады. Дайын және барлық талаптарға
сәйкес келетін есеп комиссия алдында қорғауға жіберіледі. Есептерді қорғауға, есебі
және/немесе күнделігі дұрыс рәсімделмеген, сонымен қатар есебі және/немесе күнделігі
есепті қорғау күні болмаған студенттер жіберілмейді.
Бөлім 9