Кербұлақ аудандық білім бөлімінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары



жүктеу 1,05 Mb.
бет2/10
Дата24.12.2019
өлшемі1,05 Mb.
#24806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білім бөлімінің мақсаты:
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау және барлық құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру.
2019 жылға білім беру бөлімінің іс-әрекетінің мақсат-міндеттері және негізгі бағыттары:

мектепке дейінгі білім беру саласында:

  • Педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту жұмыстарын жүргізу және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, барлық педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу-тәрбие жүйесінің сапасының тиімділігін арттыру;

  • мектепке дейінгі ұйым желісінің одан әрі дамуына шаралар белгілеп, топтардың жүктемеден тыс толымдылығын төмендетуге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтардың желісін кеңейтуге, сауықтыру топтарының көбеюіне жағдай жасау және жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жұмыстарын қолдау;

  • барлық мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың толықтай мектепалды даярлығын қамтамасыз ету;

  • жаңа инновациялық әдістемелер мен тәжірибелік құралдарды енгізуде үш тілдің оқытылуында тиімді жағдай жасау.


орта жалпы білім беру саласында:
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жетілдіру;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» озық идеялар мен әдіснамалық тәсілдердің ендірілуіне ұйымдастыру және әдістемелік жағдай жасау;

- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін білім беру жүйесіне тарату жұмыстарын жүйелі жүргізуге қолдау көрсету;


  • білім сапасын көтеру, мектепішілік басқаруды жақсарту және педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыру және білім сапасын көтеру бағытында мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру жұмыстарын жалғастыру, педагогтардың жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өтуін қадағалау;

- оқушылардың білім сапасы мониторингін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру бағытында аудандық және облыстық, республикалық жобалау және зерттеу жұмыстарын, түрлі интеллектуалдық конкурстарға қатысу шараларын алу;



- мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерін және білім қызметін алу сапасының басқа да аралық бақылау түрлерін талдау және өзінше пайымдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;

- оқушылардың ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеу дағдысын дамыту және ағылшын тілін 1 сыныптан бастап енгізу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету;



  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің берілу сапасын арттыру бағытында мақсатты жұмыстарды жалғастыру;

- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтау және он-лайн режимінде сабақтар, шеберлік байқауларының ұйымдастырылуын бақылауға алу;

- өзге ұлт оқушылары мен мұғалімдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау және мемлекеттік тілді меңгергендер санын 100 пайызға жеткізу;



  • себепсіз сабаққа қатыспаған оқушыларды есепке алуын және олардың себепсіз сабаққа қатыспауын алдын алу жұмысын күшейту, мектеп жасындағы балалардың оқудан қол үзулеріне жол бермеу;

- оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасау, мектеп оқушыларын теңгерімді ыстық тамақпен қамтуды жалғастыру;

мемлекеттік тілді дамытуда:
- мектептер, балабақшаларда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- білім ұйымдарында іс жүргізуді жүйелеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- өзге ұлт оқушылары мен мұғалімдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау және мемлекеттік тілді меңгергендер санын 100 пайызға жеткізу;

- қазақ тілі мен әдебиетін үйрену кезінде инновациялық технологияларды пайдалануға бақылауды күшейту;

- мемлекеттік тіл мен әдебиетке, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке баулу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- оқушылар мен жастардың мемлекеттік тілде кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана жұмысының мазмұнын жаңартуды жалғастыру;


қосымша білім беру саласында:


  • қосымша білім беру үйірмелерінің бағыттарын кеңейту, сапасын бақылауды күшейту;

  • қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;

  • ҚР мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысын күшейту, білім беру ұйымдарының талапқа сәйкес мемлекеттік рәміздерімен қамтамасыз етілін бақылау, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту;

- құқықбұзушылықтың алдын-алу, АҚТҚ/ЖҚТБ-дан және зиянды заттардан сақтауда психологиялық қызмет жұмысын күшейту, қоғамдық қабылдау, «Сенім телефоны» жұмысын белсендіру;

  • ата-аналар қоғамдығының жұмысын жақсарту, есепте тұрған балалармен, олардың жанұясымен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, «қиын» балаларды спортқа, үйірме жұмыстарына тарту;

- жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие тұжырымдамасының жүзеге асырулыуын бақылауға алу;

- балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу жұмысын белсендіру;



  • балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, зиянды әдеттердің алдын алу жұмысын мониторингтеу, бақылау жүйелерін жетілдіру;

  • ата-аналар қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысты жақсарту.



Арнайы және инклюзивті білім беру мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында:

  • жалпы орта білім беретін мектептердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете қолдауға жолдайтын білім беру ұйымдарының санын көбейту;

  • инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер санын көбейту;

  • білім беру ұйымдарында мүгедек балаларды «қауіпсіз аймақпен» қамтамасыз ету шараларын өткізу;

  • білім беру ұйымдарын дамуына арнайы қолдау қажет балалармен жұмыстанатын кадрлармен қамтамасыз ету;

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету құрылымын жетілдіру;

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруды дамыту;

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді біріктіру;

  • отбасы қолайсыздығының алғашқы кезеңінде өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау;

  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу;

- жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіз және жайлы демалысын қамтамасыз ету.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында:


  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-техникалық бағытта оқитын оқушыларға қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • «Интерактивті қосымша білім беру» жобасын жүзеге асыру;

  • аудандық интерактивті іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

  • білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;

  • АКТ-ны қолдану бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы озы- педагогикалық іс-тәжірибені тарату;

  • АКТ саласында қашықтық және күндізгі фестивальдар, турнирлер, байқаулар, конференциялар және семинарлар өткізу, оларды ақпараттық-әдістемелік қолдау;

  • аудан педагогтары мен оқушыларын білім беру тақырыптары бойынша жаңалықтық және аналитикалық ақпараттармен қамтамасыз ету;

  • статистикалық мәліметтер негізінде аудандық білім беру жүйесінің жағдайы туралы тұтас түсінік беретін ақпараттық-аналитикалық материал қалыптастыру;

  • білім беруде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • білім беру сапасын бағалаудың аудандық жүйесін енгізу;

  • аудан мектептерінің интерактивті, мультимедиялық және компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне кеңжолақты қатынаумен жарақтандырылуын талдау, сондай-ақ техникалық жағдайын талдау,облыстық білім басқармасына қаржы бөлу үшін сұраныс әзірлеу

  • «Күнделік KZ» бойынша аудан мектептерінде бағалау жүйесін дұрыс жүргізу мақсатында интернет желісі бойынша облыстық білім басқармасына қаржы бөлу үшін сұраныс әзірлеу

білім беру жүйесін қаржыландыру саласында :
- «Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту» бағдарламасынын жүзеге асыру.

- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, қажетті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, пән кабинеттері мен ақпартаттық коммуникация технологиялары мен білім-тәрбие беру нысандарына қажетті құралдармен жабдықтауды жалғастыру;

- бухгалтерлік есепті жүргізу жағдайы бойынша бюджет қаржысының игерілуіне және тиімді пайдаланылыныуына бақылау, мониторинг, талдау жасауды қатаң жүзеге асыру;

- білім беру ұйымдарының есепшілеріне әдістемелік көмек көрсету;



- мемлекеттік сатып алуды өткізуді электронды құжат айналымы арқылы жүзеге асыруға көшу, бухгалтерлік есепті жүргізу, жоспарлау мәселесі жөнінде ұйымдарды тексеру бойынша әдістемелік көмек көрсету, бухгалтерлік қызметтегі жұмысшылардың жауапкершілігін арттыруды жетілдіру.

Атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, атқарылған жұмыстар бойынша

2019 жылға жаңадан міндеттер қабылданады:


  • Мектепке дейінгі білім мекемелерінде педагог кадрлардың біліктіліктерін арттыру бойынша атқарылатын жұмыстар жүйесін әрі қарай дамыту, өзін-өзі дамытуды жүйелеу;

  • мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сипатта жүргізуге, тиімділігін арттыруға әдістемелік көмек ұйымдастыру;

  • 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында педагогтардың кәсіби, әдістемелік құзырлылығын арттыру;

  • Білім беруді дамыту бағдарламасы аясында педагог кадрлардың жаңа педагогикалық және ақпаратық технологияларды қолдану есебінен мектептердің жұмыс тиімділігін арттыру;

  • ОЖСБ, мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерін талдау және өзінше пайымдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;

  • Эксперименталдық алаңдардың эксперименталдық және инновациялық іс-әрекетті сараптау және сапасын арттыруға әдістемелік көмек көрсету;

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша тапсырылған өте көкейкесті болып табылатын «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек Жолы», «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты жеті қырлары бойынша мектептерде нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаhандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдау үшін жұмыстар жүргізу арқылы назарға алу;

  • Білім берудегі инновациялық, педагогикалық тәжірибені анықтау, меңгеру мен бағалау нәтижелерін таратуда мұғалімдердің шығармашылық бастамалары мен кәсіби өсуін ынталандыруда қолдау көрсету;

  • Шағын жинақталған мектептерінің кадрлық потенциалын арттыруда жұмыс бағыттарын жандандыру;

  • Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың білім беру бағдарламалары мен түзету көмектеріне талдау, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білімді дамытуға арналған жағдайларын қамтамасыз ету, білім мекемелерінде мүгедек балалардың мүмкіндіктеріне арналған «қауіпсіз аймақтың» құрылуы;

  • Жеке тұлғаның қоғамдық белсенділігін, азаматтық әлеуметін, тілдесу мәдениетін және социумдағы тәрбиесін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

  • Әлеуметтік жетімдіктің және отбасылық сәтсіздіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйесін жандандыру;

  • Білім берудегі инновациялық, педагогикалық тәжірибені анықтау, меңгеру мен бағалау нәтижелерін таратуда педагогтардың шығармашылық бастамалары мен кәсіби өсуін ынталандыруда қолдау көрсете отырып, ұсыныстарын, пікірлерін, ой қозғауларын аяқсыз қалдырмау;

  • Педагогтардың шығармашылық ойларын дамыту, педагогикалық қызметкердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Әдіскерлер мен педагогтардың облыстық, республикалық шараларға, конференцияларға, форумдарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

  • Әдістемелік орталықтың тьюторлық моделі қызметін басқару, әдістемелік көмек беру, мұғалімдерінің кәсіби өсуін қамтамасыз етуді және педагогикалық озық іс-тәжірибелерді таратуды жалғастыру.



Педагогикалық кадрлармен жұмыс бойынша:
- Білім беру ұйымдарының басқару кадрларына резерв құру;

- Мектеп басшыларының үнемі ауысуына жол бермеу;

- Басшылар мен педагогтардың уақытылы біліктілігін арттыруды ерекше бақылауға алу;

- ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін зейнеткерлер мен бар бос орындарды ескеріп,

3 жылға кадрлардың болжамдық қажеттілігін құру;

- педагогикалық ЖОО-на түсуі үшін мектеп түлектерін тарту мақсатында нақты жұмыстар жүргізу;

- Аудандағы білім беру ұйымдарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау барысын бақылауды іске асыру;

- 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын орындауға бақылауды күшейту.

-Мектеп директорларына ҚР «Білім туралы Заңының» 44 бабы,5 тармағына сәйкес «Білім беру ұйымдарын басқару» бойынша 3 жылда 1 рет аттестаттаудан өткізу.
Бухгалтерлік есеп, есептілік және мемлекеттік сатып алуларды жүргізу жұмысы бойынша:

- халықаралық стандарттарға сәйкес есептеу әдісімен бухгалтерлік есепті жүргізу жұмысын жалғастыру;

- нәтижелерге қол жеткізген бюджеттік қаржыны игеру мен шығындау тиімділігін талдауды жүзеге асыру ;

- бухгалтерлік есепті, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есептерді ұсыну мен мониторингілеуді жалғастыру;

- жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу, сатып алуларды жүргізу бойынша тексерулер ұйымдастыру жалғастыру;

- бухгалтерлік жұмыс қызметкерлерінің жауапкершілігін және атқарушылық тәртібін арттыру, әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыру.





  1. «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс

РЕГЛАМЕНТІ

 




Іс – шара мазмұны


Мерзімі

1

Аппарат жиналысы

Әр дүйсенбі сайын

2

Кеңес отырысы


Әр айдың төртінші аптасының жұма күні

3

Білім беру мекемелеріндегі мектеп әкімшілігімен өткізілетін жиналыстары

Әр айдың екінші аптасының жұма күні

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау