Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет62/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100

194
5.  Егер  бала  бiр-бiрiмен  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты 
емес) адамдардан туса жəне əкесi заңды тəртiппен анықталмаса, 
тіркеуші  орган  баланың  мүдделерiн  негiзге  ала  отырып,  оның 
тегiн  анасының  осындай  өтiнiш  жасаған  кезде  болған  тегiне 
өзгертуге рұқсат етеді.  
6.  Он  жасқа  толған  баланың  аты  жəне  (немесе)  тегi  заңды 
өкілдердің  қатысуымен  алынған    оның  келiсiмiмен  ғана 
өзгертіледі.  
65-бап. Баланың ұлты
1. 
Баланың 
ұлты 
оның 
ата-аналарының 
ұлтымен 
айқындалады. 
2. Егер ата-аналарының ұлты əртүрлi болса, балаға жеке  куəлiк 
немесе паспорт берiлген кезде оның тілегі бойынша əкесiнiң не-
месе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына  сəйкес айқындалады.
3. Одан əрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша тек қана ата-
аналарының екіншісінің ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.  
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары
1.  Баланың  өзi  ата-аналарынан  жəне  отбасының  басқа  да 
мүшелерiнен  осы  Кодекстің 5-бөлімінде  белгіленген  тəртіппен 
жəне мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар. 
2.  Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, 
жəрдемақы ретінде тиесілі сомалар баланың ата-аналарының не-
месе басқа заңды өкілдерінің билік етуіне түседі жəне олар осы 
сомаларды баланы күтіп-бағуға, білім беруге жəне тəрбиелеуге 
жұмсайды.
3.  Баланың  өзі  алған  табыстарға,  өзi  сыйға  неме-
се  мұрагерлiк  тəртiппен  алған  мүлiкке,  сондай-ақ  оның  өз 
қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы 
бар. 
Өз  еңбегiнен  табыс  алатын  бала,  егер  ол  ата-аналарымен 
бiрге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға 
құқылы. 
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету 
құқығы  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексiмен 
айқындалады.  
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты 
жүзеге  асыру  кезiнде  оларға  осы  Кодекстің 128-бабында 


195
белгiленген қағидалар қолданылады. 
4. Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара 
келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.  
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған 
жағдайда  олардың  ортақ  мүлiктi  иелену,  пайдалану  жəне  оған 
билiк  ету  құқығы  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 
кодексімен айқындалады.  
67-бап.  Баланың  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 
қорғау құқығы
1. Баланың өз құқықтары мен заңды  мүдделерiнің  қорғалуына 
құқығы бар.
Баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн  қорғауды  ата-
аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал осы Кодек-
сте көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор жəне 
сот жүзеге асырады.  
Кəмелетке  толғанға  дейiн  Қазақстан  Республикасының 
заңдарына сəйкес əрекетке толық қабiлеттi деп танылған кəме-
летке  толмаған  баланың  өз  құқықтары  мен  мiндеттерiн,  оның 
iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар. 
2. Баланың ата-аналар жəне басқа да заңды өкілдер тарапы-
нан  жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар. 
Баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерi  бұзылған  кезде, 
оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы 
күтіп-бағу,  тəрбиелеу,  оған  бiлiм  беру  жөнiндегi  мiндеттерiн 
орындамауы  кезінде  немесе  тиiсінше  орындамауы  кезінде 
не  ата-ана  (қорғаншылық,  қамқоршылық)  құқықтарын  терiс 
пайдаланған  кезде  бала - қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органға,  ал  он  төрт 
жасқа  толғанда    сотқа  өз  құқықтарын  қорғау  үшiн  өз  бетiнше 
жүгінуге құқылы. 
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi ту-
ралы,  оның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiнiң  бұзылғандығы 
туралы  өздеріне  белгiлi  болған  мемлекеттік  органдар  мен 
ұйымдардың  лауазымды  адамдары  жəне  өзге  де  азаматтар  бұл 
туралы  баланың  нақты  тұратын  жерi  бойынша  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыра-
тын  органға  хабарлауға  мiндеттi.  Мұндай  мəлiметтер  алынған 


196
кезде  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды  жүзеге  асыратын  орган  баланың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 
11-тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ  
ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ
68-бап.  Ата-аналардың  құқықтары  мен  міндеттерінің 
теңдігі
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары жəне 
тең мiндеттерi (ата-ана құқықтары) болады. 
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз 
жасқа (кəмелетке) толғанда, сондай-ақ кəмелетке толмаған бала-
лары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде тоқтатылады. 
69-бап. Кəмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
1.  Кəмелетке  толмаған  ата-аналардың  баламен  бiрге  тұруға 
жəне оның тəрбиесіне қатысуға құқығы бар. 
2.  Некеде  тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған),  кəмелетке 
толмаған ата-аналар өздерінде бала туған жағдайда жəне өздерінің 
ана  жəне  (немесе)  əке  болуы  анықталған  кезде  олар  он  алты 
жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға 
құқылы. Кəмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға 
дейiн  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, 
ол  баланың  кəмелетке  толмаған  ата-аналарымен  бiрге  оны 
тəрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кəмелетке 
толмаған  ата-аналары  арасында  туындаған  келiспеушiлiктерді 
кəмелетке толмаған баланың жəне ата-аналарының мүдделері мен 
құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді. 
3.  Кəмелетке  толмаған  ата-аналардың  жалпы  негiздерде 
өздерiнiң  əке  жəне  ана  болуын  тануға  жəне  оған  дау  айтуға 
құқығы бар, сондай-ақ өздері он төрт жасқа толғаннан кейiн сот 
тəртiбiмен өз балаларына қатысты əке болуды анықтауды талап 
етуге құқығы бар. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау