«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»



жүктеу 114,41 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі114,41 Kb.
#14096
түріҚұрамы


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы

№ бұйрығына

1-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiктiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші канцелярия арқылы;

2) www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы және (немесе) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы телнұсқасы беру – 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама;

2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы телнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуға қағаз жүзінде сұрау салған жағдайда, оның нәтижесі электрондық түрде дайындалып, қағаз түріне шығарылып, мөр мен басшысының қол қоюмен куәләндырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелденген жауабы, портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат жүзінде қызмет берушінің уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қою арқылы жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады,

2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

мемлекеттік қызмет берушіге:

1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының 1 нысанына сәйкес өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

кәсіби дипломның көшірмесі;

кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы (086/е нысанды медициналық анықтама).

2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының 2 нысанына сәйкес өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

порталға:

1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

кәсіби дипломының электрондық көшірмесі;

кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (086/е нысанды медициналық анықтама).

2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы электрондық құжат нысанында алады.

Құжатты қабылдау кезінде кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет беруші электрондық құжаттың көшірмесін дәл береді, содан әрі төлнұсқасын мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға жеке куәлік(не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөніндегі айқындалған жауапты жібереді, немесе электрондық құжат түрінде «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік қызмет алушыға жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы:mid@mid.gov.kz, (8-7172) 75-44-44 телефоны арқылы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді – болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Жеке тұлғаның шағымында – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып

қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушілердің үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған;

2) порталда.

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетіледі.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

стандартына

1-қосымша


Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________облысы (қаласы) ______________________________________________________________

(Т.А.Ә.А, ЖСН)




Өтініш
Сізден__________________________________________________________

(лауазым, топ атауы)

лауазымға сәйкес екендігіне аттестаттаудан өткізуіңізді сұраймын.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:

1. __________________________________________________________;

2. __________________________________________________________;

3. __________________________________________________________;

4. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________

(өтініш берушінің қолы)


«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»

стандартына

2-қосымша

Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________облысы (қаласы) ______________________________________________________________

(Т.А.Ә.А, ЖСН)



Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Анықтаманың нөмірі] [Анықтама берілген күн] кемелердің командалық құрамы адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын мынаған байланысты беруіңізді сұраймын:___________________________________________________________

(себебін көрсету)

_______________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:

1. __________________________________________________________;



2. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________

(өтініш берушінің қолы)
жүктеу 114,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау