Тәлімгерлік-біліктілік кепілі
2013 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курстарынан өтуім менің педагогтік көзқарастарыма үлкен әсер етті. Соның ішінде екінші (негізгі) деңгей Бағдарламасының ерекшелігі коучинг пен тәлімгерлікті қоса атқару – мұғалім жұмысында өзіндік әсерін тигізді.
Зaмaн тaлaбынa сaй қазіргі мeктeптeрдe білім мaзмұны, oның құрылымдық жүйесін жaңaрту – білім рeформaсының жүзeгe aсуының бaсты шaрты. Осы тaлaпқa сaй оқушылардың бeлсeңділігі мeн тaнымaлдық іс - әрeкeттeрі aрқылы оқушылaр шығaрмaшылығын дaмыту, осығaн орaй оқытудың жaңa тeхнологиялaрын eнгізe отырып, білім бeру мeн тәрбиeлeу-мұғaлімдeр алдындағы басты міндет.
Мұғaлімнің aлдындaғы нeгізгі бaсты міндeт – тeк қaнa оқушылaрды білім жaғынaн ғaнa қaлыптaстырып қоймaй, оқушылaрдың рухaни дeңгeйін оятып, тәрбиeлік құндылықтaрын aрттырып, пәнгe қызығушылықтарын дaмытуғa aтсaлысу.
Елбасымыз «елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсетті.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру, оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату, шығармашыл, қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру, мұғалімдер үшін жаңа талап болып саналады.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ІІ деңгей Бағдарламасының мақсаты:
1.Педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу.
2.Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;
3.Өз әріптесіңнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлау.
Екінші деңгей бағдарламасының басты міндеті жеті модуль мәнмәтінінде тұжырымдамалық түсінік қалыптастыру (МАН, 6 бет).[1]
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі қолдау көрсетуді көздейді (МАН ,ІІ деңгей)[2]
Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.
Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды:
1.Мәнмәтін.Бірден пайдалануға мүмкіндік болу үшін коучинг тәжірибесі мәнмәтіде болуы керек.
2.Өзектілік.Ақпарат пен ұсынымдар мұғалімдер үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек.
3.Жүйелі тәлімгерлік.Тәлімгерлік күнде қолдау көрсетіп отыруы керек: мұғалімдерге жақында алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз етуі қажет.(МАН,82 бет). [3]
Тәжірибесі аздау мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік беріп, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектесу, тәлім алушының дамуына жол ашу.
Тәлімгерлік пен коучинг үдерісі өзара байланысты: тәлім алушыға қолдау көрсете отырып, коучинг арқылы сол адамның байқалмай келген мүмкіндіктерін ашуға болады.Тәлімгерлік ету жұмысына ішкі тілектерін ескере отырып төрт әріптесімді алдым, олар: жоғары санатты химия пәні мұғалімі Үкібаева Хыдыргүл, бірінші санатты, тарих пәні мұғалімі Жангирова Нұргүл, бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исмағанбетова Анара және жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Бабаева Жібек. Бұл мұғалімдермен келісімге келіп, тәлімгерлікке шақыруымның басты себебі, олардың тарапынан алғашқы коучинг өткізгеннен-ақ қызығушылығы байқалған болатын.
Бағдарлама негізі-жеті модульді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен қалай оқуы керектігін ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын үйрету. Тәлімгерлік барысында мен өз әріптестеріме жеті модуль мәнмәтінінде жұмыс жасауды ең бірінші, басты басымдық оқушының белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау және кері байланысты негізгі бағдар ретінде пайдалана отырып, оқушыларды өз бетімен оқуға, материалды талдауға және пікір айтуға үйрету бағыттарына бейімдеуге талпындым. Өйткені оқушыларымыздың әрбір өткен сабағы бойынша пікірі: Не өзгертеміз? Не тиімді? Не тиімсіздігін? айқындап беріп отырады. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті тиімді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылылық, адалдық дамытуға дайын болады (Garre-Harris & Garvery, 2005).
Осы идея негізінде менің тәлім алушыларым өз жұмыстарына өзгеріс енгізе бастауына, мектептен қолдау табуы, өзіне деген сенімділіктің артуы, бірлескен жұмысқа деген адалдық, бағдарламаға деген қызығушылық үлкен әсер етті.Өз тарапымнан тәлім алушыларыма жаңа технологияны сабақта қалай қолдану керектігі, қандай тәсілдер арқылы жұмыс жасау тиімді екендігі жөніндегі ой-пікірлерімді, оқушыларды топқа бөлу кезінде қолданатын әр түрлі ресурстардың түрі мен топқа бөлу жолдарын,бейнероликтер мен сергітуге пайдаланатын киноматериалдарды ұсындым.Тәлім алушыларым күнделікті сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырады, олай дейтін себебім бұл мұғалімдер мектепішілік,қалалық семинарларда сабақ беріп, сабақтарын жаңа форматта құруға және түрлендіріп өткізуге әбден машықтанған.
Тәлім алушыларымның жұмысын SWOT талдаумен қорытындыласам:
STRENGTHS
Күшті жақтары
Топтық жұмысты ұйымдастыруды меңгерді. Уақытты үнемдеуге дағдыланды.Оқушыларға мүмкіндік беріп, олардың пікірін тыңдауды үйренді.
|
WEAKNESSES
Әлсіз тұстары
Бағалауды артық бағалау деп сенімсіздік білдірді.
|
OPPORTUNITIES
Мүмкіндіктер
Оқушылар түгел қатысып, әртүрлі мәліметтермен алмасады, ақпарат жинайды, теорияны іс-тәжірибеде қолданады, пікірін ауызша, жазбаша қорғай біледі, формативті бағалауды орындайды, кері байланыс ұйымдастырды.
|
THREATS
Қауіптер
Теорияны практикада қолдануда, үрейде отыруы.
|
Тәлім алушыларымның өзгерісі:
1.Тәлім алушылар бұрын сабақты үнемі өзі түсіндіріп, өзі қорытындылап, бағаласа, қазір барлық жұмыста тек бағыттаушы роліне ие болып, оқушыға мүмкіндік беріп отырады.
2.Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қолдана білді. Өзінің жұмысына бақылау жасап,талдауға үйренді, сұрақтарды дұрыс қоя білді.Оқушыларды өздері бағалауға үйретті, өздеріде үйренді.Қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құруды үйренді.
3.«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға....» деп Абай атамыз айтқандай, тәлім алушыларым әрдайым интерактивті тақтаны пайдаланып, АКТ- ны толық меңгергендігін көрсетті.
Нәтижесінде: заман талабына сaй, кез-келген проблеманы шешуге мүмкіндігі мол, бәсекеге қабілетті мұғалім қалыптасты деп ойлаймын.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, талантты ұландарымыз. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Ендеше, үйрету мен оқыту жолында табандылық танытып, ізденуден жалықпайық. Әрқашан жаңашылдықтан қалмай, жаңа талапқа сай болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |