Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы


Құрылтайшылар жиналысы Директор



жүктеу 0,83 Mb.
бет3/5
Дата07.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3406
1   2   3   4   5

Құрылтайшылар жиналысы



Директор




Өндіріс және техникалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары

Сапа және бақылау бөлімі

Қаржы-есеп бөлімі

Заңгер

Маркетинг бөлімі



Төлем бөлімі

Транспорт бөлімі


1 цех


Басты технология

2 цех

Кәсіпорын персоналы

3 цех

4- сурет- “ ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нің ұйымдық құрылымы.

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның ұйымдық құрылымын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты. Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады. Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты. Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.

Ұйымның құрылымы еңбектің бөлінуін білдіреді, ол техника-экономикалық көрсеткіштерге тікелей байланысты.

Серіктестікте әр бөлімнің (өндірістік, экономикалық бөлімшелері мен маркетинг, еңбек пен қаржы бөлімдері) арасындағы байланысты қарастырайық. Әр бөлімше ара-қатынастары:



  • маркетинг бөлімі;

  • жабдықтау жөніндегі менеджер;

  • дайын өнім қоймасы;

  • ТМЗ қоймасы;

  • кәсіптік техникалық қызмет көрсету;

  • экономист;

  • кадр бойынша инспектор;

  • негізгі өндірістік цех;

  • кеңес беруші заңгер;

  • техникалық бақылау инженері;

  • құрылыс инженері;

  • стандарттармен жұмыс істеуші бөлім және т.б. бөлімшелерімен өзара тығыз байланыста.

Мәлімет №1 (заңгер): шот фактура (ТФ№712), келісімшарт міндеттемелерінің орындалуы, тауардың жеткізілуі туралы мәлімет.

Анықтама қағаз №2 (энергетик): айдың соңында электрэнергиясының шығындарына анықтама беру.

Мәлімет №2 (экономист): сапаны қамтамасыз етуде шығындар мәліметтері, өзіндік құн мен шығындарды нақты түрде көрсету.

Қосымша ақпарат №1 (энергетик): әр айдың 1 күні бойлердің жұмыс ведомостін көрсету, коммуналдық шығындар (ТФ№712) айдың соңында, аванстық есеп беру ақша берілгеннен кейін 3 күн ішінде, квартал сайын негізгі құралдардың тексерілуі жүргізілуі және т.б.

Қосымша ақпарат №2 (механик): айдың 1 күні қызметтік автотранспорттық заправка қағаздары, жүкшінің жұмыс ведомості жұмысқа қажетті берілген киімдер және т.б.

Қосымша ақпарат№7 (Завхоз): канцтовар, жууға қажетті заттар мен шаруашылық тауарларын бергені үшін ведомостте көрсету және квартал сайын тексеруге жіберілген инвентарь тізімін беру қажет.

Қосымша ақпарат№8 (маркетинг): айдың соңғы күні тапсырыстарды орындағаны жөнінде (Ф-04-ОМ-04) есеп; істелген жұмыс актілері (Ф-04-Бух-08) және т.б. Қосымша ақпарат№11 (экономист): өнім мен орамға нормативті жоспарлы калькуляция мен тапсырыстық калькуляция, бөлімшелердегі шығындарды талдап, есеп беру.

Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше бір бағыт ұстануы қажет. Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға шығады.



Технологиялық үрдістің сапасы оның жаңалық енгізу қабілеттілігімен сипатталады. Ол техника-технологиялық сипаттар жағынан сондай-ақ экономикалық көрсеткіштер жүйесі тұрғысынан бағаланады. Көп қолданып жүрген техника-экономикалық және функционалдық-құндық әдістерді талдау техника мен экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендерге қарасақ, инновациялық әрекеттің маңызды кезеңі техникалық дәреже мен жаңалықтардың бір-бірімен байланысын және тәуелділігін қарастырады. Өйткені, сапа мәселесі және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін бөлек шешу мүмкін емес. Ол үшін кәсіпорынның техникалық дәрежесін көрсететін өзіндік құн, өндіріс шығындарын анықтайтын үлгілерді яғни, баламалы варианттарды таңдау керек. Кәсіпорындар саны, өнім көлемі мен маңыздылығына және негізгі өндіріс үрдісінің автоматтандыру деңгейіне байланысты құрылыс өндірісінде металл өнімдері аса маңызды рөл атқарады.

“ ПолимерМеталл-Т” ЖШС-нің өндірістік немесе өңдеу технологиясының құрамына мыналар кіреді – құрыш орамасын ұстап тұрушы құрылғы, құйманы тиеуге арналған үстелдер, жоғарғы және төменгі рулон беттерін кесуге арналған құрылғы, панель беттерін тегістеу құрылғылар, желімдеу станциялары, жылы минералдымақта салатын құрылғылар, аралық конвейерлер, панелді желімдеуге арналған құрылғылар, қалдықтарды шығарып тастау жүйесі, рулонды ұстап тұрушы комплекттер, автоматты түрде панелді реттеу кешендері, автоматты түрде панелдерді орау кешені жатады.

“Сэндвич” панелі сапалық қасиетімен өндірісте және азаматтық құрылыста кең қолданыс тапты. Ішкі және сыртқы әкімшілік, саудалық және өндірістік ғимараттарда өрттен қорғану қауіпсіздігінде, төменгі термоизоляцияға және жоғарғы температуралық ғимараттарда қолданылады.

“Сэндвич” панелі жаңа технологиялы, жоғары сапалы техникамен, яғни “ILK wang General Machineri Co.,Ltd” Корияның фирмасының технологиясымен жұмыс істейді.

Өндіріс жылдамдығы минутына 2,9-5 м², қолданылатын қуаттылық 200кВт/сағ және 701 м² алаңды алады. 1 панелдің максималды көлемі:

Қалыңдығы – 50-200 мм

Ұзындығы –13000 мм

Ені – 1000 мм

Өндірістің қуаттылығы 1 ауысымда 600 м² панелді құрайды.


125 мм орташа панелді дайындау үшін 1м² : 10,71 кг- құрыш , 0,641 кг- желім , 0,146 м³- минералдымақта қажет болады.

Қапшағай қаласында орналасқан зауыттың келесідей өндірістік ғимараттары бар:



  • әкімшілік мекеме 683,2 м²

  • өндірістік ғимарат 4460,0 м²

  • галерия 26,0 м²

  • трансформаторлық станция 94,0 м²

  • бақылау пункті №1 16,8 м²

  • жер телімдері 1,6335 га

“ПолимерМеталл- Т” ЖШС өнімдері жанбайтын категориядағы өнімдер қатарына жатады. 1-кестеде “сэндвич” типті қабырға панелі мен төбеге қажетті панельдің өртке шыдамдылығы көрсетілген.

2-кесте - Панельдердің өртке шыдамдылық көрсеткіштері



Панель түрлері

Панельдердің қалыңдығы, мм

50

75

100

125

150

200

Қабырға панельдері

Е I 30

Е I 60

Е I 90

Е I 150

Е I 180

Е I 180

Төбеге жабатын панельдері

RE 30


RE 60


Дәстүрлі құрылыс материалдармен “сэндвич” типті үшқабатты панельдерді салыстырғанда, бұл өнім жинау, жеткізу, қайта өңдеу және монтаждау ерекшелігімен жұмысты жеңілдетеді. 2-кестеде “сэндвич” панелінің сыртқы қабатының 0,5/0,5мм қоса алғанда өлшемі келтірілген.

3-кесте - “Сэндвич” панелінің сыртқы қабатының 0,5/0,5мм қоса алғандағы массасы


Панель типтері

Панельдердің қалыңдығы,мм

50

75

100

125

150

200

Үш қабатты қабырға панелі ПТС П1С,1м,кг

16,3

19,1

22,13

24,53

28,13

34,13

Үш қабатты қабырға панелі ПТС СС, 1м, кг

15,5

18,5

21,5

23,9

27,5

33,5

Үш қабатты төбеге жабатын панель ПТК П2С, 1м, кг

16,85

19,8

22,25

25,25

28,85

34,85

“ПолимерМеталл- Т” ЖШС- нде 2006 жылғы деректер бойынша 84 адам жұмыс жасаған. Оның ішінде:



  • басқару аппараты – 16

  • мамандар – 27

  • жұмысшылар -41

Кәсіпорынның басқару аппараты, сондай-ақ мамандар мен жұмысшылар жоғары білікті кәсіпқой мамандармен қамтылған. Есепті жылы өндірістік-өнеркәсіптік персоналдар саны 18 адамға көбейгендігіне қарап отырып өндірілген өнім көлемі да артқан. 2005 жылға қарағанда 2006 жылы өнімді өткізуден түсім 330755 млн. теңгеге артқан. Кәсіпорында жұмыскерлерді ынталандыру жоғары деңгейде. Еңбек ақыны ұйымдастыру Қазақстсан Республикасының қазіргі “Еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізіледі.

4 - кесте - “ПолимерМеталл- Т” ЖШС-нің кадрлық ағымдылық көрсеткіші




Көрсеткіштер


Өлш.

бірлігі


2005ж

2006ж

2006/

2005


ауытқу

%


1

Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны

адам

71

84

118

2

Қабылданған жұмыскерлер саны

адам

11

12

109

3

Жұмыстан шықққан қызметкерлер

адам

9

7

78

4

Жұмысқа қабылдау коэффициенті ( 2 жол/1 жол * 100%)

%

15,5

14,3

92

5

Жұмыстан шығу коэффициенті ( 3 жол/ 1жол * 100%)

%

12,7

8,3

65
Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген
Еңбек ақының жоғары болуы және оның тұрақты өсуі тауар мен қызметтің сұранысының өсуіне әкеледі. Бұл жағдай өнеркәсіптердің өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына себеп болады. Өнеркәсіп саласы өскен елдерде еңбек ақы табыстың негізгі және қалың халықтың күн көріс көзі. Еңбек ақының ынталандыру қызметі басқа түсімдерге қарағанда жоғары және түгел ел мен экономиканы қамтиды. Жоғары деңгейдегі еңбек ақы кәсіпорын басшыларын жұмыс күшін дұрыс пайдалануға, өнеркәсіпті ұлғайтуға ынталандырады. Еңбек ақыны тағайындағанда одан жоғары көтеруге болмайтын белгілі бір мөлшері болады.

Төмендегі кестеде “ПолимерМеталл- Т” ЖШС-ң жұмыскерлерінің саны мен олардың еңбек ақы қоры 2006 жылдың мәліметтері бойынша көрсетілген.

5-кесте – Серіктестіктің жұмыскерлерінің саны мен еңбек ақы қоры.






Көрсеткіштер

Өлш.

бірлігі


2005ж

2006ж

Ауытқу 2006/2005

+;-

%


1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың тг.

214998

545752

+330754

254

2

Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны

адам


71

84

+13

118

3

Еңбек өнімділігі

мың тг.

3028

6497

+3469

214

4

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың тг.


282250

495375

+213125

175

5

Қормен қарулану

мың тг.

6083

5581

- 501

92

6

Еңбек ақы қоры

мың тг.

18901

27043

+8142

143

7

Орташа айлық жалақы

тг.

22184

26828

+4644

121

Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген

Осыған байланысты еңбек ақыға жұмсалған талдау негізіндегі қаражат үлкен мағынаға ие. Осының негізінде жалақыны жұмсау қорына жүйелік тексерістерді іске асыру жөн, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету мен өнімділікті өсіру арқасында қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін туғызу. Жалақыны төлеу қоры қолданыстағы ҚР статистика агенттігінің нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Еңбек ақы төлеу саясатында “атқарылған жұмысына қарай” жүйесі көп қолданылады. “атқарылған жұмысына қарай” бағалау жүйесі біркелкі білікті жұмыскерлерге еңбек ақыны төлеуде олардың әртүрлі еңбек көрсеткіштерін ескеру үшін қолданылады. Жұмыскерге баға беру факторы өндірістік (мөлшерді орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану) және жеке түрлері болады.

“Атқарылған жұмысына қарай”бағалаудың түрлері:



    • баллдық жүйе;

    • сауал беру жүйесі;

    • сараптап бағалау жүйесі;

Жұмыскердің қаржылай қатынасының әртүрлері олардың фирма өміріне қатысуын ынталандырады, жоғарғы көрсеткішті жұмыс атқаруға, еңбек өнімін арттыруға құлшындырады.

Жұмыс күшінің сапасының жоғары дәрежеде болуы келесі жағдайлар үшін керек:



  • жұмыскерді жұмысқа алу үшін;

  • жұмыс күштерін тұрақты аттестациялау;

  • өндірісте жұмыс күшінің тұрақтылығы;

  • кәсіпорында жақсы ұйымдасқан – техникалық, әлеуметтік, экономикалық жұмыс жағдайын құру үшін;

  • жұмыскердің мамандық біліктілігін тұрақты өсуін ынталандыру үшін.

Жұмыскердің өсу тетігін нақты еңбек ақы төлеу, қосымша ақы мен төлемдер арқылы іске асырылады. Әсіресе, жұмыскердің кәсіпорыннан алатын қосымша табыс мөлшерлемелерінің маңызы зор. Соңғы жылдары бұл жүйе бойынша жұмыстағы табыстарына қарай қосымша көтермелеу қолданылып жүр. Еңбек ақы құрамында “ үстеме ақы” деген ұғым бар. Бұл ұғым бойынша тұрғын үй үшін, транспорттық тағы басқа қосымша төлемдер бар. Бұл қосымша төлемдердің мөлшері жұмыскердің еңбек ақысының 9-10% құрайды, әрине еңбек ақының барлық мәніне қарағанда онша көп емес, бірақта жұмыскердің әрбір мұқтажы жұмыс берушінің назарынан тыс қалмайды.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі барысында өнім өндіруді, оны өткізуді бірнеше жылдарға маркетинг стратегия бойынша алдын-ала болжауы шарт. Ол ұзақ мерзімдік жоспарлардың бағғытттарын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өндірістік тиімділігті анықтау барысы көбінесе нарық сұранысына тәуелді, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы әсер ететіні айғақ.



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау