Кәсіптік іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы ережесі



жүктеу 1,44 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,44 Mb.
#21718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 



 

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ  

 

Іс-тәжірибе базасы  – кәсіпорын, ұйым, мекеме; оқу орындары, оқу шеберханалары, 



зертханалар,  тәжірибелі  шаруашылықтар,  басқа  да  оқу  орындарының  оқу-көмекші 

бөлімдері,  сонымен  қатар  білім  алушының  болашақ  кәсіби  қызметіне  сәйкес  келетін 

ұйымдар;  

Іс-тәжірибе  бойынша  күнделік  –  мерзімін  және  оның  өткен  жерін  көрсетіп,  іс- 

тәжірибе  базасында  студенттің/магистранттың  жұмыс  түрлерін  орындау  кезектілігін 

қосатын жазба формасы;  

Іс-тәжірибе бойынша қорғау – іс-тәжірибеде оқу барысында алынған теориялық және 

практикалық білім мен дағдыларды растайтын, кәсіби іс-тәжірибе туралы есептің мазмұны 

бойынша студенттің баяндамасы;  

Білім  алушының  іс-тәжірибе  бойынша  есебі  –  іс-тәжірибеден  өту  барысында 

талданған 

және 


жүйелендірілген, 

жиналған 

материалды 

қосатын, 

студенттің/магистранттың кәсіби іс-тәжірибесін бақылаудың қорытынды формасы;  

Іс-тәжірибе  жетекшісінің  есебі  –  академиялық  топ  студенттерінің  іс-тәжірибе 

уақытындағы қызметі туралы есебі;  

Педагогикалық  іс-тәжірибе  –  жалпы  ғылыми,  психологиялық-педагогикалық, 

әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді тереңдету және бекітуге, сонымен қатар 

олардың  негізінде  теориялық  білімді,  педагогикалық  дағдыларды,  қабілеттерді  және 

құзіреттерді қалыптастыруға бағытталған кәсіби іс-тәжірибенің түрі;  

Кәсіби  іс-тәжірибе  туралы  ереже  –  студенттердің  іс-тәжірибесін  өткізу  тәртібін 

реттейтін ережелер, нұсқаулар жиынтығы;  

Диплом  алды  іс-тәжірибе  –  білім  алушының  бітіру  жұмысын  орындау  үшін  қажет 

материалдарды  жинау  мақсатында  дипломдық  жұмыстың  жобаның)  алдында  өткізілетін 

кәсіби іс-тәжірибенің түрі;  

Іс-тәжірибе  бағдарламасы  –  іс-тәжірибенің  мақсаты  мен  міндеттері,  мазмұнын,  іс- 

тәжірибе  орнын,  практикантқа  кәсіби  талаптарды,  іс-тәжірибе  кезеңдерін,  іс-тәжірибе 

компоненттерін  бағалау  критерилерін,  есептік  құжаттарды  тізімі,  безендіруге  талаптар 

және т.б.) дайындау тәртібін, есеп формаларының үлгілерін,  іс-тәжірибе бойынша есепті 

қорғау мерзімдерін қысқаша жүйелі баяндау;  

Өндірістік іс-тәжірибе – пәндердің базалық және бейіндік циклі бойынша теориялық 

білімді,  білім  алушылардың  маманның  практикалық,  шынайы  міндеттерін  орындау 

арқылы,  практикалық  дағдыны  меңгеріп  және  болашақ  мамандығының  бейіні  бойынша 

кәсіби  және  ұйымдастырушылық  жұмыстың  алдыңғы  қатарлы  тәжірибесін  меңгеру 

арқылы, бекітуге бағытталған кәсіби іс-тәжірибенің түрі.  

Өндірістік  іс-тәжірибе  процесінде  білім  алушыны  кәсіби  қызметке  барлық  бағыт 

бойынша шынайы өндірістік жағдайларда тікелей дайындау іске асады;  

Кәсіби  іс-тәжірибе  –  жоғарғы  оқу  орны  студенттері  мен  магистранттарының  оқу 

процесінде алынған теориялық білімін бекітуге, практикалық дағды мен құзіреттерді алуға, 

сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталған оқу формасының бір 

түрі;  


Оқу  іс-тәжірибесі  –  білім  алушылар  мамандықты  меңгеру  үшін  қажет  білімді, 

қабілетті және дағдыларды меңгеретін кәсіби іс-тәжірибенің бір түрі, оқу орнының қызмет 

бағытымен, 

оқу 


орнымен 

іске 


асатын, 

мамандықтар 

оқытылатын 

оқыту 


бағдарламаларымен,  болашақ  кәсіби  қызметтің  функцияларымен  және  міндеттерімен 

танысады;  

Университеттен іс-тәжірибенің жетекшісі – кафедрамен тағайындалатын, іс-тәжірибе 

базасынының  қызметін  және  мамандықтың  бағытын  білетін  және  іс-тәжірибе  сұрақтары 




 

бойынша студенттермен/магистранттармен кеңес беру жұмыстарына жауапты тәжірибелі 



оқытушы;  

Кәсіпорыннан  іс-тәжірибенің  жетекшісі  –  кәсіби  іс-тәжірибеге  жетекшілікті  іске 

асыратын және аталған кәсіпорында студенттермен/магистранттардың іс-тәжірибеден өту 

процесіне жауап беретін білікті маман. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

Бөлім 1 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  

Кәсіби  іс-тәжірибе  білім  алушының  теориялық  дайындығын  бекітуге  және 



тереңдетуге және олардың кәсіби қызмет саласында практикалық дағды мен құзіреттерді 

меңгеруіне, сонымен қатар өзіндік кәсіби қызмет  тәжірибесін меңгеруге бағытталған. Іс-

тәжірибенің  мақсаты  –  білім  алушылардың  кәсіби  қызметтің  барлық  түрлерін  кешенді 

меңгеруі,  жалпы  және  кәсіби  құзіреттерді  қалыптастыру,  сонымен  қатар  мамандық 

бойынша қажет практикалық жұмыстың білімі мен тәжірибесін меңгеру болып табылады. 

Білім  алушылардың  оқу  кезеңдерінің  әртүрлі  кезеңдерінде  іс-тәжірибенің  мақсаты  мен 

міндеттері  бір-бірінен  ерекшеленеді,  дегенмен  олар  басқа  оқу  формаларымен  өзара 

органикалық  байланысты.  Университеті  студенттерінің  іс-тәжірибесі  жоғары  кәсіби 

білімнің  оқыту  бағдарламаларының  негізгі  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Іс-

тәжірибелердің  түрлері  мен  мерзімдері  мамандықтардың  оқыту  стандарттарымен,  оқу 

жоспарларымен,  академиялық  күнтізбемен  орнатылады,  ал  мазмұны  –  кафедралар 

жасайтын іс-тәжірибенің жұмыс бағдарламаларымен орнатылады. Іс-тәжірибеге бөлінетін 

кредиттер  саны  6  кредиттен  кем  болмауы  керек  «білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 

кәсіби  іс-тәжірибенің  көлемі  6  кредиттен  20  кредитке  дейін  құрайды,  «техникалық 

ғылымдар және технологиялар» тобы мамандықтары бойынша  - 6-дан 15 кредитке дейін 

болады). Бұл ретте, жоғары арнайы білімнің барлық мамандықтары үшін, оқу іс-тәжірибесі 

жоспарланады, оның көлемі 2 кредит, сонымен қатар жалпы көлемі 6 кредиттен кем емес 

өндірістік іс-тәжірибе жоспарланады.  

Магистрлерді  дайындау  бойынша  оқыту  процесінің  аяқталуының  негізгі  кредиті 

болып магистранттың келесілерді меңгеруі табылады:  

1) Ғылыми және педагогикалық дайындық барысында  – іс-тәжірибенің 6 кредиттен 

кем емесі;  

2) Бейіндік дайындық барысында: 1 жыл оқу мерзімімен – іс-тәжірибенің кем дегенде 

2 кредиті, және 1,5 жыл оқу мерзімімен – іс-тәжірибенің кем дегенде 4 кредиті.  

Іс-тәжірибенің ұзақтылығы білім алушының іс-тәжірибеде апта бойынша нормативтік 

жұмыс уақытынан шыға аптада анықталады, ол 30 сағатқа тең аптасына 5 күндік жұмыс 

барысында күніне 6 сағаттан). Аптаның санын есептеу үшін іс-тәжірибе көлемінің кредиті 

сәйкес  іс-тәжірибенің  түрінің  оқу  сағатындағы  еңбек  сыйымдылығына  көбейтіледі  және 

білім  алушының  апта  бойындағы  жұмыс  ұзақтылығына  бөлінеді,  яғни  30  сағатқа.  Іс-

тәжірибенің  оқу  іс-тәжірибесі  үшін  1  кредит  еңбек  сыйымдылығы  15  сағатқа  тең  50 

минуттан), педагогикалық іс-тәжірибе үшін 30 сағатқа 50 минуттан), өндірістік іс-тәжірибе 

үшін  75  сағатқа  50  минуттан),  зерттеу  іс-тәжірибесі  үшін  120  сағатқа  50  минуттан)  тең 

болғандықтан, сәйкесінше, 1 кредитке іс-тәжірибенің аптадағы ұзақтылығы құрайды: оқу 

іс- тәжірибесі үшін 0,5 апта, педагогикалық іс-тәжірибе үшін 1 апта, өндірістік іс-тәжірибесі 

үшін  2,5  апта,  және  зерттеу  іс-тәжірибесі  үшін  4  апта.  Мамандықтың  ТОЖ-на  болмаған 

жағдайда, диплом алды іс-тәжірибесі демалыстық уақыт есебінен қажет болған жағдайда 

оқу орнымен өзіндік түрде жоспарланады.  

 

 



Бөлім 2  

 

ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 

 

Кәсіби  іс-тәжірибе  жоғарғы  білімнің  оқу  бағдарламасының  міндетті  компоненті 



болып табылады. Ол келесідей түрлерге бөлінеді:   


жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау